Әріптестерге рецензия

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әріптестерге рецензия

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама туралы рецензия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Мыңбаев ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Ескараева Баглан Батырхановна мен Айдаболова Раушан Убайдуллаевнаның «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы 7- сынып оқушыларының таңдау курсына арналған авторлық бағдарламасына


ПІКІР

Білім беру ұйымы: Мыңбаев ауылындағы орта мектеп

Авторлар:Ескараева Б.Б., Айдаболова Р.У.

Тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру»

1. Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары жәнет.б.)

Бағдарламада таңдау бойынша сабақтарға арналған күнтізбелік жоспар ( 34 сағат , аптасына 1 рет ) болуы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің осы саладағы олқылықтарын толтыруға өте өзекті.

2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:Бағдарлама қосымшасындағы тапсырмалар жаңартылған білім беру бағдарламасы мен халықарлық PIZA зеттеулерінің және оқу сауаттылығы тапсырмаларының талаптарына сай жазылған.

3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі, білім беру жүйесінде (қала /аудан, аймақ, республика, шетелде) үйлесімділіктің болуы немесе болмауы)):

Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. "Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау". Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

Бағдарламаға қамтылған түйіндер республикалық педагогикалық ғылыми -әдістемелік журналдың №5 мамыр 2021 жылғы санында әріптестеріміз: Б.Б.Ескараева мен Р.У.Айдаболованың «Білім беруде оқу сауаттылығының тиімділігі» тақырыбында жазған мақаласында сындарлы оқыту теориясыоқу сауаттылығына қол жеткізудің тиімді тәсілдері, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдарына басымдық берілген.


4. Жұмыстың ғылымилығы: зерттеуге алынған оқу сауаттылығы мәселелерінің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, міндеттері, әдіснамалық және теориялық тұрғыдан сараланған.

5.Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы (логикалық, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшы еместігі). Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған.

6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыруға және пәнге қызығушылығын арттыруға нәтижесі жоғары.

7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тақырып бойынша атқарылатын істің нақты жағдайын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Мектеп бағдарламасының тәжірибесінде енгізу үшін ұсынылады.

8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері: мақалалар, баяндамалар, шығармашылық жұмыстар, оқу-әдістемелік қолдаумен жүзеге асырылатын ашық сабақтар, әдістемелік ұсыныстар, сызбалар, кестелер, талдау тапсырмалары және т.б.

9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер: Барлық талаптарға сәйкес, кемшіліктер мен ескертулер жоқ.

10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар: «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру» авторлық бағдарламасын үйірме сабақтарына пайдаланып көрдім оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау барысында қолдануға өте тиімді құрал.


Рецензент:

Мыңбаев ауылындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,жоғары санатты ұстаз Уразова Гулсин Алдабергеновна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
8642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі