Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АРТ -терапия әдісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы облыстық-ғылыми тәжірибелік конференциясы
Тақырыбы: « Арт-терапиялық әдістердің элементтерін пайдалану арқылы жаңашыл педагогтың шығармашылығын шыңдау»
( семинар-тренинг)
Орындаған: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нураханова Алмагуль Туребаевна
Аудан: Маңғыстау
ауданы
Мектеп: «Алшын Меңдалыұлы
атындағы орта мектеп»
ММ
Мерзiмі:21.12.2017ж
Арт-терапиялық әдістердің элементтерін пайдалану арқылы жаңашыл педагогтың шығармашылығын шыңдау тренингі
Мақсаты: 1. Ұстаздарды жаңашылдыққа, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру;
2. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйін көтеру.
3. Көшбасшылық қасиеттерін арттыру.
Түрі: семинар-тренинг
Әдісі: топтық жұмыс, ой бөлісу, пікір алмасу
Күтілетін нәтиже: 1. Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды
2. Қарым-қатынас жеңілдейді
3. Арт-терапия арқылы тұлға бойындағы қабілет көрініп, шығармашылық шыңдайды.
4. Шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен іске асады.
5. Өз мүмкіндігі мен өз білімін, икемділігін іске асыру барысында өмірлік ұстанымын көрсете біледі.
Көрнекілігі: видеоролик, слайд, түрлі-түсті қағаздар, тренинг-жаттығу
Құрылымы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін
хабарлау.
ІII.Негізгі бөлім.
1-жаттығу Амандасу –
«таныстыру» жаттығуы.
2-жаттығу:Арт-терапия әдісіне түсінік
беру
3 –жаттығу: «Что такое лидерство?» (бейнебаян)
4-жаттығу: «Гүл терапия»
жаттығуы
IV. Қорытынды бөлім.
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
/ амандасу, тренингке қатысуға
келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін
хабарлау
А)Тренинг қағидалары
Белсенділік;
Ашық кері байланыс;
«Нақ осы жерде және тап қазір»
Сенім білдіру;
Белгіленген тәртіпті
сақтау.
Жалпыға ортақ психологиялық
жағымды ахуал қалыптастыру.
Рефлексия тудыратындай пікірталас, ойын не сұхбат
жүргізу.
Нақты міндетті шешу, дамыту не түзету мақсатына жету.
Психологиялық жеңілдеу, релаксация және сабақты
қорытындылау.
қалады.
ІV. Негізгі
бөлім.
1-жаттығу: Амандасу – «таныстыру»
жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың тренингте өздерін еркін
ұстауын және көңіл-күйін шоғырландыру.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Ұйымдастыру
кезеңі, 3
минут.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке
қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты
қызбын....
2-жаттығу: Арт-терапия әдісіне түсінік
беру
Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.
Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы. Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады. Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері) арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады.
Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.
3-жаттығу: Бейнебаян «Что такое лидерство?»
4-жаттығу: «Гүл терапиясы» жаттығу
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
IV. Қорытынды бөлім.
Бейнебаян «Зарядись на успех!»