Материалдар / "Ақындық және риторикалық өнер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақындық және риторикалық өнер"

Материал туралы қысқаша түсінік
                                           АННОТАЦИЯ Ғылыми жобада мемлекеттік іс - қағаздардың ұлттық тіліміз қазақ тілінде жазылып , рәсімделуінің маңызы мен міндеттері жазылған . Мемлекеттік  іс - қағаздарды сауатты жазып үйрену тәсілдері мен , оларды игеру әдістері көрсетілген. Бірнеше мемлекеттік іс - қағаздардың жазылу үлгілері көрсетіліп , жобада - заң , тарих , әдебиет , лингвистика салалары сабақтасып , түйінделіп жазылған .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2022
241
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІРІНШІ КІТАП
(роман – диалогия)
− Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан:
− Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен.
Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ.
Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.
Мен де солардың бірімін.
Анамның аты Айша еді.
Аз ба, көп пе – алпыстан астым.
Аз ба, көп пе – ірілі-уақты кітап жаздым.
«Халық жазушысы» атандым. Жазғанымның бəрі алтын дей
алмаймын. Бірақ солардың көбі жəне дəмділері тек балалық шақтың
нəрінен, балауса балғын шақтың əсерінен туған. Өсе келе, көпті
көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бəрі мені
балалық шағымдай байыта алмады.
Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.
Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.
Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пəкістан, Иран бардым.
Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым –
олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мəскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім.
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны
көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді керемін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол
кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.
Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады.
Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей əлі есімде.
Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның,
Айшаның аруағы жар бола көр!» – деп қолыма қалам алдым.
БОЗАЛА ТАҢ
Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш көргенін есіне сақтап
қалатындар бар дейді. «Мен туғанда үйдің іші қып-қызыл еді», – деп
айтыпты дейді біреулер.
Білмеймін. Өз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық.
Өйткені: Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет көрген-білгенімнен
есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, бері үңілем, ештеңе таппаймын.
Үш жас, төрт жас – бəрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Əйнек апам мені
арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып,
кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып əлгі түсіп қалған
калошты іздегені еміс-еміс есімде. Əйнек апамның арқасына
жармасқаныма қарағанда, əлі өз бетіммен еркін жүгіріп кете алмайтын
кезім болуы керек.
Ал Мұртазаның Гришка дейтін орыспен сөйлескенін анық білемін.
Біздің үйдің күншығыс жақ қабырғасы. Мұртазаның үстінде өңірін
қара шибарқытпен көмкерген жосалы сары тон, басында дəл сондай

теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі. Сақалы
сарыдан қызғылттау.
Қасында – Гришка. Мұртаза қойтастың үстіңде отыр. Гришка
түрегеп түр. Сірə, көктемнің əлі дүмбіл кезі болар. Өйткені күншуаққа
сүйсініп, тамға арқамды сүйеп, мен де шоқиып отырмын.
Гришка – ұста. Ағаш ұстасы. Біздің үйдің алдындағы Əміреқұлдың
үйі қазір ұстахана. Күнбатыс жақ бөлмесі ағаш ұстаханасы, күншығыс
жақ бөлмесі – темір ұстаханасы. Бір жағында – Гришка, бір жағында –
Нəметқұл.
Қазіргі əңгіме сол Нəметқұл туралы екенін шамалаймын. Мен əдейі
тыңдамасам керек, бірақ жанында екі үлкен кісі сөйлесіп отырса,
құлағыңды қалай тығындап қоясың. Гришка қазақшаға судай. Гришка
айтады:
− Нəметқұлдың Зылиқасы өлгелі бір жылдан асып барады. Нəзипа
дейтін қызы да шетінеп кетті. Баласы Байбосын екеуі ғана. Енді
бірдеңе істемесек болмайды, Мүреке.
− Оның рас, – дейді Мұртаза. – Мен де көптен ойлап жүрмін. Мына
қырғыз жақта менің Нұралы дейтін жездем бар. Сол айтады, біздің
ауылда байы өлген, басы бос бір əйел бар. Нəметқұлға қол келеді
дейді.
− Онда, тездетіп сөз салыңыз, обал болды, – дейді Гришка.
Ал енді, осы Гришканың бір ұл, бір қызы бар. Ұлы менен үлкендеу,
аты – Гришка. Орыстар қызық. Əкесі Гришка, баласы да Гришка.
Немене, ат жетпей ме? Айша осыны айтып еді, Мұртаза:
− Əкесі атым өшіп қалмасын деп, баласына өз атын береді, – деді.
Атым өшіп қалмасын дейді, ə? Əліме қарамай, мен: «Мұртаза ше?
Ондай уайымы жоқ па? Менің атым онда неге Барсхан? Неге мені де
Мұртаза деп атамаған?» – деймін.

Кейін-кейін, Мұртаза дүниеден өткеннен көп кейін, мен бұл
сұрақты Айшаға айтып едім, ол:
− Сен барда, Батырхан барда Мұртазаның аты өшпейді, – деді. Heгe
екенін білмеймін, Құрмашты атамады.
Гришканың қызының аты – Наташа. Менімен жасты. Ағаш
ұстаханаға барғанымда, үлкен Гришка ұзын тақтайды сүргілеп, үскілеп
жатады. Содан шиыршықталып жіп-жіңішке жаңқа ұшып түседі. Оны
Наташа сап-сары шашына байлап, əшекейленіп алады. Менің басыма
да орап қояды да, сықылықтап күледі.
Содан соң, кіші Гришка, Наташа, мен – үшеуміз Бердімбет
сайының қабағына барып, шытыргүл тереміз, жабайы үпілмəліктің
қырмызы гүлін, меңдуананың қауашағын жұлып аламыз.
Меңдуананың күлгін гүліне көк көбелек қонып отырады. Соны
ұстамақшы боламыз. Көбелек ұшып кетеді. Айда кеп қуамыз.
Ұстатпай, қисалаңдап ұшады. Біз де қисалаңдап жүгіріп жүріп, кейде
құлап қаламыз. Сайдың табанында күмістей жарқырап ағып жатқан
бұлаққа барамыз. Бірақ көбелек жеткізбейді. Сөйтсек, оларда канат
бар, бізде канат жоқ екен. Адамға Құдай бəрін бергенде, қанат
бермегені қалай? Оны несіне аяды екен? Біз түсінбейтін жұмбақ көп.
Қазір таңғаламын. Сонда біз сол төрт-бес жасар орыс пен қазақтың
балалары қай тілде сөйлестік екен? Түк те есімде жоқ. Менің орысша
білмейтінім анық. Ана орыстың балалары да қазақша біле қоймаса
керек. Сонда қалай түсіністік. Ғажап. Бірақ ертеден кешке дейін бірге
ойнайтынымыз зайыр есімде.
Сірə, төрт-бес жастағы балалар бірін-бірі тілсіз-ақ түсінетін ерекше
бір қасиет бар болса керек. Өсе келе үлкендер сол қасиеттен
.айырылып қалып, «Менің тілім, сенің тілің» деп, дауласкер дертке
ұшырайды екен ғой...
Гришкалар бір түнде ұшты-күйді жоқ болды. Əкемнен сұрап едім;
− Көрші ауылға көшіп кетті, – деді.

Сөйтіп, үрпек сары бас достарымнан айырылып, кəдімгі мұрынбоқ
қарадомалақтардың арасына барып қосылдым. Жападан-жалғыз жүре
алмайсың ғой.
Енді шамаласам, сол 1937жылдың бірінші мамыры болуы керек,
Мұртаза мені көрші ауылға ертіп барды. Мейрам екен. Ондай
мейрамды бірінші рет көруім-ау деймін. Халық қарақұрым.Бəрі
қызыл-жасыл киінген сияқты. Бір əсем дүние. Əн-күй. Балуандардың
күресін де сонда көрдім. Ат бəйгесі болды – ау деймін. Адамдар ақ
түйенің қарны жарылғандай мəз-мейрам.
Содан кенет... əлгі шыжандай көптің ішінен Кіші Гришканы көзім
шалып қалсын. Оны байқамас та ма едім, не көп-бала көп. Бірақ
шашынан таныдым. Көп қараторғайдың арасына бір ақбас торғай кіріп
кеткендей ғой. Қолымнан ұстап тұрған Мұртаза əлденеге назары ауып,
менің қалай сытылып шығып кеткенімді байқамай қалды-ау деймін.
Құлдыраңдап отырып ақбас балаға барайын. Ол да таныды.Қуанып
кетті. Қолымнан қысып ұстап алып шықты. Сөйтсем, сары шашты
адамдар көп екен. Тілдерін түк түсінбеймін. Əсіресе əйелдері қызылала киініп, асыр салып билеп жүр. Біреу дарылдата созып, қобдиша
сияқты бірдеңе тартып отыр. Бір орыс əйел:
− О, баранчук, хорош, хорош! – деп, маған дөп – дөңгелек тəтті нан
берді. Тəттілері көп екен. Айша тігіп берген помази көк көйлектің төс
қалтасына əлгі əйел кəмпитті толтыра салды. Тағы салатын еді, басқа
қалтам жоқ екен. Шалбарымды сипаласам, бітеу, қалтасы жоқ.
Содан Кіші Гришка екеуіміз қол ұстасып бармаған, араламаған
жеріміз жоқ. Бір орыс тұмылдырықтаған қоңыр аю жетектеп, оны
ойнатып жүр екен. Аю біресе адам сияқты қос аяқтап түрегеледі,
біресе көктің үстіне домалап, басымен жер тіреп, тоңқайып тұрып,
аунап түседі. Мұндай қызықты көрмеген басым, əлгінің қасынан шыға
алсамшы. Бірақ жақындауға қорқамын. Кіші Гришка қорықпайды екен,
жанына барып кəмпит беріп еді, аю қағып салды, басын иіп, тізесін
бүкті. Рақмет дегені болса керек. Ал кеп күлейік. Дүниеде күлкі
жақсы. Кім күлсе ол күлсін: қазақ па, орыс па, бірден түсінесің. Мына
көп орыстың, бір-біріне не айтып, не қойып жатқанынан дəнеңе де

ұққан жоқпын. Күлгендерін бірден түсіндім. Күлкіге тілмаш керек
емес екенін баланын шала миымен-ақ біліп қойдым.
Сөйтіп, дүн-дүниені ұмытып, аюдың қызығына беріліп тұрғанда,
жұрт тарай бастапты. Əкем тұрған жерге жүгіріп барсам, – жоқ! Ал кеп
бақырайын. Əлдекімдер:
− Əй, мынау кімнің баласы? Адасып қалған ғой, – десті.
− Кімнің баласысың?.. – біреулер еңкейіп бетіме үңіледі.
− Мұртазаның...
− Əкең жаңа сені іздеп жүрген, – деді біреу. Енді біреу жан-жаққа
қарап:
− Əне! Əкең анау бір топ кісінің ішінде болар, – деп күншығысқа,
біздің ауылға кетіп бара жатқандарды көрсетті.
Бақырып, Тəңіртауды басыма көтеріп, əлемді жаңғырықтырып
жүгіріп келемін. Жолда бір солқылдақ жас шыбық жатыр екен, соны
іліп ала салып, безілдеп келемін. Ақыры, қуып жеттім. Кілең үлкен
кісілер екен: Мелдехан, Пешен, Байжұман, Əліпбай, Мұса, Шақалақ
жəне менің əкем Мұртаза.
Келе сала, ал кеп əкемнің арқасына кішкентай жұдырығыммен
түйгіштейін. Шыбын шаққан құрлы көрмейді. Жанындағылар
бірдеңені айтып келе жатыр. Одан бетер ыза болып, мəсісінің
қонышын шыбықпен ұрып келемін, ұрып келемін, бақырып келемін.
Бір уақытта Мелдехан ғой деймін, маған бұрылып:
− Тəйт! – деді.
Мелдехан менің əкемнен үлкен. Көлкілдеген көкала сақалы бар.
Басында-ақ қалпақ. Ауы күйектей ақ дамбал киіп, аяғына қоңылтақ
кебіс іле салған.
− Тəйт! – деді. – Сені Мұртаза мойнына алабұршақ салып,
қорасанға қой айтып, əулиеге мал айтып, Құдайдан тілеп алса да!

Əңгіменің шырқын бұздың ғой!
Кіп-кішкентай балаға дап-дардай кісінің соншалықты сөгіс
айтқаны несі дегендей, басқалар тосылып қалды. Мен мына ашулы
адамнан құтқар дегендей əкеме қарадым. Жаңа мені тастап кеткені
аздай, енді де араша түспес пе екен дегендеймін.
Мұртаза мырс етіп:
− Молдеке, бұл Барсханды Құдайдан жылап жүріп тілеп алғаным
рас, – деді. Сөйтті де қолымнан енді ажырамастай қысып ұстап,
жетектеп алды. Екеуміз деп-демде достасып кеттік.
Мұртаза көп сөйлемейтін кісі. Кайтып мен туралы əңгіме болған
жоқ. Үлкендер өздерінше езге тақырыпқа кешті.
Арт жақтан елеңдеткен дауыс естіледі. Бұрылып қарасақ, I өшкен,
оның інісі Кəрібай, Оспаналы, Төреқұл сияқты сол кездегі «жастар»
жағы екен.
− Мына қулар орыстың арағына тойып алыпты-ау, – деді Пешен.
Бір кезде, олардың араларында шу шығып, төбелес басталды білем:
Тəшкен өз бауыры Кəрібайды көкпарша сүйрейді. Оспаналы мен
Төреғұл жағаласқандай болды.
Пешен айқайлап:
Қойыңдар-ей! – деді. Мелдехан:
− Қайтесің, мас жындылар сөз түсінуші ме еді, – деді.
Сөйтіп, өз ауылымызға да жеттік.
Менің өз əкеммен бірге тойға барғаным осылай аяқталды. Ол мені
бұрын да талай жерге жетектеп, көтеріп барған шығар. бірақ оларынан
елес жоқ.

Сол жылы қыста əлгі тойдан бірге қайтқан жетеудің алтауы
ұсталды. Біреуі олардың үстінен арыз жазған болып шықты. Жетеуденбіреу. Алтауын бірдей итжеккенге айдатып жіберді. Айтпақшы,
алтаудың ішінен Байжұман қырғыздың тауына қашып құтылды.
Кейін-кейін сол 1937 жылғы бірінші мамырдың тойы есіме қайтақайта орала берді. Əкеммен бірге ілесіп барған той. Бір түсінбегенім:
Мұртаза мені Құдайдан тілеп алады. Сөйте тұра, мені неге
орыстардың ортасында тастап кетті? Іздеген көрінеді. Бірақ таппай,
менсіз неге ауылға қайтып бара жатты?
Əлде менің көп ұзамай əкесіз қалатынымды сезді ме екен? Əкесіз
қалғанда бос болмасын, болбырақ болмасын. Өз бетінше жол тауып
көрсін, ащының дəмін осы бастан татып, мына мейірімі аз, қаталдығы
мол дүниеге осы бастан көндіге берсін деді ме екен?
Егер осылай ойласа, ол ойын мен жүз есе орындадым. Мұртазаның
қонышын шыбықпен сабалап, шыңғырып жылаған шолжаң еркелігімкөктемде гүлден-гүлге қонып, тайраңдап, сайраңдаған көбелектің
лезде көз жұмғанындай, ерте солды.
Еңбек пен азап ештеңе емес. Жазықсыз жаладан коп
жарақаттандым. Арпалыстан жағам талай жыртылды. Мұртаза мені
шынымен шынықтырғысы келсе, ол үміті ақталды. Шыңыраудан
шыққандай халдемін. Тірмізік екенмін. Қасқырдың тарамысынан
жаралғандай тырмысып əлі тірі жүріп келемін...
ҚЫРАУ ҚАНАТ БАЛАПАН
Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласына
қыстың кешкі аязы қызық та болуы мүмкін. Бес жасар баланың миы
əлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Əсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ
қағазға өшпестей жазылып қалар.
Əлі есімде: темір ұста үйінін іргесінде асық ойнаған балалардың
арасында мен де бармын. Батқан күннің қызылы Талас Алатауының
қарлы шыңдарын балқытып жібергендей еді. Теріскейдегі Қаратаудың
үстінде қызғылт көгілдір құстар түйдек-түйдегімен қалқып тұрғандай

екен. Құстар емес, бұлттар екенін сеземін. Қошқаратаға қонақтаған
қоқиқаздар секілді.
Таулар балқып жатса да, жылуы жоқ. Алаулаған бетіңді сүйер
шымыр аяз тек біздің Жуалыда, Мыңбұлақта ғана болады деседі.
Балалардың ересегі Сейсенбай маған болысып, мен ұтылып қалсам
да асықтарымды өзіме қайтартқызып береді. Менен үлкен бола тұра,
балалар менен ығатын сияқты. Онысы несі екен?
Көз байланып, қас қарая ойын бітіп, үйді-үйімізге тараймыз. Темір
ұстаның жəпірейген үйінің алдында үйме-жүйме соқалар, темір
тырмалар ғана қалады. Олардың үйі осы, олар жаурамайды.
Не көрінгенін білмеймін, аузымнан аяздың буы бұрқырап, үйге
жүгіріп кіріппін. Айша тұтатқан жетілік шырағданның бүйірі
томпайған шынысына түкіріп кеп жіберіппін. Жетілік шиша шырт
етіп, шытынасын да қалсын. Жетілік білтедегі момақан от теңселіп,
шалықтап барып, əйтеуір, өшпей тірі қалды. Бірақ керосин түтінінің
иісі мүңк ете түсті.
Бұл сорақы, сорлы ісімді көріп қойған Айша үн-түн жоқ, онсыз да
аяздан тырсылдап тұрған құлағымның сырғалығын қолымен қыршып
алғандай болды. Құлағым тыз етті. Қанап қалыпты. Ал кеп бақырайын.
Дауысымды естіп, далада жүрген Мұртаза келді. Құлағымнан қан
ағып тұрғанын көріп, Айшаға ал кеп ұрыссын. Ар жағы не болғанын
білмеймін, мен ұйықтап қалсам керек.
Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегзіген
шынысыз шамның сəулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер
көрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп, алдарына салып алып кетті.
Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым.
Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр.
Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай
барып еді, Мұртазаның,даусын анық естідім.
− Қайт! Балалар қорқып қалады! – деді.

Түнгі аяз бұл күнгі дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр –
сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының астындағы қар ғана
қаршылдайды.
Айша есіктің алдындағы ербиіп тұрған мені көтеріп алып,
бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
− О, Жаратқан басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нəрестенің
не жазығы бар еді? – деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен лезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Əке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған
сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де
жетімдіктің алғашқы дəмін татқандай болдым.
Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жыл жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Енді асықтан
болыспайды.

ұтыла

беретін

болдым.

Бұрынғыша

ешкім

БІР ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Арада екі-үш күн өткеннен кейін, «халық жауларының» қатын,
бала-шағасы улап-шулап, отыз жетінің желтоқсанында, Шақпақ желі
борасындатып ұрып тұрғанда, сол ызғырыққа кеудемізді тосып,
Борандының түрмесіне бардық.

Айша мені ала барды. Құрмаш пен Батырхан үйде қалды. Түрме
дегені – жан-жағын милиция қоршап тұрған ат қора сияқты, кірпішек,
шатырлы үй екен. Одан бұрын Борандыда арнайы түрме болмаса
керек, өйткені айналасына қорған соғып, темір тікенмен қоршап
үлгермепті.
Милиция деген – ұзын сұр шинель, төбесі сиырдың емшегіндей
шошақ баскиімді, жүздері мұздай суық, мылтықтары үшкір найзалы
адамдар болады екен. Неге екені белгісіз, бəрінің көздері іріндеген,
беттері көгеріп, көлкілдеп тұрған сияқты. Мүмкін, «халық жауларын»
қырағы қарауылдап, күндіз-түні ұйқы көрмейтін шығар.
Мыңбұлақтан ғана емес, басқа жақтан да кел тендер болар, əйтеуір,
шыжандай ыңырсыған халық.
Соған қарағанда, Жуалы ауданы бойынша «халық жаулары» аз
болмаса керек. Тұтқындарды бір көріп, тіл қатысып қалуға
жиналғандар:
− Əулиеатаға апаратын көрінеді бұларды, – дейді əлдекім
сыбырлап.
− Қарасудың бойына апарып атады дейді.
− Тек! Сібірге итаппен айдайтын көрінеді.
− А, Құдай, өзің жар бола көр!
Осындай сыбыр-күбір сөзден бес жасар бала болсам да, менің
кішкентай ғана жүрегім мұздап бара жатқандай.
Түрменің жалғыз есігі бар екен. Есіктің түйе көзіндей тесігі бар
екен. Мың көз жиналып, сол жалғыз көзге қадалады. Жалғыз көздің ар
жағында үйме-жүйме тіршілік барын сезгендейсің.
Өйткені əлгі тесіктен саусақтар қылтыңдайды. Саусақтан басқа еш
нəрсе сыймайды ғой. Тұтқындар бармақтарын неге шығарады?

«Саусағымызды таниды» дей ме екен. Далбаса ғой. Əйтпесе, адамды
жалғыз саусағынан қалай танисың?
Қамақтағылар мына азаттықта тұрғандарды мазақтағандай
көрінеді. Мазақтамайды ғой, бірақ əлгі əнтек əрекеттері соған ұқсас.
Əлде, мына ашық аспан астында тұрған біздерден медет тілеп,
əйтеуір, бір жəрдем күте ме екен? Суға кеткен пенде соңғы рет судан
қолын шошайтады емес пе? Бұлар да сол сияқты шығар.
Кейде саусақ көрінбей кетеді де, жалғыз тесіктен жалғыз көз
жылтырағандай болады. Бір сеніп, бір жылтырайды. Содан
шамалағанда, тұтқындар тез-тез ауысып, əлгі тесіктен кезек-кезек
сыртта тұрғандарға көз салатын болуы керек.
Тұншыққан, шуылдаған дауыстар естілгендей ме? Абақтының
қабырғасы қалың, дауыстар бізге анық жетпейді.
Əркім оз жақынын атап, шақыртып, арыздасып, қоштасатын
шығар. Бірақ оны естіп, түсініп жатқан ешкім жоқ.
− Жəкең осының ішінде, – деді Айша мені жеңімнен тартып.
− Неғып? – деймін мен.
− Білмеймін.
− Барайын ба? – Мен Айшаның бетіне қараймын. Ол мылтықтарын
көлденең ұстап, қалшиып қалған милиционерлерге қарайды Қарауыл
сақ Əлдекім бір қадым ілгері аттаса, мылтықпен кеудесінен тастайды.
Бəрі бері қарап тұр.
Біздің алдымызда тұрған ұзын бойлы, ірің көз милиционер темекі
тұтатып, тұқшиып еңкейе бергенде, мен құлдыраңдап жүгіріп отырып,
түрменің есігіндегі тесікке де жеттім. Бірақ бойым жетпей өкшемді
көтеріп,тесікке мойнымды созып:
− Жəке,Жəке! деп шырылдадым.

− Ай Мұртаза! Ау, Мұртаза! Балаң келіп тұр, – деген дауыс іштен
тұншығып шықты.
− Былай тұр, былай! Мұртазаға жол беріңдер!
Соған қарағанда, Мұртаза есікке жақын жерде емес болуы керек
Жетті!
− Барсхан! Барсхан! Сенсің бе?
− Иə, Жəке.
− Айналайын.
− Үйге жүр, Жəке. Айша жылады. Айшаға ұрыспашы.
− Жыламасын, мə! – Əкем маған шиыршықталған қағаз ұсынды.
Сол кезде иығымнан біреу бүркіттей бүріп алып, лақтырып кеп жіберді
Анадай жердегі күресін күртік қарға басым кіріп,құлап түстім.
Əлдекімдер мені орнымнан тұрғызып, үсті-басымды қаққылады. Ақ
қоян құлақшынымның қарын тазартты.
Жылама, азамат екенсің!
Жылаған жоқпын, – деймін мен.
Айша келіп, тізерлеп отыра қалып, бет-аузыма жабысқан қарды
қолымен тазалап, бетін бетіме басып, тұла бойы дір-дір етіп
солқылдады. Аузыма сұқ саусағын салып, таңдайымды езгіледі.
Қорқыныштан құтқарғаны.
− Жылама, – дедім мен əлгінде əлдекімнің өзіме айтқан сөзін
қайталап.
Милиционерлер қаһарланды.
− Əйда, кетіңдер! – деп, мылтықтарының дүмімен жұртты
кеудесінен ұрғылап, ығыстыра бастады.

− Тараңдар! Тараңдар! Əйтпесе, атамыз, – деп қорқытты.
Бір рет аспанға мылтық та атылды. Түтіні бұрқ етті. Жұрт шу етті.
Аждаһа келе жатса қорықпайтын қазақ, мылтық даусы шыққан соң,
бет-бетімен ыдырап кетті.
Біз ауылға қайттық. Былай шыққан соң, кішкентай уысыма қатты
қысып алған əлгі шиыршық қағазды Айшаға бердім. Айша қағаздың
шиыршығын жазып еді, ішінен төрт ине шықты. Киім тігетін
машинаның инесі. Жұрт аң-таң. Қағазда жазу жоқ.
− Сонда бұл инені Мұртаза қайдан алған? – деді біреу.
− Мұнда бір мəн бар шығар? – деді біреу.
− Қандай мəн?
Айша айтты:
− Өткен жексенбіде базарға барып еді, сонда сатып алып, ұмытып
қалтасында кеткен ғой, – деді.
Үйімізде Күнікей əжемізден қалған «Zinger» машинасы бар еді...
Жол-жөнекей тал-дарақтың басында бүріскен торғайлар отыр.
Адамдардың қасіретіне олар да ортақтасқандай. Бір əйел (кім екенін
ұмыттым): «Туған ел, енді есен бол-ай, – деп əндетті. Өлеңі əннен гөрі,
жоқтау сияқты зарлы естілді.
«Тек» деп тастады басқа біреу.
− Мұртазаның ине бергені несі? – деді біреу. – Мұнда мəн бар.
Қандай мəн екені əлі түсініксіз?
САУСАҚ СОРҒЫШ БАЛА
Ол туған отыз жетінші жылдың. сарша тамызы еміс-еміс есімде.
Мен бес жасқа толар-толмас кезім еді. Мыңбұлақ сайларының басын

ала киіз үйлерін тігіп, ел егін орағына кіріскен шақ қой деймін.
Осы Батырхан сол киіз үйде дүниеге келді. Жадыраған жаз,
жайдары жандар құтты болсын айтып, келіп-кетіп жатты білем.
Əйтеуір, жақсылық күндер екенін сеземін.
Артынша күз келді, қыс түсті. Жаздың ағыл-тегіл қуанышты
күндері көзден бұл-бұл ұшты. Мұртаза тұтқындалды.
Сол түннің ертесіне Айша емшектегі баланы:
− Енді сен де адам болар ма екенсің? – деп аңырай жылап,
омырауынан жұлып алып, төсекке тастай салғаны, ана сүтіне тоймай
қалған сəбидің, əлде Айшаға, əлде заманға, əлде тағдырға риза болмай,
шар-шар еткені көз алдымда, құлағымда.
Содан, сол бала қайтып aнa сүтіне жарыған жоқ-ау деймін.
Айшаны күнде таңертең жұмысқа айдап кетеді. «Емізулі балаң бар ғой,
сен жұмыстан қала ғой» деп есіркеп жатқан Тасбет жоқ.
Баланың күні-алты жасқа аяқ басқан маған, төртке қарай қадам
басқан Құрмашқа қарап қалды. Бізге қараған күн қайбір, оңған
Баланың аяғы шықпай қалды. Бір жасқа толды, үшке қарай кетті –
тəй – тəй басып тұра алмады. Еңбектеп,төрт аяқтап жүреді, көбінесе
шоқиып отырады. Отырады да қолының қос саусағын сора береді.
Шидей саусақтары ақжем болып кетеді.
Бір күні əлгі бала жерге домалап, əй бір шарылдап жыласын. Бала
бағатын кісінің сықпыты – мен. Мен не біліп жатырмын. Шырылдап,
көгеріп бара жатқан соң, көтеріп алып ұстаханаға, Нəметқұл көкеме
жүгірдім.
Нəметқұл – ұзын бойлы, ажарлы, аса сабырлы кісі еді.
Батырханның ішін басып көрді, аузын ашып көрді. Ақжем болған
шидей саусақтарын санап шықты. Саусағын біреу кесіп алып, содан

жылағандай-ақ. Содан құйрығын сипап, сирағын сипап байқады.
Тамырын ұстады.
− Не жеп еді? – деп шермиген қарнын басып көрді.
Не жегенін мен қайдан білейін, қолына не іліксе – соны жейді дағы.
Бізде бір уыс талқаннан басқа, бір тостаған айраннан басқа не бар
дейсің.
Содан баланың башпайларын қарады. Башпайларының арасын
ашып көрді де:
− Оппой, құдай-ай! – деп күйінді Нəметқұл.
Быжынаған ақ құрт.
Қозының құйрығын құрттағандай, қолына іскек алып, əлгі
құрттарды тере бастады. Қалай теріп болды, солай баланың
шарылдағаны басылып, жаны жай тапты.
Жұмыстан қайтқан Айша бізді көріп бұрылды.
− Батырханның башпайы құрттап кетіпті, жеңеше, – деді Нəметқұл.
Айша арқаланып шыға келді:
− Кетерінде Мұртаза айтып еді: «ана екеуін итшілеп жеткізерсің,
емшектегіңді, əй, білмеймін», – деп. Əулие екен де, айтқаны келді ғой.
Əлі мешел. Мұны бағып-қағатын мен бейбақтың түрі мынау. Балаға
қара деп сеніп тапсырған жүгірмек Барсханның түрі-анау. Қарамай
қаңғырып кетеді.
Айша маған тұра ұмтылды. Мен ұстатпай ыршып түсемін.
− Əй, бəлем, барасың үйге. Сонда ма, сонда...
Нəметқұл сабырмен:
− Жеңеше, Барсхан əлі ойын баласы ғой, оған несіне ұрсасың.
Оның өзіне біреу қарау керек қой, – дейді.

Айша жүрелеп отыра кетіп, Батырханды көтеріп алып, əлдеқашан
семіп қалған омырауына баланың басын басып:
− Ай, Мырза аға-ай, мен ұрсайын деп ұрсады дейсің бе? Күйемін
ғой, күйініп кетемін ғой. Əйтпесе, ұрсып нем бар Барсханды! – дейді.
Десе де, ұрысқан тұрмақ, ұрғанның көкесі кейінірек болды.
Əлде, отыз тоғыз, əлде, отыз сегізінші жыл шығар. Жаздай бізді сол
Нəметқұл асырады-ау деймін. Əйтеуір, есімде ерекше қалғаны:
көріктің қоламта шоғына жұмыртқа пісіріп береді. Тауықтың
жұмыртқасын əуелі шүберекке орайды. Сөйтеді де ыстық күлге,
қоламтаға кеміп тастайды. Сəлден соң, əлгіні ашып, шүберектің күлін
қағып, піскен тұқымды аршып, ағын маған, сары уызын Батырханға
береді.
Батырхан көбінесе Нəметқұлдың қасында қалады, мен балалармен
ойнап кетемін. Кейде Батырханды арқама көтеріп, балалардың
соңынан жүгіріп, Дошанай атамның үйінің жанындағы əуітке
барамын.
Əуіт дегеніңіз – кəдімгі бөгет. Таласбай бұлақтың суы көп. Соны
бөгеп, əуіт салған. Қазіргі тілмен айтқанда: «водохранилище». Əуіт
толғанда, астындағы қуырдым шым тығынын ағытып, содан атқылаған
сумен қызылша суғарады, тары суғарады.
Ал əуіт толғанда, айдынды қол пайда болады, тіпті шоқ-шоқ
талдар, қоғалар судың астында қалады. Жап-жас балаларға бұдан
артық қандай қызық керек. Əйда кеп шомыламыз.
Шомылғанда басқа балалар сияқты емес, жүзуге шорқақпын.
Үйрене алмай-ақ қойдым. Өсер, Жолдасбек сияқтылар сайдың бергі
бетінен арғы бетіне балықша жүзеді. Маған Құдай оны бұйыртпады.
Оның есесіне, «демалмас» ойынында алдыма жан салмаймын.
Оның мəнісі: кім судың астында дем алмай көп жатады – сол ұтады.
Ұтқанда не, ұтылған бала ұтқан баланы əуіт бөгетінің үстімен ары бір,
бері бір арқасына көтеріп алып өтеді. Сол-ақ. Бірақ намысы жаман.

Ұтқан бала ұтылғанның арқасына мініп алып: «Айда, есегім, шап,
шап!» – деп екі аяғымен қос өкпеден тепкілеп, қорлайды ғой. Кейде
содан қып-қызыл төбелесте шығып кетеді.
Кеңес дейтін «төреші» екі баланы «бір, екі, үш!» – деп суға
сүңгітеді. Бақаларша тарбаң етіп сүңгисің де, су түбіндегі қоғадан қос
қолдан ұстап алып, жата бересің. Дем алмайсың. Дем алсаң – аузыңа
су кетеді. Сырттағы төрешілер санап тұрады. Кім бұрын шығады – сол
ұтылады. Ал мен жата беремін. Тіпті су астында көзімді ашып
жатамын. Қозғалып,тербетіліп тұрған қоғаны көремін. Су асты ну
орман. Қым-қуыт тіршілік. Қоғалардың ара-арасында қылтың-қылтың
етіп үйір-үйірімен жүзіп жүрген итбалықтарды көремін. Мүмкін,
ықыласым соған ауатын шығар, мүмкін ашық көзден ауа кіретін
шығар, шыдай беремін. Сырттан күңгір-күңгір дауыстар естіледі.
Біреу:
− Өліп қалған шығар, – дегендей болды. Сонда барып қолымды
қоғадан босатып,су бетіне қалқып шығамын. Балалар шу етіп, қол
шапалақтайды.
− Осы сен түтікпен дем алып жататын шығарсың? – дейді жеңілген
Жолдасбек.
− Қайдағы түтік? Түтік болса судың бетінен қылтиып көрініп
тұрмай ма? деп бой бермеймін.
Жолдасбек тапалдығы болмаса, менен үлкен. Үлкендігін істеп,
маған «есек» болғысы келмейді. Мен көнбеймін. Аяғында жұдырыққа
жүгінеміз.
Сөйтіп, бір дəп-дəле болып жатқанда, өзіме етене таныс ащы айқай
естілді. Құдай қай жақтан айдап əкелгенін білмеймін: Айша адуындап
жақындап қалыпты. Қолында – Батырхан. Сөйтсем, кеш болып, Айша
жұмыстан қайтқан екен.
Қашан, бағана - а - а Батырханды арқама көтеріп келіп, сайдың
(яғни көлдің) жағасындағы көгалға отырғызып:

− Қимылдама, – деп кеткенмін.
Бір-екі қарағанымда шоқиып отырған болатын. Сөйтсем, төрт
аяқтап еңбектеп, құйрығымен жылжып, судың жағасына жетіп қалған
екен ғой. Айша келіп жеткенде, Батырхан жартылай судың ішінде
жатыр екен. Енді бірер жылжыса, тереңіне түсіп кетпек екен. Ал
тереңіне түйе бойламас.
Қашып үлгермедім. Қашып кетер едім, Жолдасбек қырсық ұстап
қалды.
Қолымнан қарыстырып ұстаған қалпы, Айша Бердімбет сайындағы
Жалбыз қайнарға алып келіп,Батырханды жалбыздың түбіне отырғыза
салып, мені тұқшитып қойып, басымды суға ал кеп батырсын, ал кеп
батырсын.
− Суда басың қалса, ал тұншық! Суға Батырхан батқанша, сен
батып ел! Ал! Ал!
Сайдың арғы қабағынан Қамқа айқайлады.
− Айша! Ау, Айша! Қойсаңшы, байғұс-ай. Тиме деп ем ғой
Барсханға. Ұрма деп ем ғой. Қоя ғой, жарқыным.
Айша Батырханды көтеріп үйге кетіп қалды.
Суға салып қойып сабағанда безірейіп жыламап едім, енді
жартыкеш Айға қарап отырып аңырадым-ай кеп.
Айдан басқа мұң шағатын кімім бар?
Жаны ашитын Қамқа – мешел. Арашалап, Айшаға ұрсатын
Мұртаза... о да жоқ. Айдың менсіз де қасіреті көп шығар. Мұңаяды.
Тіл қатпайды.
БАҚА ЖҰТҚАН ЖЫЛАН
Дүниенің дидары сан қилы. Түгел білігі болған ешкім жоқ. Əлде
сағым, əлде сынап. Аспараның мұздақ тауынан сырғанағандай, қайда

барып құлайтынын беймəлім. Мысалы, Мұртаза. Талас Алатауының
баурайында дүниеге келіп, Қиыр Шығыстың ну орманының, бір түп
қарағайының қасында сүйегі қалады деп кім ойлаған?
Дүние шіркін кілең арманнан жаралған сыман. Арманына түгел
жеткен кім бар дейсің?
Құрт-құмырсқа, бақа-шаян – бəрі де өмір сүргісі, тірі болғысы
келеді. А, бəлкім, осыларда да арман бар шығар. Біз не білеміз,
құмырсқаны басып, шымшықты шырылдатып, ұясынан жұмыртқасын
алып, яки балапан ұстап, обалға батамыз. Бəрі де бекер екен де.
Балалық шығар.
Таласбай бұлақтың суындағы көкқасқа бақаларды садақпен атып,
таспен ұрып, талайын өлтіріп ек. Əттесі-ай!
Мұны еске алғаным, сол бақаның аянышты халін өз көзіммен көріп
шошыдым да, қайтып бақа баласына қиянат жасамауға ант етіп едім...
Сол баяғы Айша мені Жалбыз бұлаққа салып сабағаннан кейін,
ертесіне тағы сол Батырханды бағып, үйде ары отырдым, бері
отырдым.
Айша қызылшаға кетерінде қатты тапсырды: «Осыдан үйден
шықсаң мына баланы тастап кетіп қалсаң, кешегі-кешегі ме,көресіні
көресің! – деді де шалап құйған шишасын дорбаға салып алып кете
барды.
Ары отырдым, бері отырдым. Бала ыңырсып жылағандай болды.
Далаға о да шыққысы келген шығар. Ақыры тəуекел деп, көтеріп алып,
сыртқа шықтым-ау.
Таласбай
бұлақ
жақтан
шуылдаған
дауыс
талып
естіледі.Шыдамадым. Баланы арқама лақтыра салдым.О да əккі боп
алған: құлап қалмайын деп мойнымнан боп-боз саусақты қолдарымен
қысып ұстап алды. Бердімбет сайынан өттік, Салби сайынан өттік.

Салбидың қабаған жаман иті шəуілдеп қалды. Ақыры Таласбай
бұлаққа да жеттік.
Балалар: Өсер, Жолдасбек, Аманбай,Сұрапалды, Тілепалды,
Сүлеймен əуіт басында асыр салып ойнап жүр екен. Қайран заман-ай.
Əлі соғыс жоқ кез ғой. Жандарына жақындап барып, Батырханды
арқамнан түсіріп, жерге шоқитып отырғызып, өзім де жүрелеп
отырмын. Аналарға қосылып ойнауға шама жоқ. Бала тағы да суға
түсіп кете ме деп қорқамын.
Олар мен жаққа оқшиып-оқшиып қарап неге келмейді дегендей
состиысты да қайтадан шолп-шолп еткізіп, көлге сүңгіп кетті. Тағы да
сол «демалмас» ойынан бастады.
Қарап отырмын. Жолдасбек арам қайта-қайта ұта береді. Сыртта
кеңес «бір, екі, үш » – деп санап тұрады. Жолдасбек суға сүңгиді де
сəлден кейін қайқаң етіп қайта шығады. Мен болсам судың астында
жата берер едім, мынау тез шығады. Бəрібір ұтады. «Ой, арам» –
деймін. Қасыма Аманбай келді: «Жүр, сен болмасаң, анау бізді
құртатын болды» – дейді – Сонша жұмсақ,қыздай сызылған бауырмал
бала еді. Кейін Алматыда Ауылшаруашылық институтын Өсер екеуі
бірге бітіріп, Ақтөбе облысына агроном болып барып, жазда найзағай
түсіп өлді.(Жаны жаннатта болсын!) Қолахан деген əкесі Мұртазамен
жасты еді. Біртоға кісі болатын. Мені көрсе, басымнан сипап қана
қоятын. Тасбет, Жуанқұлдар сияқты боқтамайтын.
Аманбай «жүр», – дейді. Мен иығымды қиқаң еткізіп үндемеймін.
«Жүр, Барсхан», – дейді. Тұқшиып отыра беремін. Біледі. Кеше Айша
келіп, мені ұрып-ұрып, алдына салып айдап кеткенін де біледі.
Түсінгендей болады да, ойынға қайта барып қосылады. Суға сүңгиді,
тез қайта шығады. Өкпесі шыдамайтын шығар. Мен болсам қоғадан
ұстап алып, жата берер едім. Қоғадан ұстауды білмейтін болар, қайқаң
етіп қайта шығады. Арық сіліңгір қара бала еді. Жолдасбек арам
артынан шығады. Ұтады. Тапал, тығыншықтай. Аманбайға асылып
мініп алады. Арық бала қайқаңдап көтере алмайды.
Көпірден ары көтеріп өтеді, бері көтеріп өтеді. Жолдасбек арам
өкпесінен ары тепкілейді, бері тепкілейді: «Жүр есегім», – деп

қорлайды.
Шыдамай, Батырханға: «Қозғалмай отыр!» – деп, мен барамын.
Жолдасбек арамға: «Жүр, ал кеттік, давай!» – деймін. «Давайды»
Евгеньевкадағы орыстың балаларынан естігенмін. Үш-төртеуі, кілең
секпіл бет, жирен шаш балалар бəрі жабылып мені ұрғанда, «давай,
давай», – дейтін.
Кеңес танауы делдиіп, о да «давай», – дейді. Суға қойып кетеміз.
Су астында қоғаның түбінен ұстап, тастай қатып, көзімді ашып жатып,
Кеңестің «Бір, екі, үш... отыз, қырық, елу...» – дегенін күңгір-күңгір
естіп жатамын. Балалар шу еткенін де естимін. Ол, Жолдасбек, шыдай
алмай судан шығып кеткенін де сеземін. Əдейі шатақ шығармасын деп
шыдап жата беремін. «Жүз!» – дегенде, асықпай шығамын.
− Арам! – дейді Жолдасбек. – Сенің бір бəлең бар! – дейді.
Мен:
− Əй, оңбаған, мен тағы бір жүзге дейін жата берер едім,
Батырханға бола ерте шықтым, – деп, бала отырған жаққа қараймын.
Бала шоқиып отыр. Бұрын балалар жаққа қарап қойып отыратын. Бұл
жолы бедірейіп, бір түп жалбыздың түбіне қарап, қатыпты да қалыпты.
Артынша шар етіп даусы шықты. «Не болды?» – деп жүгіріп бардым.
Қарамайды. Шидей сұқ саусағын шошайтып, жалбыздың түбін
көрсетеді. Қарадым да, тұла бойым дір етіп, Батырханды кері сүйрей
шегініп кеттім.
Шұп-шұбар, қара ала жылан бүктеліп жатыр. Көзі елегізіп, аузы
арандай ашылып, мүлгіп жатыр. Аузында – көкқасқа бақа...
Бақаның басы көрінеді, басқа жағы жыланның аузына кіріп кеткен.
Жылан көзі əлде жұмулы, əлде ашық, ыңыранғандай, ирелеңдеп
қояды. Бақаның көзі шарасынан шығып барады. Шиқ-шиқ еткендей,
əлсіз дауыс шығады.

Ойынды қойып, балалар бəрі жиналып қалды. Бəрі үрпиісіп, бақа
жұтқан жыланды көріп, шегіншектеп барады. Содан шошыды білем,
жылан жиырылып, жалбыздың арасына ирелеңдеп, шегіне берді.
Бірден жұтуға шамасы жоқ. Бақа аузында.
Жанына жолауға ешкім батпайды.
Не күш, не құдірет екенін өзім де білмеймін. Жалаң аяқпын. Сол
жалаң аяқпен басынан ала теуіп кеп қалдым.Бақа аузынан атып
шықты. Жылан шиыршық атып, жиырылып, шапшып бір секірді де,
ақырын жылжып, сусып барып, суға сүңгіп кетті. Көкқасқа бақа сəлпəл қозғалғандай болды да, тырп етпей, жер бауырлап, қозғала алмай
жатып қалды. Жылан сорып қойған екен. Бəрібір өліп қалды. Көз
алдымда өлді. Бірінші рет өлікті көргенім сол. Өтірік. Оның алдында
өзіміз садақпен, рогаткамен атып, таспен ұрып, талай өлтіргенбіз.
Бірақ мына өліс мүлдем басқа еді.
Кейін, кейін күштінің əлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім.
Көрген сайын қарашұбар жылан менен көкқасқа бақа көз алдыма келе
қалды. Ұмыта алмаймын
Дүние əлі солай. Өзгерген жоқ. Тек күс-күс жарылып кеткен,
жарасына топырақ тығылып қалған өкшесімен əділетсіздікті теуіп кеп
жіберетін адам табылмайды. Баяғыдай батырлық менде де жоқ.
НОХА
Мамыт атамның Орха, Ноха, Қорғанбай деген үш ұлы бар. Əсем,
Гүлзейнеп, Седепкүл, Олжагүл деген төрт қызы бар. Бəрінің анасы –
Арзыкүл апам.
Бұл үй – балалы үй, шынында да базар еді. Мамыт атам қатал,
түкістеу көрінгенмен, бір ата Тоқсанбайдың бас көтерері, дəулетінен
бөліп бермесе де медет тұтатын панамыз сияқты. Бірақ бөліп беретін
дəулеті де шамалы.
Əкем өзі қолымен соққан мектепке барғым келеді. Бұл, сірə, 1940
жыл болар. Алыста, беймəлім Сібірде Мұртаза қайтыс болды деп қара

хабар келген жыл. Айша бетін айғыздап, қара жамылған жыл. Мен
сегізге толар-толмас жыл.
Сірə, бірінші қыркүйек шығар, мектепке лек-легімен ағылған
балалардың тобына қосылып, мен де бардым. Мұғалім мені
қабылдамай, қайтарып жіберді. «Жасың толған жоқ», – деді ме,
əйтеуір, кластан шығарып жіберді. Есімде, 1937 жылы Мұртазаны
тұтқындарда осы мұғалім «понятой» болған. Кейін ойласам, мені
«халық жауының» баласы деген екен ғой. Оны мен білмеймін. Жылап
үйге қайтып келе жатыр едім, алд
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!