Ақылды қария, ағып жатқан дария

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ақылды қария, ағып жатқан дария

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылы, 6 сыныпқа арналған сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің аты-жөні

Әуезова Қ.

Күні:

30.09.2024

Сынып: 6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Ақылды қария, ағып жатқан дария»

Мақсаты

Оқушыларды ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты,кішіпейілділікті дамыту.Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.

Құндылық

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Аптаның дәйек сөзі

Ел-жұртымның бақыты аталатын,

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы


Көлік құралдарының аялдау жолы.


Сабақтың барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

«Жолда жүру»

Көлік құралын тоқтатуға қажетті уақыт.
Аялдау жолы. Аялдау жолының есебі.
Аялдау жолына әсер ететін факторлар.


"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы


Кіріспе





































Негізгі бөлім


Мұғалім: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді.

Оқушылар сендерге жұмбақтар жасырамын. Сол жұмбақтарды шешу арқылы біздер сынып сағатымызды жалғастырамыз.

Айтары мол ғұлама, Атаңның баласы,

Көп жасаған бұл адам. Кей кезде таласып

Әкесі ол әкеңнің, қаласың әжеңе.

Білер оны сұраған. Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Атаң) Ол кім? (Әкең)

Аймалайды «Күнім» деп, Әлпештеп өзіңді өсірген,

Мейірімді жүзі күлімдеп. Нағашы әжеңнің баласы.

«Тәтті-ақ» дейді немере, Төрінде жалпиып көсілген

«Бал шырындай үнің» деп. Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Әжең) Ол кім? (Анаң)

Мұғалім: Келесі бөлім «Асылдың сөзі, ақылдың кені» деп аталады. Құрметі оқушылар, біздің аталарымызды ардақтайтын қандай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Мақал – сөздің мәйегі» ортаға мақалшыларды шақырамыз.

Көрініс: «Ақсақал мен жігіттің салемдесуі»

Ақсақал: Ассалаумағалейкум, «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші қалың қалай, балам?

Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, кеіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

Ақсақал: «Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей төрге шығайын.

Жігіт: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

Ақсақал: Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».

Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Ақсақал: Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.

Жігіт: «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой, ата.

Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дейді атам қазақ. Есімің кім болады, балам?

Жігіт: Есімім – Жарас. «Көрген жерде ауыл бар», келіп тұрыңыз.

Ақсақал: «Кел демек бар, кет демек жоқ», қой қайтайын.

Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» жолың болсын.

Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңе ауыр ала көрме.

Жігіт: «Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі» деген, о не дегеніңіз?!

Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар». Қайтайын.

Жігіт: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген, келіп тұрыңыз.

Интерактивті тақта, слайд

Қоры

тынды

Рахмет, балалар, жарайсыңдар. Бүгінгі сабағымызға барлығың өте белсенді қатыстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2024
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі