Материалдар / Ароматты қосылыстар қатары. Бензол молекуласының құрылысы. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ароматты қосылыстар қатары. Бензол молекуласының құрылысы. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ароматты қосылыстар қатары. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2023
965
33 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КММ «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі»

Оқу сабақтарының жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ароматты қосылыстар қатары. Бензол молекуласының құрылысы. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

Модуль /пәннің атауы: ООД Химия
Дайындаған педагог: Умарова Дана Шораевна
"__"____________ 2023 жыл

1. Жалпы мәлімет

Курс: І топ: ЭСП – 1-22

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

2. Мақсаты: Ароматтық қосылыстар қатарына сипаттау.

Міндеттері:

Білімділік: Бензолдың изомериясы, номенклатурасы, алынуы және қасиеттері жөнінде білімдерін қалыптастыру, жүйелеу, тереңдету.

Дамытушылық: Химиялық формулалар құрастыру, теңдеу құру, органикалық қосылыстарды зерттеу, игеру біліктілігін дамыту.

Тәрбиелеушілік: Химиялық заттарды дұрыс пайдалануға, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу

3 Күтілетін нәтижелер:

1) Бензол молекуласының құрылымын электрондардың делокализация тұрғысынан түсіндіреді;

2) Бензол мен оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттайды;

3) Бензолды және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастырады;

4) Органикалық синтезде бензолды қолдануды түсіндіреді.

4. Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, оқулық, тест тапсырмалары, сұрақтары бар парақша.


5. Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа қатысуды және топтың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Білім алушылардың тірек білімдерін өзектендіру (үй тапсырмасын тексеру): тест

1. Алкиндердің қасиеттерін зерттеп, ацетилен химиясының дамуынан көп еңбек сіңірген Қазақстандық ғалым: Е.Н.Әзірбаев;

2. Алкиндердің қарапайым өкілі ацетиленнің физикалық қасиеттері жазылған қатарды табыңыз: иіссіз, түссіз, суда нашар еритін газ

3. Көксағыз жоғары температурада жұмсарып, ал төменгі температурада қатайып, морт сынғыш болып келеді. Осы қасиеттерін жою үшін көксағызды вулканизациялайды. Ол үшін -? күкірт қосып қыздырады

4. Молекула құрамында бір үш байланысы бар жалпы формуласы СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер қалай аталады: алкиндер

5. Ацетиленнің формуласы: С2Н2



Ақиқат/жалған

Сабақтың басында

Сабақтың аяғында

1

Ароматты қосылыстардың барлық өкілдерінің хош иістері бар.



2

Бензол — құрамында, бір үш еселі байланысы бар.



3

Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса жасауда қолданылады.



4

Фридрих Кекуле бензолдың молекуласы алтыбұрышты пішінді екенін тапты.



5

Бензолды циклогексан мен ацетиленнен алуға болады



6

Бензолды алғаш рет 1825 жылы Й.Я. Берцелиус ашқан.



7

Бензол органикалық қосылыстар үшін жақсы еріткіш болмайды.



8

Ароматты көмірсутектерді басқаша арендер деп атайды және олардың ең қарапайым мүшесі — бензол.



9

Метан арендердің қатарына кіреді.



10

Бензол галогендермен орынбасу реакциялары өршіткі (темір (III) тұздары) қатысында жүреді.



11

Толуол бензолдың гомологы болады




3. Жаңа материалды түсіндіру (жаңа материалдың қысқаша мазмұны): Арендер - хош иісті көмірсутектер. Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды. Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы СnН2n -6. Арендердің ең қарапайым мүшесі — бензол С6Н6. Майкл Фарадей — ағылшын физик және химигі, Лондондағы король жанындағы ұйымның өкілі болды, ол 1825 жылы бензолды ашты, және оның кейбір физикалық және химиялық қасиеттерін анықтады.
Бензолдың құрылымдық формуласын 1865 жылы ең алғаш болып неміс ғалымы Фри́дрих А́вгуст Кекуле ұсынды.


Тапсырма № 1. Бензолдың молекулалық моделін сызып құрастыр. Егер ол құрамында 6 сутек және 6 көміртек атомы бар, алтыбұрштан тұратын тұйық тізбекті көмірсутек болса:

Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі:
бензол: С6Н5 – H
метилбензол: С6Н5 - СН3
этилбензол: С6Н5 - С2Н5

Тапсырма № 2. Венн диаграммасы бойынша бензол мен оның гомологы толуолдың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табындар:


Толуол

Бензол













Бензол–суда ерімейтін, бірақ көптеген органикалық еріткіш қосылыстарда жақсы еритін, өзіне тән иісі бар тұтанғыш сұйық, өте улы зат. ароматты көмірсутек; түссіз, қауіпті, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді. Бензол майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады. Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады. Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық қосылыс, бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадей ашқан.


Толуол – өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда нашар ериді. Толуол - медицинада және медициналық өндірісте,сол сияқты кейбір дәрі-дәрмектерді даярлауда epiткіш ретінде қолданылатын, адам үшін уытты, оның жүйке жүйесін және қан жасау мүшелерін зақымдайтын хош иісті, көмірсутек.

Толуолды бензолдан Фридел-Крафтс реакциясы бойынша алуға болады:

Толуолды алғаш рет 1835 жылы қарағай шайырын айдау кезінде П.Пеллетье алған. 1838 жылы оны Колумбияның Толу қаласынан әкелген бальзамнан А.Девиль бөліп алды, содан кейін ол өз атауын алды


Тапсырма № 3. Бензолдың физикалық қасиеттерін ескере отырып, бензол сөзімен синквейн жасау керек.

  1. Зат есім – 1 сөз

Бензол

  1. Сын есім – 2 сөз


  1. Етістік – 3 сөз


  1. Тақырыпқа байланысты 3-4 сөзден тұратын сөйлем


  1. Тақырыптың мәнін көрсететін 2-3 сөз



Тапсырма № 4. Алыну жолдары мен химиялық қасиеттері. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады.


Сәйкестеңдір

1.Сәйкес алқандарды (гексан) катализатор қатысында ароматтап дегидрлегенде (риформинг) бензол мен оның туындылары түзіледі:

3

2.Бензолды мұнайдың құрамындағы циклогексаннан Pt, Pd өршіткілері қатысында 300С температурада дегидрлеп алған ғалым Н.Д.Зелинский

4

3.Гидрленуі. Никель, платина, палладий сияқты катализаторлар қатысында қыздырғанда және жоғары қысымның әсерінен бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:

6

4.Галогендермен орынбасу реакциялары темір (III) тұздарының қатысында жүреді:

6Н6 + 15O2 > 12СO2 + 6H2О

5

5.Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзеді, ал толық жанғанда көмір қышқыл газы бөлінеді

2

6.Ацетиленді белсендірілген көмір қатысында қыздырып бензол алуға болатынын сендер өткен тақырыптардан білесіңдер: тримерлеу

1

Жоғарыда көрсетілген кестені пайдаланып, мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз

С6Н12

С2Н2 → С6Н6 → С6Н5СI

СО2
Тапсырма № 5. Қолданылуы: Мәтінді пайдалана отырып бензол мен оның гомологтарының қолданылуын сызбанұсқа түрінде жыз.


Ароматты қосылыстар біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Көптеген органикалық заттарды алуда бастапқы зат б.т. Оларды өсімдіктерді қорғайтын препараттар, дәрі-дәрмек синтездеуде, пластмасса алуда, сыр-бояу, каучук, синтетикалық талшықтар,  қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады.



4. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

1) Тест тапсырмасы:

1. Молекула құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы СnН2n-6 болатын карбоциклді көмірсутектер қалай аталады: арендер

2. Бензолдың гидрлену реакциясы С6Н6+3Н2→С6Н12 кезінде қатысатын катализаторларды (өршіткілер) көрсетіңіз: платина, никель, палладий

3. Ароматты көмірсутектер деп алуының себебі ..... алғашқы табылған өкілдерінде қош иістері болған

4. Бензолды мұнайдың құрамындағы циклогексаннан Pt, Pd өршіткілері қатысында 300С температурада дегидрлеп алған ғалым: Н.Д.Зелинский; 

5. Бір кезеңде ацетиленнен алынған бензол қандай реакция арқылы алынуы мүмкін? тримерлеу


6. Рефлексия:

Бүгін мен білдім ...

Қиын болды...

Мен түсіндім ...

Мен үйрендім ...

Мен істей аламын...

Мұны білу қызықты болды ...

Мені таң қалдырды...

Бағалау

7. Үй тапсырмасы: § 1-3 қайталау, бензолдың қолданылуын сызбанұсқа түрінде жазу




Қолдануы: Ароматты қосылыстар біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Көптеген органикалық заттарды алуда бастапқы зат б.т. Оларды өсімдіктерді қорғайтын препараттар, дәрі-дәрмек синтездеуде, пластмасса алуда, сыр-бояу, каучук, синтетикалық талшықтар,  қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!