Материалдар / «Арнайы білім беру жағдайындағы психикалық дамуы ауытқушылығы бар балаларды түзету-дамыта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Арнайы білім беру жағдайындағы психикалық дамуы ауытқушылығы бар балаларды түзету-дамыта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық бағдарламамда "Арнайы білім беру жағдайындағы психикалық дамуы ауытқушылығы бар балаларды түзету-дамыта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру" тақырыбында жұмыс жүргізумен қатар, қосымша психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ойындар мен әдістемелер ұсынып отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
119
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шымкент қаласы білім басқармасының

«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп- интернаты» КММ-сі









«Арнайы білім беру жағдайындағы психикалық дамуы ауытқушылығы бар балаларды түзету-дамыта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру»


тақырыбы бойынша жоба жұмысы













Жұмысты атқарушы: Үйсінбай А.Ә







ШЫМКЕНТ 2024 ж.





ЖОСПАРЫ


Кіріспе……………………………………………………..……....................…....2

Негізгі бөлім............................................................................................................4

1.1. Психикалық дамуы бұзылған балалар туралы жалпы түсінік.....................4

1.2.Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы психологиялық-педагогикалық мінездемесі.....................................................................................8

1.3.Психикалық дамуы тежелген балаларды негізгі белгілері бойынша ажырату тәсілдері.................................................................................................10

1.4. Түзете дамыта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру.................12

1.5.Психикалық дамуы тежелген балалармен жеке түзету-дамыту сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру талаптары........................................17

Қорытынды..........................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................22

Қосымша...............................................................................................................23























КІРІСПЕ


Жоба жұмысының өзектілігі: Психикалық дамудың бұзылу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды. Психикалық даму бұзылысы жалпы танымдық әрекетінің дұрыс қалыптаспауынан, сезімдік, эмоциональдық-жігер, жеке басына көзқарасының төмендеуінен туындайды.

Жоба жұмысының мақсаты: Психикалық дамуы тежелген балаларға жалпы сипаттама беру және олардың түрлерін анықтау, жеке түзету сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру талаптарын және оларды сауықтыру жолдарын қарастыру.

Жоба жұмысының міндеттері:

  1. Психикалық дамуы бұзылған балалар туралы жалпы түсінік

  2. Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы психологиялық-педагогикалық мінездемесі

  3. Психикалық дамуы тежелген балалардынегізгі белгілері бойынша ажырату тәсілдері

  4. Психикалық дамуы тежелген балалармен жеке түзету сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру талаптары

Жоба жұмысының зерттеу болжамы: Психикалық дамуы бұзылған балаларды жан-жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады, өйткені осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемелекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуға қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік – үлгермеушілік, бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық дамуларының кейбір түрлерінің бұзылуы немесе уақытша қалыптаспауы. Зерттеу барысында қолданылған арнайы педагогикалық-психологиялық түзету әдістері қолданылса, бұл балалардың жүре келе жалпы жағдайы жақсарып, ойлау, ақыл-есінің дамуы, сабақ үлгерімі жақсарып, өзі қатар дұрыс дамыған




балалардан айырмашылығы болмауы мүмкін. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. [1]

Жоба жұмысының теориялық құнылығы: Психикалық дамуы тежелген балалар және олардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, оларды ажыратып алу тәсілдері мен психикалық дамуы тежелген балалармен жеке түзету сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру талаптары туралы теориялық материалдармен толықтыру.

Жоба жұмысының практикалық құндылығы: Психикалық дамуы тежелген балалармен жеке түзету сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру талаптары туралы арналған әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

Жоба жұмысының құрылымы: кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Жоба жұмысының жалпы көлемі: 16 бет














\
































НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Психикалық дамуы бұзылған балалар туралы жалпы түсінік


Психикалық дамудың бұзылу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды. Психикалық дамуы бұзылған балаларды жан-жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады, өйткені осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемелекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуға қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік – үлгермеушілік, бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық дамуларының кейбір түрлерінің бұзылуы немесе уақытша қалыптаспауы. Зерттеу барысында қолданылған арнайы педагогикалық-психологиялық түзету әдістері қолданылса, бұл балалардың жүре келе жалпы жағдайы жақсарып, ойлау, ақыл-есінің дамуы, сабақ үлгерімі жақсарып, өзі қатар дұрыс дамыған балалардан айырмашылығы болмауы мүмкін. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында жиі кездесетін психикалық дамуы әртүрлі дәрежеде бұзылуы немесе уақытша дамымауы нәтижесінде мектеп жасына келсе де, балалық мінездерден, ойындардан арылмаған, ынта-жігері, ақыл-ойы, мектепте оқуға дайындығы өзі қатарлы балалармен салыстырғанда әлі жетілмеген балалар тобына қолданылады.Оларды кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Сухарева Г.Е. «психикалық дамуы бұзылған балалар» терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың интеллектуалды дамуының зақымдану дәрежесі – олигофрения мен интеллектісі қалыпты дамыған балалардың арасындағы аралық орын алады (яғни, интеллектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интеллектіден көп төмен).

Осы саладағы көптеген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл топқа жататын балаларда кездесетін этиопатогенетикалық өзгерістер, әсіресе


орталық жүйке жүйесінде кездесетін зақымданулар кемақыл балаларда кездесетін өзгерістермен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу, мидың белгілі бір бөліктерінде диффузиялы таралу түрінде кездесетіні немесе орталық жүйке жүйесінің тек әрекеті ғана зақымданатыны анықталған. Бұл ауытқулардың негізгі себебі кейбір жағдайларда тек қана отбасындағы әлеуметтік тәрбие және дұрыс күтім мен қадағалау мәселелерінің дұрыс шешілмеуі болып табылады.

Психикалық дамуы бұзылған балаларға тән белгілер олардың жалпы танымдық әрекетінің дұрыс қалыптаспауынан, сезімдік, эмоционалдық-жігер, жеке басына көз қарасының төмендеуінен туындайды. Бұл өзгерістер өтпелі, егер балалардың жалпы жағдай жақсарса, оларға көзқарас өзгертіп, орын алған патологиялық процестер анықталып дер кезінде емдеу, педагогикалық түзету әдістері қолданылса кемістік белгілері жеңілденіп, балалар өздері қатарлы дұрыс дамыған балалармен бірдей дәрежеде қалыптасулары мүмкін.

Психикалық даму бұзылысының себептері кемақылдылықтың себептеріне ұқсас, бірақ олардың әсері жеңілдеу. Анықталған негізгі этиопатогенетикалық себептерге тоқталайық:

  • нәрестенің анасының құрсағында дамуы кезеңінің бастапқы немесе соңғы айларында әртүрлі зиянды себептердің оның миына әсер етуі;

  • нәрестенің босану кезінде бас сүйегі мен миының жеңіл зақымдануы;

  • бала туғаннан кейін, әсіресе алғашқы айлары мен жылдарда әртүрлі соматикалық немесе жұқпалы аурулармен ауруы;

  • отбасында дұрыс тәрбие мен күтімге көңіл бөлмеу;

  • психогенді жағдайларының кері әсерінен де пайда болуы мүмкін: бала ата-анасынан айырылғанда, толық эмоционалды қарым-қатынастың болмауынан;

  • жаңа туған нәрестелерді, жас балаларды тастанды балаларға арналған балалар үйлерінде дұрыс тәрбиелемеу, мейірім мен жақсы көріп еркелету - сүйіспеншілік сезімдерінің жетіспеуі сияқты және басқа да зиянды себептер баланың психикасының қалыптасуын тежейді, әсіресе эмоциональды-жігер әрекеттерін төмендетеді, содан барып инфантилизм қалыптасады. [1]

Қазіргі уақытта балалардың психикалық даму бұзылыстары жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген оның клиникалық белгілері анықталған.

Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарында Сухарева Г.Е., Власова Т.А., Певзнер М.С., Лубовский В.И., Лебединская К.С. жоғарыда көрсетілген топтардағы балалардың бәрінде әртүрлі дәрежеде психикалық функциялардың бұзылуы болатынын анықтады. Осымен қатар, психикалық дамуы бұзылған балаларда кездесетін этиопатогенетикалық өзгерістердің сапасы анықталды. Ең негізгісі, бұл балалардың орталық жүйке


жүйесіндегі өзгерістер күрделі емес, жеңіл, өтпелі екені анықталды. Кейбір жағдайда мида патологиялық өзгерістер тіптен байқалмайды, тек

қана оның әрекеті әртүрлі себептердің салдарынан уақытша нашарлайтыны анықталды.

Психикалық даму бұзылысы бар баланың жеке басын қалыптастыруда эмоционалды (сезімдік) даму дәрежесіне, сонымен қатар нейродинамикалық бұзылуларға (астениялық және церебрастениялық жағдайлар) байланысты М.С.Певзнер мен Т.А.Власова психикалық дамудың бұзылуының негізгі екі түрін анықтады:

А) психикалық және психофизикалық инфантилизм негізіндегі психикалық дамуы бұзылған (жүкті кезеңдегі баланың орталық нерв жүйесіне зиянды әсер етумен байланысты).

Б) баланың өмірінің ерте кезеңінде түрліше патогенді (ауру туғызатын) факторлардың нәтижесінде пайда болған, баланы астениялық және церебрастениялық күйге әкелген психикалық даму бұзылысы.

Ал К.С.Лебединскаяның клиникалық зерттеулерінің нәтижесінде психикалық дамудың бұзылысының мынандай клиникалық түрлері айқындалған:

  1. Конституционалды немесе гармониялық инфантилизм түрінде қалыптасатын психикалық даму бұзылысы. Бұл топтағы балалардың негізгі клиникалық белгілері – эмоциялары мен жігерлік қасиеттерінің тежеліп, жас жағынан көп кіші балаларға тән мінез, еркелеу, қуаныш-реніш, аңқаулық, сенгіштік сияқты психикалық ауытқулар. Керісінше, өз жастарына тән іс-әрекеттерге (оқу, жаттау, ойлану, сапалы іс бітіру, жауапкершілік) ынталары болмайды.

  2. Соматогенді психикалық даму бұзылысы. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының бұзылысының негізгі себептері: баланың іштен туа, немесе жүре келе жүрек, бүйрек, өкпе ауруларымен жиі ауруы, созылмалы аурулардың асқынуы, жүйке ауруларының әсері сияқты сомагендік зақымданулар балаларда астениялық жағдайларды қалыптастырады. Осыдан барып, балалардың психикалық тонусы төмендеп, оның дамуы бұзылады. Жиі кездесетін клиникалық белгілері: әлсіздік, дәрменсіздік, қорқақтық, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалтақтаушылық. Көптеген балаларда жоғарыда келтірілген кемістіктер отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан, баланы қорқытып, жәбірлеп, ұрып-ұрсып, қорқытып өсіруінен болса, ендігі бір жағдайда ата-ананың баланы қорғаштап, оның айтқанын істеп, шамадан тыс еркелетіп, олардың өз бетімен талаптанып, ойланып, шынығуына тиісті жағдай жасалмағандықтан.

  3. Психогенді психикалық даму бұзылысы. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының бұзылысының негізгі себебі: баланың жас кезінде отбасылық жағдайда, немесе әртүрлі созылмалы жүйке ауруларының салдарынан психикалық күйзеліске ұшырауы. Баланың эмоционалдық және жігерлік әрекеттері өте төмен. Бала ынжық, өзіне сенімсіз,


әр нәрсеге, әр адамға күзікпен қарайды, жалтақтап, сезіктеніп тұрады. Көрсетілген этипатогенетикалық өзгерістер негізінде психогенді психикалық даму бұзылысының жиі кездесетін түрлері:

    1. психикалық тұрақсыздығының себебі гипоопеканың («гипо» - кем немесе аз деген мағынаны білдіреді) салдарынан баланың жауапкершілік және сезім әрекеті қалыптаспайды, тәртібі, белсенділігі тежеледі. Пәндерге қызығушылығы төмен, ал білім деңгейінің жеткіліксіздігінен балалар кім не айтса, соған сенеді көп өзгерістердің мағынасын түсінбейді.

    2. «Жанұялық табыну», бұл да аномальды даму варианты, гиперопеканың ( «гипер» - артық, көп деген мағынаны білдіреді) белгісі - баланы өте еркелетіп тәрбиелеу. Осымен қатар балалардың дербестік, белсенділік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырмайды, сондықтан балада өзімшілдік (эгоцентризм) және дараланушылық (ешкіммен араласа алмайды) белгілері байқалып, жұмыстан, ойланатын ойыннан қашып, үздіксіз көмек пен қамқорлықты тұрақты қажет етуі байқалады.

    3. Невроз типі бойынша патологиялық даму варианты, ата-аналарынан және басқа отбасы мүшелерінен дөрекілік, қатыгездік, қаталдық, көрген балаларда кездеседі. Осыдан барып дербестік, батылсыздық, шамалы белсенділік, жүрексіздік, қорқақтық біліне бастайды.

  1. Церебральды-органикалық психикалық даму бұзылысы. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының бұзылысының басты себебі – жоғары жүйке жүйесінің әрекетінің жеңіл түрде зақымдануы, немесе бас миының кейбір бөліктеріндегі өтпелі қабыну процестері. Сондықтан бір қарағанда психикалық бұзылыс күрделі, кемақылдылыққа ұқсағанмен, мидағы өзгерістер органикалық сипат алмағандықтан бұл патология дер кезінде анықталса, дұрыс, жан-жақты емдеу - түзету әдістері қолданылса балалар уақыт өте келе өз қатарлы дені сау балалармен бірдей дәрежеге жетеді. [2]

Психикалық дамудың бұзылысына тән белгілер :

  • тез жалығу мен шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;

  • сезім мен еріктің жетілмеуі;

  • жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі;

  • сөздік қорының жеткіліксіздігі;

  • интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;

  • қабылдаудың баяулауы;

  • сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;

  • ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;

  • сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;

  • өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі;

  • мектеп жасына келгенде оқу, ойлау операцияларының қалыптаспауы - талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту әдістерінің негіздерін түсінбеуі.


Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды.




1.2.Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы психологиялық-педагогикалық мінездемесі


Мектепке қабылданған ПДТ балаларда өзіндік ерекшеліктер байқалады. Олардың мектепте оқуға деген дайындығы болмайды. Оларда қажетті материалды меңгеруі үшін қажетті ептілік, дағды және білімдері болмайды. Осыған байланысты балалар (арнайы көмексіз) санай алмайды, оқи алмайды, жаза алмайды. Оларға мектептің қалыпты жағдайдағы тәртібін қабылдауы қиын. Олар өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыруға қиналады. Олардың жүйке жүйесіндегі әлсіздік бұл қиындықты одан әрі қиындатады. Бала тез шаршайды, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, кейде бастап қойған іс-әрекетін орындамай қояды.

ПДТ балалардың көпшілігінің қабылдау процессі(көру арқылы, есту арқылы, тактильді) қиындықпен жүзеге асатыны анықталған. Перцептивті операциялардың жылдамдығы төмен.

Мектеп жасына дейінгі ПДТ балалардың ақыл-ойы кеміс балалардан ерекшелігі олар заттардың өзіндік айырмашылығын ажырата алады, бірақ сенсорлық тәжірибесі қорытындыланбайды және сөйлеу кезінде пайдаланбайды.

Бұл балаларкөлем туралы ұғымдарды қабылдауда қиындыққа тап болады және заттың мөлшері туралы жеке параметрлерін(ұзындығы, ені, биіктігі,көлемі) анықтай алмайды. Балаларда анализ жасау процессінде қиналады: заттың маңызды бөлігін, оның көлемін, заттың ұсақ бөлшектерін көрсете алмайды. Затты тұтастай қабылдауындағы қиындықтар баланың өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуындағы қиндықпен сипатталады.

Есту арқылы қабыладауында қатты бұзылыстар жоқ. Бала сөзсіз дыбыстарды бағдарлауда қиналуы мүмкін, бірақ ең бастысы оларда фонематикалық процесс бұзылады.

Жоғарыда көрсетілген жетіспеушіліктербаланың сезімдік тәжірибесін байытатын заттың температурасы, материалдық фактурасы, заттың неден жасалғандығы, көлемі, түрі туралы бағдарлау-зерттеу іс-әрекеттеріндегі тактильді-қозғалыстық қабылдауына да қатысты. Затты сипап-сезу процессі бұзылған. Бала ұсынылған материалды толық қабылдамауынан көрініс табады. Көп нәрсені олар дұрыс қабылдамайды.

ПДТ балалардың барлығында есте сақтау қабілетініңбарлық түрінде бұзылыстар айқын байқалады: ерікті және еріксіз, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Көрнекілік құралдарды ғана емес,сонымен қатар (әсіресе) ауызша материалдарды да қабылдай алмауы олардың үлгермеушілігімен


түсіндіріледі. Ерекше әдіс-тәсілдерді арқылы баланы оқыту олардың логикалық есте сақтау мүмкіндіктерінің артуына себеп болады.

Олардың ойлау іс-әрекеттерінде де өзіндік ерекшеліктер мен бұзылыстар байқалады. Бастапқы мектепте оқыту барысында бала ойлау әрекетінің қажетті құрылымы болған ақыл-ой операцияларын толық орындай алмайды. Сөз анализ, синтез, салыстыру, жалпылау және абстракты ойлау процесстері туралы болуда. Осы санаттағы балалардың ақыл-ойы кеміс балалардан ерекшелігі олар қажетті көмекті алғаннан кейін ұсынылған тапсырманы қалыпты деңгейге жақын түрде орындайды

ПДТ балалардың сөйлеу тілі де қалыпты жағдайдан ерекшеленеді. Олардың көпшілігінде жазу мен оқудағы қиындықтармен қатар дыбыс айту кемістіктері де кездеседі. Оларда сөздік қордың кедейлігі де кездеседі. Олардың сөздік қорында мағынасы толық емес сөздер кейде қате сөздер кездеседі. Бұл айналадағы адамадардың олардың сөйлеу тілін түсінуіне қиындық туғызады. Қарастырылып жатқан балалар грамматикалық қорытындылауы нашар болғандықтан сөздерінде дұрыс емес грамматикалық құрылымдар кездеседі. Сөйлеу тілінде грамматикалық санат

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!