Материалдар / "Арайлы Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Арайлы Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Алтын күз жайлы ұғындыру. Әр істің ерекшеліктерімен пайдасы жайлы әңгімелеу Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Отаншылдыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
619
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арайлы алтын күз» мерекесі

Балалар қолдарында екі шармен маршпен кіреді. Орындарына тұрады.


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүгінгі бағдарламамыз «Алтын күз» мерекесіне арналады.

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қандай кез болады?

Оқушылар: Күз мезгілінде.


Тақпақтар.

1 - бала: Шаттандырып біздерді

Шат- шадыман күз келді.

Шатыр тікті сары алтын,

Шартараптың бәрі алтын.


2 - бала: Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар

Ойналық та, күлейік,

Енді оқуға кірейік.


3 - бала: Дәнге толып қызыл қырман,

Қырман басы қызық думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін

Келді алтын күзім менің.

Молшылық күз – береке күз,

Береке күз – мерекеміз.


4 - бала: Үркіп үйрек-қаздары,

Шулайды көл қоғалы.

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады.

Кейде құйын өтеді

Тозаңдатып жан-жақты.


5 - бала: Кейде құйын кетеді,

Доп қылып ап қаңбақты.

Бейне тентек баладай

Ойран асыр салады.

Алма бағын жағалай

Алмаларын қағады.


6 - бала: Жайсаң жаз өтті, күз келді,

Сарғайтты бақты, даланы.

Шақырады күз де енді

Гүл теруге баланы.

Күз кіреді

Жүргізуші: Амансыз ба, Алтын күз! Сіз неге көңілсізсіз?


Алтын күз: Амансыңдар ма, балалар! Ой, балалар, жыл мезгілі бізді шатастырып алыпты. Орманға барып, “қысқа дайынсыңдар ма?” деп сұрасам, олар: “қазір жаз мезгілі” дейді. (жылайды) Олар күзді ұнатпайды. Енді не істеймін? Сары жапырақтарым қайда? Жаңбырым қайда?


Жүргізуші: Алтын күз, сен ренжіме, біз саған көмектесеміз. Біздің балалар күз мезгілін жақсы көреді.

Ән: «Алтын күз» (Cтол астында жапырақтар)


Жүргізуші: Кәне, Алтын күздің жапырақтары, қайдасыңдар?


Би: «Жапырақтар»


Алтын күз: Рахмет, жапырақтарым маған оралғандарыңа.


Жүргізуші: Біздің балалар күз туралы орысша тақпақтар біледі.

1 - бала: Облетели листья с клёна

Клён от холода дрожит.

На дорожке у балкона

Золотой ковёр лежит.


2 - бала: Много на дорожках

Листьев золотых

Мы букет хороший

Сделаем из них.

Мы букет поставим

Посреди стола.

Осень золотая

В гости к нам пришла.


3 - бала: Осень наступила,

Высохли цветы,

И глядят уныло

Голые кусты.

Туча небо кроет,

Солнце не блестит,

Ветер в поле воет,

Дождик моросит.


Ән: «Жау, жау, жаңбыр»


Би:

Тақпақтар

1 - бала: Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе?

Сыңсып бағың мәуелеп.

Қамба толды астыққа

Алғыс саған, алтын күз!


2 - бала: Алтын күз әсем, әлбетте

Жайлап алды аймақты.

Кенелтіп ырыс, дәулетке

Дастарханды жайнатты.

3 - бала: Жапырақтар сарғайып

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.


4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.


5 - бала: Қарашы далаға, реңі сары ала

Пісті алма албырап.

Сарғайды бал құрақ.

Аспанды қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.


6 - бала: Алтын күз әйнектен

Асықпай қарайды.

Сап-сары жапырақ

Жолдарға тарайды.

Жаңбырдың тамшысы

Бұтаққа ілініп

Құстар да қоштасып.

Қимайды маңайды.


7 - бала: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.


Би:


Алтын күз: Балалар, рахмет, сендер менің көңілімді көтердіңдер. Сендер саңырауқұлақтың қалай өсетінін көргілерің келе ме?

Балалар: Ия.


Алтын күз: Онда көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа сиқырлы күзгі орманды елестетіңдер. Орманның барлығы сап-сары алтын түске енген. (Саңырауқұлақ және рольдегі балалар шығады)

Күздің бір жайма шуақ күнінде

Күзгі суық басталды.

Бұлт торлады аспанды,

Құстар ұшып барады.

Жаңбыр жиі жауады.

Су- су болған құмырсқа

Пана іздеп келеді.

Алаңда саңырауқұлақ өсіп тұр.

Құмырсқа шығады. Қатты жаурап тоңдым да,

Су болды менің мұртым да.

Кіріп паналайын

Саңырауқұлақ астына.

Көбелек кіреді. Қалармын-ау ауырып

Су болды ғой қанатым.

Жаңбыр емес сел ғой бұл

Қорғанайын мен кіріп.

Саңырауқұлақ астына.

Саңырауқұлақты бір айналып, Көбелек:

Құмырсқа, мен де кірсем бола ма?

Қалды, міне, тамағым да қарлығып.

Құмырсқа:

Кіргізер ем, әпкетай

Сыймайсың ғой, сен, мұнда.

Көбелек:

Көтере алмай қанатымды

Ұшуға да әлім жоқ.

Құмырсқа:

Жасырынып жаңбырдан

Тұра ғой онда қасыма.

Тышқан келеді.

Құйрығым да дірілдеп

Су ағады денемнен.

Мына жаңбыр астында,

Қалмас па екен ауырып.

Кірсем, рұқсат па екен,

Саңырауқұлақ астына.

Құмырсқа:

Кіргізер ем, ағатай,

Сыймайсың ғой сен мұнда.


Тышқан:

Жылжысаңдар сәл ғана,

Мен де сыйып қалармын.

Көбелек пен құмырсқа екеуі жылжып кіргізеді.

Алтын күз: Байғұс торғай шырылдап

Қорғанбақшы жаңбырдан.

Торғай дірілдеп ұшып келеді.

Торғай: Сел астында ұшам деп

Су болды ғой қанатым.

Аяқтарым су болып,

Секіре де алмаймын.

Мынау үлкен қалпағы бар

Саңырауқұлақ астына

Кірсем бе екен панаға.

Бәлкім мен де сыярмын

Үлкен үйдің астына.

Құмырсқа:

Орын жоқ саған, торғайым.

Торғай:

Халық бекер айтпаған

Көңіл сыйса бәрі сыяр.

Жылжысаңдар сәл ғана

Маған да орын табылар.

Алтын күз:

Аяқ-қолы дірілдеп

Жүрген ізін жоғалтып.

Саңырауқұлақ қасына

Қоян келді секіріп.

Қоян:

Қайғы төнді басыма

Қашып келем түлкіден.

Паналап мен сендерді

Құтылайын түлкіден.

Көбелек:

Аяйықшы қоянды,

Құтқарайық түлкіден.

Тышқан:

Қорғамасақ қоянды,

Құтқармасақ түлкіден,

Жоқ қой оған жарық күн.

Не де болса жасырып

Тығып оны көрейік.

Құмырсқа:

Тұрма, қоян, бол енді,

Жасырыншы, тез енді.

Қоян жасырынады, артынан түлкі келеді.


Алтын күз:

Қутыңдаған түлкі келді,

Қоян ізін аңдып жүрді.

Түлкі:

Мен табамын қоянды

Ол осында бір жерге

Жасырынған секілді.

Құмырсқа:

Көрмейсің бе, бұл жер тар

Орын жоқ қой қоянға.

Көбелек:

Тығылсын ол қай жаққа

Оң жаққа ма, солға ма?

Түлкі: Иіскейді, айналып шығып

Айтыңдаршы, шынымен.

Көрген жоқпыз қоянды

Деп тұрсыңдар ма сонда?

Тышқан:

Көрсек, білсек, айтар ек.

Түлкі:

Бәлкім, тауып алармын

Жүгірсем, қуып жетермін. (Кетіп қалады)

Алтын күз:

Жаңбыр жайлап тыйылды,

Күн ашылды жарқырап.

Барлық аңдар қуанып

Шаттанады жадырап.

Барлығы сыртқа шығып, «жаңбыр тоқтады» деп секіреді.

Құмырсқа: Мен келгенде саңырауқұлақ

Кіп-кішкентай болатын.

Өсті, міне, бойы да

Барлығымыз сыятын.

Саңырауқұлақ:

Су болса мен өсемін

Нәр береді ол маған.

Бір нәрсені түсіндім:

Достық жеңер қашанда.

Бір-біріңе қамқорлық

Көрсетіңдер қашанда.


Музыкамен Көңілсіз күн райы кіреді.

Көңілсіз күн райы: Ауырдыңдар ма? Мен барлығыңа ауруымды жұқтырдым.


Жүргізуші: Алтын күз, біздің сиқырлы орманға не болды? Бұл кім өзі?


Көңілсіз күн райы: Мен тұмаумын, жөтелмін, демікпе ангинамын. Халықтың сүйіктісі мен боламын – Көңілсіз күн райы.


Жүргізуші: Біздің балалар ауырмайды. Олар мектепке барады, күнде шынығады. Жаттығу жасайды, дәрумені бар тамақтар жейді.


Көңілсіз күн райы: Ой-ой-ой, жаттығу дейсің бе? Қандай жаттығу, кәне, тексерейін.


Жаттығу. Балалар жаттығу жасап көрсетеді.


Жүргізуші: Балалар, біз көңілсіз күн райына қандай дәрумендерді жақсы көретінімізді көрсетейік.


Қызанақ: Пай! Пай! Менде де пайдалы дәрумен бар. А – көзіңді қорғайды. В – жұқпалы аурулардан қорғайды.


Алма: Мен ас қорытуды жақсартамын. Қанды да тазартамын. Жүрек жұмысын жақсартамын. Ол аз десең, өміріңді де ұзартамын.


Асқабақ: Асқазанға, ішекке, жүрекке де, бүйрекке де пайдалымын мен. Тіпті бар ғой, ішек құрттарды жоқ етем.


Лимон: Менің атым – Лимон

Пайдам болса миллион.

Суық тисе емдеймін,

Ауруға жол бермеймін.


Қияр: Бүйректі тазартамын

Тәбетті де ашамын.

Тіпті бар ғой, бетті ағартамын

Өңді де жаңартамын.


Пияз: Мен тұрғанда басқаларға не жоқ

Менен асқан пайдалы дүние жоқ.

Мен тұрғанда адамдардың қасында

Аурулардың еш біріне орын жоқ.


Барлығы: Дәрумендерге бай

Көкөністерді жеңіздер

Болсын көңіліміз жай.


Көңілсіз күн райы: Ой, балалар, сендер осы дәрумендердің барлығын жейсіңдер ме? Онда мен де дәрумен жеп, шынығып жүрсем, ауырмаймын ба?


Балалар: Жоқ!


Би:


Ән:


Жүргізуші: Осымен 2 «Б» сыныбының «Арайлы алтын күз» атты мерекелік ашық тәрбие сағаты аяқталды. Назар қойып, тыңдағандарыңызға рақмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!