Материалдар / А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты туралы айтылады.топлгплшгпрбпигьпьнрпмтр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім:

Ғасырлар даналығы

Педагогтің аты-жөні

Нұрыш Н.С.

Күні:

20.09.2021

Сынып: 4 «А,Ә »

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

3 сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес өзінің мақсаттары мен жетістіктерінің мүмкіндіктерін анықтай білу

Құндылығы:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мақсаткерлік, табандылық, ынталылық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қазақ халқының рухани ұстаздары А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсатын ұғындыру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


  • Оқушыларға өмірдің мақсатын сабырлық қасиеті арқылы түсіндіру;

  • Оқушыларға мақсатқа ұмтылу,оған жету жолдарын іздестіруді табандылық қасиетімен байлаыстырып үйрету;

  • Оқушыларды мақсаткерлікке тәрбиелеу;


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

1.Жағымды көңіл-күй

( 2 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

«5Т»ережесі

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Татулық

5.Тазалық



Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар жайғасып отырып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал


2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

( 5 мин)


  1. Оқулықтағы «Талаптыға нұр жауар» Ұлықман Әбділдаұлының шығармасын оқып келу.

Сұрақтар:

  • Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?

  • Абайдың мінезінде қандай ерекшеліктер болды?

  • Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалды?

  • Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті?

  • «Ұлы Абай» деп неліктен айтылған?

Өзің Абай ата туралы не білесің?

2. Оқулықтағы 11- беттегі

6 - тапсырманы дәптерге жазу.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың бойындағы қасиеттерді, мінезіндегі ерекшеліктері жайлы, және Абай атамыздың қызығушылықтары жайлы біледі. Қос анасының Абайға берген тәрбиесімен танысатын болады. Абай атамыздан еңбекқорлықты, өткір мінезді, төзімділікті, ергектікті үйренеді.

Және оқулықта

11- беттегі берліген 6 – тапсырманы орындайды.

Оқулық,

4-сынып

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме

( 4 мин)



«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба»

А.Құнанбаев

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

- Ақын өлең жолдарынан не айтқысы келді,

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар дәйексөзді қыз балалар 3 рет, ұл балалар 3 рет және хормен қайталайды. Абай Құнанбаевтың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды. және дәптерге жазады.


Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиға айту (әңгіме)

( 8 мин)



Мұғалім оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы айтып береді.

Абай Құнанбайұлы

(1845 - 1904)

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы

Шыңғыстаудың баурайында Қасқабұлақ қайнарының маңында дүниеге келді. Оның азан

шақырып қойған аты – Ибраһим.

Алайда сүйікті немересін Зере әже: «Абай болсын, аман болсын», - деп, Абай атап кеткен.

Абай – текті жердің баласы. Оның арғы атасы Ырғызбай тобықты руының батыры

болған. Әкесі Құнанбай баласының дарынын ерте жастан-ақ байқайды. Ал Зере әжесі мен Ұлжан

анасы қазақтың ауыз әдебиетіне қызығатын Абайды поэзия мен шығармашылыққа баулыған

жандар. Әсіресе халық ауыз ертегілері мен жыр-дастандарды бала Абай сүйіп тыңдайтын.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады, сосын 3 жыл медреседе оқиды.

Ол бірнеше тілдерді оқып үйренеді, озат шәкірт атанады.

Абай бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің

үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің

қағидаларын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп

қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлендерінің сол кездегі адамдардың тұрмыс жағдайларын түсіну үшін маңызы зор. Мысалы: Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі.

Сұрақтар:

  • Абай Құнанбаев қай жылдары дүниеге келді?

  • Абай Құнанбайұлыны туып өскен жері?

  • Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдерін білесіңдер?

  • Абай өз замандастарының бойынандағы қандай

мінез- құлықтарды ашық айта алды?

  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек?

  • Достарыңның бойындағы ізгі қасиеттер туралы әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар оқиғаның тыңдап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың –өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біледі. Абай атамыздың қызығушылық танытқан шығармашылықтарымен танысады..


5. Шығармашылық жұмыс

( 15 мин)



Мұғалім оқушыларды екі топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады:

1 - топ

Абай атаның даналық сөздеріндегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңдар.

Қажетті сөздер: мінез, адамның, дос, ар, ұяты.

  • Атаңның ұлы болма,.............. ұлы бол.

  • Адам баласына адам баласының бәрі – ...........

  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, ................ деген нәрселермен озады.

  • Кімде-кім әділеті жоқ болса, оның .......... да жоқ.

  • Пайда ойлама, ......... ойла.

2 - топ

Абай атаның қара сөздерінен алынған үзінділерді оқыңдар. Өздеріңе ұнаған тұстарын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Он төртінші сөз

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Он тоғызыншы сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.

Оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындап,, өз жұмыстарын ортада талқылайды.

1-тапсырмада даналық сөздер берілген, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды. 2-тапсырмада Абай атаның қара сөздерін оқып, өздеріне ұнаған тұстарын дәптерлеріне жазады. Абайдың даналық сөздері мен қара сөздерімен танысып, олардың мән-мағынасын түсінеді. Адам баласының бойында рақымдылық, мейірбандылық қасиеттері болуы керектігін, естілерден жақсы нәрселерді естіп, жаман нәрселерден сақтану керектігін ұғынады.


Баяу әуен қосылады.

6. Топпен ән айту

( 3 мин)


Мұғалім оқушылармен бірге Баянғали Әлімжанның «Абай біздің бабамыз» әнін орындайды.

1.Өлеңі ақыл,

Өзі аңыз,

Абай біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан

Санамызға жазамыз.

Қайырмасы:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседен асық бол!»

Деген жырын Абайдың

Жиі - жиі айты тұр

2. Өтірікпен, өсекпен,

Өмірлері бос өткен.

Адамдарды ұлы Абай

Шығарыпты есеппен.

Қайырмасы:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседен асық бол!»

Деген жырын Абайдың

Жиі - жиі айты тұр.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

7. Үй тапсырмасы

( 1 мин)



Оқулықта 16 – беттегі Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» үзінді өлеңін оқу және 15 – беттегі 3 – тапсырманы орындау.

Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы ақпарат ізденіп келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық,

4-сынып

8. Сабақтың қортынды сәті

( 1 мин)


Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!