Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Араб тілі грамматикасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары №1
Топ |
23-9-91 |
23-9-92 |
23-9-93 |
23-9-94 |
Дәрістің өткізілетін күні |
|
|
|
|
Оқытушы: Сманова Хабиба
Пән: Араб тілі грамматикасы
Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» (0112013- Ислам негізінің мұғалімі), 2 курс, 23-9-91, 92, 93, 94 Сабақтың тақырыбы: Араб тілінде сөз және сөз жасаудың ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Студенттерді араб тілі граматикасын жетік білуге, терең түсініп, еркін сөйлеуге төселдіру. Дамытушылығы: Сөздік қорларын дамытып, еркін сөйлеуге баулу, ой-өрісін ойлау белсенділігін,сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Студентті шыдамдылыққа ,еңбекққорлыққа, жомарттыққа, білімпаздыққа,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім, жалпылау сабағы Сабақтың әдіс тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнектілігі: Үлестірмелі кеспе,плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Құран, тәжуид.
Әдебиет:
Негізгі: Мұғалім сарф .Абдурахман ибн Исмайл әл-Хажтурхани.
Қосымша:Мәбдәл-қираат
Бақтың барысы және уақытының өлшемі
№ |
Сабақ кезеңдері |
Кезең мазмұны |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайыдығын тексеру; Қызығушылықты ояту; |
2 минут |
2 |
Білімдерін тексеру
Білім бағалау өлшемі |
Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.
5 баллдық жүйе |
25 минут |
3 |
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі |
Сұрақ жауап баяндау арқылы: Сарф ілміне кіріспе. Ежелден қолданылып келе жатқан араб әріптері әуелде харекетсіз,нүктесіз, тәнуинсәз,шәддәсіз еді. Жаһлия дәуіріндегі араб әліпбиі кейінгі араб әліпбиі- нің арасындағы айырмашылықты мұсылмандар заманының талабына сай өзгертуге мәжбүр болды. |
25 минут |
4 |
Студенттердің өздік жұмысы |
Топтық жұмыс |
10 минут |
5 |
Тақырыпты бекіту |
Жаңа терминдермен таныстыру және Студенттің өз пікірлерін жазу. Морфологияның міндеті. Сарф ілмі нені түсіндіреді. |
20 минут |
6 |
Сабақ қорытындысы |
Бағалау. Сандық жүйе арқылы бағалау |
5 минут |
7 |
Үй тапсырмасы |
Мұғалім сарф. Мәтінді игеру. |
3 минут |
Оқытушы:___________________________
Кафедра меңгерушісі: :____________________
Әдіскер:_____________________
Сарф ілміне кіріспе.
Ежелден қолданылып келе жатқан араб әріптері әуелде харекетсіз,нүктесіз, тәнуинсәз,шәддәсіз еді.Жаһлия дәуіріндегі араб әліпбиі кейінгі араб әліпбиінің арасындағы айырмашылықты мұсылмандар заманының талабына сай өзгертуге мәжбүр болды.Жаһлия дәуірінде болсын, пайғамбар дәуірінде болсын, төрт халифа тұсында болсын арабша оқып жазу мұсылмандар
үшін аса қиын шаруа емес болатын. Себебі,арабтар жазылған әріптерге қарап жеңіл түрде ажыратып оқи беруші еді.Сондықтан алғашқы Құран аяттары жазылған парақтар мен кітаптар да осы іспетті үйреншікті әріптерден тұратын. Мұндай жазу әлбетте, сауаты бар, көзі ашық араб үшін ешбір қиындық тудырмайтын.Ал уақыт өте келе,Ислам дінінің шеңбері кеңейіп, арабтардан да өзге ұлт өкілдері мұсылмандықты қабылдағаннан кейін араб тілінің грамматикалық ерекшеліктері бұзыла бастайды.Сөйтіп, әсіресе,тегі араб емес мұсылмандар күн өткен сайын Құран аяттарын оқу мәселесінде едәуір қиындықтарға тап болады.Қиындықтар былай тұрсын, бірте-бірте аяттар жекелеген сөздер қате оқылып жатты.Осыдан келіп, Құран тілін шұбарлауға жол бермей сақтап қалудың жолдары қарастырыла бастады.
Араб тілінің синтаксисін алғаш бірізге келтіріп, реттеуші Хазреті Әли р.а. болып саналады.Хазреті Әлиден р.а. Әбул Әсуад әд -Дуали есімді кісі грам матикалық заңдылықтарды үйреніп, біліктілігімен көпке танылды.Кейінірек ол кісіден де көптеген шәкірттер дәрс алып Құранның қырағаты мен әдеби жағын зерттеуде ілкі қадамдар жасалды. Әбул Әсуад өз заманындағы танымал лингвист маман болғандықтан оған тіл саласын ретке келтіретін жаңа бір әдістеие енгізу жөніндегі ұсыныстар түсе бастайды.Осындай ұсыныстың алғашқысын Басра әкәмі Зияд ибн Сумйя жасайды.Ғалым бұл ұсынысты орындаудан алғашқыда бас тартты.Ал Зияд ибн Сумәйя болса,
Уақыт өткен сайын араб тіліне байланысты түсініспеушіліктің арта түсетінін Алдын ала пайымдап,бір де бір кісіге Әбуіл Әсуад әд-Дуалидің өтетін жолына отырып бір аятты әдейі қате оқуды бұйырады.Сөйтіп уәде бойынша әлгі кісі Әбул Әсуәттің өтіп бара жатқанын көріп Құрандағы Тәубе сүресінің үшінші аятын қате оқиды.Ал бұлай қате оқыған соң аяттың мағынасы мүлдем өзгеріп шыға келеді.Мұны құлағы шалған, қырағы Әбул
Әсуәд: Адамдардың жағдайы мұншалықты болады деп ойламадым -деп,Әкім Зиядқа өзі барып, оның ұсынысын орындайтындығын білдіреді.
Сабақ жоспары№2
Топ |
23-9-91 |
23-9-92 |
23-9-93 |
23-9-94 |
Дәрістің өткізілетін күні |
|
|
|
|
Оқытушы: Сманова Хабиба
Пән: Араб тілі грамматикасы
Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» (0112013- Ислам негізінің мұғалімі), 2 курс, 23-9-91, 92, 93, 94 Сабақтың тақырыбы:Калима сөз. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Калималардың түрлерін үйрету ,араб тілі сөздіктерін қолдана білуге
сөйлемдегі сөздердің өлшемдерін дұрыс таба білу, мазид калималарының өлшемдері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту ,сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Студентті шыдамдылыққа, еңбекққорлыққа, әдептілікке ,ұлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға,татулыққа ,бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ,жарыс сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап,топтастыру
Сабақтың көрнектілігі: Стикерлер, плакаттар,сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Құран, тәжуид.
Әдебиет:
Негізгі: Мұғалім сарф.Абдурахман ибн Исмайл әл-Хажтурхани.
Қосымша:Мәбдәл-қираат
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№ |
Сабақ кезеңдері |
Кезең мазмұны |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайыдығын тексеру; Қызығушылықты ояту; |
2 минут |
2 |
Білімдерін тексеру Білім бағалау өлшемі |
Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.Морфологияның міндеті.Сарф ілмі нені түсіндіреді.Сарф ілмін үйренудегі мақсат.
|
25 минут |
3 |
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі |
Жазып баяндау арқылы.Араб тілінде белгілі бір мағына білдірген сөз калима деп аталады.Калима әріптерден құралады. Араб тілінде сөз құрамы бір әріптен жеті әіріпке дейін болады: ب من قلم كتاب محمود اجتهاد Бұл сөздердің барлығы араб тілінде калима деп аталады. Калима үш түрлі |
25 минут |
4 |
Студенттердің өздік жұмысы |
Оқуышылардың тамриндермен жұмыс істеуі. калималардың түрлерін ажыратып жазу. |
10 минут |
5 |
Тақырыпты бекіту |
Сұрақ қою арқылы. Калимаһ деп нені атаймыз Калимаһ қалай құралады.Калимаһтың түрлері.Түбірге қосылған әрәптер қалай аталады.
|
20 минут |
6 |
Сабақ қорытындысы |
Бағалау. Сандық жүйе арқылы бағалау |
5 минут |
7 |
Үй тапсырмасы |
Мұғалім сарф.жаттығуларды орындау |
3 минут |
Оқытушы:___________________________
Кафедра меңгерушісі: :____________________
Әдіскер:_____________________
Калима сөз.
Араб тілінде белгілі бір мағына білдірген сөз калима деп аталады. Калима әріптерден құралады. Араб тілінде сөз құрамы бір әріптен жеті әіріпке дейін болады: ب من قلم كتاب محمود اجتهاد Бұл сөздердің барлығы араб тілінде калима деп аталады.Калима үш түрлі
болады:اسم فعل حرف исмун дегеніміз өзінен бір мағына түсіндіріп уақыт шақты білдірмейтін калима,фиғл дегеніміз мағынаны түсіндірумен бірге уақыт шақты да білдіреді,ал харф болса өздігінен мағына түсіндірмей исмге немесе фиғлға жалғанғанда ғана мағына береді. Мысалы:في البيت , لم يكتب деген сияқты.Араб тілінде калималардың көпшілігі сөз түбіріне сырттан қосымша әріптер қосу арқылы жасалады. Мысылы: امل калимасына ا , مәріптерін қосып عامل , معملсөздерін жасай аламыз.Түбірге қосылған әріптер сөз жасаушы қосымшалар деп аталады.Сөз жасаушы қосымшалар калиманың алдына да,ортасына
да,сондай-ақ соңына да қосыла алады.Мұндай қосымша әріптер қосылғанда түбірдегі харекеттер де өзгереді.Түбір харекеттері өзгеруі мен араларына басқа әріптердің қосылуынан сөздің түбір әріптері қайсы,қосымша әріптері қайсы екенін ажырату қиындығы туындайды.Сондықтан калиманың түбірін анықтамай тұрып,оның мағынасын білу қиын.
Араб тілінде түбірді қосымша әріптен ажырату үшін арнайы уәзінге жүгіну Керектігі туындайды. Араб тілінде шеттен қосылған әріптерді حروف زائدة негізгі өзек әріптерін حروف اصلية деп атаймыз. Сарф пәні –бір сөзден түпкі мағынасы бір-біріне жақын болған түрлі
сөздерді жасауды үйрететін пән.Араб калималарының түбір әріптері үш әріпті, төрт әріпті, және бес әріпті болады: Үш әріптіثلاثي - كتب زيد - Зайд жазды
Сабақ жоспары№3
Топ |
23-9-91 |
23-9-92 |
23-9-93 |
23-9-94 |
Дәрістің өткізілетін күні |
|
|
|
|
Оқытушы: Сманова Хабиба
Пән: Араб тілі грамматикасы
Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» (0112013- Ислам негізінің мұғалімі), 2 курс, 23-9-91, 92, 93, 94 Сабақтың тақырыбы: Мизан және қалб.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөздердің өлшемдерін дұрыс табу, өлшемдегі негізгі және зайда
әріптерді ажратуға ,калималарды уәзінге дұрыс қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: Студенттердің сөздік қорын,тіл байлығын дамыту,сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: Студентті ұйымшылдыққа, төзімділікке, әдептілікке, үлкенді құрметтеуге,