Материалдар / Аралық емтихан тапсырмалары қазақ тілі 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аралық емтихан тапсырмалары қазақ тілі 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал аралық емтиханды өткізуге арналған тапсырмалардан тұрады……
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2024
161
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Емтихан мазмұны

Қазақ тілі пәні бойынша


2) оқылым

Бөлімше

6-сынып

6. Оқылым стратегияларын қолдану

6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;



3) жазылым

Бөлімше

6-сынып

4. Эссе жазу

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу(«келісу, келіспеу» эссесі);


4) әдеби тіл нормаларын сақтау:

Бөлімше

6-сынып

4. Грамматика

лық норма

6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану



















«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

6-сынып



Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды толық қолданбайды, ойын толық ашып айта алмайды, іріктеп, оқуда, рөлге бөліп оқуда 7-8 қате жібереді.

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды жартылай қолданады, іріктеп, рөлге бөліп оқуда 4-5 қате жібереді.

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды еркін қолданады іріктеп оқиды, рөлге бөліп оқиды.

Жазылым

Эссе тақырыбына қатысты мәліметтер толық сақтамайды, абзац түрлерін жүйелі құрастыра алмайды, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). 5-6 грамматикалық қате жібереді.

Эссе тақырыбынан аздап ауытқиды, абзац түрлерін құрастырады, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). Сөйлемді дұрыс құрай алады. Алайда сөйлемдер арасында логикалық бірізді байланыс жоқ.

Эссе тақырыбынан ауытқымайды, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі).

Әдеби тіл нормалары

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда 5-6 қате жібереді.


Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 5-6 қате жібереді.

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда 3-4 қате жібереді.


Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 3-4 қате жібереді.

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында еркін қолданады.



Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.







1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6




5

30



























Аралық аттестаттау тапсырмалары


6-сынып. І нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)



1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Қазіргі заман өнер мұражайы

Астана қаласындағы Қазіргі заманғы өнер мұражайы 1980 жылы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнана астам көркем шығарма жинақталған.

Мұражай негізгі үш зал мен қосымша көрме залынан тұрады. Небәрі тоғыз ғылыми қызметкер Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония және Тәжікстан суретшілерінің шығармаларымен жұмыс жасайды.Мұражайда үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-студия жұмыс істейді.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы қаладан алшақ жерлердегі балабақша, мектептер мен әскери бөлімдерде жылжымалы көрме ұйымдастыру тәжірибесін бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келеді. Жыл сайын мұражайға 70 мың адам келеді, мыңнан астам іс шара өткізіледі. (100 сөз)

(Ақпарат дерекккөзі: https://yvision.kz/kk/post/astana-azirgi-zaman-ner-m-razhayy-378694 )


Нақты ақпараттар

Комментарий






2) Жазылым. (3 балл)

«Мұражай - өткен өмірдің айнасы» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында етіс түрлерін қолданыңыз. 110-120 сөз


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе жазу барысында қолданған етіс түрлерін мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Өздік

Өзгелік

Ырықсыз

Ортақ














Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл


Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • ақпараттарға комментарий жасайды (0,5 балл).

1



Жазылым


Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл);

-абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл);

- көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Етістіктің етіс түрлерін жазбаша тілдесім барысында қолданады.


3

-Эссе жазу барысында етістіктің етіс түрлерін қолданады. (0,5 балл);

- етістің мағыналық түрін ажыратады (0,5 балл);

1












Аралық аттестаттау тапсырмалары


6-сынып. ІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Кітап – білім бұлағы

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де кітап. Француз жазушысы Дени Дидро: «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды», – деген. Ал дана халқымыз: «Кітап – қазына», – деген.

Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенін айнасы, ғылым білімнін көзі, өнер мен тәрбие туралы, өмір күресінің ен мықты қаруы болатын ақылшы досын. Кітап адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап арабтың сөзі. Ол қазақша «Жазу, жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап көп ақылдан құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш-білімде, білім-кітапта», «Кітап-ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейіл асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз.

Артық ғылым кітапта. Ерінбе оқып көруге, деп Абай атамыз айтқандай , “Білімнің қайнар бұлағы-кітап» сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. (136 сөз)

(Ақпарат дереккөзі:https://ziatker.kz/docx/maqala_kitap_bilim_bulagy_53587.html )


Нақты ақпараттар

Комментарий



2) Жазылым. (3 балл)

«Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында үстеудің мағыналық түрлерін қолданыңыз. 110-120 сөз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған үстеулерді мағыналық түріне қарай ажыратыңыз және синонимдік қатарын құрыңыз.







Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • ақпараттарға коментарий жасайды (0,5 балл).

1

Жазылым


эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл);

-абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл);

- көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады

3

-Эссе жазу барысында үстеулерді қолданады. (0,25 балл);

- үстеудің мағыналық түрін ажыратады (0,25 балл);

- үстеуге синоним жазады (0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

1

















Аралық аттестаттау тапсырмалары


6-сынып. ІІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.



Астанам – «Бас қалам»!

Бүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.  Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.

Астана – Қазақстанның бас қаласы.  Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенемін. (115 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://bilim-all.kz/article/5796-Astana )

Нақты ақпараттар

Комментарий






2) Жазылым. (3 балл)

«Астана – болашақтың қаласы» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында етіс түрлерін қолданыңыз. 110-120 сөз


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе жазу барысында қолданған етіс түрлерін мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Өздік

Өзгелік

Ырықсыз

Ортақ














Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл


Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • ақпараттарға комментарий жасайды (0,5 балл).

1



Жазылым


Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл);

-абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл);

- көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Етістіктің етіс түрлерін жазбаша тілдесім барысында қолданады.


3

-Эссе жазу барысында етістіктің етіс түрлерін қолданады. (0,5 балл);

- етістің мағыналық түрін ажыратады (0,5 балл);

1













Аралық аттестаттау тапсырмалары


6-сынып. ІV нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)


1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Қазақтың қонақжайлығы

Қазақ отбасына тән абзал қасиеттердің бірі — ежелден бері келе жатқан қонақжайлылық. Қонақ болу үшін оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақасыны «бөлінбеген еншім» деп талап етуге еркі болған. Қонақ асыны «бөлінбеген енші» деудің өзі қазақ арасына кең тарап, дәстүрге айналып қалыптасқан халық жоралғысы екенін көрсетеді.

Қазақ «Қырықтың бірі — Қыдыр» дейді. Мұнысы қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен. «Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан.

Қазақ отбасында балалар жастайынан қонақжайлылыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнері болса ән салғызып, күй тартқызады, ертегі, қиссалар айтқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп халық тегін айтпаған. (119 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/salt-dastur/47050/ )


Нақты ақпараттар

Комментарий






2) Жазылым. (3 балл). «Бүгінгі таңда казақтың салт-дәстүрлері жақсы сақталған» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында үстеудің мағыналық түрлерін қолданыңыз. 110-120 сөз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған үстеулерді мағыналық түріне қарай ажыратыңыз және синонимдік қатарын құрыңыз.









Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • ақпараттарға коментарий жасайды (0,5 балл).

1

Жазылым


эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл);

-абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл);

- көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады

3

-Эссе жазу барысында үстеулерді қолданады. (0,25 балл);

- үстеудің мағыналық түрін ажыратады (0,25 балл);

- үстеуге синоним жазады (0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

1











Аралық аттестаттау тапсырмалары


6-сынып. ІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы нақты ақпараттарды табады.


2-тапсырма. Нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Кітап – білім бұлағы

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де кітап. Француз жазушысы Дени Дидро: «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды», – деген. Ал дана халқымыз: «Кітап – қазына», – деген.

Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенін айнасы, ғылым білімнін көзі, өнер мен тәрбие туралы, өмір күресінің ен мықты қаруы болатын ақылшы досын. Кітап адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап арабтың сөзі. Ол қазақша «Жазу, жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап көп ақылдан құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш-білімде, білім-кітапта», «Кітап-ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейіл асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз.

«Артық ғылым кітапта. Ерінбе оқып көруге», - деп Абай атамыз айтқандай , «Білімнің қайнар бұлағы - кітап» сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. (136 сөз)

(Ақпарат дереккөзі:https://ziatker.kz/docx/maqala_kitap_bilim_bulagy_53587.html )


1.Француз жазушысы Дени Дидро кітапқа қатысты қандай ой білдірген?

а) Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.

в) «Кітап – қазына»

с) «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды»


2. Кітап араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

а) «жазу, жазба»

в) «мұқаба»

с) «аударма, сөздік»

3. «Артық ғылым кітапта. Ерінбе оқып көруге», - деп кім айтқан?

а) Шоқан Уәлиханов

в) Абай Құнанбайұлы

с) Ахмет Байтұрсынұлы



Нақты ақпараттар

Комментарий

Дени Дидро адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қоятындығын айтқан.


Кітап араб тілінен аударғанда «жазу, жазба» деген мағынаны білдіреді.


Абай атамыз артық ғылымның кітапта екендігін айтқан.


2) Жазылым. (4 балл)

«Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында үстеудің мағыналық түрлерін қолданыңыз. 60 сөз.








Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

  • ақпараттарға коментарий жасайды (0,5 балл).

1

Жазылым


эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл);

-абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл);

- көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Үстеудің мағыналық түрлерін қолданады.

3

-Эссе жазу барысында үстеулерді қолданады. (1 балл);


1













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!