400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әрбір рөлді оқуды пысықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беру педагогтеріне арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

26.12.2018-31.12.2018 ж

2 оқу жылы

Кабинет: 107

Мұғалім:Джусибалиева Б.Л.

Сабақтың тақырыбы

Әрбір рөлді оқуды пысықтау

Сабақтың жабдығы

Суреттер.

Жалпы мақсаттар

Нақты оқу: сөздердегі дыбыстарды анық айтуға, сөздің соңын жұтпай, ережелерді сақтауға, дұрыс тыныс алу; екпінді, кідірісті дұрыс орындауға тырысу, өздерін кейіпкердің орнына қойып көруге тырысу, оның орнында қалай оқу және неге дәл солай оқу керектігін ойлану.

Жаттау және рөлдер мәнерлеп оқу: үйрету, балаларды өз рөлін дұрыс сомдауға үйрету, кейіпкердің көңіл-күйі мен сезімін интонациямен көрсетуге үйрету.

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Оқыту нәтижесі

бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді; кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады; сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып, белсенділік көрсетеді. қимылы арқылы жасау дағдыларын меңгереді.

Топқа бөлу

Ертегі кейіпкерлері бойынша топқа бөлу.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Ынтымақтастық атмосферасы

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық ойлаймыз.

Барлығы хормен айтады.


Үй тапсырмасын сұрау.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

Сабаққа оқушыларды әзірлеу, оқу құралдарын түгелдеу.



Қызығушылығын ояту

Жұмбақтың шешуін шешеміз, оған мақал-мәтел ойластырамыз.

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай – шу.

жауабы: түлкі

Заман түлкі болса, тазы боп шал.


Мағынаны тану

Артикуляциялық жаттығу жасау. «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Инеше» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10 – 15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. Жаттығу жасап болған соң терең тыныс алып, демді қалыпқа келтіру.

Тіл ұстарту жаттығулары.

Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр.

Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.

Ай-ай-ай – болсын көңіл жай.

Жаңылтпаш

Асқат пен Мақсат

Жамап-жасқап,

Жасапты он шақты аспап.

Соның ішіндегі

Ақ сапты аспабы

Жап-жақсы аспап.



Балалар артикуляциялық жаттығулар жасайды.















Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды.




Оқушылар жаңылтпаш айтады.















Сергіту сәті

Ал балалар тұрмайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып 
Біз тынығып алайық. 

Ой сергітеді,

шаршағандары басылады



Ой толғаныс

Оқушылармен нақты оқу: сөздердегі дыбыстарды анық айтуға, сөздің соңын жұтпай, ережелерді сақтауға, дұрыс тыныс алу; екпінді, кідірісті дұрыс орындауға тырысу, өздерін кейіпкердің орнына қойып көруге тырысу, оның орнында қалай оқу және неге дәл солай оқу керектігін ойлану.

Оқушылар сөздердегі дыбыстарды анық айтуға, сөздің соңын жұтпай, ережелерді сақтауға, дұрыс тыныс алу; екпінді, кідірісті дұрыс орындауға тырысу, өздерін кейіпкердің орнына қойып көруге тырысу, оның орнында қалай оқу және неге дәл солай оқу керектігін үйренеді.


Үйге тапсырма

Әр оқушы бес жаңылтпаш жаттау.


Оқушы ізденісі.


Бағалау

Стикер арқылы  әр оқушының берген жауабына байланысты

 қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»

көк түсті стикер- «жақсы»

сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»



Кері байланыс

Әр топтың жинаған стикерлерін  есептеп ,  жеңімпаз топты табу.

Стикерлерге өз ойларын жазады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.01.2019
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі