Материалдар / Артикуляциялық жаттығулар

Артикуляциялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс сөйлеу алдыңдағы жасайтын жаттығулар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2023
288
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

45 «Аққу» бөбекжай- бақшасы





Артикуляциялық жаттығулар

Логопед: Шәріп Айгерім Амангелдіқызы





«Тіс тазалау» жаттығуы



Мақсаты: Тілдің ұшын жоғарғы, астынғы тістер



Сипаттамасы: Езу тартып күлу, тістерді көрсетіп, ауызды сәл ашып,тілдің ұшымен жоғарғы тістерді оңға – солға,кейінше жоғарыдан төменге «тазалау».



Сөздік нұсқау:

  1. Ерін қозғалмай, күлкі жасайды.

  2. Тілдің ұшы оңға – солға қозғалғанда тістердің жоғарғы шетінен емес, тістердің түбіне (қызыл иекке) тиюі керек.









«Күрекше» жаттығуы стат







Мақсаты: Жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

Сипаттамасы:Ерінге күлкі үйіріледі, ауыз сәл ашық, тілдің жалпақ ұшын төменгі ерінге салып тұру. Оны осы қалыпта 1 ден 5 -10 – ға дейін санап ұстап тұру.





«Саңырауқұлақ» жаттығуы

Мақсаты:Тілді жоғары ұстап тұруға дағдыландыру, тілдің астындағы сіңірлердің (жүйесін) созуға үйрету.

Сипаттамасы:Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсырып ұстап тұрып төменгі жақты басыпауымызды кең ашып тұруы керек. Жаттығуды қайталағанда ауызды кеңірек ашып, тіл жоғарыда ұзақ уақыт ұстауға тырысу керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Ауыз ашқанда, ерін қозғалыссыз болуын қадағалау.

  2. Ауызды ашып жапқанда, әр қалыптп 3 – 10 – ға дейін санап ұстау керек.

  3. Ауызды ашқанда тілдің бір жағы салбырап кетпеуін қадағалау керек.



«Ат шауып келеді» жаттығуы



Мақсаты:Тілдің ептілігін бекіту, жоғары көтеруге дағдыландыру.

Сипаттамасы: Жымиып тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу(аттың тағалары тақылдатады).

Сөздік нұсқау:

  1. Астынғы иек қозғалмай, тек қана тіл жұмыс жасайды.

  2. Тіл ішке қарай жиырылмай тақылдатуын қадағалау керек.





«Әткеншек» жаттығуы дин





Мақсаты:Тілдің қалпынан тез өзгерте білу дағдысы қалыптастыру.

Сипаттамасы:Жымиып тістерін көрсетіп, ауызын ашып, жалпақ тілді астыңғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Сөздік нұсқау:Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдату керек, ерін мен жақтың қозғалуын қадағалау керек.

«Кесе» жаттығуы



Мақсаты:Тілді жоғары көтеріп, «кесе» жасап ұстауға үйрету.

Сипаттамасы: Езуге күлкі үйірілген, ауызды кең ашып, тілді жалпақ етіп, тілдің алдыңғы шеті мен бүйірлерін көтеріп «кесе» жасау.

Сөздік нұсқау: Тілдің шеттері төмен түспей, жоғарғы көтерілген қалыпта болуын қадағалау керек.









«Ине» жаттығуы стат



Мақсаты:Тілді жіңішке етіп, дірілдетпей ұстауға үйрету.

Сипаттамасы:Ауызды ашып, ұзын,жіңішке тілді алға қарай шығару. Осы қалыпта тілді 15, 1 – 10 – ға дейін ұстап тұру, жаттығуды жасаған кезде ауыз ашық болады.

Сөздік нұсқау:Бала тілді тік ұстағанын, ұшын екі жаққа немесе жоғары ауытқымауын қадағалау маңызды болуы болып табылады.











«Түтікше» жаттығуы дин



Мақсаты: Ерінді алға қарай созуға үйрету.

Сипаттамасы: Қосылған (түйіскен) төменгі жоғарғы еріндерді алға қарай «түтікше» жасап сөзу. Осылай 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Ерінді алға қарай созғанда, тістердің түйіскенін қадағалау керек.

  2. Егер бала ерінін алға қарай соза білмесе, 1,5 – 2 см арақашықтыққа кәмпит қойып , ерінді кәмпитке дейін созғанын қадағалау керек.





«Сағат тілі» жаттығуы




Мақсаты:Тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жіңішке күйінде ұстап, оңға – солға қозғауға үйрету.

Сипаттамасы: Тілді жіңішкерітіп ұстап, оңға – солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып, 15 -20 рет қайталау керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Ауыз ашық күйде болу керек.

  2. Төменгі иек қозғалмау керек.

  3. Тілді қатты шығармай. Жіңішке күйінде ұстап, сағат секілді қозғалту керек.









«Футбол» жаттығуы



Мақсаты:Тілді ауыз қуысында оңға – солға қозғауға үйрету.

Сипаттамасы: Тілді жіңішке етіп ұстап оңға – солға жайлап қозғау керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Ауыз жабық күйде болу керек.

  2. Төменгі иек қозғалмауы керек.

  3. Тілді шығармай, жіңішке күйде ұстау керек.

  4. Тілді кезекпен екі ұтрқа қою керек.



«Бұзық тілді жазала» жаттығуы

Мақсаты:Тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.

Сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып : «ля-ля –пя-пя....» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып, тілді жалпақ күйінде дірілдетпей бос ұстап 1 -5, 1 – 10 секунд ұстап тұру керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістердің сыртынан орналастырмауын қадағалау.

  2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұлшықтарына тиіп тұрады.

  3. Тілді ерінмен бірінші рет ұру керек. Жаттығу жасаған кезде баланың дем шығаруын біркелкі болуын қадағалау керек.

«Желкен» жаттығуы



Мақсаты:Тілді жоғары ұстауға дағдыландыру, үстінгі тіске тигізіп тұруға ұйрету.

Сипаттамасы: Жымиып ауызды кең ашамыз. Жалпақ тілдіүстіңгі тістердің артына қоямыз, бірақ таңдайға баспаймыз, тілді осылай 5 -10 секунд ұстап тұру керек.

Сөздік нұсқау: Ауыз ашылғанда ерін қозғалыссыз күйде











«Тарақ» жаттығуы

Мақсаты: Тілді алға-артқа кіргізіп шығарып, тіспен тарақ секілді тарауға үйрету.

Сипаттамасы: Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қарай созып, үстінгі тісті тілдің үстіне қойып, тілді қайта ішке кіргізу.

Сөздік нұсқау: Жоғарғы тістер тірді «тарайды» соны дұрыс жасауын қадағалау керек.













«Күлкі» жаттығуы




Мақсаты: Ерінді күлкі етіп ұстауға дағдыландыру.

Сипаттамасы: Ернімізді күлкі қалпында ұстаймыз. Осы қалыпта 5 – 7 секунд ұстап тұру керек.















«Құймақ» жаттығуы

Мақсаты: Төменгі ерінде жатқан тілді бос қылып ұстауға үйрету.

Сипаттамасы: Ерінге күлкі үйіріледі, ауыз сәл ашық,тілдің жалпақ ұшын төменгі ерінге салып тұру. Оны осы қалыпта 5-10 дейін санап ұстап тұру керек. Ерінді созып ұстап тұру керек. Егер жаттығуды бала орындай алмаса, алдыңғы «бұзық тілді жазала» жаттығуына оралу қажет.











«Көпір» жаттығуы



Мақсаты:Ысқырық дыбыстарын айтуға қажетті қалпында тілді ұстауға үйрету.тілдің бұлшық еттерін дамыту, тіл ұшының бұлшық еттерін бекітуге үйрету.

Сипаттамасы: Ерінге күлкі үйіріледі, ауыз сәл ашық, тілдің ұшын төменгі тістер артына қойып, жалпақ тілді «төбешік» тәрізді ұстап тұру. Осы қалыпта 3-7 дейін санап ұстап тұру.

Сөздік нұсқау:

  1. Тілді тістер артына дұрыс қоюын қадағалау.

  2. Ерінді күлкі тәрізді жасауын қадағалау керек.







«Қоршау» жаттығуы

Мақсаты:Төменгі және жоғарғы тістерді көрсетіп, ернін күлкі ретінде ұстауға дағдыландыру.

Сипаттамасы: Езу тартып жымию, жоғарғы және төмен тістер көріну керек.

Сөздік нұсқау:

  1. Жоғарғы ерін жымиған кезде қайырылып, жоғарғы тіске қарай созылмауы керек.

  2. Егер бала төменгі тістерін көрсете алмаса, еріндерді қосып тек қана төменгі еріді түсіріп көтеруге үйрету.













«Тәтті тосап» жаттығуы дин

Мақсаты:Жалпақ тілдің ұшын жоғарғы көтеруін және тілді сол қалыпта ұстауын үйрету.

Сипаттамасы: Жалпақ тілді шығарып ерінді ерінді жалап тілді ауыз қуысына теренірек апару.

Сөздік нұсқау:

  1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін иектің қимылдамауын қадағалау керек.

  2. Тіл жалпақ болып бүйірлері ауыз бұрыштарына тиіп тұру керек.

  3. Тіл тек жоғары-төмен қозғалу керек.



Динамикалық жаттығулар



Статикалық жаттығулар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ