Материалдар / Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ароматты көмісутектердің галоген, нитро және сульфотуындылары. Ароматты альдегидтер, кетондар мен карбон қышқылдары. Фенол және ароматты спирттер. Тақырыптарын өтуде білім алушылардың қоршаған орта туралы біліін қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2023
327
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ








«Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру » тақырыбында жүргізілген зерттеу сабақтарының оқыту әдістемесі


Студенттер мен оқушылар, және химия пәнінің мұғалімдеріне арналған





Алматы 2023

«Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру» тақырыбы негізінде жоғары оқу орындарында органикалық химия пәні бойынша студенттер мен оқушыларға арналып жасалған әдістемелік нұсқаулық.




«Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру» тақырыбында жүргізілген зерттеу сабақтарының оқыту әдістемесіне әдістемелік нұсқаулық жасаған:

Абай атындағы ҚазҰПУ, 6В01510- Химия мамандығының студенті

  • Бекзақ Арайлым Ерболқызы

  • Талипов Ержигит Каримугли

  • Джуманиязова Наргул Тазабаевна




Пікір білдіруші:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, х.ғ.д., профессор Мусабеков Қ.Б.

  • Абай атындағы ҚазҰПУ, х.ғ.к., профессор Сейтжанов А.Ф.


«Ароматты көмірсутектер тақырыптарын өту барысында қоршаған орта туралы білімін қалыптастыру» тақырыбы негізінде жоғары оқу орындарында органикалық химия пәні бойынша зерттеу сабақтарының студенттер мен оқушыларға арналып жасалған әдістемелік нұсқаулықтар.



Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар, ЖОО студенттеріне, химия пәнінің мұғалімдеріне және химимя пәнінен сабақ беретін жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынылады.





Абай атындағы ҚазҰПУ

Алматы, 2023







МАЗМҰНЫ


Кіріспе....................................................................................................................



1.Ароматты көмірсутекутердің галоген, нитро және сульфотуындылары тақырыптарын өту барысында білім алушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыру...................................................................................................

1.1. Ароматты көмірсутектердің галогентуындылары......................................................

1.2. Ароматты көмірсутектердің нитро және сульфотуындылары..................................









2.Ароматты альдегидтер, кетондар және қышқылдар тақырыптарын өту барысында білім алушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыру ...................................................................................................

2.1. Ароматты альдегидтер мен кетондар...........................................................................

2.2. Ароматты карбон қышқылдары....................................................................................







3.Фенолдар мен ароматты спирттер тақырыптарын өту барысында білім алушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыру..................................................................................................................

3.1. Фенол мен ароматты спирттер......................................................................................

3.2. Фенол мен ароматты спирттер (қайталау)...................................................................







Қорытынды..........................................................................................................................



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................

















КІРІСПЕ


Органикалық химия курсынан экологиялық тәрбие мен білім беруді қалыптастырудағы басты мәселе – экологиялық сананы ояту. Ал ол үшін тек қана нақты экологиялық мәліметтерді игеру жеткіліксіз. Оқушыларға экологиялық білім беруде оқытушының жеке шығармашылық тәжірибесі қажет. Экологиялық мәселелердің туындауы ең алдымен адам қажеттілігінің өсуіне байланысты. Экологиялық мәселелер әр адамның өзіне әсер етеді. Осының бәрін жастар санасына жеткізу үлкен іс.

Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез-келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.

Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Жалпы қазіргі таңда адамзаттың қоршаған ортаға байланысты білімін арттырудың қажеттілігін әрбір азаматтың бойына сіңіру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, бүгінгі таңдағы экологиялық жағдайға байланысты табиғат және бізді қоршаған ортаның заңдары мен қалай жұмыс істеу жолдары туралы көптеген ақпараттар беру болашақ ұрпақ үшін маңызды болып саналады. Бұл тақырып көмегімен біздің болашақ бүлдіршіндеріміздің бізді қоршаған орта туралы түсінігін жетілдіріп қана қоймай, олардың жұмыс істеу заңдылығы мен бір-бірімен тығыз байланыста екендігін, баланста екендігін түсінуіне жол ашу. Осы арқылы зерттелінген ақпараттарды талдап оларды тәжірибе барысында зерделеу арқылы қорытынды жасау орта мектепте жүргізіліп жатқан тақырыптардың қоршаған ортамен қаншалықты байланыста және маңызды екендігін анықтауымызға мүмкінді береді.











  1. «АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ГАЛОГЕН НИТРО ЖӘНЕ СУЛЬФОТУЫНДЫЛАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫН ӨТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІ МЕН ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


    1. Ароматты галогентуындылар


Молекуласында тікелей ароматты сақинамен байланысқан, немесе бүйір тізбекте ораналасқан бір немесе бірнеше галоген атомдары(Cl, Br, I, F) бар қосылыстарды ароматты көмірсутектердің галоген туындылары немесе галогенарендер дейді. [ 1, 325 б]

Ароматты көмірсутектердің галоген туындыларының қатарында хлорбензол, п-дихлорбензол және бензилхлорид, ДДТ үлкен мәнге ие.

Хлорбензол химия өнеркәсібінде анилин, фенол және инсектицидтер өндірісінде аралық өнім ретінде қолданылады.

п-дихлорбензол «ларвицид» (ауыл шаруашылығы дақылдарының жәндік зиянкестерінің дернәсілдерін өлтіретін агент) және көбелекке қарсы агент ретінде қолданылады.

Бензилхлорид – бензил спиртін өндірудегі аралық өнім, парфюмерия өнеркәсібіндегі маңызды аралық өнім.

ДДТ (дихлордифенилтрихлорметилметан)–«инсектицид» (жәндікжойғылар – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық қосылыстар) ретінде қолданылады.

ДДТ (дихлордифенилтрихлорметилметан)

ДДТ (дихлордифенилтрихлорметилметан) - бұрын ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтауда жәндіктер зиянкестерімен күресу үшін инсектицид ретінде кеңінен қолданылған химиялық қосылыс. Ол алғаш рет 1874 жылы синтезделді, бірақ оның пестицид ретіндегі қасиеттері 1939 жылы ғана ашылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ДДТ іш сүзегі, тырысқақ және безгек эпидемияларының алдын алу үшін жұқпалы аурулардың жәндік тасымалдаушыларымен күресуде қолданылды. Осыдан кейін ғана ДДТ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады. 1948 жылы ДДТ инсектицидтік қасиетін ашқан швейцариялық ғалым П.Мюллерге Нобель сыйлығы берілді.

ДДТ жануарлар мен адамдарға тамақ, су және ауа арқылы әсер етеді. Бұл әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін, мысалы, қатерлі ісік, жүйке жүйесінің проблемалары, иммунитеттің төмендеуі, бедеулік және т.б.Дегенмен, кейбір елдер безгек пен басқа инфекцияларды тарататын масалар сияқты векторлық жәндіктерді бақылау үшін ДДТ қолдануда. Мұндай жағдайларда ДДТ сақтықпен және жәндіктермен күресудің басқа әдістері тиімсіздігі дәлелденген кезде ғана қолданылады.

Олар топырақта жиналып, онда шірімей, ондаған жылдар бойы сақталады. Су қоймаларындағы ДДТ аз дозалары да планктонның дамуын және балықтардың тіршілік әрекетін тежейді. Олар сондай-ақ құстарға зиянды әсер етеді, оларда зат алмасу бұзылады, бұл жалпы жануарлардың барлық түрлерінің жойылу қаупін тудырады.

Биосфераны зерттеу жұмыстары көрсеткендей қазіргі таңда табиғи ортада ДДТ айналымы 1 млн. тоннаны көрсетеді. Ол 1970 жылға дейін шашылған 1,5 млн. тонна инсектицидтің қалдыңы болып табылады.



Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Ароматты көмірсутектердің галоген-,нитро- және сульфотуындыларының қоршаған ортаға әсер.


Бөлім:


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Талипов Ержигит Каримугли

Күні:

12.04.2023ж.

Сынып:10А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ароматты көмірсутектердің галогентуындылары

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Ароматты көмірсутектердің галогентуындыларының анықтамасын білу

Көпшілік оқушылар үшін:

Ароматты көмірсутектердің галогентуындыларының құрылысы мен қасиеттерімен танысу

Кейбір оқушылар үшін:

Ароматты көмірсутектердің галогетуындылары-ның қоршаған ортаға әсері және олардың зиянды әсерінің алдын алу шаралары туралы түсінік алады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы (5 минут)

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастарады

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Үшбұрыш

2 топ: Шеңбер

3 топ: Шаршы


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Геометриялық фигуралар суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Сабақ ортасы (20 минут)












Галогенарендер туралы түсінік қалыптастыру









Ароматты көмірсутектердің галогентуындыларының химиялық қасиеттерін, көздерін және қоршаған ортаға әсерін сипаттайтын тақырып бойынша қысқаша PowerPoint презентациясын көрсетіңіз.



ДК экраны


Тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал үлгі көрсетеді

1.Тапсырма

Т-кестесі

1-қосымша

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тапсырманы орындайды


Үлестірме қағаздар


Тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал үлгі көрсетеді

2-Тапсырма

Галогенарендердің өмірде, өнеркәсіпте қолданылуы мен қоршаған ортаға әсерін топта талқылау.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл


1. Жұмыстың нәтижесін талдау



Постер немесе презентация

Практикалық бөлім (15 минут)


Бейнероликтер немесе шағын демонстрациялық тәжірибе жүргізу

Бейнероликтер немесе шағын демонстрациялық тәжірибелерді бақылайды.

Оқушылар бақылауларынан қорытынды жасайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл


1. Жұмыстың нәтижесін талдау


ДК экраны

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия

(5 минут)

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




1.Қосымша

Т-кестесі

Галогенарендер

Басқа қосылыстар

Хлорбензол

Бензол

Бензилхлорид

Толуол

1,4-дихлорбензол

Фенол

Гексафторбензол

Дихлорметан

Йодбензол

Метилбензол






    1. Ароматты нитро және сульфотуындылары


Нитротопшасы сақинамен тікелей байланысқан нитротуындылар анилин өндірісінде, бояу өндірісінде, парфюмерияда (жасанды мускус),копарылғышзаттар (тротил), еріткіштер, жұмсақтотықтырғышретінде және т.б. колданылады.

Нитроарендер уыттылығы мен тұрақтылығына байланысты қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін. Кейбір әсерлерге мыналар жатады:

Топырақтың ластануы: Нитроарендер жиі бояғыштар, фармацевтикалық препараттар және пестицидтер өндірісінде қолданылады. Бұл қосылыстар қорш

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!