Материалдар / Анималистік жанр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анималистік жанр

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері жанрлары ішіндегі Анималистік жанрды оқушыларға ұғынықты түсіндіріп жан-жануарлардың суреттерін дұрыс бейнелеуге дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2018
2028
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шохаев Кенжеғали Ибрагимұлы

Қызылорда облысы,Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебі

6-сынып оқушыларына өткізген сабақ жоспарым



Сабақтың тақырыбы: Анималистік жанр

Сабақтың мақсаты: 1) Жан-жануарларды, аң,

құстарды қағаз бетіне

дұрыс салып үйрену

2) Қимыл қозғалыстағы

жануарлар ерекшелігін беру

3) Көңіл күй ерекшеліктерін

беруге көңіл бөлу



Білімділігін: Анималистік жанр жөнінде

жан-жақты мағлұмат беру.

Салу жолдарын әртүрлі

жағдайда меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың қол икемін және

байқағыштық, көре білу

қасиеттерін дамыту

Тәрбиелігі: Қоршаған табиғаттағы жан-

-жануарлар мен аң құстарды

құрметтеуге, қорғауға

тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: 1) Анималистік жанрға

салынған суретшілер шы-

ғармаларынан репродукциялар

2) Салу жолдары көрсетілген

таблицалар

3) Құрастырмалы суреттер

илюстрициялар

Әдісі: Түсіндіру, көрнекілік

сұрақ-жауап

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Аралас сабақ

I Ұйымдастыру кезкңі Оқушыларды үш топқа бөліп

дұрыс отырғызу, құрал-жаб-

дықтарын дайындап назарларын

сабаққа аудару

А) Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасын жеке-жеке

тексеріп бағалау. Жақсы орындаған

оқушыларды мадақтау

Ә)Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру

II Жаңа сабақ: Анималистік жанр

Кіріспе:-Балалар ,бейнелеу өнерінің орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрлер мен жанрларға бөлінетінін білесіңдер.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіру мақсатында ой қозғау тапсырмасы:Әр жанрға салынған суреттерді көрсету арқылы жанр түрлерін оқушыларға анықтату .(пеизаж, натюрморт,портрет, батальды жанр анималистік жанр.



Міне, біз бүгінгі сабақта бейнелеу өнері жанрларының бірі анималистік жанрмен жан-жақты танысып, суреттер салатын боламыз.

Анималистік жанр жөнінде біз өткен сыныптардан хабарымыз бар.

  • Балалар естеріңе түсіріп көріңдерші анималистік жанрда қандай суреттер салады:

  • Жан-жануарлар, аңдар мен құстарды бейнелейді

Өзімізді қоршаған табиғатқа зер салып қарар болсақ, оның өте әдемі де керемет жаратылғанын байқауға болады. Осы керемет жаратылған табиғатымыз жануарларсыз, аң құстарсыз қандай жағдайда болар еді.

  • Қане өздерің айта қайыңдаршы

  • Өте қызықсыз сүреңсіз болар еді

Біздің планетамызды сан мыңдаған хайуанаттар түрлері мекн етеді.

Оқушыларға жан-жануарлар атласындағы түрлі-түсті иллюстрациялық суреттерді көрсету.

Міне осы әдемі де керемет тіршілік иелерінің көптеген себептерге байланысты соңғы кездері тынысы тарылып, кейбреулері құрып кету алдында тұр. Сондықтан біз оларға қамқорлық жасап қорғауымыз керек. Жан-жануарларға құрметпен қарау жөнінде өзіміздң ата-бабаарымыз да көптеген тиым сөздер айып кеткен.

-Қане жануарларға аң құстарға байланысты тиым сөздер білесіңдер?

- Оқушылыр: «Малды басқа ұрма», «Атқа теріс мінбе», «Аққу киелі құс»т.б

-Балалар өзіміздің туған өлкеде мекендейтін қандай аң құстарды білесіңдер?

- Қасқыр,түлкі, қарсақ, бүркіт қарғауыл,дуадақ т.б

Біз ауылда тұратындықтан үй жануарларын күнделікті көріп жүреміз.

  • Қане үй жануалларын кім атап бере лады?

  • Жылқы,түйе, сиыр,ешкі, қой,ит, мысық.

Ал енді жұмбақтарды шешу арқылы сурет құрастыру және соған мақал-мәтелдер айту ойынын ойнап көрейік. Бірінші сендерге мен үй хайуанаттарға байланысты жұмбақтар қайямын.

1 Кезекті бір жануар

үстінде екі тауы бар (Түйе)

2 Жар астында жатады

Атағы жер жарады (Қасқыр)

3 Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар (Қой)

Осы жұмбақ шешуіндегі үш бөлікке бөлінген түйе, қасқыр, қойды оқушылар шығып магнитті тақтаға құрастырады. Құрастырар алдында әр бөліктегі сұрақтарға жауап береді.

Түйенің үш бөлігіндегі сұрақтар: Апликация дегеніміз не? Батик дегеніміз не? Мүсін дегеніміз не?

Қасқырдың үш бөлігіндегі сұрақтар: Графика дегеніміз не? Нобай дегенімз не? Интерьер дегеніміз не?

Қойдың үш бөлігіндегі сұрақтар: Кескіндемені қалай түсінесін? Негізгі түстерді атап шық Сәулет өнері дегеніміз не?

Оқушылардың құрастырған түйе, қасқыр,қойға мақал-мәтелдер айтды.

Сонымен балалар жан-жануарлар, аңдар мен құстардың суретін салатын суретшілерді анималист суретші деп атайды. Анималистік жанрға сурет салмас бұрын оның мән-мағынасы мен тарихын білуіміз керек. Жан-жануарларды суреттен ғана көшіріп қана қоймай натураға қарап салу арқылы қимыл- қозғалысын ішкі сезімдерін беруге тырысу керек.

Анималистік жанрдың бастауында тұрған орыс суретшісі В.А: Ватагиннің айтқан сөздерінен үзінділер айту.

Сурет салуды үйрену дегеніміз не?

Ол біріншіден көре білу. Айнала қоршаған ортаның әдемілігін,кереметтігін көру және сезіну. Табиғи жаратылыстың әдемілігін түйсіну.

Сурет салуды үйрену сөз жазуды үйрену сияқты, сөздер әріптерден тұрса хайуанаттар да «сөз». Бірақ олар көз, бас, аяқ т.б тұрады.

Оқушыларға суретшілер салған хайуанаттар суретінен репродукциялар көрсете отырып талдау.

В.А. Ватагиннің маугли мультфилміне жасаған үш түрлі көңіл-күйдегі суретін және басқа да суреттерді оқушыларды қатыстыра отырыпталдау.

Міне балалар енді біз осы айтылған анималистік жанрға суреттер салып көрелік. Оқушылардың сурет салу қабілеттеріне қарай үш қатарға бөліп үш түрлі тапсырма беру.

Бірінші қатарға: күрделі, қимыл-қозғалыстағы хайуанаттарды ойдан салдыру.

Екінші қатарға: құс тұлыбын натурадан салдыру.

Үшінші қатарға: форматтағы жануар суретін көшіріп салдыру.

Түсіндіру: Оқушыларға кезеңдермен көрсетілген көрнекіліктерді пайдаланып және тақтаға салып көрсету арқылы салу жолдарын түсіндіру.

Жұмыс барыс: Сурет салу барысында оқушылардың дұрыс жұмыс жүргізуін бақылап бағыт беру.

III. Сабақты бекіту: Оқушылармен бірге салған суреттерін көріп шығып бірнеше сұрақтар беру.

Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!