Материалдар / Аралық емтихан 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аралық емтихан 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал аралық емтиханды өткізуге арналған тапсырмалардан тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2024
185
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Емтихан мазмұны

Қазақ тілі пәні бойынша


2) оқылым

Бөлімше

5-сынып

5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

6. Оқылым стратегияларын қолдану

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;

5.2.5.1мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру


3) жазылым

Бөлімше

5-сынып

4. Эссе жазу

5. 3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;


4) әдеби тіл нормаларын сақтау:

Бөлімше

5-сынып

1. Орфографиялық норма

4. Грамматика

лық норма

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу (дыбыстық талдау);

5.4.4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;













«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

5-сынып



Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну үшін оқиды, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алмайды.


Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Оқылған мәтін мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 2 сұрақ құрастырады


Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады.

Оқылған мәтін мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.


Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады

Жазылым

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.


Әдеби тіл нормалары

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алмайды, грамматикалық сауаттылығы өте төмен;


Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді;


Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазуда 1-2 қате кездеседі;


Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді;


Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады (дыбыстық талдау);


Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғап түрлендіреді, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді;





1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6




5

30



























Аралық аттестаттау тапсырмалары


5-сынып. І нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)



1-тапсырма. Берілген мәтінді оқы, нақты ақпараттарды тап.
2- тапсырма.
Мәтін мазмұнын түсіну, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 4 сұрақ құрастыр.


Бесікке салу

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. (128 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://iotvetik.com/question39490512 )


Тапсырманы орындау.

Нақты ақпараттар:

Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 4 сұрақ құрастыру.

2) Жазылым. (3 балл)

«Қазақ отбасындағы дәстүрлер» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазыңыз. 100-110 сөз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл).Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаз.
Эссе мәтініндегі 2 зат есімге дыбыстық талдау жаса.






























Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл


Оқылым

мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

-негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған
4 сұрақ құрастырады.

(0,5 балл).

1



Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

-қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, зат есімдерге дыбыстық талдау жасайды

.

3

-мәтіннен зат есімдерді табады (0,25 балл);

-дауысты дыбыстардың жіктелуін біледі (0,25 балл);
- дауыссыз дыбыстардың жіктелуін біледі(0,25 балл).

- сауатты жазады (0,25 балл);


1






















Аралық аттестаттау тапсырмалары


5-сынып. ІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрыңыз.


Бір ананың жеті қызы

Бір ананың жеті қызы болды. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі анасын қалай сағынғандарын айтады.

- Мен сені күн сәулесін күткен дала гүліндей сағындым,- деді біріншісі.

- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім, -деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым, -деді үшіншісі.

-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.

- Сен менің түсімде раушан гүлі болып көріндің, - деді бесіншісі.

- Мен шие бағын іздеген бұлбұлдай сенің жолыңды күттім, -деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ - киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп береді. Анасының аяғын жуады. Анасына тамақ дайындап береді. (112 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://infolesson.kz/aza-tilinen-oilim-mtinderi-3359854.html )

Нақты ақпараттар:

Мазмұндау жоспары:

2) Жазылым. (3 балл)

«Анасыз үй – көңілсіз күй» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазыңыз. 100-110 сөз.

Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.











Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады

3

-мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);

-септік жалғауларын жалғайды(0,5 балл);

-сауатты жазады(0,25 балл);

1









Аралық аттестаттау тапсырмалары


5-сынып. ІІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрыңыз.


Хоббидің пайдасы

Бос уақытымызда айналысатын нәрсеміз хобби/сүйікті іс деп аталады. Хобби ағылшын тілінен аударғанда «сүйікті іс» дегенді білдіреді.

Хобби несімен пайдалы?

  1. Хобби қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды, күйзелістен сақтайды.

  2. Хобби адамдарды жақындастырады. Сізді қызықтыратын нәрселерге құмар адамдарды табуға көмектеседі. Бұл отбасы немесе жаңа достар болуы мүмкін.

  3. Хобби денсаулыққа пайдалы. Оған би, жүзу, велосипед тебу және дене шынықтыру жаттығуларының түрлері және т.б. жатады. Тіпті оригами және кроссворд сияқты хоббилер де біздің санамызға пайдалы және Альцгеймер ауруының алдын алады. Олар мидың жұмысын, көңілдің шоғырлануы мен есте сақтауды жақсартады.  Сүйікті ісіңіз сізді тыныштандырады, шабыттандырады, өміріңізге толықтық сезімін қосады. Сүйікті іспен айналысу адамды еркін әрі көңілді етеді.

  4. Хобби біздің қабілетімізді дамытады, табандылықпен біз құмырашының немесе басқа қолөнер түрлерін  меңгере аламыз, түрлі би билеуді, шахмат ойнауды да үйрене аламыз. Қабілет өскен сайын өзіне деген сенімділік те артады. ( 134 сөз)

  5. (Ақпарат дереккөзі:http://sc0004.atbasar.aqmoedu.kz/content/polyza-hobbi)


Нақты ақпараттар:

Хобби күйзелістен сақтайды. Хобби адамдарды жақындастырады. Хобби денсаулыққа пайдалы. Хобби біздің қабілеттерімізді дамытады. Хобби кез келген адамда табандылықты дамытады.

Мазмұндау жоспары:

  1. Хобби сөзінің мағынасы

  2. Хоббидің көңіл-күйге пайдасы

  3. Хоббидің дос табуға көмектесуі

  4. Хоббидің денсаулыққа пайдасы

  5. Хоббидің қабілетімізді дамытуы

  6. Хоббидің табандылықты дамытуы



2) Жазылым. (3 балл)

«Хобби өмірімізді қызықты етеді» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, мәтіндегі ақпаратты негізге алып, өзіңізге таныс адамды немесе оқиғаны сипаттап эссе жазыңыз. (100-110 сөз)


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.



Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе адамды сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі ақпаратқа сүйене отырып, өзіне таныс адам немесе оқиғаны суреттеп, толық мазмұнын ашады(1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады

3

-мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);

-септік жалғауларын жалғайды(0,5 балл);

-сауатты жазады(0,25 балл);

1



Аралық аттестаттау тапсырмалары


5-сынып. ІV нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)



1-тапсырма. Берілген мәтінді оқы, нақты ақпараттарды тап.
2- тапсырма.
Мәтін мазмұнын түсіну, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 4 сұрақ құрастыр.


Қазақтардың аспан әлемі туралы түсініктері.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған.

Қазақстан жерінде тамыз айынан мамыр айына дейін әлем жарты шарының солтүстік – шығыс жағында «X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады. Оны халқымыз Шідер немесе Таразы шоқжұлдызы деп атаған. Бұл шоқжұлдыз төрт түліктің жайымен жиі көшіп – қонып отырған халқымыздың белгілі бір жыл маусымдарын дәл анықтауына және соған қарай қам – қаракет жасауына игі ықпал еткен.

«X» немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдыздың дәл ортасында үш жұлдыз қатар көрінеді. Мұны халқымыз «үш арқар» деп атаған. (132 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://ulagat.com/2021/08/28/ )


Нақты ақпараттар: Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. «Х» сияқты немесе «ромба» тәрізді көрінетін шоқжұлдызды Шідер немесе Таразы деп атаған. «Х» сияқты немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдыздың дәл ортасында үш жұлдыз қатар көрінген. Оны халқымыз «үш арқар» деп атаған.

Сұрақтар.

    1. Халқымыз жұлдыздарға атау қойғанда неге сүйенді?

    2. Аспандағы ақ тұмандықты не деп атаған?

    3. «Х» сияқты немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдызды қалай атады?

    4. Үш арқар жұлдызы қайда орналасқан?


2) Жазылым. (3 балл). «Аспан әлемі құпия сырларға толы»тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, оқылым мәтініндегі оқиғаны немесе кейіпкерді сипаттап эссе жазыңыз. (100-110 сөз)


Әдеби тіл нормалары. (1 балл). Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаз.
Эссе мәтініндегі 2 зат есімге дыбыстық талдау жаса.
Үлгі:
От-ба-сы 6 әріп, 6 дыбыс ,3 буын


О-дауысты,жуан,ашық,еріндік

т-дауыссыз,қатаң

б-дауыссыз,ұяң

а-дауысты,жуан,ашық,езулік

с-дауыссыз,қатаң



Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл



Оқылым

мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

2

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

-негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған
4 сұрақ құрастырады.

(0,5 балл).

1

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3



Әдеби тілдің нормалары

-қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, зат есімдерге дыбыстық талдау жасайды

.

3

-мәтіннен зат есімдерді табады (0,25 балл);

-дауысты дыбыстардың жіктелуін біледі (0,25 балл);
- дауыссыз дыбыстардың жіктелуін біледі(0,25 балл).

- сауатты жазады (0,25 балл);


1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!