Материалдар / Ақылды үй жобасы. Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақылды үй жобасы. Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шығармашылықпен айналысатын техникаға құмар жандарға өте пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
1068
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақылды үй жобасы

Менің бұл жобам қазіргі таңдағы инновация мен техниканың дамуына негізделген. Ол ғылымның дамуымен өзінің маңыздылығын арттырды. Қазақстандағы техникалық білім жылдан жылға өсуде. Техникаға қызығушылығым кішкентай кезден басталды. Ғаламтордан техника туралы ақпараттар қарап жүрдім. Өзімнің техника ішінде роботтардың жасалуы қатты ынталандырды. Бұған ұстазымның да қолдауы себепкер болды. Болашақта электроника саласында жұмыс істегім келеді. Жобада бүгінгі таңда дамып келе жатқан ақылды үйді жасадым.

Үйді автоматтандыру немесе ақылды үй - адамның қатысуынсыз белгілі бір күнделікті міндеттерді орындауға және шешуге қабілетті үй құрылғыларының жүйесі.

Қазіргі жағдайда үйді автоматтандыру - бұл өте икемді жүйе, оны пайдаланушы өз қажеттіліктеріне қарай құрастырады және конфигурациялайды. Бұл ақылды үйдің әр иесі қай құрылғыны қайда орнатуға болатындығын және қандай тапсырмаларды орындайтындығын анықтайды.

Мен бұл жобаммен электроника саласына алғашқы қадамымды жасағым келеді. Бұл жұмыс тек электроникамен ғана емес, ақпараттық технология саласына да қатысы бар. Мұнда Arduino Uno микроконтроллер платформасы мен Arduino бағдарламасы қолданылды. Автоматтандыру әлемнің басты назарында тұрған жүйе. Соңғы уақытта ақылды тұрғын үй жүйелері кеңінен таралды. Бұл кездейсоқ емес: олар өмірді айтарлықтай жеңілдетеді және оны адамға ыңғайлы етеді.

Жобамның мақсаты ақылды үй жобасы арқылы жаңа технологияның мүмкіндіктерін көрсету. Мен ғылыми жобамды түрлі әлеуметтік желілерге, интернет ресурстарына сүйене отырып қарастырдым. Бұл жобада мен ақылды үйдің пайдасын, яғни адам өз үйінде қолайлы жағдайда тұруға мүмкіндігі бар екенін көрсеттім.

Енді жобамның жасалуын және нәтижесін қысқаша баяндап кетсем: Жобарда көптеген сенсорлар мен микроконтроллер пайдаланылды. Ең алдымен, үйдің макеті жасалды. Сонымен қоса, күн батареясын да жасадым. Сенсорлар көмегімен үйдің ішіндегі ақпараттарды алдым. Қолданылған компоненттер: Arduino UNO платформасы, RFID (карта)компонеттері, Индекатор, Дыбыс шығаратын құрылғы, Реле, Температура датчигі, Газ датчигі, Жарық шығаратын диодтар, Арақашықтықты өлшейтін датчик, Фоторезистор, Желдеткіш, Су датчигі және помпа (су шығарушы мотор), Күн энергиясын пайдаланатын батарея. Бұл компоненттер атқаратын қызметтері мен сипаттамаларына байланысты таңдап алынды. Осы компоненттерді алғаннан кейін, олардың қосылу сұлбаларын жасап шықтым. Ақылды үйдің әр функциясының схемасы мен бағдарламасын жеке-жеке жасадым. Соңында барлық бағдарламаны қостым. Бағдарлама Arduino UNO платформасына жазылды. Сенсорлардың жартысының схемасын Arduino UNO платформасының кіріс пен шығыстарының санының аз болуына байланысты екінші платформаны алу қажет болды. Соған сәйкес, жобада екі бағдарлама жасалды.

Жоба нәтижесінде ақылды үй мынадай функциялар атқарады:

  • Үйдің қауіпсіздігі үшін карта қолданылады, яғни үй иесінің қолында өзін куәландыратын карта болады. Карта танылған жағдайда есік ашылаады. Ал басқа адам болған жағдайда қатты дыбыс беріледі.

  • Сырттағы бау-бақша автоматты суарылады.

  • Қараңғы түскен жағдайда, даланың жарықтары автоматты жанады.

  • Үйге жақындағанда есік автоматты ашылады.

  • Үйде температура сенсорынан алынған мәліметті көрсететін индикатор орналасады. Сонымен қатар, егер үйде температура артса, желдеткіш автоматты қосылады.

  • Газ сенсоры үйдегі газ деңгейін есептеп отырады. Газ иісі шыққан жағдайда терезе ашылып, қызыл жарық жанады. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда жасыл жарық жанады.

Бұл функциялардың бәрі Arduino UNO платформасы көмегімен жасалады. Сол үшін энергияны алу жолын қарастырдым. Нәтижесінде күн сәулесінен қуаттанатын батарея жасадым. Нақтырақ айтқанда, ақылды үйдің функцияларына кететін энергия күннен алынады.

Жалпы менің жобамның нәтижесі осындай. Алдағы уақытта жобамды одан әрі дамытқым келеді. Ендігі мақсатым, ақылды үйді смартфон көмегімен басқару.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!