Материалдар / Арт-терапия техникаларын ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен психологиялық, таным қабілеттерін жақсарту мақсатында қолдан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Арт-терапия техникаларын ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен психологиялық, таным қабілеттерін жақсарту мақсатында қолдан

Материал туралы қысқаша түсінік
Арт терапия техникаларын оқушыларға үйрету 7 сынып Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру; • сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау; • әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
811
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 24.11.2021 ж


Сыныбы: 7 сынып


Тақырыбы: Арт-терапия техникаларын ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен психологиялық, таным қабілеттерін жақсарту мақсатында қолдану


Мақсаты:
• Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру;
• сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау;
• әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Ортақ қобалжу: «Біз әртүрліміз»
Әдістемелік жарақтау: А4 қағаз, түрлі түсті бояу, су бояу.
Уақыты: 20 минут
Жоспар:
1. Сәлемдесу (танысу) жаттығуы
2. АРТ-терапия туралы түсінік
3. Сурет салу терапиясы
4. Сергіту
7. Рефлексия
Тренингтің барысы:


«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

 

Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир

Д- денелі

А-аяулы

М-мықты

И-инабатты

Р-романтикалы

Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.


«Сурет салу терапиясы» (Монотипия)

Мақсаты: Бұл жаттығу сабақ бастамасында өте қолайлы. Ол баланың шығармашылық қабілетін оятады, өз эмоцияларын сезінуге және бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Материалдар: парақ, қарындаш, бояу.

Монотипия (моно және грек. Τυπος - баспа) - баспа графикасының бір түрі. Монотиптің техникасы бояуларды қолмен басып шығару формасының мінсіз тегіс бетіне, содан кейін машинада басып шығарудан тұрады; қағазда жапсырылып алынған сурет әрқашан ерекше болады.

Өтілу барысы: Парақ, қарындаш жағынан жетіспеушілік сезінбеуі керек. Әр адам өзі жалғыз қала алатын орын табады. 2 минуттай өз ойын жинақтайды, өз сезіміне құлақ салады. Оған алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлап керек емес. Ол тек қарындашты алып, сурет сала бастауы керек. Сурет салушының міндеті – өз жағдайын символикалық бейнелеу. Ол өзін нақты бір нәрсе суреттеуге мәжбүрлемеу керек. Басына не келеді, соны салуы тиіс. Топ сурет салуды аяқтағаннан кейін, қатысушылар өзінің және басқалардың жұмыстары туралы ойларымен бөліседі, бірақ оларға баға бермеуі тиіс. Өз суретіне ұқсас суреттерді қарап шығып, бірге талдау


«Оның есесіне мен…» жаттығуы.

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ….. .
— Мен шаршадым, оның есесіне …… .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне …. .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ….. .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. .
— Мен тым толықпын, оның есесіне…. .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. .

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.


Сергіту. Жақсы бір әуенге, би қимыл қозғалыстарын жасау.
Рефлексия
Бүлдіршіндерге бүгінгі сабақ туралы ойларын білу, сұрақтар қою.
• Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?
• Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?
• Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?
«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!