"Апат айтып келмейді" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Апат айтып келмейді" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Чернобыль апаты туралы сабақ. оқушыларға апат салдары туралы, апат кезінде жүргізілген іс-шаралар туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты «Апат айтып келмейді»


Мақсаты : Чернобыл апатының тарихы,апат салдары, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау
Cабақтың түрі: ақпараттық сағат
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ІІ. Тәрбие сағат жоспары:
1.Чернобыль апатының шығу тарихымен танысу
2. «Қасіретке айналған алапат жарылыс» слайд шоу көріністері

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі

  1. Қайда ? «Чернобыль» Сіз бұл терминді/ сөзді/ бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? « Чернобыль апаты салдарларын жою» мысалдар келтіру

  3. Қандай ? Зардап шеккен аймақтардағы экологиялық проблемалар
    «Чернобыль» видеосын тамашалау
    «Деректер» айдары

  • 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.

  • Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш орнатылған.

  • Чернобыль-Украинадағы шағын қалалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.

  • 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.

  • Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 32 мыңнан астам қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты

«Медицина дерегі» /мектеп дәрігері /

Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
 Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім.  
     Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
    Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.
Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өндіріс орындарынан енеді.
«Бір ауыз сөз» оқушылар тақырыпқа сай Чернобыль апаты туралы сабақ қорытындысын тек бір ғана сөзбен қорытындылайды.
ІІІ.Қорытынды



ШҚО Тарбағатай ауданы

«Өкпеті» орта мектебі

Сынып жетекшісі Қошыманова СТ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2021
1249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі