"Әрбір бала - жарық жұлдыз" Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әрбір бала - жарық жұлдыз" Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бағдарламасы бойынша ата-аналармен кезекті сабақ өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Әрбір бала – жарық жұлдыз"

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бағдарламасы


Абай облысы білім басқармасы

Аягөз ауданы білім бөлімінің

"Т.Есімжанов атындағы жалпы орта

білім беретін мектебі" КММ-нің

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алибаева Айнур Алдабергеновна


Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар – білім

алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге

асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде

адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие

жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап

сияқты құндылықтар көрініс табуда.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында "Әрбір бала – жарық жұлдыз" атты ата-аналармен сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.

Сабақты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі С.Мұқатаева. С.Мұқатаева ата-аналарды есіктен жағымды әуенмен қарсы алып, ортаға сәлемдесуге шақырды. Ата-аналар өз көршісімен құшақтасып амандасу арқылы бір-біріне деген ыстық ілтипаттарын сезіндірді. Келген ата-аналарды үш топқа бөліп, «Темперамент» ұғымымен және оның түрлерімен танысып, шағын пікірталас өткізді. Пікірталастан кейін ата-аналармен «Біз қарсылықсыз дамимыз» қызықты ойын ойнатылып, көңілдері көтеріліп қалды.

Мақсаты: топ мүшелеріне түсінуге көмектесу: оның баласының күшті жақтары қандай және бұл оның темпераментіне қалай қатысты?

Нұсқау: Қатысушыларға парақтар таратылып, жарты парақтың бір бөлігіне «Баламның күші неде? Ол неге икемді және нені жақсырақ істейді? – ал екінші бөлігіне: «Баланың темпераментін ескере отырып, оның күшті жақтарын дамытуға қалай көмектесе аламын?» Оған қандай үйірмелер ұсынуға болады? Оған қандай қызмет түрлері ұнайды? Балаға оқу үлгерімін жақсартуға қалай көмектесе аламын?

Анонимді түрде. Осыдан кейін қатысушылар басқалардың жазғандарын оқып және өздерінің мәселелеріне жақын және сәйкес келетінін тауып, өз ойларын ортаға салды.

«Қол соғу» ойыны

Әрбір баланың ерекшелігін ашуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу формалары

1. Ата-ана мен мұғалімнің баланы бірігіп қолдауы.

2. Отбасы мен мектептегі сенім атмосферасы.

3. Мұғаліммен бірге баланың күшті жақтарын анықтау және осы қасиеттерді дамыту.

Ойынның мақсаты: оқушыларды тәрбиелеуде ата-аналарды ұстаздармен өзара әрекеттестікке шақыру.

Алақандарыңызды маған көрсетіңіздер. Бір алақанмен шапалақ жасауға тырысыңыз. Қалай? Екінші алақан керек. Мен сіздерге өз алақанымды ұсынамын. Байқап көрейік (кезекпен шапалақ ұрамыз). Ойын барысында біз жымидық. Қол соғу – екі алақан әрекетінің нәтижесі. Ешбір мұғалім сіздің көмегіңсіз балаларыңыз үшін сіз бірге жететін нәрсені жасай алмайды! Балаларыңызды ТЫҢдап, ЕСТІҢІЗ, ҚАРАП, дарынын, ерекшеліктерін КӨРІҢІЗ деп тілеймін!

Сабақтың соңында ата-аналар:

  • Ұлттық мәдениеттегі балаларды тәрбиелеу дәстүрлерін біліп, өз баласының ерекшелігін ашу барысында ескеретін болады.

  • Балаға қолдау көрсету стратегияларын таңдаған кезде оның темпераменті және басқа да жеке ерекшеліктерін ескеретін болады.

  • Баланың жеке басының күшті жақтарын анықтау және дамыту үдерісінде мектеп мұғалімдерімен тиімді әрекеттеседі.

Қорытындылай келе, әрқайсыңыз бала тәрбиесінде позитивті ата-ана болу қағидаттарын ұстанғаныңыздарды қалаймын. Ата-аналар өз алған әсерлерімен бөлісіп, арман-тілектерін алма ағашына іліп, осындай сабақтар жалғасын таба берсін деп өз алғыстарын білдірді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2024
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі