Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге! —
деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай Абай — туған халқының, болашақ ұрпақтың
өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының гулдеуіне зор
үлес қосқан қамқоршысы
Олай болса, сендерге үйге А.Құнанбаев
өмірбаяны, шығармашылығы туралы тереңірек оқып-білуге тапсырма
берілген болатын.
«Қоржындағы сұрақтар» әдісі арқылы Абай жайлы
білгендерін еске түсіру мақсатында зымыран сұрақтар беремін. Сендер
тез – тез жауап беріп отырасыңдар.
Ол үшін сынып оқушыларын 2 топқа бөлгім
келеді.
1-топта «Қыздар»
2 топта «Ұлдар»
Бірден топ басшыларын сайлап
алыңдар.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім? -………………(ақын, ойшыл,
ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?……………..(Шығыс
Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?………………(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?………………….. (ауыл
молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі
медресе?………………..(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын
есімі?……………….(Ибраһим)
7. Абайдың арғы
атасы?…………………(Өскенбай)
8. Өз
әкесі?………………………….(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?……………,(Ұлжан)
әжесі………………..(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге
үйретеді?…………………….(ел билеуге үйретеді))
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік
неден?…………….(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде
басталады)
12. Абай оқыған орыс жазушылары мен ақындары
кімдер?……….(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков — Щедрин,
Добролюбов, Чернышевский)
13. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем
өлеңі……………… («Қансонарда бүркітші шығады аңға»)
14. Ол өлеңі қай жылы жазылған?………………(1882 жылы),
халық ауыз әдебиеті)
15. Ақын қай жылы дүниеден озды?…………… (1904
жылы)
Бүгін біз, балалар, Абай
атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің толық нұсқасымен
танысамыз. 1 сыныпта біз бұл өлеңмен танысқан болатынбыз,
барлығымыз жаттаған едік. Қанекей 2 топтан 1 баладан айтып берсе,
кім мәнерлеп айтып береді?
Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өленің көлемі 77
жол. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. 77 жолдың бізге ұсынып
отырғаны үзінді. Бұл өлең арқылы ақын сендерді жарқын өмірге,
білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс пайдалана білуге
шақырады.
1-тапсырма. (Өлеңді үнтаспадан тыңдату) /3
мин/.
Ең алдымен осы өлеңде
кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып
қойыңдар.
Сөздікпен жұмыс:
Он екінші желтоқсан
Нәфрәтлі — жиіркенішті.
Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі.
1 топ: Бес жақсы қасиетті бес асыл іске
;
Асық бол: Талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым
2-топ: Бес жаман қасиетті бес дұшпанға
теңейді.
Қашық бол: Өсек,өтірік,мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ
5-тапсырма:
Ғылым-үлкен қазына.
Өлеңнің идеясын қорытындылайтын
мақал-мәтелдер.
1. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
2. Жердің сәні егін,
Ердің сәні білім.
3. Кітап алтын қазына.
4 Наданмен дос болғанша ,
Кітаппен дос бол.
5. Күш білімде, білім кітапта.
Үйге тапсырма:
«3 минуттық эссе» жазғызу. Тақырыбы: «Адам болам
десеңіз…» /5 мин/