Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Армысың, Әз Наурыз" Мерекесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Армысың, Әз Наурыз" Мерекесі
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, т. б.
Тех-лық құралдар: дыбыстық апаратура, проекторлар, 4 микрофон, 2 ноутбук.
Кезеңдері:
І. Таныстыру
ІІ. "Әуенді
тап" байқауы
ІІІ. Қазақтың салт
дәстүрлері мен ырым – тыйымдарды ата
IV. Ұлттық билерден
сайыс.
V. Ұлттық
ойындар
Іс-шара басталғанға дейін қонақтарды дастархан басында 2 қыз қарсы алады
Фанфары
1-жүргізіші:
Армысыздар,
халайық!
Әр кез аман
болайық.
Наурыз тойын
қуанып,
Жылда қарсы
алайық!
2-жүргізіші: Жер әлемді жайнатып, әнші
құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді
ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайырлы күн, құрметті
қонақтар! «Армысың, Әз Наурыз» мерекесіне қош
келдіңіздер!
1-жүргізіші: Гүлдей болсын өмірлеріңіз,
Нұрға толсын көңілдеріңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
2-жүргізіші: Мерекелік құттықтау сөзді жетекшімізге береміз.
1-жүргізіші: Ой, халайық, халайық,
Жырдан шашу, шашайық.
Нәзік үнді Фатиманың
Әсем әнін
тыңдайық
Ән:
"Наурыз"
2-жүргізіші:Наурыз – жаңа жыл тойы, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз – қазақ күнтізбесінде бірінші айдың аты. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтанат. «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп қастерлейді.
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
2 қыз шашу
шашады
1-жүргізіші: – Мұсылман ұғымы бойынша 21 – наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
Қыдыр ата келеді
2-жүргізіші: Қош келдің Қыдыр ата!
Бата:
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа қызмет, кәріге құрмет болсын.
Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Аумин!
1-жүргізіші: Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
2-жүргізіші: Құрметті қауым! «Армысың, Әз Наурыз» мерекелік іс
-шарамызбен таныс
болыңыздар:
1-жүргізіші:
І
кезеңде Таныстыру
ІІ кезеңде "Әуенді тап" байқауы
ІІІ кезеңде Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдарды
ата
IV
кезеңде Ұлттық билерден
сайыс.
V
кезеңде Ұлттық
ойындар
2-жүргізіші: Әділдікпен баға берер баршаға,
Әділдікпен қарақылды қақ жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Үздік ауылды бүгін таңдап алуға – деп қазылар алқасын
сайлайық:
Колледж директорі Құсайын Ж.Қ.
Дир орынбасары Ибраева Т.О.
Дир орынбасары Гомонова В.Г.
1-жүргізіші: Наурыз тойы тойланатын күн осы,
Ақ дала жасыл далаға айналып,
Наурыз тойға арналады жыр осы – дей отырып, іс – шарамызды
бастаймыз!
2-жүргізіші: Бүгін бізге сайысқа,
Алуан ауылдар келіпті.
Кім екенін білейік,
Танысуға кезек берейік, – әр ауыл өздерін таныстырып
өтсін
І. Таныстыру
кезеңі
2-жүргізіші: Өз ауылын таныстыру
үшін..............................ауылын ортаға
шақырамыз
1-жүргізіші: ..........................................................
ауылын шақырамыз.
2-жүргізіші:
..........................................................
ауылы
1-жүргізіші: ..........................................................
ауылын шақырамыз.
2-жүргізіші:
..........................................................
ауылы
2-жүргізіші: Сіз білесіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі
халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері
орын алған деседі.
1-жүргізіші: Иә, иә. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке
ортақ болған екен. 2-жүргізіші: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі – бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.-
ІІ кезеңде "Әуенді тап"
байқауы
2-жүргізіші: Сахнаға әр ауылдан екі қатысушы
шақырылады.
1-жүргізіші: Сіздің алдыңызда бірнеше ноталар бар. Әр ауыл бір жазбаны таңдап, әнді болжауға тырысады. Егер ауыл жауабын таппаса, мүмкіндік конкурстың басқа қатысушыларына өтеді.
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші: ......................................................... ауылы
2-жүргізіші: .......................................................... ауылы
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші:............................................................ ауылы
2-жүргізіші:
Асай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын
Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!
1-жүргізіші: Қарсы алыңыздар сахнада қазақ биімен "Інжу" тобы
БИ
1-жүргізіші:
Наурызда салт – дәстүрім
жаңғырар,
Наурызда салт – дәстүрім жаңарар
Ата – баба дәстүрін қашанда
Дәріптейік, үлгі етейік баршаға – деп келесі кезеңімізге
өтеміз
2-жүргізіші: Байқаудың осы кезеңінде біз қазақ дәстүрлерін қаншалықты жақсы білетінің тексеретің боламыз
1-жүргізіші: Егер сіз қолыңызды көтеріп, дұрыс жауап берсеңіз, жауап сол кезде ғана қабылданады.
2-жүргізіші: Қалыңдықтың болашақ туыстарымен танысу рәсімі қалай аталады? Беташар
1-жүргізіші: Егер ауылға жаңа қоныстанушылар келсе, онда жаңа көршілер оларды қонаққа шақырды. Дастархан жайылып, адамдар бір-бірімен танысады. Бұл қандай дәстүр? Ерулик
2-жүргізіші: Қиындыққа тап болған және оны жалғыз өзі жеңе алмайтын адамға немесе отбасына туыстарының, достарының және көршілерінің ұжымдық көмек көрсету дәстүрі қалай аталады? Асар
1-жүргізіші: Алты-жеті жастағы балаға ат пен қамшы берілсе, бұл дәстүр қалай аталады? ашамайға мінгізу
2-жүргізіші: Жетінші тізеге дейін бір рудың өкілдері арасында некеге тұруға тыйым салынған әдет-ғұрып қалай аталады? Адат
1-жүргізіші Нәрестенің туған күнін тойлау дәстүрі қалай аталады? Шілдехана
2-жүргізіші:Табиғи апаттардан, өрттерден, су тасқынынан аман қалған адамдарға моральдық және материалдық көмек көрсету дәстүрі қалай аталды? Жылу
1-жүргізіші: Бүгінгі кешімізді бір қазақтың керемет салт дәстүрімізбен жалғастырсақ. Біздің сіздерге дайындаған түсау кесу салтынан шағын ғана үзінді тамашалаңыздар!
Көрініс
2-жүргізіші: Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!
1-жүргізіші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
2-жүргізіші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр
әнімен,
Әр топ әсем болар өз өнерімен.
Өздері дайындап әкелген өз өнерін,
Сіздерге көрсетеді өз мәнімен, – дей келе,
Келесі кезеңіміз Ұлттық билерден
сайыс
1-жүргізіші:........................................................... ауылы
2-жүргізіші: ......................................................... ауылы
1-жүргізіші: .......................................................... ауылы
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші:............................................................ ауылы
2-жүргізіші:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз – деп 5 – кезеңіміз
«Ұлттық ойындарға» да жеттік. Әр ауыл
өздерінің ойындарын көрсетеді.
1-жүргізіші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін ауыл балаларының өнерлі екенін байқадыңыздар.
2-жүргізіші:
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Ауылдардың
жарысы,
Келіп жетті мәреге – деп, қазылар алқасына сөз
береміз.
1-жүргізіші: Наурыз мейрамына
арналған мерекелік іс – шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Ұлыстың Ұлы күні – әрбір отбасына қуаныш, бақыт
әкелсін!
2-жүргізіші: Мерекелік іс – шараның аяқтауына Роза Рыбаеваның Наурыз атты әңімен ауылдарымыздың тұрғындарың шақырайық.
Ән
1-жүргізіші-2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!