Материалдар / «Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыМектепМерзiмі:  Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»Құндылық:Дұрыс әрекетҚасиеттер: Өз – өзіне адал болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету;Мұғалiм: 
Сабақ мақсаты: «Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: - Оқушылардың өзін – өзі тану пәні туралы түсінік беру;- Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәрбилеу;Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.«Кел, балақай, танысайық!» ойыны
  • Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?
  • Сабақ барысын талдау:
    ІІ. Дәйексөз.«Ақиқат – адалдықтың бастауы»Нақыл сөз(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)

    ІІІ. Әңгiмелеу
  • «Елеместің адамгершілігі» атты ертегіні баяндап беру, сұрақтарға талдау жасау.
  • - Қарт Елемеске қандай кеңес берді?
  • - Елеместің өмірі қалай жалғасты?
  • - Елемес қандай адам?
  • - Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?
  • - Адал болу не үшін қажет?


  • ІҮ. Шығармашылық жұмыс.1 – тапсырмаҮлкендердің көмегімен ұлы бабаларымыздың ар – ұждан, адалдық туралы айтқан даналық сөздерімен танысыңдар.А. Құнанбайұлы (1845 - 1904)Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]Абай Шығыс пен Батысмәдениеті мен өркениетінжетікбілген. Бірқатарәлемойшылдарыныңеңбектеріменжақсытанысболған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Ш. Құдайбердіұлы (1858 - 1931)Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. 2 – тапсырмаДәптердегі суреттерді бояңдар. Ондағы балалардың іс – әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп айтыңдар.3 – тапсырмаКөп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып айтыңдар.

    Ү. Топпен ән айту.«Ризамыз»Луиза Хей.

    ҮІ. Соңғы тыныштық сәтіБаяу музыка қосылады.- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!