Материалдар / Ақиқат. Жалпыадамзаттық құндылық.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ақиқат. Жалпыадамзаттық құндылық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиқат құндылығы туралы терең түсінік беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2019
3462
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Реферат

Ақиқат құндылығы

Жоспар:

1. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар .

2. Ақиқат.

3. Шынайы және нағыз болмыс.

4. Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты.

5. Шындықтың мәні.

Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың  қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара Алпысқызы – өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…»

Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?!

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді».

Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады.

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.

Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлға рухани адамгершілік білім берудің негізгі өзегі. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Ақиқат, дұрыс әрекет, с.йіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау. Бұл құндылықтар, адамның ұлтына, нәсіліне тұратын ортасына және діни, мәдениет тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам рухани аты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғасының мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Ақиқат-интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция)

Сүйіспеншілік-адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)

Дұрыс әрекет-физикалық деңгей

Тыныштық-эмоционалдық деңгей

Қиятан жасамау-рухани деңгей

Тұлға құндылықтарының иерархиясы

Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады.

Абсолютті ақиқат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады.

Әмбебап –Өзгермейтін- Сезімнен жоғары(уақыт пен кеңестіктен тыс) біртұтастықты білдіреді.

-Ақиқат кеңестік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат біреу. Ол өзгермейді, ол жалғыз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні-іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Ақиқатқа жүгіну-айтқан, істеген, көрген, естіген нәрсені дәл жеткізу.

- Бірақ нағыз шындық –ар- ұждан. Шындық бұрмаланғанда, өтірік айтылғанда, адамның ар-ұжданы үнемі оның есіне салып тұрады.

Бұл өте қарапайым, бірақ терең даналық. Өмір ағысына қарсы келмей, жай өмір сүру керек. ...Қарсыласуды тоқтату, Осы Сәтті дәл және қалтқысыз қабылдауды білдіреді. Яғни болып жатқан нәрсеге ішкі қарсылықты тоқтатып, тыныш өмір сүру.

Шынайы және нағыз болмыс.

Әрқайсысымызда үш тұлға бар:

Біріншісі- өзіміздің физикалық тәнімізді саналы сезінуіміз.

Екіншісі- басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс, көп адам өздерін де өзгелерді де сыйлауға тұрарлық адамекендігіне сендіруге тырысады. Бұл екеуі де нағыз және рухани нұрдың төңірегіндегі болмыс.

Үшіншісі- сүйіпеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс. Біз сәулелі нұрмыз, жүректі айналып өткен іс-әрекет – шынайы болмысты қабылдауға кедергі келтіретін соқырлыққа жатады.

Ақиқатты жарыққа шақыруға оқытудың мақсаты. Баланың шынайы болмысын ізденуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адамның шынайы болмысы.

Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Сөз ар-ұжданды басшылыққа алса, ол ақиқатқа ол ақиқатқа айналады. Ақиқат үшін адам қиындықтарға жолығуы мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Мезгілі келгенде ол ауыр сынаққа жолықтырады. Дұрыс әрекет- ақиқат жолын ұстау болып табылады.

Мен өз өмірімдегі өзін-өзі тану пәнін оқыту еңбек жолындағы түйген ойларыммен бөліссем.

Алғаш осы аталған пән оқу бағдарламасына енгізілгелі мектеп әкімшілігі 2010- жылы курсқа жіберді. Осы курсқа келген күннен Тұрғанбаева Айжамал Асқарқызымен таныс болуыма себеп болды. Жаны жайсаң, жүрегі сүйіспеншіліктен құралған, нағыз нұрлы ұстаздан дәріс алу менің өміріме үлкен өзгерістер алып келді. Мен өмірдегі жауабын таба алмай келген сұрақтарымның оң жауаптарын таптым. Алғашқы күннен Нұргүл сен өзіңді енді ғана тапқандайсың. Рас жаныма жақын тарттым, осы мамандықтың адам өміріне берері мол дүние екенін, мен осы пәнді оқытқанда ерекше шабытпен, бар ықыласыммен өтетінімді алғаш жұбайыма айтып, педагогикалық білімімді және толықтырғым келетінін жеткіздім. Ол кісі реті келсе көрерсің дегеннен аспады. Бірақ осы жауабының өзі маған үміт берді. Мен сабырлықпен ақырын күттім. «Сабыр түбі-сары алтын» деген осы- араға алты жыл салып, жұбайым екуміздің отбасылық жағдайымызды ескере отырып, жоғары оқу орнына құжат тапсырдым. Бұл да мені өзін-өзі танудың сабырлылыққа үйреткенінің бір дәлелі десем болады. Болған іске қарсыласпау, тек ыңғайланып, ақырын күту дұрыс әрекет екені шындық.

Мысалы: Мен жұбайыммен отбасын құрғаныма биыл он төрт жыл толуда, кейінгі алты жылдағы жұбайымның мінезіндегі өзгеріске менің де мінезімдегі өзгерістер себеп болды. Бүгінгі күнде ол кісіні көргендер өз таңғалыстарын жасырмай, қандай сабырлы, өзгенің де пікірін тыңдай біледі, снасады дейді. Күннен-күнге өзін-өзі тану пәнін жаныма жақын тарттым. Жүрегіме тыныштықты осы пәннен таптым. Бұл пән біздің отбасымыздағы тыныштықтың орнауына септігі тиген рухани пән.

Тақырыбым Ақиқат құндылығы болғандақтан, мен бүгінгі таңда әке орнына әкем болып, жүрегімнің төрінен орын алған қайны атам деп айтуғу қимайтын, әке деп атайтын жан туралы сыр шертсем. Әкем Нұралыны барлығы әділдігі мықты кісі деп таниды. Әкеме осындай бағасын нақты берген жандардың пікіріне мен де қосыламын. Балаларды тәрбиелеуде адамгершілік құндылықтарды басты мақсатқа қойған кісіден тараған төрт ұл, бір қыз бүгінгі күнде бақытты-баянды өмір сүруде. Әрдайым ақиқатта, әділдікте өмір сүрген адамның мерейі үстем, абыройы асқақ болатынына сенемін.

Мен тәжірибемде оқушыларыма ақиқатын жасырып, айтпай тартынып қалған кезда өзге айналаңдағы адамдарға қиын соғатынын әрдайым түсіндіріп отырамын. Ақиқат нұр, оны ешқайда жасыра алмайсыз, қайда жасырсаңыз да нұр сәлесін шашып мен мұндалап, шындық шыңына шығып тұрады, Сондықтан шындықты айту адамзаттық парыз. Шындыққа болысу, әділдікті жақтау, дұрыс әрекетке жатады. Дұрыс әрекет жасаған адам әрдайм жүрегінде рухани тыныштық табады. Сонда ол адам ешқаша, ешкімге қиянат жасамаған болады. Адамдар ақиқатты айтудан мынадай сбептермен бас тартады екен: мансабыма нұқсан келеді деп, мүлкіме зияны тиеді деп, бірақ қашанада ақиқат қаймақ емес пе, ал қаймақ сүттің бетінде қалқып тұрады. Сондықтан шындықты жаралайды деп қорықса, барынша жұмсартып, бастырмалатып айтуға тырысу керек.

Мен курстан «Құндылықтар практикасының» тапсырмаларын орындауға мектебіме келдім. Оқушыларым мені осынша сағынып қалады деп күтпеген екенмін, балаларымның жанарындағы қуанышты көру мен үшін көкке қолым жеткенмен тең! Апай енді сабақты өзіңіз бересіз ба, өзіңіз беріңізші деген тілектерін білдіртті. Мұның өзі бір мәртебе екен-ау.

Арнайы тапсырмамен келгендіктен, уақыт шектеулі, барлығына барынша үлгеру қажет. Мектеп әкімшілігіне қандай тапсырмалар орындау қажеттігін хабардар еттім. Жақсы қабылдап, қажетіңізді айтсаңыз жәрдемімді аянбаймын деді. 8 «А» сыныбында «Өнер-өмір өрнегі» атты ашық сабақ өттім. . 2016-жылдың тамыз айында ұзартылған мерзімдегі курсқа келіп оқу мүмкіндігіне қол жеткіздім.

Сөзде жалғандық көп, бірақ Ар-ұждан әрқашан шын Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.

Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.

Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан. Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адамның шынайы болмысы.

Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына, діни, мәдениет тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам рухани аты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның аспектілеріне сай болуы тиіс













































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!