Материалдар / Ақпараттар сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттар сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2018
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (көрме).
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:

Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Бәйге».
3- бөлім «Жұбын тап».
4- бөлім «Тапқырлық».
5- бөлім «Адасқан әріптер».
6- бөлім «Кім жүйрік?».

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1-бөлім. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Процессор»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Клавиатура»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Монитор»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Ұрандары: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2 – бөлім. «Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
1. Ақпаратты шығару құрылғысы? /Принтер/

2.Дыбыс шығаратын құрылғы? /Колонка/

3.Ақпаратты енгізу құрылғысы? /пернетақта/

4.Тышқанның негізгі батырмасы? / сол жағы/

5.Сурет салуға арналған редактор? /пейнт/

6.Ақпараттарды сақтау құрылғысы? /жады/

7.Ақпараттарды белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу? /кодтау/

8.Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша? /меңзер немесе курсор/

9.Компьютердің миы? /жүйелік блок/

10.Ақпараттың өлшем бірлігі? /бит,байт/

11.Монитордың неше түрі бар? /3/

12.1 байт неше биттен тұрады? /8/

13.Ақпарат сөзі қандай тілден шыққан? / латын/

14.Нысан дегеніміз не?мысал /зат/

15. Ақпараттық модельдер сипаттайды? /табиғат құбылыстарын,заттарды, оқиғаларды/

3-бөлім. Жұбын тап. Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып,бағдарша арқылы көрсет.

Графикалық редактор пейнт

Жүйелік блок

Колонка дыбыс шығарады

Қағаз бетіне шығарады принтер

4-бөлім. Адасқан әріптер. Әріптерді өз орындарына қою керек.

Ротпькем /компьютер/.

Армапогрм /программа/

Тикдасе /дискета/

Дракерот /редактор/

Нытшақ /тышқан/

Рипрнет /принтер

5-бөлімді бастайық. «Тапқырлық»  бұл сайыста әр топтан бір ер бала шығып шарды жарып өз тобына шардың ішіндегі жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1ұпайдан.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
(Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)

7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)

9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)



6-бөлім. «Ойнайық та ойлайық» деңгейлік практикалық тапсырма. Геометриялық фигураларды пайдалана отырып композиция құру.

Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп-көп рахмет!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!