Материалдар / Аралық емтихан тапсырмалары қазақ тілі 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аралық емтихан тапсырмалары қазақ тілі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал аралық емтиханды өткізуге арналған тапсырмалардан тұрады.…
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2024
164
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Емтихан мазмұны

Қазақ тілі пәні бойынша


2) оқылым

Бөлімше

7-сынып

6. Оқылым стратегияларын қолдану

7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу


3) жазылым

Бөлімше

7-сынып

4. Эссе жазу

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)


4) әдеби тіл нормаларын сақтау:

Бөлімше

7-сынып

4. Грамматика

лық норма

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

























«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

7-сынып



Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алмайды,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

3-4 қате жібереді

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

1-2 қате жібереді.

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасайды,шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді.


Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.

Әдеби тіл нормалары

Эссе жазу барысында оқшау сөздердің дұрыс қолдана алмайды орфографиялық,пунктуациялық,стильдік ,грамматикалық сауаттылығы төмен.


Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолдана алмайды,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық,пунктуациялық,стильдік ,грамматикалық сауаттылығы төмен.

Эссе жазу барысында оқшау сөздерді дұрыс қолдана алмайды орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.


Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді

Эссе жазу барысында оқшау сөздерді дұрыс қолдана алады. сауатты жазады.





Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылаудың түрлерін ажырата алады,сауатты жазады.












1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6




5

30
















Аралық аттестаттау тапсырмалары


7-сынып. І нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)


1-тапсырма.
Мәтіннен 3 нақты ақпаратты іріктеп жазып алыңыз.
2- тапсырма.
Оқылым стратегияларын қолданып, нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Қазақтың дәстүрлі дастарқаны, негізінен, мал шаруашылығының өнімдері мен сүт тағамдарынан құралады. Ал егіншілік өнімдері астық, көгөніс, жеміс-жидектер ұлттық тағамдарға қосалқы нәр беруші, дәмдеуіш ретінде саналған.
Қазақ халқы мал етінен түрлі тағамдар дайындаған. Суға қайнатып, майға қуырып, қақтап, қарып пісірудің тәсілдерін жетік пайдаланған. Оларды сақтаудың бірнеше түрін білген. Сақтаудың әдіс-тәсілдері көшпелі тұрмыстың ауқымында сан ғасырлық тәжірибе негізінде қалыптасқан. Еттен қарын бөртпе, қимай, қуырдақ, ми палау, сорпа, сірне, ұлпершек, шұжық, қазы және т.б. тағамдар әзірлеген.
«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамдарын да ерекше қастерлеп, құт-береке, несібе деп киелі санаған. Абайсызда ақ төгілсе, оған саусағын малып, мандайына жағып, ырыс-құт кетпеу ырымын жасайды. Түйе мен биенің сүтінен қымыз, шұбат, сиырдың сүтінен айран ұйытып, сарымай шайқап, қатық, сүзбе, құрт сүзіп, ақ ірімшік,
қызыл ірімшік, ежiгей қайнатып, алуан түрлі тағамдар әзірлеген. Шөл қандыру үшін айранға су қ
осып, шалап жасаған.
Қазақ үшін дәмнен, дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқан басындағы сұхбат-әңгіме, ән-жыр қазақ мәдениетінің мәйегі іспеттес.​
(150 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://mozgotvet.com/kaza-tili/16901021-2020-07-24 )



2) Жазылым. (3 балл)

Халқымызда «Ас – адамның арқауы» деген сөз бар. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында шылау түрлерін орынды қолданыңыз. 120-130 сөз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған шылауларды түрлеріне қарай ажыратыңыз.







Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасайды,іріктеп оқиды,зерттеп оқиды.

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (дискуссивті эссе).

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Шылау түрлерін ажырата біледі,орынды қолданады.

3

-эссе жазу барысында шылауларды қолданады (0,25 балл);

- шылауларды грамматикалық сипатына қарай ажыратады; (0,75)

-сауатты жазады (0,25 балл).

1








Аралық аттестаттау тапсырмалары


7-сынып. ІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты іріктеп жазып алыңыз.
2- тапсырма.
Оқылым стратегияларын қолданып, нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


«Егер сізге компьютеріңізден ажырау қиынға соқса, компьютерлік ойындар сізге демалу мен тамақтануды ұмыттырса, ғаламторда хат алмасуды өз бетіңізбен тоқтата алмасаңыз, міндетті түрде психиатр маманның көмегіне жүгінгеніңіз жөн». Бұл – американдық психолог Джеральд Блоктың жасаған тұжырымдамасы. Ол компьютерге тәуелділікті психиатриялық ауытқудың бір түріне жатқызады.

Қытайда жеткіншектердің 13,7%-ы ғаламторға тәуелді екен. Бұл – 10 миллион бала ғаламтор тұтқыны деген сөз. Бүкіл әлем бойынша ғаламторға тәуелділіктен емдейтін арнайы клиникалар ашылуда. Қытайда электрошок қолданып емдейтін клиника ашылған. Ем қабылдаған балалар «ғаламтор» деген сөзді аузына да алмайтын болып шығатын көрінеді.

Ал Аустралияда ата-аналар «әлеуметтік желілер жас жеткіншектерді ақымақ қылады» деп дабыл қағуда. Әлеуметтік желілерді пайдаланатын балалардың 65%-ы үй шаруасына немқұрайлы қарап, оқуы нашарлап, интеллектісінің дамуы төмендейтінін айтады. Осының салдарынан ата-аналар балаларының болашағына алаңдаулы. (116 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: http://www.akjolgazet.kz/?p=23552 )


2) Жазылым. (3 балл)

«Ғаламторға тәуелділік – ғалам дерті». Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында шылау түрлерін орынды қолданыңыз. 120-130 сөз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған шылауларды түрлеріне қарай ажыратыңыз.
















Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасайды,іріктеп оқиды,зерттеп оқиды.

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (дискуссивті эссе).

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Шылау түрлерін ажырата біледі,орынды қолданады.

3

-эссе жазу барысында шылауларды қолданады (0,25 балл);

- шылауларды грамматикалық сипатына қарай ажыратады; (0,75)

-сауатты жазады (0,25 балл).

1






Аралық аттестаттау тапсырмалары


7-сынып. ІІІ нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)

1-тапсырма. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты іріктеп жазып алыңыз.
2- тапсырма.
Оқылым стратегияларын қолданып, нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Сүйіспеншілік және достық

Достық— адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.

Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. (146 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Достық )


2) Жазылым. (3 балл)

«Дос - көңілдің күмбезі» тақырыбында құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай,берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіре отырып, дискуссивті эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында оқшау сөздердің қызметін түсініп қолданыңыз. (120-130 сөз)


Әдеби тіл нормалары (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған оқшау сөздерді қызметіне қарай жіктеп көрсетіңіз.

Одағай

Қыстырма

Қаратпа








Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасайды,іріктеп оқиды,зерттеп оқиды.

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (дискуссивті эссе).

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Эссе жазу барысында оқшау сөздердің қызметін түсіне отырып қолданады.

3

-эссе жазу барысында оқшау сөздерді қолданады (0,25 балл);

- оқшау сөздерді қызметіне қарай ажыратады; (0,75)

-сауатты жазады (0,25 балл).

1










Аралық аттестаттау тапсырмалары


7-сынып. ІV нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)


1-тапсырма. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты іріктеп жазып алыңыз.
2- тапсырма.
Оқылым стратегияларын қолданып, нақты ақпараттарға комментарий жасаңыз.


Ер есімі – ел есінде

Қазақстан тарихы мәліметтеріне сәйкес, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар  алған. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі — үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді.

Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші Мәншүк Мәметова және мерген Әлия Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Сергей Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер Серікбай Мүткенов, Иван Новиков, ұшқыш Нүркен Әбдіров, минометші Қарсыбай Сыпатаев, атты әскер Бақытжан Қаратаев, сапер Петр Гончаров, политрук Мәлік Ғабдулин, торпедалық катер командирі Борис Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. 

Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев, капитан Борис Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды. (166 сөз)

(Ақпарат дереккөзі: https://sputnik.kz/20180509/5554791.html )


2) Жазылым. (3 балл). «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай,берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіре отырып, дискуссивті эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында оқшау сөздердің қызметін түсініп қолданыңыз.

(120-130 сөз)

Әдеби тіл нормалары. (1 балл). Эссе мәтінінде қолданған оқшау сөздерді қызметіне қарай жіктеп көрсетіңіз.

Одағай

Қыстырма

Қаратпа








Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасайды,іріктеп оқиды,зерттеп оқиды.

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (дискуссивті эссе).

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Эссе жазу барысында оқшау сөздердің қызметін түсіне отырып қолданады.

3

-эссе жазу барысында оқшау сөздерді қолданады (0,25 балл);

- оқшау сөздерді қызметіне қарай ажыратады; (0,75)

-сауатты жазады (0,25 балл).

1








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!