Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ар намысым мақтанышым желтоқсан"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«М.Жұмабаев атындағы орта мектпе мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып сағаты
Тақырыбы:« Ар намысым мақтанышым қасіретті желтоқсан»
9 «А»сынып
Сынып жетекшісі: Сейтхан.М.Е
2017-2018 оқу жылы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!»
Мақсаты:
1986 жылы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып – білдіру, Желтоқсан оқиғасының неден бастау ашып алып, оның не себептен қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету, желтоқсан құрбандарымен таныстыру, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Қанатты сөздер,Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев, Н.Сабилиянов,М.Шахановтың суреттері, «Желтоқсан 1986» шығармалар жинағы,слайдтар.
Сабақтың барысы.
Желтоқсан айы. Желтоқсан, қараша мен сол бір екі ай.
Кешегі дүркіреп өткен 1986 – шы жылына дейін дүйім қазақ үшін Желтоқсан атауы және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән – мазмұны да,құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болды.Ең алдымен «Желтоққсан желі» немесе «Қара бауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуенінің сарыны алыстан талып естілер еді. Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы», «Елім - ай» секілді, әлдеқашан Желтоқсан оқиғасыныың халық арасындағы әнұранына айналып кетті. Сонда ән – әуенмен қоса, мәнгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырыпт өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз – жігіттердің жігері келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер. Одан кейін темір киім киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт – сұрт айқасы. Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйрелген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбаласы. Иә, мұндай
көпке әйгілі болған қасіретті де қасиетті суреттер жалғаса берсе аяғы бітпес. Өйткені, «Желтоқсан» турасында әр қазақтың өз естелігі бар. Сол жөнінен бір үзік сыр шертсек деп едік.
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жаұыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынады да – Желтоқсан.
Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан
«Желтоқсан желі» әнін орындау
Желтоқсан майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан зары боздағын көмген шешенің.
Сызылған қанмен Желтоқсан ұлы шекара
Бүгіні мен кешенің!
Желкеге тиді сілтенген күрек, қамшылар,
Соққыға, мұндай қасапқа қандай жан шыдар?!
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
Қақап күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОНДАР – дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып ,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ кар қанға боялып
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Адал мен арсыз аярды
Айырып халық ұққан күн
Саф алтындар бөз баяғы.
Сары жез болып шыққан күн
Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі – Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып емханаға түсіреді де, екінші күні қайтыс болады.Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдер алып барады. Ата – анасы баласын жылап жүріп жерлейді.
Мұғалім:
Қазақ жастарының 1986 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақстанның бірқатар басқа облыстарында бой көтерулері ұлтшылдық сипатта болған емес. Мұның өзі Конституция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азаматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру құқығын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді.
Жастар наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейінде, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл-әкімшіл жүйеніің кемшіліктерінде жатқан болатын. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Геннадий Васильевич Колбин Жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындау жастар қозғалысына түрткі болды.
КӨРІНІС.
Сол кезде бір оқушы мінбеге шығып былай айтады:
(сахнаға мінбе сияқты биік зат қойылып, оған бір оқушы шығып):
-
Біз, осында жиналған жастар тобы, не себептен пленум осындай шешімді қабылдады? Не себептен Дінмұхаммед Қонаевты орнынан босатты? Неліктен Колбинді сайлап отыр? Неге бұл шешім халықтан жасырын түрде қабылдайды? – деген сұрақтар қоя отырып, пленум шешімі жөнінде түсінік берулерін талап етеміз және біз бұл шешіммен келіспейтінімізді білдіреміз.
Сол кезде сахнаға милиция киімін киген адамдар шығып, мінбедегі оқушыны жұлқылап түсіріп, біреуі «Тараңдар!» — деп айқайлайды. Мінбеге шығып сөйлегісі келген басқа оқушылардың кеудесінен итеріп, мінбеге жолатпа деген жан жақтан да жиналғандарды қуып, ұрып-соға бастайды, жігіттерді тепкілейді, қолдарындағы мылтық, сапер күректермен ұрғылайды. Жан-жақтан жарық түсіріп, сахнаны қараңғылап, машиналардың дауыстарын шығарады. Адамдардың айқайлаған, қыздардың шыңғырған дауыстары, «нашақор», «маскүнем», «я тебе покажу, сволочь», «нацист» деген дауыстар шықты. (сахна жабық).
Ән «Қара бауыр қасқалдақ» (сахна жабық).
Мұғалім:
Келіссөздің бейбіт жолын таба алмауы шерушілердің тәртіп шеңберінен шығуына себеп болды. Осы тәртіпсіздікті басу кезінде тәртіп қорғаушылар өрескел, сорақы әрекеттерге барды. Ұсталғандарды ұрып-соқты, жеңіл-желпі киінген оларды қала сыртына апарып тастады, қақаған қыста қыздарды мұзға, қарға отыруға, жігіттерді шешінуге мәжбүр етті.
Демонстрацияны қуып-тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, қызмет иттері пайдаланылды.
Қақтығысулар қайғылы зардаптарға әкеліп соқты. Екі жақтан да адамдар шығыны болды. Көптеген адамдар түрлі жарақат алды.
Оқиғаға қатысушылардың қылмысты істерін қозғағанда заңсыздыққа жол берілген. Тергеу қысқа мерзімде, үстірт және айыптауға айқын бейімділікпен жүргізілді.
Сондай әділетсіздікке айғақ болған сот үкімінің бірі – Қайрат Рысқұлбеков ісіне қатысты қозғалған іске байланысты Қайратқа тағылған айып – жасақшы өліміне қатыстылығы.
(Сахна ашылады). Сот мекемесі.
Айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы және басқа адамдар сот үкімін күтуде. Қайраттың анасы да бар «сот келе жатыр» деген дауыс шығады. Бәрі орындарынан тұрады.
Сот үкімін оқиды.
Осыдан 28 жыл бұрын 1986 – жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ләззат Асанова да болып да болып еді. Чайковский атындағы музыка училещенің 2 - курс студенті , қаршадай елік қыз қараулықтың құрбанына айналарын сол сәт білмеген де болар. Ар – ожданыозбырлықтың табанына тапталып, жас жүрегі зұлымдықтан жапа шеккен Ләзаттың қазасы әлі күнге жұмбақ. Мезгілінен бұрын солған қызғалдақ ғұмырдың обал – сауабы кімнің мойны нда?! Мұны анықтау болашақтың еншісі.
Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуғу түскен. 22 – желтоқсан күні Өскемен қаласындағы ЦУМ маңайына жиналған. Бұл жерге жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, өздерінің ізгі тілек, ниетін білдіруге барған. 26 – желтоқсан күні өткен жиналыста ансымен бірге барған Сәбираны айыптап, бар кінәні оған үйіп – төгіп, сөккен, қатқыл сөздер айтып, тәртіпсіз деп бағалаған.Мұның бәрі Сәбираның ашу – ызасын тудырды.Сөйтіп албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секірді.
Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақша бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатан жігерлі, отты жігіт еді .Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарды.
Өкінішке орай, 1988 - жылы 13 – мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 – мамыр күні таңда өмірімен қоштасады.
Желтоқсан оқиғасы!Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен мазмұны енді еш өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасына жеткен жазушылырымыздың бірі Мұхтар Шаханов еді. Халықтың арқасында Желтоқсан құрбандарына арнап ескеркіштер ашылып, көшелерге аттарын беріп құрмет көрсетіліп жатыр.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз елін,жерін көркейтіп,Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.