Материалдар / Ақсу Жабағылы қорығы экотуриз аймағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақсу Жабағылы қорығы экотуриз аймағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорықтың керемет әсем табиғаты. Туристерді тарту мақсаты. Құстар мен аңдардың сан алуан түрлері. қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биылғы жылы COVID-19 індетінің таралуына байланысты елде төтенше жағдай мен қоса карантиннің жариялануы ішкі-сыртқы туризмнің дамуына айтарлықтай кедергі келтірді.

Ақсу-Жабағылы - Орта Азия мен Қазақстандағы Талас Алатауы мен Өгем жотасын алып жатқан ең ежелгі қорық болып саналады. Мемлекеттік мекеме 1926 жылы құрылған. Батыс Тянь-Шань ландшафтарын сол табиғи қалпында сақтап, тау жүйесіндегі табиғат кешендерін зерттеуді көздейді. Ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік қорықтар тізіміне енгізілген. Қорықтың шекарасы Қырғызстан мен Өзбекстанмен шектеседі. Мемлекеттік қорықтың құрамына «Әулие» және «Қарабастау» палеонтологиялық учаскелері кіреді. Қорықтың фаунасы 2457 жануарлар әлемін құрайды.  Қызыл кітапқа мұндағы құстардың 267 түрінің 8-і, сүтқоректілердің 52 түрінің 9-ы енген. Бұл табиғат жұмағын сондай-ақ, бауырымен жорғалаушылардың 11 түрі, қос мекенділердің 3 түрі және жәндіктердің 2124 түрі мекендейді.

Мұнда 1737 түрлі өсімдік өседі. Мүктің - 63, қынаның – 64, балдырлардың - 63 түрі, саңырауқұлақтың - 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің - 1312 түрі бар. Соның ішінде бұтаның - 62 , ағаштың - 17 түрі кездеседі. Өсімдіктердің 41 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Табиғи қорықтың қызметі

Ерекше қорғалатын аумақ болып табылатын қорықта ғылыми, күзет, экологиялық ағарту және туризм бөлімдері жұмыс істейді. – Негізгі мақсат - табиғатымыздың әсем бұрышын сақтау болып табылатындықтан, әр бөлімнің өзіндік атқаратын қызметі бар. Ғылыми бөлім қорық аумағында мемлекеттік табиғи қорық қорының нысандарын түгендеу, зерттеу жүргізу.

Қорыққа қалай жетуге болады?

Қорыққа келетін азаматтарда алғашқы туындайтын сауал қорыққа жету мәселесі болып табылады. Ұшақпен Тараз және Шымкент қалаларындағы әуежайға, поезбен Түлкібас станциясына дейін, бері қарай таксимен, автобуспен жетуге болады. Қорыққа келушілер жеке көлікпен Түркістан облысы Түлкібас ауданы Жабағылы ауылына дейін келе алады. Алдын ала байланысып келушілерді күтіп алу мүмкіндіктері де жасалған, – дейді қорық қызметкері. 

Ақсу - Жабағылы қорығы несімен танымал?

Қорықтың ең биік жері теңіз деңгейінен 4238 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңы болып табылады. Бұл шыңның бейнесі жансыз жатқан түйеге ұқсағандықтан жергілікті халық «Ақ түйе өлген» деп атап кеткен. 

Одан кейінгі Қасқабұлақ шыңы қорық аумағында теңіз деңгейінен 3000 метр биіктік пен 3200 метр биіктік арасында орналасқан. Қасқабұлақ шыңында екі мыңнан астам қашалып салынған суреттері бар тастар, яғни петроглифтердің әлемдегі ең жоғарғы табиғи галлереясы бар. Жаз айларында аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан көрінетін Қасқабұлақ мұздығының төменгі жағындағы аталған жер көне дәуірлерде осында мекен еткен адамдардың бізге қалдырған тарихи мұрасы сияқты. Көне суретшілер тастарға ойып салған бейнелер сол кездегі тіршіліктің қандай деңгейде болғандығын баяндайды. Жартастарда адамдардың тіршілігі, көптеген аңдар мен құстардың, марал,   таутеке, арқар, түйе және аңшының суреттері қашалып бейнеленген. 

Бұл жерді жануарлар ғана емес, адамдар мекендеген, мұнда көне заман мәдениеті бар. Ғалымдардың пайымдауынша, суреттердің ең ескілері қола дәуірінде, ал ең соңғылары Ұлы Жібек жолы тұсында салынған. Туристік бағыттардың бірі болып саналатын Қасқабұлақ шыңына қазіргі таңда келуші туристер мен ғалымдардың қызығушылығы жоғары! Қорықтағы басты өзендерге Ақсу және Жабағылы өзендері жатады. Ақсу өзені 120 шақырымға созылып жатса, Жабығылы өзенінің Ақсудан көлемі кішірек. Өзендер таудағы қалың мұз бен қардан бастау алады.

«Табиғат байлығы – баға жетпес құндылық»

Табиғи қорықтар, бұл – болашақта ұрпақтарға қалдырылатын ең қымбат дүние. Басты мақсат – қорықты қорғау, сақтау мәселесі болып табылады. Қорықтарда  туризмді шектеулі түрде жүргізу керек. Қазіргі біздің ұстап отырған бағытымыз дұрыс. Туризмді дамыту деп қорықтарды таптата беруге болмайды. Сондықтан арнайы белгіленген сараптама жүргізілетін, нақтыланған норма бойынша тиісті жерлерге кіргізіп отыру керек. Ұлттық парктер секілді табиғатты тамашалайтын орын ретінде пайдаланбауымыз қажет. Ондай жағдайда табиғатты тоздырып жібереміз. Және де туризм саласына қатысты арнайы мамандарды көбірек дайындау маңызды мәселе, – дейді қорық директоры Айтбек Нарынбайұлы. 

Ақсу-Жабағылыдағы сарқырамалар мен палеонтология аймағы

Қорықта Кіші-Қайыңды сарқырамасы бар. Оның көру алаңына қысқа жолмен тік түсіп тамашалауға болады. Көп қабатты каскадтардағы үлкен биіктіктен құлаған судың ағыны өте қатты.  Кіші-Қайыңды сарқырамасы жоғарыдан айқын көрінеді. Оның жарқылы алғашқыда ақырын көлбеңдеп тұрған өзеннің төңірегіндегі гүлдейтін талдар мен қайыңдардың нәзік жасыл түтінінен пайда болады. Кіші – Қайыңды сарқырамасын тау ешкілерінің «перзентханасы» дейді. Мамыр айында ешкілер орман мен өзен алқабына түсетіндіктен солай аталады. Сонымен бірге сарқырама мен шыңның биіктіктерінен тау текелерін, архарларды және қоңыр аюларды көруге болады. Және де табиғатқа көрік беріп тұрған грейг, кауфман қызғалдақтарын да кездестіресіз.  

Бәйдібек ауданында «Әулие» және «Қарабастау» палеонтологиялық учаскелері бар. Ол жерлерде Юра дәуірінің (140 млн жыл бұрын) тіршілік иелерінің – өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің іздері түсіп қалған тастар бар.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында жыл сайын, яғни 1999 жылдан бастап сәуір айында бүкіләлемдік Жер күніне орай, табиғатты қорғауға арналған «Парктер шеруі» акциясы өтеді.

Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Иісі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттармен таласқан жұмбақ таулар әрдайым жұртшылықтың қызығушылығын танытатындығы сөзсіз. Сондықтан тылсым табиғаттың еліміздегі таңғажайып жерлері, шабындықтары мен жайылымдары ең құнды байлық болып қала береді. Ал сол әсем жерлер мен ерекше қорғауға алынған аймақтарда экотуризмді дамыту арқылы еліміздің экономикалық ахуалын арттыруға мүмкіндік береді.


Сәлеметсіздер ме! Мен Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 5 а сынып оқушысы Балғабай Нұрай. Жетекшім Төлегенова Бахытгүл. Туған өлке номинациясы бойынша Ақсу Жабағылы қорығына жорығымызды ұсынып отырмыз.

Біздің негізгі мақсатымыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану. Алға қарай жетелеу мен патриоттық және экологиялық тәрбие беру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!