400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анимация. Қозғалатын элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультфильмдегі кейіпкерлерге қимыл-қозғалысты келтірудің әдісін зерделе. Ол үшін түрлі ақпарат көздерін қолдан. Зерттеу жұмысын скетчбукке тізіп жаз. Бағалау: Таныстыр. Сыныптың ішінен бір-екі оқушыдан орындалған тапсырмасының нәтижесі туралы сұраңыз. Бейнематериалды тамашала. Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін көрсетіңіз. Кейіпкерлер/элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз. Сұрақтарға жауап бер:  Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?  Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?  Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды? Тәжірибелік тапсырма: Оқушылардан зерттеу объектісін таңдауды сұраңыз. Мысалы, сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ақмолдаева Зағира

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Визуалды бейнелерді қимыл-қозғалысқа келтірудің әдістерін зерттеу;

  • Флипбук жасаудың әдісімен таныстыру;

  • Флипбук жасау.

Жетістік критерийлері

  • Қозғалмалы бейнелердің жасалу әдісін зерделеді;

  • Флипбукті жасаудың тәсілімен танысты;

  • Флипбук жасады.

Тілдік мақсаттар


Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • флипбук, қозғалыс, ракурс, көрініс, сценарий, сюжет

  • Менің ойымша, анимациялық өнерде қозғалатын ..... тақырыптар, балалардың тәрбиесіне тигізер әсері мол. Себебі,.....

  • Бейнелерді қозғалту үшін .... жасау керек.

  • Флипбукті жасау үшін.... ескеру қажет.

Құндылықтарды дарыту

Мультфильмдерде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.



Сабақтың ортасы

Әнгімелесу. Сұрақтар:

  • Мультфильмдердегі бейнелерді қимыл-қозғалысқа қалай келтіреді деп ойлайсыздар?

  • Мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет деп санайсыздар?

  • Оған не әсер етуі мүмкін?


Жұптық тапсырма:

Мультфильмдегі кейіпкерлерге қимыл-қозғалысты келтірудің әдісін зерделе. Ол үшін түрлі ақпарат көздерін қолдан. Зерттеу жұмысын скетчбукке тізіп жаз.

Бағалау: Таныстыр. Сыныптың ішінен бір-екі оқушыдан орындалған тапсырмасының нәтижесі туралы сұраңыз.

Бейнематериалды тамашала.

Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін көрсетіңіз. Кейіпкерлер/элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?

  • Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?

  • Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды?

Тәжірибелік тапсырма:

Оқушылардан зерттеу объектісін таңдауды сұраңыз. Мысалы, сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.

Бұл тапсырма жеке не жұпта орындауға беріледі. Оқушылардың қарым-қабілетіне қарай флипбукте салынатын бейнелерді үлестіру ұсынылады. Мысалы, сурет салуға қабілеті жоғары оқушыға күрделі суретін, қоянның суретін құрастыру, сурет салуға қабілеті орташа оқушыға доп сынды бейнелерді беру ұсынылады.

Тапсырманың критерийлері:

  • Кейіпкеріңмен кішігірім оқиға құрастыр.

  • Қимыл-қозғалыстың әсерін жаса.

  • 15-тен астам кадр жаса.

  • Оқиғаның тақырыбына сәйкес фон жайында ойлан.

  • Флипбукті сыныптастарыңа таныстырып, кері байланыс ал.


http://megapredmet.ru/1-64889.html

(қимыл – қозғалысқа келтіру)

http://fb.ru/article/69957/kak-sozdayut-plastilinovyie-multiki

(пластилинді мультфильм)

https://www.youtube.com/watch?v=p3q9MM__h-M

(Как создать флипбук?)

https://www.youtube.com/watch?v=4IRMBRUlRB4

(как создать флипбук?)

Флипбук.

https://www.youtube.

com/watch?v=cIQ

1PnPdWlg


https://www.youtube.

com/watch?v=

YrRDA_IK29k


Флипбук

ttp://animopticum.

com/activities/

master-classes/

make-flipbook/







Стикерлер, фломастер, қарындаштар.


Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Тапсырманы таныстырып болған соң, оқушыларға стикерлерге алдын ала жасалған дискрипторлар бойынша "Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілімен бір-бірінің флипбуктарын бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сұрақтарға жауап бер:

  • Жұмысыңда не сәтті шықты?

  • Нені түрлендірер едің?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1044
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі