«Ақ бата- асыл мұра» 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ақ бата- асыл мұра» 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді.Сондай-ақ алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілеп бата береді. Бата айтудан сайысу арқылы ұлдарды бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету. Өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақ бата- асыл мұра» сайысының сценарийі

Мақсаты: бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету. Өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту. 

1. Жақсы іске бас болу. 
2. Үлкен-кішінің жолын ашу. 
3. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 

Үлкен кісі бата айтады...... 

Аяна: Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді.Сондай-ақ алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілеп бата береді.

Аянаның анасы: Бата беретіндер, көбіне көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.

Аяна:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі алғашқы рет өткелі отырған: «Ақ бата- асыл мұра» атты сайысына қош келдіңіздер!

Аяна: Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас қырандарымызды қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

  1. Бақытжанұлы Айәділ

  2. Данабек Бақдәулет

  3. Жақия Рауан

  4. Кенгес Бауыржан

  5. Мамыр Ибрахим

***************

  1. Әділхан Бексұлтан

  2. Маулен Рамазан

  3. Мерекеұлы Әлімжан

  4. Молдабай Ансар

  5. Наурызбай Нұрислам

  6. Шуленбай Бекнұр



  1. Азимханқызы Аяна

  2. Ағар Аяулым

  3. Адам Айару

  4. Акбарқызы Сымбат

  5. Болат Айзере

**********

  1. Жамбыл Бағым

  2. Күнтуған Жания

  3. Қазыбекқызы Айсұлу

  4. Қырғызбай Аружан

  5. Тулеген Мадина








Аяна:

Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.
Аяна: Кезекті әділ – қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары _____________________

_______________________________________________________________


Аяна: Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса «Ақ бата –асыл мұра» атты бата беру сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.


Сайыстың барысы
I «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу кезеңі
II «Ақ бата –асыл мұра» бата беру кезеңі
III «Қазақтың ырымдары – тиымдар, салт- дәстүрі» (сұрақ – жауап) кезеңі
IV Соңғы кезең «Шаш күтімі туралы».

Нұрболат: 1 Кезек «Сәлем сөздің анасы» кезеңіне береміз.

І кезеңімізді қорытындылап, сайыскерлеріміздің ұпай сандарын есептеп отырсаңыздар.

Аяна: «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды iзгiлiкке, парасаттылыққа, мейiрiмдiлiкке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрi тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендiк тiлмен, әсерiмен, қол жайып айтылады. Олай болса, «Ақ бата –асыл мұра» кезеңін бастаймыз.



Аяна: Қазақ елі салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарын қатты ұстаған халық. Осы кезге дейін ата-әжелеріміз сол дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Болашақ ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Сендер қазақ халқының ырым-тиымдарын, әдет-ғұрыптарын білесіңдер ме?

Келесі кезең «Қазақтың ырымдары- тиымдары» (сұрақ – жауап) сайысы. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

1 Жеті қазынаны атаңыз. ер жігіт,сұлу әйел, берен мылтық, жүйрік тазы, қыран бүркіт, жүйрік ат, өткір пышақ,
2. Қазақтың ұлттық аспаптарын атап беріңіз. Домбыра, Жетіген, Қобыз, Саз сырнай, Үскірік, Тастауық, Адырна, Асатаяқ,  Дауылпаз.
3. Киіз үй жиһаздарын атаңыз. сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал, ағаш төсек, қол сандық, шай сандық, қобдишалар. 
4. Тұмар дегеніміз қалай түсінесіз? зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген. Ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы.
5. Үш жұртты ата. өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты
6. Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрін ата.? Ақ сүйек
7. Жеті атаны атаңыз. Ата. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат.

8. Жасау дегеніміз не? ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік
9. Бала дүниеге келгенде болатын той? Бесік той

10. Бес жақсыны атаңыз? қара нар, жүйрік ат, қалы кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік 

11. Ата-ана, әке- шешенің үйін қазақ халқында қалай атайды? қара шаңырақ

12. Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды? Зергер

13. Үш жүзді ата? Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз
14. Бес дұшпанды ата? өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

15 Үш биді атаңыз? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

16. Үш арсызды ата? Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.


Аяна:

Тамаша, сайыскерлеріміз салт-дәстүрді, әдет- ғұрыптарды, жақсы сіңірген екен.

ІІІ кезеңді де қорытындылап отырыңыздар.

Аяна: Соңғы кезеңде қыздарымыздың шаш күтімі, шаш өру туралы не білетінін анықтаймыз.

Аяна: Бәрекелді, қарсыластар бірінен бірі қалыспайды екен. Дегенмен әр ауылдың өз өнерпазы болады емес пе?! Мүмкін Наурыз тойымызға өнерден шашуларыңыз бар шығар. Екі ауыл тұрғындарына мүмкіндік берейік. Өз өнерлерін көрсетсін.

Аяна: Сонымен сөз кезегін әділ – қазыларымызға береміз.

Қорытынды: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі «Ақ бата –асыл мұра» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүрейік, Сау болыңыздар!




























32 жалпы білім беретін мектеп





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ақ бата- асыл мұра»















Сынып жетекшісі: Жунисова Ш.К.



Пікір

"Ақ бата - асыл мұра"

3 «Ғ» сыныбында "Ақ бата-асыл мұра" атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: батаның қасиетін, түсіндіру. Ана тілінде анық, көркем, шебер сөйлеуге баулу. Қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты ұстанып өмір сүруге тәрбиелеу.



Тәрбие сағатында сынып екі ауылға бөлінді. Біріншісі Абай ауылы. Екіншісі Ахмет ауылы.

Екі ауыл сайыса отырып қаншалықты өз дәстүрлерін, ырым- тыйымдарын білетінін көрсетті.

Іс шара барысында таныстыру, жатқа бата айту, сұрақ-жауап, шаш күтімі, өз өнерін көрсету бөлімдері болды.

Сұрақ - жауап "Ақ сүйек" ойыны арқылы жүргізілді. Жатқа бата айтуда екі ауыл ұлдары барын салды.

Шаш күтімі, әшекей бұйымдары туралы қыздар барын салды. Өнер көрсетуде ата - аналар да көмекке келіп, бірге алып шықты.

Бесікке салу, Тұсау кесу, қара жорға биін билеу, Дастархан әнін айтумен тәрбие сағаты қызды. Нәтижесінде Ахмет ауылы тұрғындары І орынға ие болды.



Сынып жетекшісі: Жунисова Ш. К.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2024
255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі