Аппликация техникасымен мозаикалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аппликация техникасымен мозаикалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пəндері мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Аппликация техникасымен мозаикалау


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға аппликация мен мозаика туралы ақпарат беріп, білімдерін жүйелеу және тереңдету.

Дамытушылық: Әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, қағазды қию ептілігі мен қиынды бейнелерді дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға түстерді дұрыс таңдау мен үйлестіруге, эстетикалық талғамын арттыруға және жұмысты толық әрі тиянақты аяқтауға баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сарамандық

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрекілігі: слайд, дайын бұйымдар

Қажеті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, өшіргіш, қайшы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақ-жауап» ойыны. Топтық жұмыс

  1. Аппликация деген не?

  2. Аппликация қолдануына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Қағаз қай ғасырда пайда болды?

  4. Қағаз қай елде пайда болды?

  5. Аппликациядан қандай бұйымдар жасауға болады?

  6. Қағаз деген не?

  7. Аппликация жасауда қандай заттарды пайдаланамыз?

  8. Аппликация қай елдің сөзі?

  9. Қазіргі кезде көбінесе аппликацияны қайда қолданамыз?

  1. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Аппликация мен мозаикадан жасалған бұйымдар мен жасалу жолдары (слайд көрсету)

Мәтінмен жұмыс

Мозаика – (фанцуз, италян тілдерінен аударғанда құрастыру) асыл тастар мен шыны сынықтарынан құрастырылған сурет, ою-өрнек. Мозаика аппликация өнерінің бір саласы. Ежелгі Мысырда тақ орындықтар мен патша маскалары мозаикамен әшекейленген. Мозаика Ежелгі Греция мен Италия елдерінде жақсы дамыды. Бұл елде мозаика өнерін қала үйлерінде, қабырғаларда, еден мен төбелерде, өсімдік және жәндік бейнелерін пайдаланды. Вавилонда мозаика өнерін Иштар қорғанында кірпіштермен көмкерілген аңдар кескіні пайланылды. Ал Түркия елінде б.з.б. 6-9 ғасырларда мозаика өнері дами бастады. Түркияда сарайларда, патша үйлерінде, шіркеулерде пайдаланылса, біздің Қазақстан жерінде мозаика өнері кеңінен дамып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде пайдаланылды. Осындай сәтті шыққан туындылар қатарына қазір қазақ жеріндегі Алматыдағы музыкалық колледжі, «Қазақстан» атты дүкен, Алматыдағы эстрада-цирк колледжі сияқты ғимараттарды жатқызуға болады. қазақ жеріндегі мозаика өнері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында дами түсті. Қазба жұмыстары кезінде мозаикадан жасалған туындылар ең алғашқы тамаша үлгілері б.з.б. 4-1 ғ табылған.


«Бейнені есте сақтау» әдісі. Жеке жұмыс.

Бірнеше сурет нұсқасы көрсетіледі. Естерінде қалған суреттерді пайдалана отырып, өздерінің ой-қиялдарымен композиция құрастырып, сурет салады. Бұл сурет бүгінгі сабақтың жұмысының эскизі болмақ.




4. Сарамандық жұмыс

Ал енді суреттеріміз дайын болса, жұмысымызды бастайық. Жұмысты бастамас бұрын ТҚЕ (техникалық қауіпсіздік ережесі) еске бір түсіріп өтейік.

Ұранымы: «Талаппен бастап, талғаммен аяқтау».

Оқушылар Аппликация техникасымен мозаика жасау жолдарын үйренеді.

Сергіту сәті

«Адасқан әріптер» ойыны

1-топқа тапсырма: л а к я п а ц п и

ғ а қ з а

а т к н а р и

т я л и а и

2-топқа тапсырма: з и к о м а а

р а и т а ғ м

а т р т с а

т ы й қ а

6. Сабақты қорыту және бағалау

Семантикалық картамен жұмыс

р/с

Тапсырмалары

Жауаптары

Б.з.б. 4-1 ғасыр

ХХ ғасыр-дың 60-70 жылдары

Греция мен Италия

Француз және

италян

Асыл тас және шыны сынықтарынан құрастырылған сурет, ою-өрнек

Картина

Панноәр түрлі заттарға

Тас, қағаз, шыны бисер

1

Мозаика қай елде пайда болды?








2

Мозаика қай ғасырда дамыды?








3

Қазақстанда мозаика өнері қай ғасырды жүзеге асты?








4

Мозаика дегеніміз не?








5

Мозаикадан қандай бұйымдар жасауға болады?








6

Мозаика жасауда қандай заттар қолданылады?








7

Мозаика қай елдің сөзінен аударылған?









7. Үйге тапсырма: Бастаған жұмыстарын аяқтап келу.





Бимурзаева Патима

Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.00.2018
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі