400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар оқушыларға экологиялық тәрбие беру барысында көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы”

ОҚО. Түлкібас ауданы. Жаскешу ауылы. С.Сейфуллин ЖОМ. оқу ісі орынбасары: Еркебаева Нағима


С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 6 және 7 сынып оқушыларына Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту және туризм бөлімі бастығы Эльмира Джуманова, ағарту бөлімінің мамандары Р. Егенбердиев, С.Шерімбаев және инспектор Ө.Мұсабаев «Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы» атты тақырыпта экологиялық сабақ өткізді.

Экологиялық сабақта оқушылар туған өлкеміз туралы көптеген мәліметтерге қанықты. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы –Талас Алатауының солтүстік –батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық, Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасында орналасқан Қазақстандағы тұңғыш қорық . Ол 1926 жылы 14

шілдеде көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен құрылған. Бүгінде қорықтың аумағы 131934 гектар алқапты алып жатыр.Қазір Ақсу-Жабағылы Қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Тау өңірінде өсімдіктер дүниесі әралуан.Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 түрі бар. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық.Кішкентай тас ағашы өзінің тамырын тереңге жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігінің жемісі майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Ақсу-Жабағылының аршасы Тәңіртаудың төңірегінде , Алатау мен Қаратаудың түйісер тұстарында аршаның алты түрі болған.Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мүлдем жоылып кеткен.Кәзіргі кезде қара арша,балғын арша,сауыр арша дейтін түрлері қалған.Аршаны алаш баласы әулие ағаш санаған.

Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілерден арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар кездеседі. Құстардан гималай ұлары,кекілік, саққалтай, бүркіт, қара құтан,ителгі кездеседі.

Ақсу –жабағылы сирек кездесетін ,тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлар отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін,маралдарды және еліктерді ,сілеусіндер мен қар қабыландарын,қасқырлар мен тулкілерді ,аюлар мен ақкүмістерді кездестіре аласыз.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің қаңқаларын тапқан.

Сабақ соңында оқушыларға қорық жайлы сұрақтар қойылдып,үн-парақтар мен буклеттер таратылды. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып,сабақты ынта қойып ықыласпен тыңдады. Сабақ соңында мектеп әкімшілігі атынан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Нағима Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкерлеріне рахметін айтып, ризашылығын білдіп,еңбектеріне сәттілік тіледі.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 шілде
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі