Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аралас сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аралас сабақ құрылымы
Бұл сабақ қазіргі білім берумекемелерінде кең
тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге
сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан
оны аралас сабақ
дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі
болады. Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі
ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген
тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда
қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай
біріктіру оны оқушыларға қызықты
етеді.
Аралас сабақ оқытушыға қатаң талап қояды.
Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр
элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ
сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге
болмайды.
Аралас сабақтың принциптері:
1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуін, оқуын қажетсінеді.
2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның
әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау
емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен
дағдыларына машықтандыру
керек.
3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда
және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену,
оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының
өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік
жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағыттау.
4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін
оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын
ұйымдастыру.
Аралас сабақтың кезеңдерінің
сызбасы:
Жұмысты ұйымдастыру Өткенді
қайталау Жаңа материалды оқу
Бекіту Үйге
тапсырма
2 мин. 10
мин. 25 мин. 5
мин. 3
мин.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру,
мақсатын анықтау. Бұл бөліснің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын
туғызу. Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін
сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі
алғашқы минуттарға байланысты. Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең.
Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі
қаланады.
2.
Үй
тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың
жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру
жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін
өткіздіреміз. Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы
жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды,
қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық
оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын
тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін
анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған
кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге
асыру.
Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем
беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі
табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін
жұмыстанады.
Үй тапсырмасы
жаңа материалды түсінуге керек болғанда, оны сабақтың басында
тексеру керек. Кейбір мектептерде әдейі бөлінген оқушылар үйге
берілген жазба жұмыстарын сабақтың алдында тексеріп, тексерудің
қорытындыларын сабақтың басында хабарлайды. Тексерудің Бұл түрі
тәрбиеге ықпал ету үшін ол талапқа сай жүру керек. Кейде үй
тапсырмасын сабақтың соңында тексеруге болады. Тексерудің Бұл
тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда
қолданылады. Білім, іскерлік, дағдыларды тексерудің алуан түрін
қолдануға болады. Жазба, графикалық, тәжірибелік тапсырмаларды
сыныпты аралап жүріп тексеруге болады. Жұмыстың мазмұнын,
нәтижелерін сынып болып тексереді. Жазбаша түрде орындалған
жұмыстарды мұғалім үйде тексереді.
Бұл кезең
мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететін күрделі кезең. Оқушылардың
білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа
материалды түсіндіргеннен де қиын.
Ауызша сұрау -
сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты,
бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен
тұрады.
Бірінші -
мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен
байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға
болады.
3.Өтілген тақырып бойынша
оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара,
жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.
Мұғалімнің
беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу
керек.
Екінші -
оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ
бөлім.
Үшінші -
оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең
бастысы - бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың
зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа
тарту. Кезеңнің мәні - сыныптың барлық оқушыларының білімдерін
жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық
іс-әрекет. Білімді тексеру – оқушылардың жұмысына педагогикалық
бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын,
түсінікті ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен
іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне
бақылаттыратын маңызды және әділ тәсіл.
4. Жаңа білімді баяндау, жаңа
материалды талдау. Жаңа материалды
белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу
кезеңі:
Кезеңнің
алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық
қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды
меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол
жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету. Жаңа білімді меңгеру
кезеңі:
Оқу-тәрбиелік
міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты
түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды
оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік
және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың
өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң
қатынасын қалыптастыру.
Бұл кезең
дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге
асырылады.
5.Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада
жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.)
Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі
мүмкін. Оқулықтармен
жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді
меңгергендігін олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан,
сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері.
Материалмен өз
бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың
жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең
түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға
машықтандыру.
6. Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.
7.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларға үй
тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар
беру
Оқу-тәрбиелік
міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау
әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға
түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие
береді, дамытады.
Бірінші.
Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне
көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін,
жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал
етеді.
Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:
-
Жаңа материал бойынша 4-5 минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізіп жаңа материалды бекітіп алу.
-
Өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.
Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:
-
Оқушыларға аяқталмаған, бекітілмеген материал бойынша үй тапсырмасын беруге болмайды.
-
Үй жұмысы негізінен келесі жаңа материалға дайындық түрінде болғаны жөн.
Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады.
Аралас сабақтың
13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және
оқушылардың мүмкіндігіне
байланысты.
«Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады». «Сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды. Олай болса, мұндай сабақты «тыңдаушылар сабағы» десек, артық болмайды»- деп тұжырымдаушылар да бар
Бұл – кәдімгі дәстүрлі сабақтың жүйесі. Демек, дәстүрлі сабақ аралас сабақ типіне жатады. Ал дәстүрлі сабақ пен дәстүрден тыс сабақтың бір-бірінен айырмашылығы неде? Дәстүрлі сабақтың ерекшелігі бірнеше элементтен тұратын құрылымының болуында.
Ф-Е-10/5.4
№ 12 сабақ жоспары
Пәні Қазақ әдебиеті
-
Тобы:
Күні, мерзімі:
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлғасы – Ш.Құдайбердіұлы және оның шығармашылығы жайында теориялық білім және практикалық дағды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім деңгейін дамыту
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, білімділікке және ана тіліміз қазақ тілін құрметтеуге,
қастерлеуге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі. Қазақстан тарихы
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі: .Қ, Алпысбаев Б.Әбдіғазиұлы «Қазақ әдебиеті» А.2004ж
Қосымша: 1. Қ.Әбдібаев, З.Қабдолов. Қазақ әдебиеті (11-сыныпқа арналған оқулық)
2. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті 1-2 бөлім.
3. Ұ.Асылов. Хрестоматия 11-сынып.
4. Ә.Шәріпов, С.Қирабаев. Хрестоматия 10-сынып
5. Ұ.Асыл. Қазақ әдебиеті (XIX ғасыр) Хрестоматия.
Сабақтың барысы мен мазмұны:
Сабақтың кезеңдері |
Мазмұны |
Әдіс-тәсілдері |
Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ |
Уақыты |
|||
Абай Құнанбаевтың шығармаларын еске түсіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. |
3 |
||||||
ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. Сабақтың түрі мен тақырыбын таныстыру Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлғасы –Абай Құнанбаев және оның шығармашылығының ішінде ерееше орын алатын қара сөздері жайында сөз етіп, оның көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері жайында теориялық білім және практикалық дағды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Абайдың қара сөздерін тыңдау |
2 |
||||||
III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау |
1 Абай Құнанбаевтың өмір жолы. 2. Абай шығармалары, тақырыбы 3. Абай лирикасы 4. Абай аудармалары 5. Абайдың қара сөздері 6. Қара сөздердің тәрбиелік мәні |
Сұрақ- жауап, бақылау, |
Таратпа материалдар ТОҚ |
15 |
|||
IV. Оқушылардың білімдерін бағалау. Оқушылардың еңбегін бағалап қорытындалау |
3 |
||||||
V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде) Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып өтіп, алдыңғы мәселемен байланыстырып кету. Тақтаға тақырыбын жазу. Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы |
7 |
||||||
VI Жаңа материалды түсіндіру: |
1. Шәкәрімнің өмір жолы. 2. Шәкәрімнің шығармашылығы. 3.Шәкәрім шығармашылы-ғындағы Абай өнегесі 4. «Жастарға» өлеңіндегі шыншылдық. 5. Шәкәрімнің поэмалары |
Түсіндіру, баяндау. Иллюстративті |
Таратпа материалдар, бейне материалдар |
25 |
|||
VII. Жаңа материалды бекіту |
1. Шәкәрімнің өмірі 2. Ойшыл ретінде қалыптасуы. 3. Әлеуметтік тақырыбындағы шығармалары 4. Еңбек тақырыбындағы өлеңдері |
Сұрақ-жауап, өзін –өзі бақылау, талдау |
|
15 |
|||
VIII. Сабақты қорытындылау |
Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдері бағаланып, өткен сабақты қорытындалау |
7 |
|||||
ІХ. Үйге тапсырма беру Қ, Алпысбаев Б.Әбдіғазиұлы «Қазақ әдебиеті» А.2004ж Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы |
3 |
Оқытушы: ________________________________________________________