Материалдар / Әр сәт- жаңа бастама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әр сәт- жаңа бастама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен балалалар арасындағы жылы және жағымды қарым- қатынасты нығайту, ата-аналарды өз балаларын түсіне білуге және көмек көрсете білуде орны ерекше. Семинар тренинг барысында ата-аналар отбасындағы құндылықтарды бала тәрбиесінде қолдануды үйренеді. қалыптастыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әр сәт- жаңа бастама


Мақсаты: Ата-аналар мен балалалар арасындағы жылы және

жағымды қарым- қатынасты нығайту;

Ата-аналарды өз балаларын түсіне білуге және көмек көрсете

білуге; балаларымен қарым-қатынаста өздерін бақылай

білуге және балаларының сезімдерін басқара білуге үйрету.

Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын

қалыптастыру.

М



індеті:
  1. Ата-ананың тәрбиедегі алатын орны маңыздылығын айтып өту;

  2. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлін ашу;

  3. Қатысушыларға отбасының әлеуметтік міндеттерін айтып өтіп,

Өту барысы:


Кіріспе.

- Құрметті ата-аналар ! Бүгін бәріміз «Әр сәт- жаңа бастама» атты ата-аналар мен балалар арасында өткізгелі отырған тренингке жиналып отырмыз.

«Амандасу» тренингі

Мақсаты: Амандасу, топты ұйымдастыру.

Нұсқау: Алдымен барлығымыз бір үлкен шеңбер құрып, 1-2 деп саналып шығайық. 1- лер - орнында қалады, ал 2-лер – 1-лерге қарама-қарсы тұрады.

Ішкі, сыртқы шеңберге бөлінеміз. Сыртқы шеңбер, ішкі шеңбер мүшелері бір-біріне қарама-қарсы тұрып, музыка қосылғанда сағат тілі бойынша берілген нұсқау бойынша төмендегі ұлттар бойынша бір-бірімен амандасады.

Енді мен қай халықтың сәлемдесуін атаймын, сол сәлемдесуді айтып және қимылмен жасауымыз керек.

  • Алдымен алдарымыздағы адаммен өзіміздің қазақ халқы сияқты амандасамыз. «Сәлеметсіз бе» деп екі қолыңызбен көрісе қойыңыз.

  • Орыс халқы сияқты «здравствуйте» деп, 3 рет құшақтасып беттерінен сүю керек.

  • Қытай халқы сияқты «ни хао» деп, қолдарын кеуде тұсына ұстап поклон жасайсыз.

  • Индия халқы сияқты қолыңызды маңдайыңызға үсап, «намасте» деп сәлемдесіңіз.

  • Неміс халқы сияқты қол алмасып, Guten Tag (гутен таг) деп салемдесе қойыңыз.

  • Жапон халқы сияқты тек қана поклон жасап, амандасыңыз. Және бір қызығы бұл иілу адамның статусына байланысты екен. Неғұрлым адам бай немесе бастық болса, соғұрлым иілу де төмен жасалады екен.

  • Испан халқы сияқты (Buenos Dias ) Буэнос Диас деп сәлемдесе қойыңыз.

  • Ағылшын халқы сияқты HELLO (хеллоу) деп қолыңызды көтере қойыңыз.

  • Француз халқы сияқты Bonjours (бонжур) деп, бір-бірімізді екі бетіңізден сұйесіз.

Европалықтар қол ұстап амандасады. Жапондықтар қолдарын бір – біріне түйістіріп, басын иеді, ал ал африкандықтар орнында секіріп «уу» деп айғайлайды.


Отбасы. Бұл сөз әр адам үшін өте ыстық. Бұл сөзді естігенде адамның бойында жылулық ұялайды, өйткені бұл сөздің астарында көп мағына жатыр. Адамның жеке басының қалыптасуы өз отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы қасиеттерінің дамуы отбасында бастау алатыны сөзсіз. Сол себептен, туған үйінің жылуы әр адамның көкірегінде жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасындағы тәрбиенің адам баласы үшін өте маңызды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деп халық даналығы айтқандай, басқа адаммен қарым – қатынаста оның үйде алған тәрбиесінің әсері мол.

Қазіргі заманда толық емес отбасы немесе ажырасу санының көбеюі, ата-ананың бала тәрбиесіне уақытын бөлмеуі, олардың педагогикалық мәдениетінің төмендеуі бала тәрбиесіне кері ықпалын беруде. Бұл факторлардың кесірінен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нашарлайды. Балаға көп көңіл бөлінбегендіктен, ол бала өзіне сенімсіз болып өседі немесе жат қылықтарға әуестенеді. Сонымен қатар, олар отбасын құруда да қиналып, ата-анасының қателіктерін қайталауы бір талай.

«Қуыршақ терапиясы»

- Құрметті ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі тренингімді мен «Танысу» жаттығуымен бастағым келіп отыр. Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым фольга, бірақта бұның сиқырлы қасиеті бар. Яғни қазір әрбір ата-ана осы фольгадан қуыршақ жасайды. Жасап болғасын ол сол қуыршақ арқылы өзін таныстырады. Олай болса, қуыршаққа есім береміз, яғни ат қоямыз. Оны өз қалауыңызша атауға болады. Ол Сіздің атыңызбен аталуы мүмкін немесе сізге ұнайтын, әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнайтын ат болуы да мүмкін. Ол өз қалауыңызға байланысты.

- Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті...» деп ертегісін бастайды. Яғни сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-өскені, неше баласы бар екені, отбасы туралы айтып, баяндап береді.


«Теңгерім – дөңгелегім» әдістемесі - (Цветкова Н.А.)

Бұл әр адамның өзінің қабылдауына және ішкі сезіміне байланысты. Мына шеңбер 8 сызыққа бөлінген. Әр сызық 10 шкаласы бойынша бөлінген. Әр сызықтың тұсында сөздер жазылған. Олай болса, сіздің өзіңіздің пайымдауыңыз бойынша, мысалы, денсаулығыңызбен қаншалықты қанағаттандырыласыз, 1-ден 10-ға дейін шкаланың қай сызығына сәйкес деп ойлайсыз? Денсаулығыңыз 100 пайыз мықты болса, 10, ал немесе аз ғана сыр беріп жүрсе 9 сияқты белгілейсіз. Шкаланың қалған сызықтары да сол сияқты белгіленеді.

Бұл әдістемені ата-аналармен де өткізуге болады.

-Баламның маған деген махаббаьты, Менің махаббатым, балама көңіл бөлуім, балама сенімім және т.с.с.

«Менің отбасымның асыл мұрасы» әдістемесі (Л.Д.Лебедева)

Бұл әдістеме адамның өз отбасының мұрасынан, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтарынан күш-жігер алуға бағытталған.

Бұл адамның өзін-өзі бағалауына, өзін-өзі қабылдауына байланысты. Бұл әдістемені отбасының әр мүшесімен өткізген пайдалы.

  • Сен өзіңнің ата-бабаларыңнан не алдың?

  • Адам өзі байқамай өзінің өмірлік мақсат-армандарын құрады.

Қатысушыларға А-4 бет және карандаштар, фломастерлер немесе борлар беріледі. Әрбір бетті 4-ке бөлу керек.

Төменгі сол жақ – «Мен өзімнің ата-бабамнан не алдым?» немесе «Менің ата-бабам маған не қалдырды?». (Мысалы, біреу арғы ата-бабаларына тартып әнші болды, суретші немесе ғалым, оқымысты әлде еңбекқор).

Төменгі оң жақ – «Мен өз әкемнен не алдым?» (Өз әкелеріңіздің қандай қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады).

Жоғарғы сол жақ – «Мен өз анамнан не алдым?». (Ол да сол сияқты).

Жоғарғы оң жақ «Мен осы өз бойымдағы құндылықтардан өз ұрпағыма не қалдырғым келед?і» немесе «Өзіңнен қандай із қалдырғың келеді?»

Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінеміз?

Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Отбасы жарастығы неде?

Отбасылық құндылық ағашы

Алдын ала жазылған отбасылық құндылықтар жазылған үлестірме қағаздар беріледі. Оларды ағаштың тамырынан, діңіне, бұтақтарына орналастырады.Тамыры ең негізгі отбасылық құндылық болып есептелінеді, ал бұтақтарына отбасыға маңызды бірақ қатты қолданылмайтын ,көп көңіл аудармайтын құндылықтар орналастырылады. Соңынан үлкн бәйтерек шығады, шыққан суретті өздері қорғап шығады.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дегендей ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себепті қазақ халқы бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білген отбасы берік болады.




1.Үнемі туындайтын қиындықтарға қарамастан, берілмеңіз. Мойымаңыз, өз балаңызға деген махаббатыңыз бен құрметіңізді жоғалтпаңыз

2.Балаңыздың ортасы туралы жеке және объективті түсінік қалыптастыру үшін, ондағы балалармен танысуға тырысыңыз. Оларды қонаққа шақырыңыз, олармен ақырындап сөйлесу үшін, ортақ іс-шаралар ұйымдастырыңыз.

3.Балаңызды бас тарта білуге дағдыландырыңыз. Өмір көп жағдайда жаман ортаға түсудің алғашқы қадамы «Сен бұны істей алмайсың ба?» деген сөзге лайықты қарсы сөз айта алмау екенін көрсетеді.

4.Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз. Оның көңіл күйінің жылдам өзгеруі, жабырқаңқылығы, бұрын оған тән болмаған басқа да реакциялары Сізді алаңдатуы тиіс.

Бала отбасын құрметтеуі және бағалауы үшін, ата-ана өзінен бастауы керек. Егер отбасында береке болмаса, күйеуі мен әйелі үнемі ұрысатын болса, баласы үшін уақыт таппаса, балаға дәл осындай отбасы қалыпты, дұрыс болып көрінеді. Есейген соң, өз отбасын құрғанда ол да ұрыс-керіс пен жанжалды жағдайда өмір сүретін болады. Және ата-анасымен араласуға, оларға қамқорлық танытуға уақыт таппайды.

Бұл жерден шығатын қорытынды: өз балаң үшін отағасының жағымды үлгісі болуға тырысу қажет! Өз жақындарыңды жақсы көру, оларға қамқор болу, көңіл бөлу, адалдықты сақтау, алғыс айта білу, отбасылық дәстүрлерді көзіңнің қарашығындай сақтау қажет.

АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Өз баласына кішкене күнінен бастап әр адамның өмірінде отбасының маңыздылығын түсіндіру, бала отбасының кез келген жағдайда келуге болатын орын екенін: бұл жерде сені түсінетінін және қолдайтынын, жасаған қателігіңді жөндеуге көмектесетін, болашақта қателікке ұрынбауға үйрететін орын екенін ұғынуы тиіс.

  • Жұмыс аса қауырт болған күннің өзінде, күн сайын балаңызбен және ата-анаңызбен сырласыңыз, оларға махаббатыңызды сездіру үшін уақыт табу қажет екенін ұмытпаңыз;

Баланың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, онымен ортақ демалыс ұйымдастыра біліңіз;

Жалпыұлттық, сонымен қатар, отбасыішілік отбасылық дәстүрлерді сыйлаңыз және қолдаңыз.

Жасөспірімдерді қолдау бойынша ата-ана стратегиялары.

БІРІНШІ СТРАТЕГИЯ:

Өз балаңызға көбірек күлімдеңіз!

ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ:

Өз балаңызбен көбірек сөйлесіңіз!

Оның сұрақтарына жауап беріңіз!

Оның қобалжуы мен қорқыныштарын талқылаңыз.

ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯ:

Құшақтауға жомарт болыңыз!

Өз балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады.

Әйгілі американ отбасы психологы Вирджиния Сатир былай деп жазған: “Жай ғана тірі болу үшін балаға күніне төрт рет құшақтау, ал қалыпты даму үшін он екі рет құшақтау қажет”.

ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯ:

Дұрыс, ынталандыратын, тыныштандыратын және баланың өзіне деген сенімін ұялататын ақыл-кеңес бере біліңіз.

Ата-ана ақыл-кеңестерінің үздік мысалдары мынадай:

«Сенің қолыңнан келетініне сенімдімін! Бәрі жақсы болады! Уайымдама, сабырлы бол! Өзіңе сенімді бол!».

«Сен ақылды әрі мықтысың! Мен сені мақтан тұтамын!».

«Қандай жағдай болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін үздіксің!».














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!