Материалдар / АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ОРНЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН ЕМХАНАДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУЫТҚУЛАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ОРНЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН ЕМХАНАДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУЫТҚУЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақсу қаласындағы өнеркәсіп орындарына жақын орналасқан емханаларда жүкті әйелдерде патологиялық ауытқулар көп. Заман талабына сай дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін, ең алдымен баланы өмірге әкелетін ананың дені сау болу керек, жүкті ананы қоршаған орта экологиясы таза болуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
332
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көсалалы колледжі


















АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ОРНЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН ЕМХАНАДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУЫТҚУЛАРЫ















Дайындаған_______________ Л.Т .Смагулова





2021

Кіріспе.


Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр. 
Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар.
Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады. Оның нәтижесінде полярлы мұздың еру процесі, мухиттар мен теңіздер деңгейінің көтерілуі т.б. сияқты ауқымды проблемалардың тізбегін жалғастырады. 
Жылу электр станциялары атмосфераға күкірт, азот және көміртек оксидтерін, материалдарды, күлді шығарады.
Автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Автокөлік транспорты шамамен 92 пайыз СО, 63 пайыз көмірсутектер және 46 пайыз азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады.
Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі замандағы медицинаның, ғылым мен техниканың дамуы көптеген ауруларды емдеуге мүмкіндік береді. Медицинада көптеген технологиялар мен жаңа дәрілер қолданысқа енді. Бұның нәтижесін еліміздегі бала туу санының артуынан көруге болады. Қазіргі кезде бала мен ана денсаулығына көп көңіл бөлініп жатыр.
Бірақ кез келген салада сияқты медицинада да қателіктер мен оқыс жағдайлар болып жатады. Осыған байланысты өзімнің диссертациялық жұмысымды Ақсу қаласындағы өнеркәсіп орындарының жүкті әйелдердің денсаулығына әсерін, яғни ана мен балда кездесетін аурулар, босану кезіндегі қиындықтар мен оларды емдеу жолдары қарастыруды жөн көрдім.


Өзектілігі : Ақсу қаласындағы өнеркәсіп орындарына жақын орналасқан емханаларда жүкті әйелдерде патологиялық ауытқулар көп. Заман талабына сай дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін, ең алдымен баланы өмірге әкелетін ананың дені сау болу керек, жүкті ананы қоршаған орта экологиясы таза болуы керек.


Жұмыстың мақсаты: Өнеркәсіп орындарының жүкті әйелдердің денсаулығына тура немесе кері әсерін анықтап, өнеркәсіп орындарына жақын орналасқан емхана мен экологиялық таза болып саналатын емхана арасындағы салыстырмалы жұмыстар жүргізу. Атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын, сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.


Негізгі тапсырмалары:

  1. Өнеркәсіп зауытқа жақын орналасқан жерлерде жүрген жүкті әйелдердің патологиялық аурулардың ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Жүкті әйелдердің денсаулығына тікелей немесе кері әсерін анықтау.

  3. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтуға тиімді іс-шаралар жүргізу арқылы алдын алу шараларын ұйымдастыру.


Теориялық мәнділігі: Өнеркәсіп орындары көп орналасқан аймақтардағы емхана мен экологиялық таза болып саналатын шағын аудандағы емхана арасындағы жүкті әйелдердің патологиялық ауруларын салыстыру арқылы нәтиже шығару.


Жаңалығы: Ақсу қаласындағы өндірістік орындарының әсерінен пайда болған смог қабаты жүкті әйелдердің денсаулығына әсер етуін, жүкті әйелдерде патологиялық ауру туғызатын факторларды зерттеу.


Практикалық мәнділігі:

Жүкті әйелдердің денсаулығына әсер ететін антропогендік фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды.


Зерттеудің өзектілігі: Өнеркәсіп орындарының жүкті әйелдердің денсаулығына тура немесе кері әсерін анықтап және өнеркәсіп орындарына жақын орналасқан емхана мен экологиядық таза болып саналатын емхана арасындағы салыстырмалы жұмыстарын жүргізу.

Атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын, сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.

Мақсатымызға жету барысында алға қойған міндеттер:

1.Жүкті әйелдердің патологиялық аурулардың ерекшелігін зерттеу.

2.Өнеркәсіп орындарының жүкті әйелдерде патологиялық ауруларды

туғызу ерекшелігін анықтау.

3.Өнеркәсіп орындарының аумағы және экологиялық таза шағын

аудандарында патологиялық аурулардың аз немесе көптігін анықтау.

4.Қоршаған ортаның бала ағзасына әсері

Зерттеу жұмысының ғылыми жаналықтары: Ақсу қаласындағы өндірістік орындарының әсерінен пайда болған смог қабаты жүкті әйелдердің денсаулығына әсер етуін, жүкті әйелдерде патологиялық ауру туғызатын факторларды зерттеу. Жүкті әйелдердің денсаулығына әсер ететін антропогендік фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды.

Теориялық мәні:

1. Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанануын тексеріп түсіну, ауаның құрамын бағалау.

2. Жүкті әйелдерді тексеру деңгейлері

3. Жатырдан тыс жүктілік. Ұрықтың жатырдан тыс дамуы

Зерттеу пәні: Ақсу қаласындағы зауыттардын жүкті әйелдерге

әсерін анықтау

Зерттеу нысаны: Қалаға жақын орналасқан зауыттар, жобаны жазу үшін қажетті зерттеулер Ақсу қаласындағы ауруханаларда өткізілді

Зерттеу әдістері: Теориялық талдау, мәселе бойынша ғылыми және мерзімді басылымдардың материалдарын зерттеу, құжаттар мен статистикалық есептерді талдау, зертханалық талдау.

Зерттеудің эмпирикалық базасы: зерттеу жүргізу кезінде автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездесетіні. автокөлік транспорты шамамен 92 пайыз СО, 63 пайыз көмірсутектер және 46 пайыз азот оксидтерін шығаратындығын ауа сараптамасынан тексеру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жұмыс нәтижелері жүктілік кезіндегі көп камералық мониторингтің эффективтігін көрсетеді. Осылайша анықталған маркерлердің біреуі бойынша ғана зерттеулер жүргізетін болсақ, онда жүктілік патологиясының қауіпі бар 56,8 %-дан 73,0 % -ға дейін деңгейден ауытқулар кездесуі

Зерттеудің жаңалығы: Зауыттардан бөлінген ауа арқалы таратылып шыққан ауыр металдар шыныменде жүкті әйелдерге және дүние есігін ашпаған сәбилерге қауып төндіретіні анықталды

Жұмыстың нәтижелерін іс жүзінде қолдану: Біріктірілген санитарлық-микробиологиялық және химиялық зерттеулердің нәтижелерінде халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларда қолданылады.

Жұмыстын теориялық және практикалық маңызы

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады .































Негізгі бөлім

Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер. Атмосфераның құрамы
Жер шарын қоршап тұрған, шаң-тозаң, бу мен газдан құралған атмосфера ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ-түйек бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып жатады. Күн сәулесін жер бетіне өткізіп, жерден көтерілген жылуды дүние жүзіне жібермей, шыны жабылған парниктей әсер етеді.
Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап-қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жет беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын-шашын болмай, жер бетіндегі температура күндіз +100
оС-тан астам ыстық, түнде -100оС-қа дейін төмендеп қақыраған аяз болар еді. Сөйтіп бір тәулік ішінде температура 200оС-қа өзгеріп отырар еді. 
Атмосфералық ауа тым жеңіл, 1метр кубта 1300грамм ауа болады. Соған қарамастан жет бетіне түсетін қысым (салмақ) әрбір 1 квадрат см-ге 1кг-нан келеді. Адам денесінің мөлшері орта есеппен 1,5 квадрат метр болса, оған түсетін салмақ 1,5 тоннаға жетіп қалады. Егер адамның ішкі атмосфералық қысымы қазіргідей тең болмай, аз болса, олар ауа салмағынан жаншылып қалар еді.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді.

Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.

Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды. Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.

Диаграмма 1 - Өндірістің нешізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы

Туа біткен ұрық патологиясы

Мұрагерлік және тумыстан патология мәселесі тумастан даму ақаулары, хромосомалық аурулары өзекті мәселе болып қала бермек.

Соңғы жүз жыл ішінде көп балалы жанұялар сирек кездесіп жатыр. Репродуктивті кезең уақытында әйелдер өмірінде тек қана бір немесе екі жүктілік босанумен аяқталады. Осы жагдайда өте жиі жүктілік 30 жастан асқаннан кейін болады. Осы жагдайда тек жалғыз жүктілікті кез келген әдіспен сақтап қалу тенденциясы пайда болады.

Қазіргі кезде осындай жүктілік көп жағдайда әр түрлі қосалқы репродуктивті технологиялар қолданудан кейін пайда болады. Жаңа шарттар жүкті әйелдің және ұрықтың денсаулыгын бағалаудың басқа жаңашыл әдістердің пайда болуын талап етеді. Жаңа туғандардың 5% ұрық тумастан және мұрагерлік патология жиілігі болатыны белгілі. 1000 жаңа тұгандардың 4- 7 баласында хромосомалық аурулары, 19-22 баласында даму тумасының ақаулары кездесіп жатыр.

Жүкті әйелдерді тексеру деңгейлері

Құрсақ ішіндегі ұрық денсаулығының күй-жагдайын айқындауға арналған перенатальді диагностика әдістерін қолдануды талап етеді, оларға ультрадыбыстық зерттеу, кардиотокография, әртүрлі биохимиялық зерттеулер және т.б.қолданылып жатыр.

Осындай әдістердің әр түрлі мүмкіншіліктері және шектеулері болады.

Олардың кейбіреулері мүлдем қауіпсіз, мысалы, ультрадыбыстық зерттеу.

Кебіреулері ұрыққа арналған айқын тәуекелмен кездеседі, мысалы, амниоцентез немесе ворсин хориона биопсиясы.

Жүктілік шиеленісулерінің тәуекелімен кездесетін пренатальді диагностика әдістері, оқиғада тек қана тиісті қолданылу қажет болганда ғана көрсетілуі тиіс.

Жатырдан тыс жүктілік. Ұрықтың жатырдан тыс дамуы

Ұрықтанған аналық жүмыртқа әр түрлі аурудың (қабыну, соз, т.б.) салдарынан, жасанды түсік жасатудан, жыныс мүшелерінің жетілмеуінен, т.б. себептерден жатыр түтігінен жатырға өте алмай қалады. Жатырдан тыс жүктілік: түтіктегі, аналық бездегі және қүрсақтағы жүктілік деп бөлінеді. Бүлардың ішінде өте жиі кездесетіні жатыр түтігіндегі жүктілік. Ұрықтанған жұмыртқа жатыр түтігінің ішкі қабатына жабысып өседі. Ұрық 6 — 8 аптадай дамып, түтікті керіп, жарып жібереді.

Жүкті әйелдерді тексеру. Лабораторлық зерттеу

Жүктіні тіркеуге алганда міндетті түрде қанның жалпы анализі, зәрдің анализі, қан тобы мен резусының анықталуы, қан құрамындагы глюкоза деңгейін анықтау жүргізіледі.

Анемнездегі өлі туудың болуы, толық жүктілік мерзіміне жетпеу және экстрагенитальді аурулар кезінде келесі наусқауларды орындау керек:

  • жүкті әйелдің қанындағы гемолизинді анықтау;

  • қан тобын және күйеуінің резусын анықтау, әсіресе жүкті әйелде толық түрде тексеріледі.


Зерттеулердің қосымша әдістері

ЭКГ - бірінші рет қабылдауға келген жүкті эйелдердің барлығына және жүктіліктің 36-37 аптасында жасалады.

УДЗ - жүктіліктің бүкіл мерзімінде 3 рет жасалады: біріншісі, ұрық жұмыртқасының даму патологиясын жоққа шығару үшін - 12 аптаға дейінгі мерзімде; екіншісі, ұрықтың ВПР диагностикасын жасау мақсатында - жүктіліктің 18-20 апталарында; үшіншісі, жүктіліктің 32 - 34 аптасында.

- ұрықтың тірі немесе өлі болу белгілерін нақты анықтау кезінде;

- ЗРП қауіпі бар ұрықтың дамуын бағалау кезінде;

- плацентаның локализациялануын анықтау кезінде; көп үрықты жүктілікті анықтау кезінде;

- судың аз немесе көп болу қауіпі болған жағдайдағы АЖ көлемін бағалау кезінде;

- ұрықтың орналасуын анықтау кезінде;

PRISCA - бағдарламаасы келесі ықтималдықтарды есептеуге мүмкіндік береді:

  1. әр түрлі тәуекелдер, ұрық патологиясын есептеу ықтималдығы:

  • 21 хромосома бойынша трисомия тәуекелі (Даун синдромы);

  • 18 хромосома бойынша трисомия тәуекелі (Эдвардс синдромы);

  • ЦНС ақауларының даму тәуекелі (ашушаң түтік ақауы ( ДНТ ));

  1. Науқас әйелдердің дара мәліметтерін еске алу;

  2. Биохимиялық маркерлердегі қалыпты деңгейінде ауытқулардың пайда болуына әсер ететін факторларды ескере отыру .

Бірінші үштіктегі қауіп есебі:

Рұқсат етілетің тестілеу мезгілдері : соңғы етеккір күнімен 9-14 апта. Келесі көрсеткіштер есепке алынады:

  • УДЗ ( жүктілік мезгілі, мойын бүрме мөлшері, қара түнектің мөлшері, бипариетальді мөлшер);

  • Сарысулық маркерлер:

Жүктілікпен А(РАРР-А) протеиннің байланысы

Бос бетта -АТГ (адамның тумастан гонатодропині)(зерттелген материал - қан сарысуы).

Ақсу қаласының өнеркәсіп орындары және олардың қоршаған ортаға ықпалы

Қала

Өнеркәсіп орындары

Ластаушы заттар мен үлес салмағы







Павлодар

АҚ«Қазақстан Алюминиі»

Шаң-тозаң 16

Күкіртті газ SO 2 -22

Фтор -0,002

АҚ«Қазақстан Электролиз »

Шаң-тозаң 12

Күкіртті газ SO 2 -15

Көмірқышқыл газы СО 2 23

Фтор F

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!