БЕКІТЕМІН:
КЕЛІСЕМІН: ҚАРАЛДЫ
Мектеп директоры
Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ отырысында
қаралды
_________________
____________________
қаулы_________________
«__»_____________ж «__»________________ж
«__»___________________ж
АРНАЙЫ КУРСТЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мұғалім: Тұрысбек .
С.
Облыс,қала,ауданы,ауылы:
Алматы облысы,Қаратал
ауданы,Үштөбе
қаласы.
Мектеп,
гимназия,лицей: ___________________________________________________________
Сынып:_________________
Сағат
саны:______________
Графикалық
бағдарламалар оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім
мазмұны
1)Компьютерлік
графика (34 сағат):
Компьютерлік
графика туралы
Деректерді компьютер
мониторында графикалық түрде көрсету алғаш рет өткен ғасырдың 50-ші
жылдарында ғылыми және әскери бағытта қолданылатын ЭЕМ-дердің
көмегімен жұзеге асырылған болатын. Содан бері ақпаратты графикалық
тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес
компьютерлердің ажырамас бөлігі болып
табылады.
Компьютерлік
графика – арнайы есептеу кешендерінің
көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары
мен әдістерін зерттейтін пән болып
табылады.
Компьютерлік графика
монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз,
кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің
барлық түрлерін
қамтиды.
Деректерді көрнекілеу адамзат
қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина
(компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу,
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және
т.б.
Кескіндерді жасаудың
тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі
түрлерге бөлінеді:
-
растрлық;
-
векторлық;
-
фрактальдық.
Пәннің тағы да
бір ерекше бөлімі - үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән
объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте
құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте мұнда
кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді
қолданылады.
Түстеріне байланысты
графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі салаларға
мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика,
Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер
болады.
Компьютерлік
графика көбінше тек құрал
ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика,
физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б.
фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне
негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және
көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын
алады.
1. Adobe Photoshop
бағдарламасымен танысу
2. Редакциялау
құралдары
3. Түрлі түсті
модельдер, палитра
4. Бейнелер
біріктіру
5. Фотосуреттермен
жұмыс жасау
6. Түрлі эфектілер
қолдану. Күрделі бейнелер
құру.
7. Шығармашылық
жұмыс