Материалдар / Әнұран. Буын. Ана тілі 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әнұран. Буын. Ана тілі 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілінен ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
4185
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай орта мектебі







Тақырыбы:


«Әнұран. Буын»

(саяхат сабақ)













Өткізген: Шәріпхан Б.










2015-2016 оқу жылы

Ана тілі

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әнұран. Буын. (саяхат сабақ).

Сабақтың мақсаты:

1. Әнұран туралы мәліметтерін толықтыру және буын туралы білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Өз ойын еркін жеткізе білуге және ізденімпаздыққа, ынтымақ пен бірлікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ребустар, кестелер.

Әдіс-тәсіл: сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ


Сабақтың жоспары:


І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.- 3минут

1. Таңғы тілек.

2. Өткенді шолу.


ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ – 12 минут

  1. Буындарды пысықтау.

  2. Әнұран. Өлеңмен жұмыс

  3. Жұп дауыстылары пысықтау

  4. Дәптермен жұмыс


ІІІ. Ой толғаныс: - 5 минут

  1. Буындар сыйлығы. Ойыны

  2. Венн диаграммасы

  3. Тест тапсырмасы

  4. Үйге тапсырма.

  5. Сәттілік тілегі.


Сабақтың барысы:

Ана тілінен айырылған адам

өз халқы жасаған мәдени мұраның

бәрінен құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов.

І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.

- Бүгін біз «Буын патшалығына» саяхат жасаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – буын туралы білімдерімізді пысықтау.

Сәттілік тілегін айту:


«Қайырлы таң деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз».


Стикерлер арқылы топқа бөлу.

Топтардың аттарын белгілеу.

1-топ: 1-вагон – ................

2-топ: 2-вагон – .................


«Буын паташалығына» саяхат.


1-бекет: «Адасқан буындар» бекеті


Өткен сабақты тест арқылы пысықтау.

«Адасқан буынды тап» тапсырмасы.



Ребус шешу:

1-вагон – Қазақ тілі

2-вагон - Қазақстан



Мағынаны тану:

2-бекет:


«Әнұран» бекеті.

Тапсырмалары:


  1. Әнұран өлеңін мәнерлеп оқыту.

  2. Еліміздің әнұранын әнімен айтқызу.

  3. Отан туралы қандай өлең-тақпақ білетінін айтқызу.


3-бекет:

«Жуан және жіңішке дауыстылар» бекеті.

Артық сөзді тап тапсырмасы:







Сергіту сәті. (музыка пәнімен байланыс)


4 – бекет:

«Жазушылар» бекеті.


Дәптермен жұмыс:

87-жаттығу.

  1. Суретке қарап, көп нүктенің орнына тиісті буынды тауып қой.

  2. Сөздерді буынға бөліп жаз.



ІІІ. Ой толғаныс:


  • «Буындар сыйлығы» ойыны.

Әнұранды әнімен айтқаны үшін оқушылар сыйлық алды.

Оқушылардағы сыйлық саны әртүрлі.

Мысалы: Айгүл 2 сыйлық,

Перизат 3 сыйлық алды.

Тапсырма:

Сыйлықтың қалай бөлінгенін айт.


5-бекет: «Сынақ» бекеті



  1. Тест орындау.

Тест тапсырмасы

1-сынып

Оқушының аты-жөні: _____________________________________

Сұрақтары

жауаптары

1

Көп нүктенің орнына керек әріпті жаз.

А…


А) о

Ә) ң

Б) а

2

Көреміз және жазамыз:


А) әріп

Ә) дыбыс

Б) сөз

3

Естиміз және айтамыз:


А) әріп

Ә) дыбыс

Б) сөз

4

Жуан және жіңішке дыбыстар аралас келіп тұрған сөзді тап:


А) күйші

Ә) оқушы

Б) мұғалім

5

Жіңішке айтылатын сөзді тап:


А) күйші

Ә) оқушы

Б) мұғалім

6

Жуан айтылатын сөзді тап:


А) биші

Ә) аңшы

Б) әнші

7

Үзінді қай мәтіннен алынған?

«- Қой, достым! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен, ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті».

А) Жылыжайда.

Ә) Тиін.

Б)Кітап ескірмейді.

8

«Орман емшісі» қай құс?


А) торғай

Ә) бүркіт

Б) тоқылдақ

9

Алфавитте неше әріп бар?


А) 10

Ә) 42

Б) 53

10

Жұп дауыстыларды тап:


А) а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і

Ә) а-ә, и-й, е-ё, ю-я

Б) к-қ, л-р, с-ш, п-ф




  1. «Венн диаграммасы»


1-вагон: «Ұ мен Ү» дыбыстарына

2-вагон: «О мен Ө» дыбыстарына


Буын патшалығына келдік.


Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау.


Үйге тапсырма: 88-жаттығу


Қорытынды: Балалар, сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Буын қалай жасалады?


Оқушылар тілек ағашына тілек жазып іледі.

-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма ұнады?

-Алдағы уақытта осындай сабақтар болғанын қалар ма едіңдер?


  • Сау болыңдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!