Материалдар / АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақтөбе қаласының тазалығын сақтау мақсатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың жобасын ұсыну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2024
134
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Алға ауданы

Қарақұдық орта мектебі










Бақытжанов Болат

Нұрадин Саламат

Тақырыбы:

«Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу»





Секциясы: Экология, валеология


Жетекшісі: Қарақұдық орта мектебінің химия-биология пәндерінің

мұғалімі, «зерттеуші- педагог» , биология

ғылымдарының магистрі Лукпанова К.Т.




2022 жыл

МАЗМҰНЫ:



  1. Кіріспе........................................................................................................5

  2. Негізгі бөлім............................................................................................7

  3. Зерттеу бөлімі..........................................................................................12

3.1.Статистикалық мәліметтер...............................................................12

  1. Ақтөбе қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобасының бизнес жоспары.......................................................................................15

    1. Зауыттың құрылысы.....................................................................16

  2. Қорытынды..............................................................................................18

  3. Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................20


















АННОТАЦИЯ

Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе қаласының тазалығын сақтау мақсатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың жобасын ұсыну.

Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардың көп тасталуынан қоршаған орта ластануда. Сондықтан тасталған қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалану мәселесін зерттеп, экологиялық және экономикалық жағынан тиімді зауыт салу өзекті мәселе болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау.

2. Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау.

3. Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну.

Қалдықтарды қайта өндеу зауытының салыну жоспары:

1 кезең – Дайындық кезеңі –Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу пайдалану зауытының жобасының бекітілуі – 2023 жыл

2 кезең – Жалпы зауыт салынатын территория белгілеп, эколог кадастр маман иелерімен жұмыс жасау. Зауыт салуға жұмысшыларды жинау -2024 жыл

3 кезең – Құрылыс жұмыстары жасалуы -2024-2026 жылдары

4 кезең – Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған қондырғыларды шетел елдерінен алып келінуі – 2026-2027 жылдары

5 кезең –Зауытта қалдықтарды қайта өңдеу қондығыларымен жұмыс жасау үшін қызметкерлерді дайындау, қажетті маман иелерін және де қызметкерлерді жинау – 2027 жыл

6 кезең –Қалдықтарды қайта өңдеу пайдалану зауытының салынып қолданысқа берілу – 2028 жыл.


АННОТАЦИЯ

Цель работы: В целях пропаганды чистого города, предложить проект завода в Актобе, по производству строительного материала за счёт переработки бытовых отходов.

Актуальность проекта:

В настоящее время из-за огромного выброса бытовых отходов загрязняется окружающая среда. В связи с этим, остро стоит вопрос о строительстве завода, с точки зрения экономики и экологии, по переработке и использованию выброшенных отходов.

Задачи проекта:

1.Сбор и анализ нужного материала о промышленных и бытовых отходах.

2.Определить и дать оценку степени загрязнения города бытовыми отходами.

План строительства завода по переработке и использованию отходов:

1 Этап – Подготовительный – утверждение проекта строительства завода по переработке и использованию бытовых отходов – 2023 год

2 Этап– Определение территории для строительства завода, приобщить к делу специалистов – экологов. Собрать рабочих для строительства завода – 2024 г.

3 Этап – Ведение строительства - 2024-2026 годы

4 Этап –Доставказарубежных установок, необходимых для переработки бытовых отходов - 2026-2027 годы

5 Этап – Подготовка и обучение специалистов для работы на установках по переработке и использованию бытовых отходов - 2027 год

6 Этап – Окончание строительства завода по переработке и использованию отходов. Эксплуатация завода - 2028 год




ANNOTATION


Purpose: In order to promote a clean city, to propose a project of a plant in Aktobe, for the production of building material through the processing of household waste.

Relevance of the project:

Currently, due to the huge release of household waste, the environment is polluted. In this regard, the issue of building a plant, from the point of view of economy and ecology, for the processing and use of discarded waste is acute.

Project objective:

1. Collection and analysis of the necessary material about industrial and household waste.

2. Determine and assess the degree of pollution of the city with household waste.

Plan for the construction of a waste processing and use plant:

Stage 1-Preparatory-approval of the project for the construction of a plant for the processing and use of household waste-2023

Stage 2-Determine the territory for the construction of the plant, involve environmental specialists in the case. Gather workers for the construction of the plant-2024

Stage 3 - construction Management-2024-2026

Stage 4-delivery of foreign installations necessary for processing household waste-2026-2027

Stage 5 - training and training of specialists to work on installations for processing and using household waste-2027

Stage 6 – Completion of the construction of a waste processing and utilization plant. Plant operation - 2028



І. Кіріспе

1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік

Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады.

Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25% -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30% құрайды, Германияда 48% Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5 %-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 %-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.

Тұрмыстық қалдықтармен ластану және олардың қоршаған ортаға әсері. Тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы – экологиялық мәселе.

Адам баласының кез келген шаруашылық және тұрмыстық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің жойылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан қалдықтарды жинау, жою, зинсыздандыру, өңдеу және пайдалану – қоршаған ортаны қорғаудың басты мәселелерінің бірі [1.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтарды пайдалану құны және олардың шикізат ретіндегі бағасы жоғарылаған кезде, рыногқа ірі жеке компаниялар тартылған. Мұндай компаниялар елді мекендерден алшақ орналасқан, құнды емес, яғни құнарсыз арзан жерлерді қалдықтарды көмуге пайдаланады. Өйткені, олар тасымалдау және орналастыру шығынын көтеруге қабілетті болып келеді.

Қазіргі таңда облыстарда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың статистикалық есебі ғана алынып отырған жағдайы бар. Ешбір облыста қалдықтардың кадастры жүргізілмейді. Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі. Қалдықтарды басқаруды жолға қою ең алдымен оларды инвентаризациялаудан басталады. [2.

Қазақстанда ТҚҚ-ды зиянсыздандырудың бір ғана түрі - полигондарға орналастыру қолданылады. Республикада қалдықтардың жалпы көлемінің тек 5 кәдеге жаратылады не жағылады. Полигондардың кейбіреуінің арнайы рұқсаты бар, десе де олардың көбісінің тіпті жобада жоқ және экологиялық-санитарлық талаптарға сай емес екені, оларда ТҚҚ-ды көму және орналастыру кезінде технологиялық ережелердің сақталмайтыны анықталған. Орналастыру жүйесінің көрсететін қызметі бар болғаны әкелінген қоқысты трактор техникасы көмегімен тығыздау ғана. Нәтижесінде жел тұрғанда қоқыстар құрамындағы жеңіл компоненттер үйіндіден кез келген мүмкін қашықтыққа еркін ұшып шыға алады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді. Қалдықтарды жалпы жіктеу 2 суретте көрсетілген [1-3].

Тұрмыстық қалдықтар

DrawObject1 DrawObject3 DrawObject2


Газ тәрізді Қатты Сұйық

DrawObject4 DrawObject9 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject5 DrawObject6


Органикалық бейорганикалық

DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10


Зиянды Зиянсыз

DrawObject16 DrawObject17 DrawObject15 DrawObject14


DrawObject18 DrawObject19 Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын

DrawObject20 DrawObject21

Жанатын Жанатын Жанбайтын қатты Жанбайтын қатты сұйық сұйық

1-сурет. Тұрмыстық қалдықтардың жалпы жіктелуі.

Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.

Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа бөлінеді:

Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;

Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар,

Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.

Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары болады.

Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады [4]:

• тамақ қалдықтары;

• макулатура;

• консерві қалбырлары;

• фольга;

• металл сынықтары;

• шыны ыдыстар;

• хлоры жоқ пластмасса заттар;

• хлоры бар пластмасса заттар;

• батарейкалар.

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған электронды-сәулелік түтікшелер негізінде жұмыс істейтін компьютерлер, телевизорлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Мысалы, дербес компьютердің бөлшектерінде болатын қауіпті компоненттер:

• электронды-сәулелік түтікшеде болатын қорғасын;

• ескі электронды-сәулелік түтікшелерде болатын мышьяк;

• сурьманың үш тотығы өртке қауіптілікті күшейтеді;

• пластикпен қапталған бөліктер мен кабельдер өртке қауіпті;

• түзеткіштер сұлбасындағы селен;

• жартылай өткізгіштер және басып шығаратын құрылғыдағы кадмий;

• магниттік қасиеті бар кобальт;

• ауыстырып-қосқыштардағы сынап;

• металдарды тотығудан сақтайтын хром.

Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп. Сондай-ақ көптеген ұйымдарда әлі күнге электронды-сәулелік түтікше негізінде жұмыс істейтін компьютерлер бар. Олар қолданыстан шыққан күннің өзінде жұмыс бөлмесінде сақталып тұрған жағдайлар да кездесіп жатады.

ТҚҚ-дың құрамында болатын қалдықтар:

• Макулатура;

• Медициналық қалдықтар;

• Істен шыққан құрал-жабдықтар;

•Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;

• Ағаш қалдықтары;

• Мұнай өнімдерінің қалдықтары;

• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;

• Полимер қалдықтар, пластмассалар;

• Өндірістік қалдықтар;

• Радиоактивті қалдықтар;

• Шыны сынықтары мен қалдықтары;

• Құрылыс қалдықтары,

• Тоқыма қалдықтары және тері;

• Түсті металл сынықтары;

• Қара металл сынықтары;

• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;

• Электрондық сынықтар.

ТҚҚ-дың құрамында болатын заттардың анағұрлым тиімді әрі толық топтастырылуы осы сияқты. Мұнда жоғарыда айтылған электр құралдарының қалдықтары бір ғана атаумен, яғни электрондық сынықтар деп берілген.

Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.

Гигиеналық қалдықтар:

• Памперстер;

• Төсемдер;

• Тампондар;

• Мақтасы бар таяқшалар;

• Гигиеналық ылғал майлықтар.

Гигиеналық қалдықтардың құрамында болатын химиялық заттар:

Трибутилен (tributyltin);

Толуол (toluene);

Ксилол;

Стирол (styrene);

Этилбензол (ethylbenzen);

Изопропилбензол (isopropylbenzen);

Полиакрилат.

Барлық түзілетін қалдықтарды мамандардың өз бетінше топтастыруы қарастырылды. Дегенмен, ҚР-ның Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі қалдықтардың толық сыныптамасын жасап, пайдалануға ұсынды.

Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленді. Олар:

1. Жасыл – индекс G;

2. Янтарь түсті - индекс A;

3. Қызыл түсті – индекс R.

Қалдықтарды сыныптау, қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың басты белгілерін айқындауға негізделеді. [4]




ІІІ. ЗЕРТТТЕУ БӨЛІМІ

3.1. Статистикалық мәліметтер

Мәліметтер бойынша бір адам жылына 400 дана (бірлік) полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Ал біздің елдің, қаланың тұрғындары мөлтек аудандарда тұрған қоқыс жәшіктеріне от қойып, қоқысты өртей салады. Полиэтилен пакет пен пластмасса құтылар өртенген кезде адам ағзасына орасан зиян келетін улы газдар бөледі. Еуропа елдерінде шыны қалдықтарын бір бөлек пакетке, қағазды бір бөлек пакетке, ал азық-түлік қалдықтарын бір бөлек пакетке жинап, қоқыс жәшігіне салған кезде де бөлек-бөлек салады. Яғни үйдің ішінде оларды бөлек жинайды. Бізге осыны үйренетін кез келді. [15]

2-сурет. Түрлі-түсті қоқыс жәшіктері

Статистика бойынша бір адамнан жылына 350-400 келі қалдық шығады және ол жылына 5-7 пайызға өсіп отырады екен. Осы қалдықты үйден шығарып тастауды ғана білеміз. Арғы жағын ешкім ойланбайды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 22 млрд. тонна қалдық бар екен. Оның 16 млрд тоннасы техногендік, минералды қалдықтар болса, ал 6 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтарға жатады. 98 млн. тоннасын тұрмыстық қатты қалдықтар құрайды. Елімізде оның 5 пайызы қайта өңделсе, біздің облыста 0,01 пайызы ғана өңделеді екен. Мұның сыртында өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі тіпті орасан. Оларда 25 млрд тонна қалдық тұнып тұр. Швед ғалымы Нильс Бор: «Адамзат атом бомбасынан жойылмайды, олар өз қалдығына тұншығуы мүмкін», – депті. [9] Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулар пайда болуы, ел халқының өміріне қауіп-қатердің тигізер әсері өте өзекті мәселеге айналып отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кәсіпкерге экономикалық жағынан тиімді емес, яғни ол кәсіпорынға ешқандай да пайда әкелмейді. Экологиялық жағынан ғана тиімді. Сол себепті де оған ешкім жолап, бас қатырғысы келмейді. Сондықтан мемлекет экологияға пайда әкелетін қатты қалдықтарды өңдеу ісімен айналысатын кәсіпкерге дотация бөлуі керек немесе салықтан босатуы тиіс деп есептеймін. [8]

Ал жыл сайын республикада 5 млн тонна шамасында қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады екен. Тек оның 5 пайызы ғана қайта өңдеуден өтеді. Қалғаны іске аспай, ашық аспан астында қарға-құзғындарға қорекке айналады. [15]

Отанымыз отқа қарап отырған жоқ. Сөйте тұра, еліміздің бірде-бір қаласында, қалдықтарды қайта өңдейтін жібі түзу зауыт я фабрика жоқ екен. Мұны құзырлы орындар да жайып салып отыр. Ашық айтпасқа амал да қалмай бара жатқан сияқты. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды құртудың шарасын таппаса, аймақтардың қоқыс айлағына айналып кету қаупі бар. «Алматының өзінде тұрмыстық қалдық 3 млн текше метр үстінде» дейді деректер. Ал өзге үлкен қалаларда жылына бір адамға шаққанда жалпы 300 келі тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік қалдықтарының жылдық мөлшері – 80-90 келі. [10]

3-сурет. Ақтөбе қаласының көң қоқыс төгетін орны

Қоқыстар жер-жерде шашылуда. Осы қалдықтарды жинауға тек қана техникадан екі трактор бар екен. Осы жерде тек бір адам жұмыс жасайды қарауылшы. Күніне Ақтөбе қаласынан 140 астам жүк машиналары мен қоқыстар әкелінеді.Қалдықтар жүк машиналарымен алып келгенде шоқ болып жанып жатады, осы қоқыстар қалдықтар үйіндісіне төгіліп түтеніп өздігімен жануда. Бұл атмосфераға өте зиян. Түтін желмен айдап адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Былтырғы жылы осы проблема

4-сурет. Қала сыртындағы 5-сурет. Қала орталығындағы

қалдықтар қалдықтар






6-сурет. Макулатураны іріктеу сәті 7-сурет.Макулатураны сұйылтып,

бірыңғай массаға айналдырып,

кептіріп шығаратын қондырғы





8-сурет. Қондырғыдан дайындалып шыққан қағаз орамасы


9-сурет. «Қағаз қарындаштар» орайтын құрылғы






10-сурет

Дайын әжетхана қағазын қаптамаларға салу кезеңі



ІҮ. Ақтөбе қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобасының бизнес жоспары.

Ақтөбе қаласында қалдықтар саны күн санап көбеюде, әсем қаламыз қалдықтар үйіндісіне айналуда. Осыған орай қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жобасын ұсынамын. Зауыт тек тұрмыстық қалдықтарды өңдеп қана қоймай тиімді және пайдалы заттарды шығаратын болады. Аймақтың экономикалық ахуалының жақсаруынада көптеп үлесін қосады. Жердегі қатты тұрмыстық қалдықтарының (ҚТҚ) апаттық қоқыстарын тазалау мүмкіндігін беретін қалдықтарды кәдеге жаратуына және оларды қаланың мәдени қалпына айналдыруынамүмкіндік береді.Сонымен қатар екінші рет қайтара сұрыпталған шикізаттан қосымша өнім алуға, полигондарға ҚТҚ-ды шығару ауқымын төмендеуіне,жағымсыз экологияның сумен жабдықтау көздеріне әсер ету мүмкіндіктерін болдырмауына көмекші болады.

Жоба шамамен 10 млрд тенгені құрайды

Жалпы зауыт салынатын территория белгілеп, эколог кадастр маман иелерімен жұмыс жасау – 1 млн

Құрылыс жұмыстарына 4 бөлім бойынша – 6 млрд

Қалдықтарды қайта өңдеуге арналған қондырғыларды шетел елдерінен алып әкелінуі –3млрд

Зауытта қалдықтарды қайта өңдеу қондығыларымен жұмыс жасау үшін қызметкерлерді дайындау , оқыту – 1 млн

Зауыттың ішкі және сыртқы жұмыстары- 8 млн

4.1.Зауыттың құрылысы.

1. Төменгі қабат немесе жертөле бұл қабатта жүк машиналарымен әкелінген қалдықтарды бөлек­бөлек бөлініп жуылады.

2. Бірінші қабат ­бұл қабатта жуылып бөлінген қалдықтар өз бағыттарына сәйкес жеткізіледі және ұнтақталып жуылып кептіріледі.

3. Екінші қабат­бұл қабатта ұнтақ күйіндегі қалдықтар қайта өндеу қондырғыларына жеткізіледі. Дайын өнімді қапталып тұтынушыларға жеткізіледі. Зауыт жалпы тек тұрмыстық қалықтардың:қағаз, әйнек, металл, пластик болып төрт бағытта жұмыс жасайды.

Жобалық қуаты:

- қалдықтарды өңдеу: жылына 200 000 тонна

- жылу энергиясын өндіру: жылына 130 000 Гкал

- ыстық су беру: жылына 38 000 м3

- түрлі-түсті және қара металл сынығының шығымы: жылына 1 500 тонна

- құрылыс шлакы мен шламның шығымы: жылына 7 500 тонна

- дистилляттың шығымы: жылына 1 500 000 м3

Қоқысты қайта өңдеу зауытының өңдеу қуаттылығы – жылына 200 мың тонна. Қоқысты қайта өңдеу зауыты қатты тұрмыстық қалдықтарды сағатына 70-80 тонна бойынша алғашқы сұрыптаудан және екінші қайтара өңдеу жұмысынан өткізеді. Қоқысты сығымдаудың үлесті қысымы 20 кг/см² құрайды. Бірінші сұрыптаудан кейін макулатура, пластмасса, тоқыма, қара және түсті металлдық сүймен, шыны сынықтары, органика және еленді бөлінетін болады. Алынған макулатураның бір бөлігі экомақтаға, ал пластмасса - ПЭТ пластмасса, ПЭТ-түйіріне, ПЭТ-флекс өндірісіне жолданады. Қалдық фракциялар 1000-12000 кг/м³ тығыздығына дейін брикеттендіріледі және полигон қоймасында сақталады. Полигон алаңы 40 гектарды құрады. Брикеттердің тұтастылығын сақтаудың кепілі 100-120 жыл. Қалалардан қатты тұрмыстық қалдықтар төмендегідей мөлшерде шығарылады. [15]

Жылына өңдірілетін өнім мен оның ауқымы

Өңдірілетін өнімдер атауы

Жылына өңдірілетін өнімдердің ауқымы

1

Макулатура

46758 тонна

2

Шыны сынықтары

8780 тонна

3

ПЭТ (полиэтилентерефлат) пластиналары

8780 тонна

4

ПЭТ (полиэтилентерефлат) түйірлері

1620 тонна

5

Қара металл сүймені

2565 тонна

6

Түсті металл сүймені

8859 тонна

7

Пластмасса

5850 тонна



Қалдықтарды қайта өндеу зауытының салыну жоспары:

1 кезең – Дайындық кезеңі –Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу пайдалану зауытының жобасының бекітілуі – 2023 жыл

2 кезең – Жалпы зауыт салынатын территория белгілеп, эколог кадастр маман иелерімен жұмыс жасау. Зауыт салуға жұмысшыларды жинау -2024 жыл

3 кезең – Құрылыс жұмыстары жасалуы -2024-2026 жылдары

4 кезең – Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған қондырғыларды шетел елдерінен алып келінуі – 2026-2027 жылдары

5 кезең –Зауытта қалдықтарды қайта өңдеу қондығыларымен жұмыс жасау үшін қызметкерлерді дайындау, қажетті маман иелерін және де қызметкерлерді жинау – 2027 жыл

6 кезең –Қалдықтарды қайта өңдеу пайдалану зауытының салынып қолданысқа берілу – 2028 жыл.


Ү. Қорытынды

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды электр энергиясын үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.

Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И.Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады»,- деп айтқан. Сонымен қатар ол «Озат технологияның басты мақсаты- пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет»,- деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен қайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.

Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардың көп тасталуынан қоршаған орта ластануда. Сондықтан да тасталған қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалану мәселесін зерттеп, экологиялық және экономикалық жағынан тиімді зауыт салу өзекті мәселе болып табылады. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулар пайда болуы, ел халқының өміріне қауіп-қатердің тигізер әсері өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Осыған орай Ақтөбе қаласының маңына қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану зауытын қалыптастыру жобасын ұсына отырып, қаламыздың экологиялық жағдайы өзгеретініне сенімдемін. Қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану зауыты Ақтөбе қаласының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсартуда үлкен роль атқарады, ал қаланың тазалығы өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ және қала тұрғындары үшін өте маңызды.

Ұсыныстар:

  1. Біздің қаламызда да шетелдегідей түрлі-түсті қоқыс жәшіктерін орнату;

  2. Аптада белгілі бір тұрмыстық қалдық заттарды қабылдау күндерін және орындарын белгілеу;

  3. Аулалар мен көшелердегі бейнебақылау камераларын қолданып, қоқысты арнайы орындарға тастамаған адамдарға үлкен көлемді айыппұлдар төлету;






ҮІ. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақбасова, А.Ж. Экология / А.Ж. Ақбасова. – А.: Атамұра, 2003. – 368 б.

2. Аникеев, М.А. Технологические аспекты охраны окружающей среды / М.А. Аникеев. - Л.: Высшая школа, 1982. – 387с.

3. Әділов, Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта / Ж.М. Әділов. – А.: Ғылым, 1998. – 262 б.

4. Бейсенова, А.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану/ А.С. Бейсенова., А. Самақова., Т. Есполов., Ж. Шілдебаев. – А.: Ғылым, 2004 – 432 б.

5. Буторина, М.В. Инженерная экология и экологический менеджмент/ М.В. Буторина // Логос.- Москва.- 2002.- 528 с.

6. Голиченков, А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения / А.К. Голиченков - М.: Изд.МГУ. 1991-136 с.

7. Закон РК «Об особо охраняемых природных территориях» от 15 июля 1997.

8. Доклады Министерства экологии и биоресурсов РК О состоянии природной среды РК 2010.

9. Журналы. Экологическая образование РК. 2008-2010.

10. Газета Экокурьер 2006-2013 ж.

11. ҚР экологиялық кодексі. Алматы.- 2007.

12. ҚР экологиялық сараптама туралы заңы. 18 наурыз 1997.

13. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. 15 шілде 1997.

14. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Астана, 2003.

15. Интернет деректері





Қарақұдық орта мектебінің 7 А класс оқушылары Бақытжанов Нұрадин мен Болат Саламаттың «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбында жазған ғылыми жобасына

ПІКІР

Бақытжанов Нұрадин мен Болат Саламаттың «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы оқушылардың өз деңгейіне сай жазылған. Олар жаратылыстану сабақтарында оқып түйгендерін саралай отырып, аймақтағы тұрмыстық қалдықтардың адам ағзасына зиян екендігін ескеріп, сол бойынша халыққа қажетті және тиімді жолдарын зерттей отырып, жобаға енгізген.

Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардың көп тасталуынан қоршаған орта ластануда. Сондықтан да тасталған қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалану мәселесін зерттеп, экологиялық және экономикалық жағынан тиімді зауыт салу өзекті мәселе болып табылады. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулар пайда болуы, ел халқының өміріне қауіп-қатердің тигізер әсері өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Осыған орай, Нұрадин мен Саламат Ақтөбе қаласының маңындағы қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану зауытын қалыптастыру жобасын ұсына отырып, қаламыздың экологиялық жағдайы өзгеретініне сенімді. Қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану зауыты Ақтөбе қаласының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсартуда үлкен роль атқарады, ал қаланың тазалығы өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ және қала тұрғындары үшін өте маңызды деп санаймын.

Пікір беруші: Қарақұдық орта мектебінің химия-биология пәні

мұғалімі, «зерттеуші-педагог» , биология

ғылымдарының магистрі Лукпанова Камшат

Тажигараевна

Қарақұдық орта мектебінің 7 А класс оқушылары

Бақытжанов Нұрадин мен Болат Саламаттың

«Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын

қайта өңдеу» тақырыбында жазған ғылыми

жобасына



СЫН-ПІКІР

Бақытжанов Нұрадин мен Болат Саламаттың «Ақтөбе қаласының тұрмысты қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбында жазған ғылыми жобасында түрлі қалдықтарды қайта өңдеуге боларлықтай өзекті мәселелер қозғалған екен. Ең маңыздысы Ақтөбе қаласының тазалығын сақтау мақсатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың жобасын ұсыну болып табылады. Жобасын қорытындылай келе ұсынып отырған ұсыныстары да өте өзекті деп санаймын. Мысалы, қаламызда да шетелдегідей түрлі-түсті қоқыс жәшіктерін орнату, аптада белгілі бір тұрмыстық қалдық заттарды қабылдау күндерін және орындарын белгілеу, аулалар мен көшелердегі бейнебақылау камераларын қолданып, қоқысты арнайы орындарға тастамаған адамдарға үлкен көлемді айыппұлдар төлету, басқа қалалардағыдай тұрмыстық қалдықтардан құрылыс материалдарын өңдейтін зауыт салу. Зауыт болашақта салынып жатса көптеген жұмыс орындарының ашылуына көп септигін тигізері анық.

Өздерінің ұстанған болжамдары бойынша салыстырмалы түрде басқа қалалардағы қалдық заттардың қайта өңделіп, жұмсалуы туралы тоқталған. Оқушылардың теориялық және практикалық дайындығы жақсы деңгейде екені көрініп тұр. «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбындағы ғылыми жоба өздері қойған мақсаты мен міндеттеріне жетті деп ойлаймын.

Рецензент:

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университеті, биология

кафедрасының докторы,б.ғ.к., профессор

Е.Х.Мендибаев



23


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!