Материалдар / Ароматты қосылыстар қатары

Ароматты қосылыстар қатары

Материал туралы қысқаша түсінік
• Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру. • Ароматты қосылыстар жайлы ұғым негізінде білім алушының бойында материалистік- диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқулық пен дәптермен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
2214
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:



Сабақ тақырыбы

Ароматты қосылыстар қатары


Сабақтың мақсаты

  • Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру.

  • Ароматты қосылыстар жайлы ұғым негізінде білім алушының бойында материалистік- диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқулық пен дәптермен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеу


Күтілетін

нәтижелер

Білім алушылар

  • көмірсутектердің құрылысын, гомологтық қатарынбіледі;

  • номенклатурасын, халыраралық атау бойынша айта алады;

  • көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жаза алады;

  • изомерлер бойынша формула құрастыра алады;

  • номенклатура бойынша химиялық формулалар құрастыра алады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру.Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

Сабақ барысы

Өткен сабақпен байланыс:

Өткен тақырыптарда көмірсутектердің бірнеше түрге бөлдік. Олар қаныққан, қанықпаған және ароматты. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер түрімен танысып өттік. Енді бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз көмірсутектердің тағы бір түрі – ароматты көмірсутектер.

Жаңа сабақты түсіндіру

І топ. • Ароматикалық қосылыстар

ІІ топ. • Физикалық қасиеті

ІІІ топ. • Экологиялық аспектілері

Ароматикалық қосылыстар – құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады. Жалпы формуласы СnН2n-6.

Бензол және оның гомологтары – түссіз сұйықтық. Олар суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.

Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.

Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе:

Алынуы

1. Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.

2. Лабораторияда:

1. Бензой қышқылын декарбоксилисациялау:

2. Ацетиленді синтездеп алу:

3. Дюма реакциясы арқылы алады.

Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен ластануы ең алдымен транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының ластануының 50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты көмірсутектермен ластануы орман өрттері арқылы болады.

Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.

Су бензолмен ластанған жағдайда омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.

Жоғары дәрежеде уланғанда адамдардың артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі пайда болады. Негізінен адам ағзасына бензол тыныс алу жолдары, ауыз су, азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол сүйек майында , май ұлпаларында концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.

Қолданылуы:

Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.

Тақырыпты хабарлау, мақсат қою, маңыздылығы, қасиеттілігін сезіндіру, түсіндіру.

Білім алушылар дайындалып, постер құрастырады.


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2

3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ