Материалдар / Ақуыздардың физикалық химиялық қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақуыздардың физикалық химиялық қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
акуыздын физ хим касиеттері есептер
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есік гуманитарлық- экономикалық колледжі» МҚКМ (білім беру ұйымының атауы)

Оқу сабағының жоспары


Пән атауы:

Биохимия

Күні:

10.10.2023

Бөлім:

Кіріспе. Ағзалардың химиялық құрамы

Сабақтың тақырыбы:

Ақуыздар. Ақуыздардың физикалық қасиеттері.

Педагог:

Нуркиясова Э.К

Жалпы мәліметтер

Курс 3 топ: 307в

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқыту нәтижелері

- ақуыздардың денатурация мен ренатурация процессін және жіктелуіндегі ерекшеліктерін;

- ақуыздардың әр түрлі классификациясы бойынша жіктей аладыАдам организмінің химиялық құрамын біледі;

Сабақ мақсаты

ақуыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

Бағалау критерийлері (күтілетін нәтижелер)

1) Ақуыздардың физикалық- қасиеттерін біледі

2) Ақуыздардың химиялық қасиеттерін біледі

3) Адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы біледі.

Ойлау дағды-ларының деңгейі:

Қолдану және жоғары деңгей дағдылары

Қажетті ресурстар

АКТ, компьютер, проектор, экран, презентация, оқулық

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал. «Менің көңіл-күйім» әдісі.

Орындалу шарты. Білім алушылар өз көңіл-күйлерін кабинеттегі заттармен салыстыруы керек.

Білім алушылар сабаққа даярлық жұмыстарын жасайды.

Орындалу шарты. Білім алушылар шеңберге тұрады, өз көңіл-күйлерін кабинеттегі заттармен салыстырып айтады.


Кабинеттегі құралдар

Сабақтың ортасы

7 минут

Тыңдалым алды тапсырма,

айтылым

мин.



Тақырыпты тап әдісі арқылы білімалушыларға жұмыртқа суреттін көрсетіп, түрткі сұрақтарын қоямын

Ақуыздың физикалық қасиеттері.

1. Ақуыздар әдетте түссіз, тек қанның гемоглобині ғана қызыл түсті. Кейбір ақуыздар кристалдық күйде алынуы мүмкін. (мысалы, желатин-мал сүйегінен алынатын дәмі, иісі жоқ мөлдір желім).

2. Кейбір ақуыздар суда ерімейді, ал екіншілері ериді.

3. Кейбір ақуыздар ісінуге қабілетті.

Ең алғаш рет жәй ақуызды заттар-гипофиздің гармондары вазопрессин мен окситоцил алынды, ол 9 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Инсулин 51, рибонуклеаза 124 амин қышқыл қалдықтарынан тұрады. Ақуыз синтездеудегі аса зор табыстарға инсулин рибонуклеазаны алу жатады. Ғалымдар биосинтез бен жасушаларда болатын үрдістердің заңдылықтарын толық меңгерген кезде жасанды жолмен ақуыздар алу мәселесі толық шешіледі.

Ақуыздардың химиялық қасиеттері.

Химик: Ақуыздарға түрлі заттар қалай әсер етеді? Қыздырғанда қандай өзгеріс байқалады? Бұл сұрақтарға жауапты тәжірибеден табамыз.


Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді;

- өз ойын тарқатып айтады;

- тақырыпқа болжам жасайды.

Қ.Б. «Мадақтау сөз» әдісі. («Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Керемет жауап!»)


Бейнебаян

сілтемесі.

https://youtube/amcWURT9IRw


Оқылым және

жазылымтапсырма-сы

5 минут

Қолдану

Топтық жұмыс. Жоба дайындау

Жобаны дайындау алдында оқушылар өздеріне роль тандайды химиктер,биологтар, медиктер.

1-топ" Химиктер"тобы

Н егізгі сұрақ

Ақуыздардың химиялық қасиеттері.

1.Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер

2.Неге ақуызды жоғары молекулалы қосылыс деп атайды?

3. Ақуыздардың жіктелуі, сипаты

2-топ"Биологтар"тобы

Н  егізгі сұрақ
Ақуыздардың кен таралу себебі.

1. Ақуыздардың биологиялық бағалылығы

2. Ақуыздардың қызметтері

3. Ақуыздардың ағзадағы өзгерісі

3-топ-"Медиктер"тобы

Н егізгі сұрақ
Медицинада ақуыздардың қолдануы.

1. Ақуыздың қызметінің бұзылуынан пайда болатың аурулар

2. Ақуыздардың клинико-диагностикалық маңызы

3. Ауыр металл тұздарымен уланған кезде неге сүтпен шикі жұмыртқаны қолданады? Әр топ өз қорытындыларын сыныпқа көрсетіп, таныстырылым жасайды. Топ бір-бірін бағалайды.





Топтық жұмыс тапсырмасын орындауға нұсқаулық беремін.\

Әрбір топ өз жобаларын нұсқаулық арқылы қорғап Белсенді оқу тапсырмалары

(топта, ұжымда) шығады.




ҚБ. Білім алушы

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

.






Қосымша мәліммер.

Айтылым және жазылым тапсырмасы

16 мин

Қолдану

Талдау

Есеп: Заттың молекулалық формуласын тап, егер құрамындағы элементтердің массалық үлестері төмендегідей болса: С-0,7742, N-0,1505, Н-0,0753. Заттың атын атап, құрылымдық формуласын жаз.

Шешуі: С6Н5-NH2.

Жаттығу: мұнайды крекингілегенде этилен түзіледі. Қандай қарапайым амин қышқылын одан синтездеуге болады? Сәйкес реакция теңдеулерін құрыңдар.

О

1) С2Н4 +О2 → 2СН3-С

Н

О О

2) СН3-С + 2Си(ОН)2 → СН3-С + Си2О↓ + 2Н2О

Н ОН

О O

3) СН3-С + Сl2 →Cl-CH2-C +HCl

ОН OH

4) Cl-CH2-COOH + 2NH3 →H2N-CH2-COOH + NH4Cl

3- тапсырма. Жазылымға арналған есес.


Дескриптор:

-құрылымдық формуласын біледі;











Қ.Б. «Екі жүрек, бір тілек» әдісі.








3- тапсырма

топ атаулары,



Сабақтың соңы

мин.


3мин



Кері байланыс: сабақты қорытындылау мақсатында

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақта сізге не қызықты болды?

- Өткен материалды сіз қалай меңгердіңіз?

- Қандай қиыншылықтар болды? Оларды жеңе алдыңыз ба?

- Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді болашақта пайдаға асыра аласыз ба?

- Сабақ қызықты өту үшін сіздің ұсыныңыз?

Білім алушылар бүгінгі тақырыптан алған білімдері бойынша кері байланыс жасайды.

Shape1

Білім алушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша 100 баллдық жүйемен бағаланады.


«Білім пирамидасы»


Бағалау парағы

Үйге тапсырма:

1 мин

Адамның тамағындағы ақуыздың ролі.

Үй тапсырмасын жазып алады.


Дәптер




Мұғалімнің түсіндіруі
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды.

Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.
Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады.
Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.

кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);

Ақуыздың құрылымының деңгейлерi:
1 — біріншілік, 2 — екіншілік,
3 — үшіншілік, 4 — төртіншілік

Ақуыздың жасуша тіршілігіндегі атқаратын қызметтері:
1. Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар организмдегі химиялық реакцияларды жүзеге асырады. Ферменттің катализдік белсенділігі өте жоғары болады. Олар реакцияның жүруін ондаған, жүздеген мың есе тездетеді. Мысалы, қарын сөлінен бөлінетін пепсин ферменті нәруыздарды протеидтерге дейін гидролиздейді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!