Материалдар / АҚТҚ және ЖҚТБ қатерлі ауру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҚТҚ және ЖҚТБ қатерлі ауру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға АҚТҚ мен ЖҚТБ дегеніміз не? Олар қандай жолдармен беріледі, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның бұл аурумен зақымданғаның қалай білуге болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2018
711
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

«Айсары негізгі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекеме













АҚТҚ/ЖҚТБ – қатерлі ауру
























2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ және ЖҚТБ қатерлі ауру.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға АҚТҚ мен ЖҚТБ дегеніміз не? Олар қандай жолдармен беріледі, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның бұл аурумен зақымданғаның қалай білуге болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.


Көрнекіліктер: Слайд, қағаз парақтары.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

Шағын дәріс: ЖҚТБ және АҚТҚ дегеніміз не ?

ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы иммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары, бас миы аурулары дамиды. Ауру өліммен аяқталады.

ЖҚТБ аббревиатурасы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі  дегенді білдіреді.

Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.

Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор» түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100 мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын (инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін) болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.

АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.

Ауру ағымы

АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:

Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.

Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады: лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.

Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың дамуымен сипатталады.

5. АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары

АҚТҚ жұқтырған адамда әртүрлі сұйықтықта вирус бірдей болмайды. Вирустың біршама саны басқа бір адамды зақымдау үшін жеткілікті. АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте, қынаптық секретте, ми-жұлын сарысуында, емшек сүтінде болады. Демек, АҚТҚ-инфекциясының үш түрлі берілу жолы туралы айта аламыз:

  • жыныстық қатынас;

  • парентеральді (вирустың қанға түсуі);

  • вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).

6. АҚТҚ- инфекцияның жұқпайтын жолдары

АҚТҚ-инфекция жұқпайды:

  • достық қарым-қатынаста және сүйгенде;

  • қол алысқанда;

  • мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану кезінде;

  • сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда;

  • қоғамдық көлікте;

  • жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;

  • өндірістік және үй жағдайындағы заттар арқылы;

  • ауамен тыныс алу арқылы;

Алдын алу шаралары

АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен зақымданудан қорғайды.


«Лабиринт» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушыларда АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға көмектесу сезімін тәрбиелеу.

І кезең: Топ алдында мәселе қойылады: «Сіздің бір жақсы жолдасыңыз бар. Оның АҚТҚ жұқтырғанын білдініз. Сіз онымен жолдас болып қаласыз ба, әлде жоқ па? Неге? Әрбір оқушы өзінін көзқарасын қысқаша түсіндіреді.

ІІ кезең: Орындықтардан жасалған лабиринттен өту.

Ойынға қатысушылар жұптарға бөлінеді. Бірінші жұп дәрісханадан шығады. Осы кезде дәрісханадағы орындықтар қалай болса, солай қойылады. Шығып кеткен бірінші жұптын адамына көзін байлап, орындықтардың арасынан өту ұсынылады. Содан кейін сол адам барлық сезімін есіне сақтай отырып, әріптесінін көмегімен жолды қайтадан өтеді.

Пікірталас



Қорытынды: Оқушылардан бұл сабақта не ұқты, қай жерде түсініксіз болғаның сұрау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!