Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ақпараттық процестер ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
- Ақпарат көлемін анықтау мен өлшеуді білу - Алфавит, алфавит қуаттылығы және алфавит салмағы ұғымдарын түсіну;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ж амбыл облысы

Мойынқұм ауданы

Мойынқұм ауылы

Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

Информатика пәні мұғалімі

Наурозова Айжан Джанабергеновна





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Наурозова Айжан Джанабергеновна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттық процестер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілді қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Ақпарат көлемін анықтау мен өлшеуді білу

  • Алфавит, алфавит қуаттылығы және алфавит салмағы ұғымдарын түсіну;

  • Алфавит қуаттылығы мен ақпарат көлемін анықтайтын формулаларды таниды және ажыратады;

Бағалау критерийі

Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілді қолданады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ақпараттың өлшем бірліктері,термин сөздер,алфавит,алфавиттік тәсіл,алфавит қуаттылығы.

  • Бит,байт,Кбайт,Мбайт,Гбайт……

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика,орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

8 сынып, Ақпарат ұғымы, өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіндіру

Сәлемдесу, түгендеу

Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу.Компьютер мен теледидар суреттерін теріс қаратып партаның үстіне жайып қоямын ,оқушылар әрқайсысы келіп бір суреттен алады сол сурет бойынша топқа бөлемін.

1-топ «Компьютер» , 2-топ «Теледидар»

Алдыңғы білім

(Ж)«Миға шабуыл» әдісі көмегімен жаңа тақырыпқа көшу. Ол үшін оқушыларға ақпарат тақырыбына байланысты алдын ала дайындалған суреттер көрсетіледі және суреттің артында сұрақтар жазылған сол бойынша суретті түсіндіреді және сұраққа жауап береді.Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және зейінін аударады,байқағыштығын дамытады.

  1. Ақпарат дегеніміз не? (Ақпарат-сақтау , түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер)

  2. Ақпараттың қандай түрлерін білесіндер? (дыбыстық,мәтіндік,сандық,графикалық,видео)

  3. Ақпараттық үдеріс сөзін қалай түсіндіресін?

(Ақпараттық үдерістер – бұл ақпаратты іздеумен, жинаумен, сақтаумен, өңдеумен, кодтаумен және қайта жіберумен байланысты үдеріс)

  1. Ақпарат өлшем бірліктерін ата?( Бит,байт, Кбайт, Мбайт,Гбайт)

  2. Екілік код деген не?(Ақпараттарды 0 және 1 символдарынан тұратын кодтар арқылы өрнектеу ыңғайлы екен. Осы символдардың көмегiмен әрiптердi, цифрларды, +, -, :, ? және тағы да басқа арнаулы таңбаларды кодтауға болады. Кодтаудың мұндай түрi екiлiк код деп аталады)

  3. Адам ақпаратты қалай және кандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?(құлақ-есту,көз-көру, мұрын-иіскеу,ауыз-дәм сезу,қол арқылы –сипап сезу)

Дескриптор:

  1. Оқушылар сұрақтарға жауап береді;

  2. Анықтамасын айтады.

Суреттер мен сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы бағалау.Жауап берген оқушыға жауап бергеніне байланысты смайликтер тартылады.

Т оп атауларының суреті



















Сабақтың ортасы

Интербелсенді тақтада bilimland.kz сайтынан ақпаратты өлшеу туралы видеоролик көрсетіледі.

Топтарға оқулықпен қоса тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер беріледі.

(Т)«Постер қорғау» Әр топ өздерінің берген тапсырмаларын оқып,түсінгендерін қағазға (плакатқа) жазып, тақтаға шығып қорғайды.

  • «Компьютер» тобы -ақпараттың өлшемі,көлемі

  • «Теледидар» тобы –алфавит қуаттылығы,формуласы

Дескриптор:

  • Ақпарат өлшемін, көлемін біледі;

  • Ақпараттың қуаттылығын, көлемін есептеу формулаларын ажыратады;

  • Ақпарат көлемін алфавит тәсілмен анықтайды

Қалыптастырушы бағалау: «Кір жаю» әдісі

Кір жайылған жіпке әр топ бір-бірін бағалайды.

Қыстырғыштарды түстері бойынша іледі.

Жасыл –өте жақсы

Қызыл-жақсы

Сары-жақсарту керек

(Ж) «Кім тапқыр» әдісі

Тапсырмалар беріледі

А деңгейі

1.Хабарлама 2 беттен тұрады,әр бетте 25 жол бар.Әр жолда 60 символ жазылған хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса,қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар екенін анықтаңдар.


В деңгейі

2.Алфавит 36 әріптен тұратын болса,сол алфавиттың бір әріпі қанша ақпарат таситынын есептеңіз

С деңгейі

3.Мәтінді қарастырыңыз.Егер 2 символ =2 байтка тең болса,мәтіндегі алфавит куатын есептеңіз.

Дескриптор:

  • Алфавитте қанша символ бар екенін есептейді;

  • Алфавитте қанша ақпарат таситынын есептейді;

  • Алфавит куатын есептейді.

Қалыптастырушы бағалау: жұптық бағалау

« Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды


өте жақсы

жақсы

орташа

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparatty-olsheu-birlikteri

Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§1параграф 6-10 б.

Плакат ,стикелер, түрлі –түсті қаламдар

























Оқушылар өзара бағалайды.



Сабақтың соңы


Кері байланыс:

«Кеме мен желкен» әдісі

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске боя;

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,желкенді сары түске боя;

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалім көмекші қажет болса,желкенді қызыл түске боя.

Оқушылар кері байланысты өз түсінгені туралы желкенді бояп шығады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Оқулықтағы 9-10 бет аралығындағы тапсырмаларды орындау


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Оқушылардың білімін жетілдіру және тақырыпты жан-жақты қамту мақсатында алдын ала дайындалған тапсырмалар бердім.

Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алды.

Қабілеті жоғары оқушыға деңгейіне қарай қима қағаздарын дайындап қойдым және күрделілеу тапсырмалар дайындап қоямын.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет етеді.Сол кезде оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоямын. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетемін және ынталандырамын.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.

Бағалау критерийлерін толықтыру мақсатына сай жеке,топтық жұмыстарда бағалау жүзеге асырылады.Әр тапсырма соңында жазбаша,ауызша түрде,оқушыларды ынталандыру үшін жүргізілді.

1.(Ж)«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға жауап бергеніне байланысты смайликтер тартылады.

2. (Т)«Постер қорғау»

«Кір жаю» әдісі арқылы

кір жайылған жіпке әр топ бір-бірін бағалайды.

Қыстырғыштарды түстері бойынша іледі.

3. (Ж) «Кім тапқыр» әдісінде оқушылар 3 деңгейде тапсырмалар орындады.Сол тапсырмада оқушылар бірін -бірі

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

4.Кері байланыс:

«Кеме мен желкен» әдісі

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске боя;

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,желкенді сары түске боя;

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалім көмекші қажет болса,желкенді қызыл түске боя.

Оқушылар кері байланысты өз түсінгені туралы желкенді бояп шығады.

Пән аралық байланыс:

Математика,орыс тілі, ағылшын тілі



Құндылықтарғабаулу:

Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алу



Информатика кабинетінде жалпы қауіпсіздік ережелерін ұстанады


Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Мен осы қыска мерзімді жоспарды дайындауда да ҰМЖ ,ОМЖ-ға сүйене отырып,белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқу мақсатына жеттім.

Оқушыларға әдіс-тәсілдер тапсырманы терең меңгертуге және оқу мақсаттарына жетуіне көмектесті.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.Оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар «Миға шабуыл», Постер қорғау, әдістері арқылы беріліп «Кім тапқыр» әдісі арқылы тапсырма беріліп,оқушылар ойдағыдай орындап шықты.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдері анықталып,саралау тапсырмалары жүргізілді.

Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болған жоқ.Жоспар бойынша жүргізілді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.02.2021
1290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12