Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аралық емтихан тапсырмалары қазақ тілі 8-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Емтихан мазмұны
Қазақ тілі пәні бойынша
2) оқылым
Бөлімше |
8-сынып |
6. Оқылым стратегияларын қолдану |
8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу,талдап оқу. |
3) жазылым
Бөлімше |
8-сынып |
4. Эссе жазу |
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе). |
4) әдеби тіл нормаларын сақтау:
Бөлімше |
8-сынып |
4. Грамматика лық норма |
8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану. 8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу. |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
8-сынып
|
Төмен көрсеткіш 1-2 балл |
Орташа көрсеткіш 3-4 балл |
Жоғары көрсеткіш 5 балл |
Оқылым |
Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды. |
Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді. |
Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі. |
Жазылым |
Эссенің құрылымы мен даму желісін сақтамайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда қиналады, өз ойын дәлелдеп (аргументативті эссе)жаза алмайды. 7-8 грамматикалық қате жібереді. |
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда, өз ойын дәлелдеп жазуда 4-5 қателіктер жібереді (аргументативті эссе). |
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе). |
Әдеби тіл нормалары |
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен.
Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда толық қолдана алмайды, грамматикалық сауаттылығы өте төмен. |
Мәтінмен жұмыс жасауда 1-2 қателіктер кездеседі, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (3-4) жіберіледі.
Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда 1-2 қателіктер кездеседі, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (3-4) жіберіледі |
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда қолданады. |
1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
р/с |
Сөйлесім әрекеті |
Балл қою нормативі, ең жоғары балл |
5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы |
30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы |
1 |
Оқылым |
1-тапсырма - 0,5 балл; 2-тапсырма - 0,5 балл |
1 |
6 |
2 |
Жазылым |
- құрылымын сақтауы – 0,5 балл; - мазмұны - 2 балл; - лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл |
3 |
18 |
3 |
Әдеби тіл нормалары |
1 балл |
1 |
6 |
|
|
|
5 |
30 |
Аралық аттестаттау тапсырмалары
8-сынып. І нұсқа
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген
мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасайды.
Қайырымды әпке
Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Анасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге тапсырды.
Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды.
Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады. Ол бұған қатты қуанды. Балық аулаймын деп кеш болып кеткенін Дәурен байқамады. Бір кезде анасының сөзі есіне түсті:
– Ау, достарым, мен үйге қайттым. Анам «Малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.
– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.
– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп. Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді. (166 сөз)
(Ақпарат дереккөзі: https://ziatker.kz/docx/oqylym_8_synyp_matinmen_jumys_26748.html )
Комментарий |
Талдау |
|
|
2) Жазылым. (3 балл)
«Бауырмалдық – асыл қасиет» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз. Эссе мәтінінің ішінде жай сөйлемдерді алып айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданыңыз. Сөз саны 130-140.
Әдеби тілдік нормалар. (1 балл). Эссе мәтінінде қолданылған жай сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлерін көрсетіңіз.
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды; |
1 |
-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл); -іріктеп оқып, талдайды (0,5 балл). |
1 |
Жазылым
|
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)
|
2 |
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
- жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана алады.
|
3 |
-эссе жазу барысында жай сөйлемдерді қолданады(0,25 балл); - эссе мәтінінде қолданылған жай сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлерін көрсетеді (0,25 балл); - жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл); -сауатты жазады (0,25 балл). |
1 |
Аралық аттестаттау тапсырмалары
8-сынып. ІІ нұсқа
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасайды.
Жел мен күннің қуаты
2050 жылға дейін әлемдегі энергияның үштен бір бөлігі күннен, желден, басқа да баламалы көздерден алынуы тиіс. Ғаламшарда климаттың өзгеруі, жер бетінде адам санының өсуі, сондай-ақ қазба байлықтар қорының түгесілуге жақындығы болашақта энергия үнемдеу мәселесінің үлкен рөл атқаратынын көрсетіп отыр. Мәселен, сарапшылар жер бетінде 1,5 миллиард адамның электр энергиясын қолдануға мүмкіндігі жоқтығын, ал бір миллиардтан астам адам сапасы төмен электр энергиясын пайдаланатынын анықтаған.
Осының бәрін сараптаған Қазақстан «ЕХРО-2017» көрмесіне «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсынды. Осы тақырып шеңберінде зерттеу жүргізген мамандар қазақтың байтақ даласында жел энергиясын пайдалану мүмкіндігі мол екенін алға тартып отыр. Қазақстан аумағының көп бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына алты метр екен. БҰҰ-ның даму бағдарламасының негізінде Қазақстанда энергия ресурсы ретінде желден энергия өндіруге байланысты зерттеу жасалған.
Еліміздің климаттық ерекшеліктері сондай – кейбір аймақтарда жылына 3000 сағатқа дейін күн сәулесі түсіп тұрады екен. Халықаралық сараптаулар нәтижесінде Қазақстанда күн сәулесінің энергиясын пайдалануға да жол ашатын мүмкіндік бары анықталды. Сөйтіп, Астана «Болашақтың энергиясы» тақырыбын әлемдік деңгейге алып шығып, адамзат үшін маңызды мәселе көтеріп отырғанын дәлелдеді. (161 сөз)
(Ақпарат дереккөзі: www.aktobegazeti.kz)
Комментарий |
Талдау |
|
|
2) Жазылым. (3 балл)
«Баламалы энергия – болашақтың энергиясы» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз.Эссе мәтінінің ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданыңыз. Сөз саны 130-140.
Әдеби тіл нормалары. (1 балл)
Эссе мәтінінен бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді теріп жазыңыз.
Бірыңғай мүше |
Айқындауыш мүше |
|
|
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;
|
1 |
-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл); -іріктеп оқып, талдайды (0,5 балл). |
1 |
Жазылым
|
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)
|
2 |
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана алады. |
3 |
-эссе мәтінінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады (0,25 балл); - бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді ажырата алады (0,25 балл); - жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл); -сауатты жазады (0,25 балл). |
1 |
Аралық аттестаттау тапсырмалары
8-сынып. ІІІ нұсқа
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасайды.
Ғарышты игерудің пайдасы
Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.
Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады.
Осыдан екi-үш жыл бұрын «КаzSat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады. (192 сөз)
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/zharatylystanu/38750/ )
Комментарий |
Талдау |
|
|
2) Жазылым. (3 балл)
«Ғарыш айлағының Қазақстанда орналасуы қаншалықты пайдалы немесе зиянды?» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып , өз ойыңды дәлелдеп эссе жазыңыз. Эссе мәтінінің ішінде жай сөйлемдерді алып айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданыңыз. Сөз саны 130-140.
Әдеби тілдік нормалар. (1 балл). Эссе мәтінінде қолданылған жай сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлерін көрсетіңіз.
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды; |
1 |
-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл); -іріктеп оқып, талдайды (0,5 балл). |
1 |
Жазылым
|
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)
|
2 |
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
- жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана алады.
|
3 |
-эссе жазу барысында жай сөйлемдерді қолданады(0,25 балл); - эссе мәтінінде қолданылған жай сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлерін көрсетеді (0,25 балл); - жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл); -сауатты жазады (0,25 балл). |
1 |
Аралық аттестаттау тапсырмалары
8-сынып. ІV нұсқа
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз.
2-тапсырма. Берілген үзінді бойынша комментарий жазыңыз.
Кең даланың киесі
Ақбөкен – бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап, ұрпағына аманат етіп қалдырған дарқан даласының киесі ғана емес, сақтаушысы әрі түлетушісі. Өткен ғасырдың басында бұл аң биологиялық түр ретінде жойылып кету қаупінде болған. Сол кездері де мүйізі дәрілік шикізат есебінде шетелдерге жоғары бағамен сатылыпты. Ақшаға құныққан, мұздай қаруланған, астарына желдей жүйрік, жол таңдамайтын машина мінген қаскөй браконьерлер киіктің киесіне ұшырап, сирек те болса құрықталып жатса да, ешнәрседен тайынатын емес. Мүйіз киіктің текелерінде ғана болғандықтан, олардың ешкілерге қарағандағы үлес салмағы жыл сайын күрт азаюда...
Халықаралық табиғат қорғау ұйымдары киіктің жоғалып кету қаупі жөнінде бірінші болып дабыл қаға бастады. Сирек жануарлардың сатылуын реттейтін халықаралық келісім-шартқа (СИТЕС) қатысушы елдер (Қазақстан 2000 жылдан бастап мүше) 1995 жылы киікті де қосымшаға енгізді, 2001 жылы Ресей мен Қазақстан киіктердің мүйізін импорттауға тыйым салуды ұсынды. Халықаралық табиғат қорғау одағы 1996 жылы бұл түрді «сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер тізіміне» енгізсе, 2004 жылы жердегі биологиялық саналуандықты сақтап қалудың мәселесі ішіндегілердің ең маңыздысы осы «киік мәселесі» деп жариялады. Халықаралық ұйымдар мәселені көтеріп қана қоймай, нақты шараларды қолға алуда. (162 сөз)
(Ақпарат дереккөзі: https://egemen.kz/article/33125-kenh-dalanynh-kiesi )
-
Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз. (0,5 балл)
р/с |
Сөйлемдер |
«+» |
«–» |
1 |
Бір жұп мүйіз екі аттың құнына тең болған деген деректер де бар. |
|
|
2 |
Мүйіз киіктің текелерінде ғана болғандықтан, олардың ешкілерге қарағандағы үлес салмағы жыл сайын күрт азаюда... |
|
|
3 |
1995 жылы Ресей мен Қазақстан киіктердің мүйізін экспорттауға тыйым салуды ұсынды. |
|
|
4 |
2004 жылы жердегі биологиялық саналуандықты сақтап қалудың мәселесі ішіндегілердің ең маңыздысы осы «киік мәселесі» деп жариялады. |
|
|
5 |
Халықаралық ұйымдар мәселені көтеріп қана қоймай, нақты шараларды қолға алуда. |
|
|
2.Берілген үзінді бойынша комментарий жазыңыз. (0,5 балл)
«Ақшаға құныққан, мұздай қаруланған, астарына желдей жүйрік, жол таңдамайтын машина мінген қаскөй браконьерлер киіктің киесіне ұшырап, сирек те болса құрықталып жатса да, ешнәрседен тайынатын емес».
2) Жазылым. (3 балл). «Кең даланың киесін сақтап қалу ақбөкенді қорғап, басын көбейту саласында қызмет атқарып жүрген қорғаушылардың ғана міндеті ме?» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып , өз ойыңды дәлелдеп эссе жазыңыз. Эссе мәтінінің ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданыңыз. Сөз саны 130-140.
Әдеби тіл нормалары. (1 балл)
Эссе мәтінінен бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді теріп жазыңыз.
Бірыңғай мүше |
Айқындауыш мүше |
|
|
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;
|
1 |
-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл); -іріктеп оқиды (0,5 балл). |
1 |
Жазылым
|
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)
|
2 |
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана алады. |
3 |
-эссе мәтінінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады (0,25 балл); - бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді ажырата алады (0,25 балл); - жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл); -сауатты жазады (0,25 балл). |
1 |