Материалдар / Архимед күші ашық сабақ, 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Архимед күші ашық сабақ, 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен 7 сыныптың Архимед күшіне арналған ашық сабаққа қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2023
276
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

7.3В Қатты заттардағы, сұйықтардағы және газдардағы қысым

Педагогтың аты-жөні :


Күні: ______

Қатысушы саны: _______ Қатыспағандар саны: ______

Сыныбы:

7

Сабақтың тақырыбы:

Кері итеруші күш. Архимед заңы, №14 практикалық жұмыс “Архимед күшіне есептер шығару”

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 - кері итеруші күшті анықтау.


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сұйықтар мен газдардың ішінде кері итеруші күштің болатынын білу, оның табиғатын түсіну;

Архимед заңын білу, Архимед заңын есептер шығаруда қолдана білу:

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. (7 мин.)

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл», Фри әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Кез келген оқушыға фри ұсынылады, алған фридегі сұраққа жауап береді. Сыныптастыры-ның пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.






  1. Сұйықтардағы және газдардағы қысым деген не ?

  2. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай анықтауға болады ?

  3. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай өзгертуге болады ?

  4. Біз қалай тыныс аламыз ? (Түсіндірме жаса)

  5. Атмосфералық қысым деген не ? Ол жер бетінен биіктікке қалай тәуелді ? (Неге деп ойлайсыз )

  6. Ұшақтың қандай биіктікте ұшып бара жатқанын қалай есептеуге болады ?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзі бар стикермен ынталандыру

Сабақтың ортасы

Топқа бөлу

Мағынаны ашу.

(26 мин.)

Оқушылар ендігі кезекте 3 топқа 7 оқушыдан бөлінеміз. Өздеріңе таныс әлеуметтік желілер арқылы топқа бөлінейік. Яғни инстаграм, тик-ток, ватсап. Менің столымның үстіндегі әлеуметтік желілерді алып, қай желі түсті сол топқа жайғасыңыздар.№1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

1-топ: Инстаграм

2-топ: Тик-ток

3-топ: Ватсап

Топтық жұмыс.

1 топ. Қандай әдіс арқылы Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады? (Рөлдік ойын)

2 топ. Архимед күшін анықтауға арналған формуланы қорытып шығарыңыз.

3 топ. Архимед ашқан жаңалығын түсіну үшін эксперимент жасап, дәлелдеу. Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқылаңыз. Мақсаты: үйрендім бағанын толтыру үшін өздіктерінен ізденіп, Архимед күшін немесе ығыстырушы күшті талқылау, дәлелдеу, түсіндіру. Барысы: 3 топ берілген тақырыптары бойынша уақытқа сай жұмыстанады. Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды оқулық) қолданады. Мұғалім іс-әрекеті: Топтарға ресурстар ұсынады. Уақытты қадағалайды, ескертеді. Ақпаратты іздеп, оқып, өңдеуге 10 минут уақыт берілді, интерактивті тақтаға көз салып, қарап қоюларыңызға болады.

Әлеуметтік желі логотиптері,

Бағалау лайк арқылы


Тапсырма:

Оқулықта берілген жаттығу есептерін шығару:

  1. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  2. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы - 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы - 9,5 Н. алюминийдің тығыздығын анықтаңдар ?

  3. Мұздың кесегі бензинде, керосинде, глицеринде жүзіп жүре ала ма ?

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

(7 мин.)


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Кері байланыс «СМС»

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.





















Оқушылар ұялы телефонға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!