Материалдар / Ақпараттық оқыту технологиясы (статья)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттық оқыту технологиясы (статья)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық оқыту технологиясы жайлы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
188
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ



Қазақстан Республикасының білім беруді 2030 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Жалпы жаңа орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқушыға берілетін білімді қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіруді, білім беру тәсілдерін оқушының өз бетімен білім алуына бағыттауды, оқушының өз іс-әрекетіне басшылық жасауға жетелейтін негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырудың, жеке тұлғаның дербес дамуын қойып отыр [1].

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым – қатынас жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек  күттірмес талабына айналуда [2].

Ақпараттық технологияны пайдалана оқытудың ерекшелігі – мектептегі білім беру жүйесі мен процесін, оқушының білім сапасын тұлғалық бағытталған, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделіп өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап білуіне үйретеді.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілетін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпарттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, олардың рөлі мен орны туралы ғылими білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері. Ғалым Н. Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдаса. Ал, В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы деген [3].

Ақпарттық-коммуникациялық технология деп ақпарттармен жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар мен жүйелер түсіндіріледі. Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысана болып отыр.

Қазіргі заманғы педагогикалық саладағы ғалымдар оқушының даму процесін, сабақты ұйымдастыру, мектептегі оқу пәндерін оқыту әдістемесі т.б. көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда. Соның бірі Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология (ЖАКТ) жағдайындағы оқыту процесі [4].

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Сондықтан кез-келген оқыту әрбір жеке тұлғаға бағытталған. Ол өзінің қоршаған ортаға деген жеке көзқарасымен және өзіндік моральдық талаптар мен белсенділіктің әр түрлі сатысымен және сонымен қатар басқа да көптеген маңызды қасиеттермен сипатталады. Оқытудың ақпараттандыру процесін тереңнен түсіну үшін бірлескен іс-әрекет маңызын түсінуіміз керек. Іс-әрекет дегеніміз – адамның белсенділігін белгілі мақсатқа, оның мұқтажын шешуге байланысты бағыттау.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология ЖАКТ жағдайындағы жалпы оқыту процесінің функциялары ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық, болжауда анықталады (1- сызба).

Shape1

  1. Сызба. ЖАКТ жағдайындағы оқыту процесінің функциялары


ЖАҚТ жағдайындағы оқыту процесінің барлық дидактикалық құрамында, компоненттерінде оқыту функциялары жүзеге асады және оқыту оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінсіз олардың дидактикалық өзара байланысынсыз мүмкін емес. Оқытушы қанша білім беруге тырысқанымен, егер білім меңгеруге оқушылардың өздерінің белсенділіктері болмаса, егер оқытушы бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса, онда оқыту процесі дұрыс жүрмейді – дидактикалық өзара қарым-қатынас та болмайды. Сондықтан оқыту процесінде педагог пен оқушы арасында тек жай ғана қарым-қатынас емес, педагогтың тұлғаға әсері, ішкі жан дүниесінің бейнесі, оқушының білімді, іскерлікті, дағдыны, тәртіптіліктің және дамудың белгілі бір элементтерін өз бетінше меңгеруге талпынысы олардың өзара бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде ғана пайда болады.

ЖАКТ жағдайындағы оқыту процесінде негізгі мағналы компонент болып табылады. Осы жайттарды іске асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияның тұжырымдарын, мақсаттарын және бағыттарына кеңірек тоқталайық.

Жалпы қоғамның ақпараттық технологияға өтуіне бірнеше тұжырымдар жасауға болады: Олар

  • бір сарынды жұмыстан босату есебінен жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеттілігін;

  • барлық адамзат күшімен жиналған қоғамның кез-келген мүшесі кеңінен пайдалана алатын парасаттылық әлеуеттілігін;

  • өндіріс ортасына ақпараттық еңбек іс-әрекетіндегі парасаттылығын;

  • қоғамның әрбір мүшесінің дұрыс ақпарат көзіне қол жеткізе алуы үшін ақпараттық қызмет көрсету деңгейін көтеру керек.

Осы тұжырымдарды іске асыру үшін мектепте ақпараттық технологияны кеңірек пайдаланған абзал. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа:

  • мультимедиа (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды)

  • компьютер (компьютерлік программалар, интерактивті тақта)

  • анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры)

  • электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар)

  • виртуалды зетханалық тәжірибелер;

  • интернет және т.б көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді [5].

Бірақ пактикада көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

  • Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

  • Техникалық. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары (сканер, принтер, модель, микрофон және т.б)

  • Ұйымдастырушылық. Сабақ барысын тиімді ұйымдастыру.

Сондықтан келешек өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеушіге, оқытуға, ақпараттық қоғамда жемісті іс-әрекет нәтижесін алу үшін өз әрекетін жоспарлауға іскерлік қалыптастыруға, алға қойған мәселелерді шешу үшін ақпаратты іздеуге, ақпараттық моделдерді құруға қатынас жолдарын орнатуға, барлық іс-әрекеттерді техникалық жабдықтармен қамтамассыз етуге, сонымен қатар, қазіргі замандағы техникалық құралдарды әр түрлі іс-әрекеттерде пайдалануға дағдыландыру қажет деп ойлаймын.

Қорыта келе, білім сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың келесі мүмкіндіктерін анықтаймыз:

  • оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беру;

  • болашақ мамандардың кәсіби қызметтерінде оңтайлы шешім қабылдауға дағдалану қабілеттері мен логикалық ойлауларын дамыту;

  • кәсіби қызметті ақпараттық қоғам шартында ұйымдастырудың жаңа тәсілін мазмұндайды.

ОShape2 сы мүмкіндіктерді ескере отырып қазіргі таңдағы орта мектептің білім сапасын арттыра аламыз. Қазіргі заман талабына сай әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбінесе өзі игеріп, ізденіп, талдап, үнемі іздену үстінде болуы керек. Сондықтан мектепте химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту, өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіруге лайықтап өзгертуді талап етеді. Бұл талап химия пәнін ақпараттық технологияны пайдалану нәтижесінде жүзеге асады.

Білім беру стандарты талаптарына сай ақпараттық технологиямен оқытудың негізгі мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыра отырып, өзіндік жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. Осы мақсатты практика жүзінде іске асыру үшін химия сабағында динамикалық слайд және бейорганикалық органикалық химия курсына компьютерлік программалармен жалпы шолу жасау арқылы ақпараттық технология бойынша сабақтар жүргізу нәтижесінде, оқушылардың жаңа материалды тез қабылдауға және есте сақтау қабілеттерін арттыруы, өзіндік жұмыс жасау дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под редакцией. Е.С. Полат. - M., 2005.

  2. Нечитайлова Е.В. Информационные технологии на уроках химии. //Химия в школе, 2005. -№3, с.13-15.

  3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М: Народное образование, 1998г.-255с

  4. Г.В. Краснова., А.В.Соловов., И.И. Беляев. Технологии создания электронных обучающих средств. - М.:МГиУ, 2011. 223 б.

  5. Құрманәлиев Қ.М. Химия пәнін оқытудың методикалары. – Алматы, 2011. 255 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!