Ар ілімі 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ар ілімі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін Гиззатова Ж.И _________

Мектеп: Федоровка ЖОББ мектебі Мерзiм: 12.05.2021ж

Мұғалiм: Зайнуллина Г.Г Сынып: 5 «а», «б»

Тақырып: Ар ілімі Сабақ : № 31

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық


Мақсаты: оқушыларға халықтың рухани мұрасындағы даналықтың маңызын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «руханилық», «даналық» ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қарапайымдылық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды халық даналығымен сусындауға ізденімпаздық қасиеті арқылы баулу;

Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздық, адалдық , қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: құралдар, мәлiметтер)

«Хрустальная грусть»әуені, оқулық, құрал жабдықтар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 5«Т»еске түсіру.

Жағымды күйге келу. Тыныс алу жаттығуы

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6- 8 рет)

Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтың 137-бетіндегі «Мәнді сөздер» мәтінін оқып мазмұндап келу

Мәтін бойынша сұрақтар:

Әңгімеде не жайлы айтылған?

Қандай қасиеттер адамның өмірін түзеуге көмектеседі?

Арлы адам деп қандай адамды айтамыз?

Ар-ұждан даусымен өмір сүрудің мәні неде?

Өздерің алған адамгершілік білімдеріңді қалай жүзеге асырып жүрсіңдер?


















Дәйексөз.

Ақылың болса арыңды сақта,

Ар,ұят керек әр уақытта

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау.


Халық нақылы


Мұғалімнің сыйы Бір баланың оқиғасы

Мен қазір сіздерге бір оқиғаны әңгімелеп беремін. Бір қалада ерекше үй болады. Сол үйде бір бала өмір сүреді. Күндердің бірінде ол оянып, әжесіне дөрекі сөйлейді, мысықтың құйрығынан тартады, анасына қоқысты шығаруға көмектеспейді, атасын туған күнімен құттықтамайды; көшеде өз досымен төбелесіп қалады,Арман деген ағасының велосипедін рұқсатсыз мініп кетеді. Осы кезде бала барлық жақын адамдарының оған ренжіп қалғанын байқайды.

Әжесі оған оның жақсы көретін бәлішін пісірмейді, мысығы қолын тырнап алады, анасы қоқысты асхананың еденіне жинап қояды, атасы оған ертегі оқып бермейді; досы көшеге шықпай қояды, ал Арман деген ағасы велосипедті сарайға құлыптап қояды.

Баланың көңіл күйі түседі...

Ол көшенің бойында көңілсіз келе жатты. Оған кең шапан киген ұзын бойлы адам қарсы беттен жолықты. Ол балаға былай дейді: "Балам, сенің көңілсіз күйіңді байқап тұрмын. Саған не болды? Мен саған көмектескім келеді. Міне саған сиқырлы зат, - деп, балаға ұсынады.- ол сенің ішкі дауысың, ар-ұжданың болады. Ол саған не істеу керектігін және нені істеуге болмайтынын алдын ала білдіріп отырады.Ар-ұждан сені келеңсіздіктерден сақтайды және жақын адамдармен татуластырады!»

Бала түсінбей қарайды: "Ар-ұждан дегеніміз не?"

- Ар-ұждан - біздің ішіміздегі үн, - деді сиқыршы. - Ар-ұждан ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін білдіріп отырады. Бұл өте маңызды нәрсе. Дұрыс емес әрекет жасағанда ол сені мазалап, былай дейді: "Барып кешірім сұра". "Сен ұяласың, бұрынғыдай жақсы емес екенінді сезесің" Ар-ұждан мен ұят жақын ұғымдар.Ар-ұждан дауысын ести білу керек.

Мұғалімге балалармен бірге әңгімелесудің нәтижесін былай қорытындылауға болады: «Әрбір адамның ар-ұжданы болады. Ол әрбір әрекеттері үшін жауапты. Жақсы адамның ар-ұжданы белсенді болады. Адамның ішкі дауысы үнемі оған көмектеседі: егер сен ар-ұжданына сәйкес әрекет жасасан, онда дұрыс әрекет жасап, жақсы адам боласын, ал егер тыңдамасан, онда дұрыс емес әрекет жасайсың.»

Оқиға кім жайлы?

Баланың жасаған әрекеттері дұрыс па?

Балаға кім бағыт бағдар берді?

Бала сиқыршының сөзіне мән берді деп ойлайсыңдар ма?

Баланың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Өздерің осы балаға қандай кеңестер берер едіңдер?




Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (Құндылықтармен топқа бөлу)

Ақиқат тобы: «Арыңды жасыңнан сақта» нақыл сөздің мағынасын ашу.

Сүйіспеншілік тобы: Төмендегі берілген сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтаңдар.

Қиянат жасамау тобы: «Әдепті бала –арлы бала» тақырыбында шығарма жазу.




Топпен ән айту

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.


Үй тапсырмасы Оқулықтың 139-бетіндегі «Табылған ақыл» мәтінін оқып мазмұндап келу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
1116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі