Материалдар / АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2023
212
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Нұртаза А.К.

Қаракемер кәсіптік колледжі, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы, alma.nurtaza.93@mail.ru

Білім беру дамыған елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу мен жаңа жүйе қабылдауда үлкен жауапкершілік бар. Елдің болашағы – жастар. Бүгін қабылданған білім жүйесі, жазылған оқулықтар, игерілетін білім, білік дағдылар өте маңызды. Осы арқылы ел ертеңінің бір іргесі қалыптасады.

ХХІ ғасырдағы басты капитал – адам капиталы. Мемлекетіміздің бүгінгі саясаты да осы капиталды жан-жақты дамытуға бағытталған. Бұған соңғы жылдары білім беру жүйесінде орын алып жатқан тәжірибелер, өзгерістер айқын дәлел. Бүгінгі заман адамының сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы білім беру саласында озық мемлекеттердің іс-тәжірибесін өз танымы мен талғамына сай оңтайландырып қолдануда.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту бойынша тапсырма беріп: «Техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту керек. «Жас маман» жобасының аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Тегін кәсіби техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтып отыр», - деп ойын қорытындылады [1].

Техникалық және кәсіби білім беруді дамытып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында бірқатар істер жүзеге асырылуда.

Соның ішінде цифрлық білім беру ресурстары білім берудің мазмұнын ашатын, негізгі электрондық оқыту жүйесі. Цифрлық білім беру жүйесін сауатты басқарып, дұрыс дамыту педагогикалық қауымдастық үшін өзекті мәселе болып отыр.

2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы электронды оқыту жүйесі ретінде цифрлық білім ресурстарын жалпы білім беру мекемелері үшін дайындау стандарттарын әзірлеген. Білім беру мекемелеріндегі электронды оқыту жүйесі үшін цифрлық технологияларды қалыптастыруға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық критерийлерді ұсынды. Соның нәтижесінде арнайы пәндерді оқытуға негізделген цифрлық білім беру технологиялары қалыптасты [2].

Білім беру үдерісінде цифрлық білім беру технологияларын қолданудың негізгі әдістері:

Жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді пайдаланған дұрыс.

Білім алушының өз бетінше оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы барысында оқу комплексінің барлық материалдарын пайдалана алады.

Сандық технология бойынша түрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыру. Бақылау-диагностикасы ретінде білім алушылардың электронды түрде тестіленуі.

Мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы нақты бір пән, не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ыңғайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады [3].

Цифрлық білім беру ресурстарын оқытуда пайдалану мен оның басты тиімділігіне тоқталып өттік. Бұл қазіргі таңда заман талабына сай білім алудың жаңаша сипаттамасы. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып жатқан заманда елдегі білім беру де сол талаптарға сай келуі керек. Осы бағытта әр оқытушы өз бетінше ізденіс жасап, соңғы техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сабағын қызықты әрі қолайлы етіп өткізуге тырысады.

Осы бағытта білім берудің негізгі миссиясын алға тарта отырып, «07130100 Электр жабдықтары» мамандығы бойынша білім алушыларының «Тоқтың жерге тұйықталуына әсер ететін құрылғы» тақырыбында өткізілген сабақ пен қолданылған әдіс-тәсілдерге талдауды ұсынамыз.

Сабақ мақсаты: Қысқа тұйықталу туралы жалпы ақпарат беру. Оны анықтау мен алдын алу жолдарын түсіндіру. Оқшаулау барысында зақымдану себептеріне талдау жасау.

Міндеттері: Студенттерге технологиялық қайта тиеуге ұшыраған электр қозғалтқыштарын қорғауға қойылатын талаптарды анықтау. Қысқа тұйықталудың салдарын және түрлерін талдау. Қысқа тұйықталу принциптерін түсіндіру.

Оқу жаттығу процессінде білім алушылардан күтілетін нәтижелер мен кәсіби дағдылар: студенттер фазаның жерге тұйықталу құбылысының негізін түсінеді. Тоқтың жерге тұйықталуына әсер ететін құрылғы жұмысы мен принциптерін біледі.

Ең алдымен білім алушылардың назарын бір жерге шоғырландырып, жаңа сабаққа дайындау үшін «Шахмат» әдісі қолданылды. Шахмат тақтасының суретін пайдаланып, бос ақ ұяшықтарға өткен тақырып бойынша есінде қалған, маңызды ақпараттарды жазып шығады. Содан кейін жазғандарын дауыстап оқып, өзара талқылайды. Аз уақыттың ішінде өткен тақырыпқа шолу жасап, еске түсіре алады.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін арнайы суреттер қолданылады. Білім алушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін ескеруге негізделген. Ақпаратты қабылдаудың аудиал, визуал және кинестетикалық ерекшеліктері ескеріледі.

БShape1

1-сурет

ұл электр құрылғыларын қысқа тұйықталудан қорғау үшін пайдаланылатын ажыратқыштар [4]. Олардың мақсаты ток рұқсат етілген мәннен жоғарылаған жағдайда электр қуатын өшіру. Бұл суретте автоматты шам тәрізді бұрандалы негізі бар сақтандырғыш көрсетілген. Мұндай сақтандырғыштар (жалпы тілде «штепсельдер») қабырғаға бекітілген арнайы картридждерге жалғанады.

АShape2

2-сурет

жыратқыштың жұмыс істеу принципі және сұлбасын талдап, автоматты шам тәрізді бұрандалы негізі бар сақтандырғыштың құрылысына сипаттама жасалды.

ҚShape3

3-сурет

ысқа тұйықталудың мысалы ретінде электр шамы мен автомобиль батареясынан тұратын қарапайым схеманы қарастырайық. Бұл жағдайда ток тізбек арқылы өтеді және жарық жанады. Кенет, электрқондырғалары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан қысқа тұйықталу (қысқа тұйықталу) қалыптасады [5]. Қысқа тұйықталу -  электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Ток енді шам арқылы да, сым арқылы да өтеді. Бірақ біздің сымдар шамның қарсылығынан әлдеқайда аз және барлық дерлік ток кедергісі аз жерде сым бойымен өтеді. Біздің сымның кедергісі өте аз болғандықтан, Ом заңына сәйкес ток өте үлкен болады. Ал егер үлкен ток ағып кетсе, онда Джоуль-Ленц заңына сәйкес электр өткізгіштерден бөлінетін жылу мөлшері өте үлкен болады. Ақыр соңында, қызыл түспен ерекшеленген тізбектің бойымен үлкен тізбек ағады және бұл тізбек өте ыстық болады.

Тақырып түсіндірілген соң, оқушылардың жаңа ақпаратты қабылдау деңгейін сынау мақсатында Educaplay бағдарламасын қолданайық.

ТShape4

4-сурет

апсырманы Educaplay компьютерлік бағдарламасы арқылы түрлендірудің тиімділігі мынадан көрінеді [6].

Мәселен:

  • студенттердің пәнге деген қызығушылығы арттырады;

  • тапсырманы жеке-жеке орындап, бағалану мүмкіндігі мол;

  • білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырады. Shape6 Shape5

    2-сурет

    2-сурет

  • Educaplay компьютерлік бағдарламасында білім алушыларды сабаққа қызықтыру мен белсенділігін арттыруға байланысты көптеген мүмкіншіліктер қарастырылған.

Жаңа сабақ бойынша өтілген тақырыпты бекіту, өткен тақырыпты қайталау, шағын бақылау жұмыстарын жүргізу мен оны тексеру жағынан өте ыңғайлы бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаны қолдану оңай әрі ыңғайлы болып табылады. Тапсырма түрлерін жасауда мүмкіндігі мол. Тақырып бойынша дұрыс жауапты таңдау викторинасы, кроссворд, терминдердің мағынасын ашу, мазмұнды ретімен қою, сурет пен сөзді сәйкестендіру, сызба сызу, видео-викторина, диктант жазу, бос ұяшықтарды толтыр және слайд-шоу жасау мүмкіндігі бар.

Shape8 Shape7

6-сурет

5-сурет

Жаңа сабақта токтың қысқа тұйықталу жолдары толықтай түсіндірілді. Енді білім алушыларға ақпаратты тек қана теориялық тұрғыдан алуы жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан теорияны практикамен ұштастыру мақсатында аталған бағдарламаның қосымша мүмкіндігі арқылы сызба жасалды. Бұл сызба арқылы студенттер токтың +/- (плюс, минус) көздерін біліп, басқа токты дұрыс жалғауды үйренеді. Қосымша дәнекерді дұрыс енгізу арқылы токтың сым бойымен жүргендігін, не болмаса дұрыс емес жалғағандығын анықтай алады. Осы арқылы әр сабақта өтілген тақырыпты дұрыс бекіте аламыз.

Сабақтың аяғында бүгінгі өтілген жаңа тақырып бойынша игерілген ақпараттарды қайта еске түсіру әрі қайталау мақсатында 10 сұрақтан тұратын тест алынды. Бұл тапсырмада тақырып бойынша өтілген термин сөздердің анықтамасын түсіндіріп жазу да қамтылды.

Shape9

7-сурет

Білім алушылар бағдарлама сайтына тіркелмей-ақ арнайы берілген код арқылы тестке қатыса алады. Тестті тапсыруға белгілі бір уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында сұрақтарға жауап береді. Тестті дайындау барысында алдын ала дұрыс нұсқасы енгізіліп қояды. Сол арқылы білім алушы тестті тапсырып болған соң, өз нәтижесін көре алады. Қай сұраққа қате немесе дұрыс жауап б Shape10

8-сурет

ергенін көреді. Сондай-ақ қателескен сұрақты дұрыс нұсқасымен де таныса алады. Бұл сабаққа қатысушылардың барлығын бір уақытта бағалау үшін тиімді болып табылады. Алдын ала дайындалғандықтан мұғалімнің де уақытын үнемдейді. Әр топ мүшелерінің нәтижелері жеке кабинетте сақталады. Бір уақытта барлық білім алушыны бағалай аламыз. Нәтижелер анық болған соң білім алушылар арасында да талас туындамайды.

Жаңа ғасыр педагогикасының философиясы бойынша тек білім емес, білім беру үдерісі жеке тұлғаға бағытталып, мынадай міндеттерді түзеді: интеллектуалдық-танымдық, адамгершілік, коммуникативтілік, тіл, сөз, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

Бүгінгі күн тәртібінде адам баласының алдында ақпараттық-компьютерлік даму жағдайында техникалық идеяның басым болып тұрған уақытында білікті жұмысшы маман дайындау мәселесі тұр. Арнайы пәндерді оқыту мен оның заңдылықтарын тануды білім жүйесіндегі практикамен ұштастыра білу – бүгінгі таңда өзекті мәселе.

Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі білім алушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқудың мақсаты – адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алады. Әр жұмысшы маманды өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады.

Заман талабына сай жұмысшы мамандарды даярлауда цифрлық бағдарламаны қолданудың тиімділігі мен практикада пайдалану жолдарына талдау жасалды. Дайын үлгіге сай әрекет етіп, болашақ маманның білімі мен біліктілігін арттыруда цифрлық білім беру технологияларды сауатты қолдана білу – әр мұғалімнің алдында тұрған басты міндет. Теория мен практиканы тоғыстырып, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелей білейік.





Әдебиеттер тізімі:

  1. https://strategy2050.kz/news/prezident-tapsyrmasy-tekhnikaly-zh-ne-k-sibi-bilim-beru-men-o-uly-tardy-tsifrly-format-a-k-shiru/

  2. Абилхасимова, А. Е. Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану / Молодой ученый. – 2020. – № 14 (304). – С. 292-295. URL: https://moluch.ru/archive/304/68503/ (18.11.2022).

  3. Қадірбаева Р.І. Жаңа ақпараттық-білім технологиясын пайдаланып оқытудың ерекшеліктері //Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. –Шымкент-Москва, 2009. –174-178 б..

  4. Қыдырғожаев Е.А., Жумагулова А.С., Имангазина Н.Т., Жанибекова З.К. Ауыл шаруашылығында электр энергиясын пайдалану – Астана, 2018, 418 б.

  5. https://leally.ru/kk/skachat-soft/chto-nazyvaetsya-korotkim-zamykaniem-prichiny-vozniknoveniya/

  6. https://www.educaplay.com/types-of-activities/

Аңдатпа. Мақалада білім беру мазмұны мен оның арнайы пәндерді оқытуға әсері, соның ішінде цифрлық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі туралы мәселелер қарастыралады...

Аннотация. В статье рассматривается содержание образования и его влияние на преподавание специальных предметов, в том числе эффективность использования цифровых образовательных технологий...

Abstract. The article examines the content of education and its impact on the teaching of special subjects, including the effectiveness of using digital educational technologies...


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!