Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Арал теңізі балықтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Курстық жұмыс
Тақырыбы:«Арал теңізінің балықтары»
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ОРНЫ...........................................................................4
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................10
1.1 Арал теңізі балықтарының биологиялық ерекшелігі...................................10
1.2 Арал өңірінің балық шаруашылығы тарихы.................................................14
ІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.................................................................................19
2.1 Сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысы....................................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасырдың 70-жылдарының орта шенінен бастау алған Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Арал бөлімшесінің қызметкерлері теңіздің гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің өзгеруін негізге ала отырып тұздылығы жоғары суларда өмір сүруге бейімделген балықтармен тәжірибе жұмыстарын жүргізіп келеді.
Тәжірибе сынақ жұмыстарының көрсеткіші бойынша 17-60 пайыз тұздылықта өмір сүруге бейімделген азов түйетабанының Арал теңізінде жерсіндіру мүмкіндігі бар екені анықталды. 1976-1977 жылдары азов түйетабанының Арал теңізінің әр түрлі тұздылықтағы суында тіршілік ете алатындығын тәжірибелік сынақтан өткізді. Тәжірибе сынақтарының нәтижесінде азов түйетабанын Арал теңізіне жерсіндіру туралы биологиялық негіздеме дайындалды. 1979-1987 жылдары азов түйетабаны Арал теңізіне Азов теңізінен әкеленіп жіберілген болатын. Азов түйетабаны Арал теңізінде нәтижелі жерсініп, саны жағынан көбейіп, сол кездегі теңіздегі өндірістік маңызы бар жалғыз балық болды. Арал теңізінің экологиялық жүйесінің осындай тоқырауға ұшыраған кезеңінде, теңізге азов түйетабан балығының жерсіндірілуі үлкен жетістік еді. Балық шаруашылығы өркендеген өткен ғасырдың 60-70 жылдары Арал бассейнінде балық шаруашылығы жоғары қарқында дами түсті. Сол уақыт аралығында өңірде балық аулайтын және өңдейтін ірі шаруашылықтар жұмысқа қосылып, балық аулау техникасы мен технологиясы жоғарғы деңгейге дейін өскен болатын. Алайда теңіз суының тартылуы мен тұзы көбеюі салдарынан балық қоры күрт төмендеді.
Курстық жұмыс нысаны: Арал балықтарының биологиялық ерекше-лігі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Арал балықтарының систематикалық орны мен биологиялық құрылыс ерекшеліктерін және тіршілік жағдайын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Арал балықтарының систематикалық орны, құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайын зерттеу;
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама беру;
-
Арал өңіріндегі балық шаруашылығының тарихына тоқталу;
Сүйекті балықтар мен алабұға балығына талдау жасау;
Курстық жұмыс әдiстерi: Тақырыпты зерттеуде салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым әдістері қолданылды.
Жұмыстың практикалық маңызы: Шеміршекті балықтармен (акула) салыстыра отырып, сүйекті (алабұға) балықтардың прогрессивті өзгерістерін және қарапайым белгілерін анықтау. Сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ОРНЫ
Патшалық: Жануарлар - Animalia
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар немесе Бассүйектілер - Vertebrata seu Craniota
Бөлімі: Жақтылар– Gnathostomata
Класс үсті: Балықтар- Pisces
Класс: Сүйекті балықтар- Osteichthyes
Класс тармағы: Сәуле қанаттылар – Actinopteryqii
Қалаққанаттылар - Sarcopterygii
Инфракласс: Саусаққанаттылар - Crossopterygii және Қостынысты ба-лықтар
Отрядүсті: Нағыз сүйекті балықтар- Teleostei
Отряды: Алабұғатәрізділер- Perciformes
Тұқымдасы: Алабұғалар - Percidae
Өкілі: Өзен алабұғасы- Perci fluviatilis
Отряды: Албырттәріздестер- Salmoniformes
Өкілі: Арал албырты
Отряды: Бекіретәріздестер- Acipenseriformes
Өкілі: Тасекіре-Kaufmanni, Арал бекіресі
Отряды: Тұқытәрізділер - Cypriniformes
Өкілі: Аққайран - Leucіsсus іdus
Мөңке - Carassius
Арал қаракөзі - Abramіs safa aralensіs
Табан - Abramis
Ақмарқа - Aspius aspius
Арал қаязы - Barbus brachycephalus
Арал тыраны - Abramus brama
Арал тортасы - Rutіlus rutіlus.
Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класына жататын, қазіргі таңда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см-ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі болып келеді: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлерінің торсылдағы жойылған. Ұрықтануы сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірідей туатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі болып табылады) [1].
Сүйекті балықтардың қазіргі таңда 20 000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіндері де түрліше болып келеді. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтары болады. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажырата алады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп болады. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас болып келеді. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасқан. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ келіп жалғасады. Қысқа өңеші қарынға жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш болып келеді. Қарыннан аш ішек бастау алады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтардың аш ішегі мен тоқ ішегінің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндері болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайта түседі [2].
Тік ішегі аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық ұйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды заттарды зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертуіне, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға,сонымен қатар дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі жоқ. Тыныс алуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты болып табылады. Сүйекті балықтардың қан айналым жүйесі шеміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші болып келеді. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкен. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыс шығару арқылы байланыс жасайды[3].
Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас болып келеді. Көбіне дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы қосжынысты балық. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінетін сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Ал аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасушалар жетіледі. Сүйекті балықтарға сырттай ұрықтану тән, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік маңызы бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырылып, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтарға көбею кезінде жылыстап, өрістеу тән. Мысалы, бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мұхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады [4].
Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар.Бұлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек кездеседі. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанаттарының тең болмауы. Сонымен қатар,олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жанында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде мұндай ірі мүйізді шытыралар кездеспейді. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына байланысты ажырата алады. Бекірелердің кәсіптік маңызы зор. Дәмді еті және қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз «бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды» - деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті», «бекіренің бес кеспесі» - деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы – тасбекірелер болып табылады. Қазақстанда сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сәулеқанатты балықтар - қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-нан астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кездеседі және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасады. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдағы бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады [5].
Қалаққанаттылар (Sarcopterygii) - сүйекті балықтар класс тармағы. Же-лісі сақталған, омыртқалары шеңбер, жартылай шеңбер немесе диск тәрізді. Жоғарғы жақтары бас сүйегімен жалғасады немесе тұтасып бітеді. Қабыршақтары космоид типтес. Ішкі танау тесіктері жетілген. Қос жүзбеқанаттары етті, қабыршақпен қапталған немесе талшық тәрізді болып келеді,2 арқа жүзбеқанаттары бар. Құйрық жүзбеқанаттары гетероцеркальды немесе дифицеркальды. Торсылдағы мен клоакасы құрсақ жүзбеқанаттарының түбірі аралығында ашылады, спиральды ішек қақпашасы және жүректің артериальды конусы бар. 2 инфракласқа,отряд жоғарғы тармағы: саусаққанаттылар және қостынысты балықтар жатады; қазіргі уақытта 7 түрі белгілі [6].
Саусаққанаттылар (лат. Crossopterygii) — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрылып
біткен балықтардың ерекше тобына
жатады. 770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз