Материалдар / Ақпараттық оқыту технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттық оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық оқыту технологиясы жайлы дайын дипломдық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
178
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпараттық оқыту технологиясын пайдалана отырып оқушылардың

білім сапасын арттыру




Глоссарий

Ақпарат дегеніміз – тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін нысаны туралы түсінігін толықтыратын деректерден тұратын мәліметтер жиыны.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпарттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, олардың рөлі мен орны туралы ғылими білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері.

Ақпарттық-коммуникациялық технология деп ақпарттармен жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар мен жүйелер.

Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.

Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.

Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).

Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы

Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.

Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.

Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде  ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.

Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.

WWW (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.

Гипермәтiн – басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.

Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.

Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейін айтамыз.

Технология – грек тілінен аударғанда «techne» - өнер, іскерлік, шеберлік және «logos» - білім, ұғым деген мағынаны білдіреді, яғни технологияны шеберлік, маманның іскерлігі туралы ілім деп айтуға болады.

Әдіс (метод – грек сөзі metodos – теория, ілім,зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің ыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдіснама (метология – грек сөзі metodos – зерттеу жолы, теория, ал logos – ілім) – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.

Жеке тұлға – қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, өздігінен іздену арқылы білім мен білікті жетілдіріп, ұдайы даму үстінде болатын жан.

Педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімнің нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар. Педагогикалық технология – оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Педагогикалық процесс – оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеру және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттерді, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.

Педагогикалық жүйе – жеке тұлғаны қалыптастыруға тағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.





МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ........................................................................................................................3

Әдеби шолу

I Ақпараттық-коммуникакциялық технологияның теориялық негіздері


1.1. Технологияның мәні және принциптері ........................................................

1.2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның оқу процесіне

қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері .................................................


    1. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі мен

ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.....................................................


    1. Ақпараттық технологиялардың жіктелуі ....................................................



II Ақпараттық-коммуникациялық технологияны химияны оқытуда жүзеге асырудың тиімді тәсілдері мен әдістері.


    1. Технологияны оқу процесіне енгізу тәсілдері мен әдістері..................


2.2 Жаңа технология негізінде химиядан білім сапасын арттыру жұмыстары ..................................................................................................



    1. Технологияны химия пәніне оқытуда қолдану нәтижелері...................


    1. Технологияның артықшылықтары мен кемшіліктері ...........................



III Қорытынды ……………………………………………………………………



IV Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..







КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблеманың оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек  күттірмес талабына айналуда.

Жалпы жүйеге көшу көшу процесі білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жалпы жаңа орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқушыға берілетін білімді қағамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіруді, білім беру тәсілдерін оқушының өз бетімен білім алуына бағыттауды, оқушының өз іс-әрекетіне басшылық жасауға жетелейтін негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырудың, жеке тұлғаның дербес дамуын қойып отыр.

Ақпараттық технологияны пайдалана оқытудың ерекшелігі – мектептегі білім беру жүйесі мен процесін, оқушының білім сапасын тұлғалық бағытталған, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделіп өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап білуіне үйретеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды олардың арасындағы өзара байланысты моделдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижесін талдау және болжау, оқу мен программалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру. Олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру мақсатында білім сапасын арттыру.

Жұмыстың мақсаты. 8 сынып оқу бағдарламасы бойынша динамикалық слайд және «органикалық химия» курсы бойынша компьютерлік программалар арқылы бағдарламалар дайындау. Осы бағдарлама бойынша оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Осы мақсатқа сай мына міндеттер орындалады.

  • 8 сынып арналған динамикалық слайдтар жасау;

  • Органикалық химияға шолу жасау;

  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жұмыстың зерттеу нысаны – мектепте химия пәнін оқыту процесі, оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні – мектепте химия пәнін ақпарттық технологияны қолданып оқыту.


























1.1. Технологияның мәні және принциптері


Ақпараттанудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сай қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшелігіне – оның ілгелілігі, алдын алу сипаты осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің және педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілетін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру.

Білім беру саласын ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты. Ал білім беру компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болады.

Жалпы ақпараттық-коммуникациялық технология компьютерлік құралдар және интернет желісі, электронды оқулықтардың олардың білім саласына пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны.

Ақпарат дегеніміз – тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін нысаны туралы түсінігін толықтыратын деректерден тұратын мәліметтер жиыны.

Ал, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпарттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, олардың рөлі мен орны туралы ғылими білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері. Ғалым Н.Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдаса. Ал, В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы деген. {1}

Оқытуды ақпараттандыру үшін мынадай жайттарға көңіл бөлу керек:

  1. оқыту үрдісін компьютерлендіру кезіндегі тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда экономикалық жағдайларда модельдеуге үйрету;

  2. компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше, оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау;

  3. компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану, яғни мақсатқа сәйкестік ұстанымын ескеру;

Білім беру үрдісін жаңа бағытта жүргізу үшін жаңа ақпараттандыру технологиясын ғылыми тұрғыдан пайдаланып, оқытудың әдіс-тәсілдерін сабаққа қолдану пән мұғалімдеріне жүктеледі.

Ақпарттық-коммуникациялық технология деп ақпарттармен жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар мен жүйелер түсіндіріледі.

Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысана болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғылымда және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орнын тауып, жоғары оқу орындарының да оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді (Н.Г.Захаров, А.А. Кузнецов, В.М.Монахов, В.И.Пугач, И.В.Роберт, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С. Кариев, Г.Т.Жангисина, .Мәлікбекова, Қ.С.Әбдиев, С.А.Исаев, К.М.Беркімбаекв және т.б) талдау танымдық операцияларды басқару үдерірісіне, жоғары оқу орындар пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, орталары, оқыту формалары, функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының жаңа құрылымдарға ие болатындығын көрсетеді.[2,26]

Ақпараттық үдерістер – ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру және пайдаланушыға жеткізу.

Ақпарат мазмұны жағынан сан түрлі болып келеді. Оқу ісінде ақпараттық қолдану едәуір тиімді.

Жиі пайдаланатын ақпараттық технологиялардың түсініктерінің мағынасы төмендегідей:

  • оқыту технологиялары;

  • оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары;

  • оқытудың интерактивтік режимі;

  • оқытудың компьютерлік технологиялары;

  • мультимедиалық технологиялар;

  • ақпараттық, білім ортасына байланысты түсініктердің әртүрлілігі.

Оқыту технологиясы жоғары білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің техниканың белгілі бір аймағында қойылатын мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы және т.б шараларды жүзеге асырады.

Қазақстандағы дидактикалық ойдың дамуына А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты ағартушылар үлкен үлес қосты.

Қазіргі заманғы педагогикалық саладағы ғалымдар оқушының даму процесін, сабақты ұйымдастыру, мектептегі оқу пәндерін оқыту әдістемесі т.б. көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда. Соның бірі Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология (ЖАКТ) жағдайындағы оқыту процесі.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Сондықтан кез-келген оқыту әрбір жеке тұлғаға бағытталған. Ол өзінің қоршаған ортаға деген жеке көзқарасымен және өзіндік моральдық талаптар мен белсенділіктің әр түрлі сатысымен және сонымен қатар басқа да көптеген маңызды қасиеттермен сипатталады.

Оқытудың ақпараттандыру процесін тереңнен түсіну үшін бірлескен іс-әрекет маңызын түсінуіміз керек. Іс-әрекет дегеніміз – адамның белсенділігін белгілі мақсатқа, оның мұқтажын шешуге байланысты бағыттау.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология ЖАКТ жағдайындағы жалпы оқыту процесінің функциялары ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық, болжауда анықталады. 1- сызба.


ЖАКТ жағдайындағы оқыту процесінің функциялары DrawObject1

1-сызба


ЖАҚТ жағдайындағы оқыту процесінің барлық дидактикалық құрамында, компоненттерінде оқыту функциялары жүзеге асады және оқыту оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінсіз олардың дидактикалық өзара байланысынсыз мүмкін емес. Оқытушы қанша білім беруге тырысқанымен, егер білім меңгеруге оқушылардың өздерінің белсенділіктері болмаса, егер оқытушы бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса, онда оқыту процесі дұрыс жүрмейді – дидактикалық өзара қарым-қатынас та болмайды. Сондықтан оқыту процесінде педагог пен оқушы арасында тек жай ғана қарым-қатынас емес, педагогтың тұлғаға әсері, ішкі жан дүниесінің бейнесі, оқушының білімді, іскерлікті, дағдыны, тәртіптіліктің және дамудың белгілі бір элементтерін өз бетінше меңгеруге талпынысы олардың өзара бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде ғана пайда болады.

ЖАКТ жағдайындағы оқыту процесінде негізгі мағналы компонент болып табылады.

Осы жайттарды іске асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық техно

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!