Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АРТҚЫ БЕЛДІКТЕГІ БАСТЫ БЕРІЛІСТІ БҰЗУ ТІЗБЕГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І. АВТОМОБИЛЬДЕРДІ АҒЫМДЫ ЖӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК................................................................5
1.1. Беріліс қорабы және оның түрлері..................................................................5
1.2. Автомобиль трансмиссиясы..........................................................................11
ІІ. АРТҚЫ БЕЛДІКТЕГІ БАСТЫ БЕРІЛІСТІ БҰЗУ ТІЗБЕГІ..........................17
2.1. Беріліс қорабының түрлері1 мен қызметтері...............................................17
2.2. Жеңіл автомобильдің құрама күш қондырғысын құрастыру
және басқару жүйесі..............................................................................................24
2.3. Құрылысы, жұмыс істеу технологиясы және ақаулары.............................26
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді. Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 %-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.
Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады. Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.
Жөндеу –– тоқыраулығын жою және біткен жұмыс қорларын келтіру арқылы машиналар мен жабдықтардың жұмыс қорларын қалпына келтіру процесі. Жөндеу ағымды, орташа және күрделі болып үшке бөлінеді. Ағымды жөндеудің мақсаты машиналар мен жабдықтардың жұмыс кезіндегі пайда болатын тоқыраулығы мен бұзылу себептерін жою; орташа және күрделі жөндеулердің мақсаттары машиналар мен жабдықтардың жарым-жарты немесе толық біткен жұмыс қорларын қалпына келтіру. Жөндеу – техникалық қондырғының істен шыққан тетіктері мен бөлшектерін жөндеуден өткізіп, қайтадан іске қосу мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың жиынтығы.
Беріліс дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында өтетін сұйықтықтың немесе газдың көлемі. Ол көлемдік және салмақтық болып белгіленеді.
Берілістер қорабы (Коробка передач) — беріліс қатынастарының баспалдақты өзгеруі тісті берілістердің ажыратылып-қосылуымен жүзеге асырылатын көп буынды механизм. Берілістер қорабы металл кескіш білдектің жетекші білігі айналуының түрақты жиілігі кезінде жетектегі біліктің айналу жиілігін өзгертуге арналған, мысалы, металл кескіш білдектердің негізгі жону қозғалысының жетегі. Курстық жұмыстың мақсаты: Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу туралы мағлұмат алу. Алынған білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері: Автомобильдерді ағымды жөндеу технологиясы және беріліс қорабына қызмет көрсету ерекшеліктері туралы түсінік беру. Беріліс қорабы және оның түрлерімен таныстыру.
І. АВТОМОБИЛЬДЕРДІ АҒЫМДЫ ЖӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Беріліс қорабы және оның түрлері
Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, механикалық, тоттану зақымдарынан болады.Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта колдануға болады.Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген.
Басқару көпірі жүк автомобилінің негізгі бөлшегі, агрегаты болып саналғандықтан, оның ақаулары жүріс қауіпсіздігіне қатты әсер етеді.Сондықтан мен осы ақауларды жөндеудің тиімді, экономикалық ұтымды әдістерін ұсындым.Менің ойымша, маған берілген тапсырманы мен толық орындадым, және де берілген тақырыпты толық аштым.
Қазіргі заманда техника, технологиялық процесстер, құрал – жабдықтар, саймандар өте жақсы дамыған.
Сондықтан автомобильдердің ақауға ұшырамай, сынбай сенімді жұмыс істеуін осы технологияларды, технологиялық процесстерді, құрал – жабдықтар мен саймандарды пайдаланып, қолданып автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз шарт.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.
Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден тұрады.
Күрделі жөндеудің құны ежаңа агрегаттар немесе автомобильдің құнына қарағанда бірщама төмен, алавтомобильдің күрделі жөндеуден кейінгі жүру қашықтығы тек 20 % шамасында ғана кемиді.Сондықтан күрделі жөндеу ұтымды өндіріске жатады.
Автомобильді жөндеуде негізгі экономикалық тиімділігі – қалған қорлардың бөлшектерінің қолданылуы болып есептелінеді.Автомобильдің 70–75 %-ға жуық бөлшектері күрделі жөндеуге түскенде қайтадан қолданылып немесе біраз жөндеуді керек етеді.
Өзінің жұмыс қоры біткен немесе ауыстыруды керек ететін бөлшектер 25-30 % құрайды.Оларға поршень, поршень сақиналары, мойынтіректер, резинотехникалық бұйымдары т.с.с бөлшектер жатады.
Жұмыс беттерінің тозуы мүмкіндік шегі бар және оларды жөндеусіз пайдалануға болатын бөлшектер саны 30-35 %.Автомобильдің қалған бөлшектері 40-45 % қалпына келтіріліп, оларды қайта пайдалануға болады.
Осындай бөлшектерге күрделі құрылысты, металл сыйымдылығы көп, және қымбат бөлшектер жатады: цилиндрлер бірікпесі, цилиндр бастиегі, иінді және таратқыш білік, беріліс қорабының, ілініс берілісінің және артқы көпірдің картері және т.с.с. бөлшектер жатады.
Осы бөлшектерді қайта қалпына келтіру бағасы 10-50% жасалу бағасынан аспайды.
Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды.Осыған байланысты металл мен энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.
Дөңгеленген формалар жанұялы көлікке жарасып тұрғанымен, алдыңғы геометриялы пішінді бампер назар аудартады. Егер де ұсақ-түйекке көңіл бөлмесек, автокөлік дизайны басқа көліктерден ерекшеленбейді. Интерьерге көңіл бөлсек, сыртқы келбетіне қарағанда қызықтырақ көрінеді. Көлемді әрі фигуралы беттер заманауи және сәнді, ал материалдар сапасының деңгейі жоғары. Интерьерде қатты немесе сырғанақ ұсақ-түйек жоқтың қасы. Декорациялық орнатулар көзтартарлық. Пернелерге түсірілген күш көп емес, қолдануға өте ыңғайлы. Бірақ эргономика жағынан кемшіліктер жоқ емес. Беріліс қорабының тетігі артқа қарай шегінген, сондықтан жылдамдықты реттеу кезінде ыңғайсыздықтар пайда болуы мүмкін.
Беріліс - қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм.
Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.
Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс, бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген.
Олар беріліс қатынасы тұрақты немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ, станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен вариаторларында қолданылады.
Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай берілістер техниканың әр түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде қолданылады.
Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000 айн./мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады.
Техника мен өндірісте, көбінесе, электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады. [1]
Беріліс түрлері
Сатысыз беріліс - беріліс санының сатыланбай реттелуі.
Бүйірлік беріліс - әдетте айналдырушы иінді күш бір бөлігін алу үшін бір реткі өтпеш білікті конустық берілісте түрып, жетекші доңғалақ жетегіне бүйір бойымен берілетін күштік беріліс бүйірінің ықшамсызбасында колданылатын автомобиль берілісі.
Велосипед берілісі - велосипед жүргізушінің аяқ күшінен жетекші артқы доңғалакка күш беретін беріліс.
Гидродинамикалық беріліс - айналдырушы иінді күш сұйықтың қозғалыс мөлшерінің өзгееруі арқылы берілетін қалакты деңгелектерден тұратын сатысыз беріліс.
Гидрокөлемді беріліс - көлемді сорап, көлемді гидроқозғағыш және құбырлардан құрастырылған гидроберіліс.
Гипоидты беріліс - осьтері бір-бірімен түйспейтін тісті конустық беріліс.
Басты беріліс - жетекші дөңғалаққа қажет мәнге дейін бұрыштық жылдамдықты азайтуға және айналдырушы иінді күшті ұлғайтуға арналған көліктік құралдың күштік берілісіндегі беріліс.
Басты қос беріліс - қос тісті доңғалақтан тұратын басты беріліс.
Екі ағымды беріліс - параллель түрде жалғанган сатылы және сатысыз берілістен тұратын және күштік ағым нүктесінде орналасқааны дифференциал қызметін атқаратын беріліс.
Карданды жабық беріліс - құбырдың қорғаныс құндақтың ішінде орнатылған карданды беріліс.
Тісті беріліс - қозғалыс буыны болып, айналмалы немесе ілгерілмелі жұп жасайтын тісті доңғалақ берілісі.
Карданды беріліс - егер екі агрегаттың білік өстері озара орналасу жагдайларын өзгерсе немесе бір сызық бойында жатпаса, қозғалысты бір агрегаттан екіншіге беруге арналған беріліс; екі және одан да көп карданды білікті карданды топсадан тұрады.
Доңғалақты беріліс - басты берілістің бір бөлігі ретіндегі және көліктің құралдың жетекші доңғалағының жанында орналасқан тісті беріліс.
Соңғы беріліс - жетекші доңғалаққа кажет мәнге дейін айналдыру иінді күшін көбейтіп. бұрыштық жылдамдықты азайту үшін қолданылатын трактордық берілісі.
Конустық беріліс - конустық тісті доңғалақты беріліс.
Механикалық беріліс - іліністі (мыс, тісті, бағалы), үйкелісті (мыс., фрикциялы) немесе инерцияны (мыс., инерциялық) қолдануға негізделген беріліс.
Көп буынды карданды беріліс - екі және одан да көп карданды біліктен және аралық тіректен тұратын карданды беріліс.
Басты жалқы беріліс – бір жұп тісті доңғалақтан тұратын басты беріліс.
Бір буынды кардандық беріліс - бір карданды біліктен тұратын кардандық беріліс.
Ашық карданды беріліс - қорғаныс құндағы жоқ кардандық беріліс.
Планетарлық беріліс - планетарлы механизмдерден тұратын беріліс.
Арттырушы беріліс - қарастырылып отырганга қараганда, беріліс саны азырақ болатын беріліс.
Төмендетуші беріліс - қарастырылып отырганга караганда, беріліс саны кобірек беріліс.
Өтпелі беріліс - карданды беріліс арқылы артқы жетекші белдікпен жалғастырылған өтпелі білігі бар басты беріліс- (әдетге, автомобильдің ортаңғы жетекші белдігінде).
Тура беріліс - беріліс саны бірге тең болатын кайпту құралдын беріліс корабындағы беріліс; үш білікті беріліс қорабында оны тікелей жетекті білікті жетекшімен жалғастыру арқылы алады.
Алшақтатылған басты беріліс - тістідоңғалақтарынын бір жұбы орталық редукторды, ал екіншісі доңғалақты болып келетін. жетекші доңғалаққа орнатылған кос басты беріліс.
Сыртқа тарамдалған беріліс - сатылы берілістегі күш ағымының тарамдалған қос ағымды беріліс; сатысыз беріліс екі параллельді тарамның бірінде орналасып, ол арқылы қуаттың бір бөлігі гана беріледі де жалпы пэктің артуын камтамасыз етеді.
Ішке тарамдалған беріліс - сатысыз берілістегі күш ағымының тарамдалған екі орамды берілісі; сатылы беріліс екі паралельді тарамның бірінде орналасады да бұл екі-ұш берілістен кейін одан жоғары мәнді пэк аймағының кеңейуіне мұмкіндік туады.
Аралас тарамды беріліс - күш ағымының сатылы және сатысыз берілсінде тарамдалатын екі ағымды беріліс.
Басты орталық беріліс - тісті доңғалақтарының екі жұбы да, орталық редукторды құрайтын қос басты беріліс.
Шынжырлы беріліс – екі жұлдызшадан тұрып, олар арқылы шексіз шынжырлар өтетін беріліс.
Шынжырлы беріліс – параллель екі біліктің арасындағы айналысты біліктерге кигізілген тісті дөңгелектер (жұлдызша тәрізді) мен тұйықталған шынжыр арқылы жеткізуге арналған беріліс. Мысалы, велосипед педалінің осінен артқы доңғалаққа берілетін айналыс шынжырлы беріліске жатады. Шынжырлы беріліс айналысты бір-бірінен алшақ тұрған (8 м-ге дейін) біліктерге және бір шынжырмен бірнеше білікке жеткізе алады. Шынжырлы берілістің біліктерге түсіретін әсері аз ( мысалы, қайысты беріліске қарағанда 2 есеге жуық аз) әрі п.ә.к. жоғары (0,96 – 0,97) болып келеді.
Қырықаяқты беріліс - бұрамадан және оған косылған қырықаяқ дөңгелектен тұратың тоғысқан осьті тісті беріліс.
1.2. Автомобиль трансмиссиясы
Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі иінді біліктен алынған айналдыру моментінің шамасы жетекші дөңгелекті айналдыруға жетпейді.
Сондықтан иінді білік моментін көбейтуге тура келеді, ал оны көбейткенде айналыс жылдамдығы азаяды. Себебі энергияның сақтау заңы бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз немесе керісінше.
Автомобильдің жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу немесе одан да көп болуы мүмкін.
Трансмиссия сол жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға қосымша, автомобиль орнында тұрғанда оталып тұрған двигательден трансмиссия ажырап, дөңгелектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трасмиссия двигательге тұрақты жалғанып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.
Сонымен автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны двигательге баптап қөосу мен ажырату қызметін атқарады.
Жалпы қозғалатын машиналардың трансмиссияларын үш түрге бөледі. Олар механикалық, электромеханикалық және гидромеханикалық.
Механикалық трансмиссияның барлық тораптары механикалық берілістерден, яғни тісті берілістер, шынжырлы берілістер, белдікті берілістер, фрикционды берілістерден құралады.
Электромеханикалық трансмиссияда жетекші дөңгелекке двигатель қуаты электр өткізгіш сымдармен жеткізіледі. Ол үшін іштен жанатын двигательден кейін механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератор қойылады.
Осы электромеханикалық трансмиссия берілісті сатысыз өзгерткенменімен, пайдалы әсер коэффициенті аз болады және құрылысы қымбат түсті металдардан жасалатындықтан өзіндік құны артық болады. Сол себепті қазіргі автомобильдерде қолданылмайды.
Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротроансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтанда онда гидротрансформатормен қоса механикалық редуктор қолданылады.
Бұл трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен, ПӘК аз болады. Сондықтанда онша көп қолдану тапқан жоқ.
Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияда механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы ПӘК берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да трансмиссияның ПӘК тұрақты болады.
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы.Механикалық трансмиссияның құрылысы автомобильдің дөһңгелек схемасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Оның үстіне двигатель мен жетекші дөңгелектің өзара орналасу жағдайы да трансмиссияның құрылысына үлкен әсерін тигізеді.
Дегенмен осылардың ішіндегі ең қарапайым, көп қолданылатын трансмиссияның схемасы 1 – суретте көрсетілген.
1-сурет. Трансмиссияның жалпы қызмет схемасы
1-двигатель
2-ілінісу муфтасы
3-беріліс қорабы
4-карданды білік
5-артқы белдеме
6-басты беріліс
7-дифференциал
8-жартылай ось
Бұл көрсетілгшен трансмиссия дөңгелек схемасы 4х2, двигателі алдында, ал жетекші дөңгелектері артқы осьте орналасқан автомобильдер үшін. Сол схемаға жүгінсек трансмиссия мынандай негізгі тораптардан құралған: ілінісу муфтасы (2), беріліс қорабы (3), карданды беріліс (4), басты беріліс (6), дифференциал (7). Сонда двигательдің (1) айналдыру моменті (Ме) жетекші дөңгелектерге (8) осы тораптар арқылы көбейіп (Мп, Мл) жетеді. Сол моменттің көбею схемасы 3.1 суретте көрсетілген.
Ілінісу муфтасы (2) моментті өзгертпей беріліс қорабына (3) береді. Тек ол трансмиссия тоаптарын двигательмен қосып, ажырату қызметін атқарады.
Беріліс қорабы (3) автомобильдің жүріс жағдайына байланысты айналдыру моментін әртүрлі мөлшерге өзгертуге арналған. Сондықтанда беріліс қорабында бірнеше саты жасалады. Беріліс сатысының номері артқан сайы, моменттің көбеюі азайып, жүріс жылдамдығы арта береді. Суретте үш сатылы беріліс қорабының моментті өзгерту схемасы көрсетілген. Сонда алғашқы ( I )берілісте момент ең көп мөлшерге өзгерсе, соңғы (III) берілісте аз ғана мөлшерге, тіпті кейбір автомобильдерде ешбір өзгермейді.
Карданды берілістер (4) бір – бірінен алшақ орналасқан трансмиссия тораптарының аралығына айналдыру моментін тасымалдауға арналға. Ондай кезде екі жалғанатын тораптың осьтері бір – біріне дәл келмейтіндіктен, олар моментті белгілі бір бұрыш жасап бере алады. Бірақ, бұл карданды берілістер айналдыру моментінің шамасын өзгертпейді.
Басты беріліс (6) көбінесе автомобильдің жетекші белдемесінде (5) орналасады, ал беріліс қорбымен (3) карданды беріліс арқылы жалғасады.Құрылысы тісті берілістен құралады. Берілетін айналдыру моментінің бағытын тік бағытқа өзгерту үшін, көбінесе конусты тісті берілістер немесе черякты тісті берілістер қолдданылады.
Дифференциал (7) жетекші дөңгелектерге (8) айналдыру моментін әртүрлі етіп бөліп береді. Сондықтан оны дөңгелек аралық дифференциал деп атайды. Көбінесе әртүрлі момент автомобиль бұрылған кезде керек болапды. Себебі бұрылған кезде ішкі дөңгелек аз жылдамдықпен, ал сыртқы дөңгелек көп жылдамдықпен айналуы керек.
Осы жоғарыда көрсетілген негізгі тораптармен қоса, автомобильдердің түрлеріне байланысты басқа да қосымша тораптар болады. Мысалы жетекші белдеме автомобильде біреу ғана емес, одан көп болса, онда әрбір осьтің аралығына ось аралық дифференциал немесе таратқыш қорап сияқты тораптар қолданылады. Кейбір автомобильде басты берілістен кейін соңғы беріліс пайдаланылады. Ол көбінесе дөңгелек редукторы деп аталады.
Шасси белдемелері. Шасси белдемелері негізгі қызметі дөңгелек аспалары арқылы келген машина тұғырының салмағыцн дөңгелектерге беру болып табылады. Осыған қосымша, автомобильдің жүріс кезінде пайда болатын итеру, тежеу сияқты күштері де машина тұғырына береді.
Құрылысы жөнінде жетекші белдемені үш түрге бөлуге болады (2– сурет): екіге бөлінетін (2 а – сурет), штампталып жасалған бөлінбейтін (2б – сурет) және құйылып жасалған бөлінбейтін (2 в – сурет).
2-сурет. Жүргізгіш белдеме
а-екіге бөлінетін, б-екіге бөлінбейтін (штампталған), в-екіге бөлінбейтін (құйылған)
Екіге бөлінетін жетекші белдеменің ортасында трансмиссия механизмдері орналасатын қуыс жасалған. Ол қуыс ортасынан екіге (2,3) жиырылады және олардың әрқайсысына жартылай осьтің қаптары (1) пресстеліп бекітіледәі. Сол қаптардың сыртына дөңгелек аспасы бекітілетін алаң (4) мен ұш жағына дөңгелек бекітілетін фланец (5) орналасады. Мұндай белдемелер жеңіл машиналар мен жүк көтергіштігі онша көп емес жүк машиналарында пайдаланылады. Олардың негізгі кемшілігі, трансмиссия бөлшектерін (басты беріліс, дифференциал) тексеріп, жөндеу кезінде тұтас белдемені бөлшектеу керекутігі жатады.
Екіге бөлінбейтін, штампталып жасалған белдемелер (3.11 б – сурет) салмағы жағынан жеңіл болатындықтан жеңіл машиналардж\а қолданылады. Мұның ерекшелігі, трансмиссия бөлшектері бекітілген қуыстың (9) алды – артын ашық етіп жасайды. Сол ашық жер арқылы басты берілісті, дифференциалды құрастыра беруге болады. Белдеменің басқа құрылыстары жоғарғы белдеме сияқты.
Екіге бөлінбейтін, құйылып жасалған белдемелерді (3.11 в – сурет) ауыр жүк машиналарда қолданылады.. Себебі оларды шойыннан немесе болаттан құйып жасағандықтан салмақтары ауыр болады. Дөңгелек аспалары үшін арнаулы алаңдар бекітіп жатпау үшін, белдеменің қимасын төрт бұрышты етіп жасайды. Мұндағы трансмиссия бөлшектерін бекітетін қуыс та алды – арты ашық жасалған. Оның алдыңғы жағына басты беріліс қорабы бекиді да, арт жағы арнаулы қақпақпен жабылады. Белдеменің екі шетінде дөңгелек подшипниктері орналасатын трубалар (11), ал тежегіш механизмді бекітетін диск (12) бар. Осылайша жасалған белдемелердің беріктіктері өте жоғары болады.
Басқару белдемелері көбінесе автомобильдің алдыңғы осьтерінде қолданылады. Олар да автомобильдің түрлері мен дөңгелек схемаларына байланысты әртүрлі болады. Жалпы құрылысына қарай басқару белдемелерін екі түрге бөлуге болады: тұтас немесе бөлініп жасалған белдемелер. Тұтас жасалған белдемелер көбінесе салмағы ауыр машиналарда және тәуелді дөңгелек аспасын қолданғанда пайдаланылады. Ал жеңіл машиналарда басқару белдемесі бөлініп жасалады, яғни әрбір дөңгелектің өзінің белдемесі болады. Ол кезде тәуелсіз дөңгелек аспасын пайдалануға мүмкіндік туады.
Басқару белдемелері, құрылыстары әртүрлі болғандығына қарамастан, белгілі бір қызметтерді атқаруға міндетті. Ол қызметтердің негізгілері – алдыңғы басқару дөңгелектерін жүріс кезінде бұруға мүмкіндік туғызу. Сол үшін осы белдемеде алдыңғы дөңгелектер бекітілетін арнаулы топсалар болады.
ІІ АРТҚЫ БЕЛДІКТЕГІ БАСТЫ БЕРІЛІСТІ БҰЗУ ТІЗБЕГІ
2.1. Беріліс қорабының түрлері мен қызметтері
Артқы белдік дифференциалы подшипниктерінің гайка стопорлары бекіткішінің болттарын айналдырып, стопорларды шешеді. Содан кейін дифференциал подшипниктер қақпағының бекіткіш болттарының стопорлы пластинасын майыстырады және қақпақтың бекіткіш болтын айналдырады. Қақпақты түсіріп және картерден стакан мен дифференциалды ажыратады, жетектегі шестерняны подшипниктермен бірге түйіндерін алады.
Техникалық күтім және жөндеу. Жүріс бөлігінің техникалық қызмет көрсетуі. Раманың техникалық қызмет көрсетуі тойтарма қосуларды тығыздықтың тексеруінде, коррозияның іздерінің жоюы, бөлшектерді дер кезінде боямаға, жұмысқа қабілеттіліктің тексеруі және тарту-тіркейтін жайғарудың сылауына болды. Жапсырма шегелеулердің тарсылдауының тойтарма ваклепок тығыздығы балғашық арқылы тексеріледі. Тарту-тіркейтін құрылымның ілмегінің сырығының бүрік төсемге тіркеуге дейін серпімді элементтің қосымша қысуысыз болуы керек.
Құрылым ілмектің білікті жылжуын пайда болуда және қосымша төсемді орнатуға талқылау керек. Ілмекті біліктің жылжуын жоюға арналған гайкаға қолдануға болмайды. Серпімді элемент тозған кезде оны алмастыру керек. Ілмектің сырығы майсауыттан кейін жағылады. Автокөлікті ілмек тіркемемен пайдалану кезінде білікті жылжу болған жағдайда арқалықтың бұзылуына және рамаға оның бекіткішінің бөлшектері келтіре алады.
Дөңгелек қозғалтқышына техникалық қызмет көрсету шиналардың бекіткішін, пайдалану ережелерін сақтауды периодты бақылауда және дөгелек теңдеуішін тексеруінде болады. Пайдалану порцессі кезінде дөңгелектің ступицаға бекітілуін міндетті түрде бекіту қажет. Гайкаға екі-үш қабылдаудан кейін бірқалыпты тарту керек. Бекіткіш гайкаларының созылу момент шектері шамамен 250-300Н·м (25-30 кгс·м) болуы керек. Гайкалардың созылуының жанында тіктеуішке немесе бұрыш бойынша доңғалақтардың бүйірлеу ауытқуын тексеру керек. Дөңгелектің айналуы кезіндегі жанынан соғуы 5мм-ден аспауы керек, бұдан үлкен мәндерінде гайканы баяулату және олардың созылу кезіндегі соғуды азайту керек.
Шиналардағы ауаның қысымын мерзімді тексеріп тұру керек. Есте сақтау керек: шинадағы ауаның қысымы 25% -ға төмендеген кездегі жүріс шинаның қызмет көрсету мерзімін 35-40% -ға азайтады, ал шинадағы ауаның қысымын 10% -ға көтеру шинаның қызмет көрсету мерзімін 10-15% -ға азайтады.
Егер қозғалыс процессі кезінде автомобильдің өздігінен қандай да бір бағытқа ауытқуы байқалса, онда автомобиль шинасындағы ауаның қысымын тексеру қажет және ауаның кему себебін айқындағаннан кейін оны жоюға тырысу керек. Сонымен бірге автомобильдің ауытқуын дөңгелектердің жинақталу ретінің бұзылуы шақыра алады. Осьтерге дөңгелектің теңдеуішті бұзылыстарының күшпекпен құрастыруы туралы жергілікті сипаты шинаның жылдамдатылған тозуын және дірілдеулердің пайда болуын білдіреді. Дисбаланс болған жағдайда ауырланылған орын төменге орнатылады. Жоғарғы бөлігіне таңба салып үстіне жүк қою керек. Содан кейін дөңгелекті екі жаққа қарай 90° бұрышпен ауытқыта отырып, теңдеуішті тексеру қажет. Егер де дөңгелек бұрынғы қалпына қайтып келетін болса, онда екінші жүкті қою керек. Жүктер борт покрышкасынсыығу арқылы сақинадан монтаждық жауырынмен ағаш төсем арқылы ұра отырып жиекке орнатылады.
Дөңгелекті түсіру үшін алдымен машинаны тоқтатып, дөңгелекті домкратпен көтеріп содан кейін гайканы бұрап оны түсіру керек. Дөңгелекті шашпас бұрын оның ауасын жіберу керек, содан кейін тіке жауырынды қойып шина бортын төмен қарай сығу керек. Саңылау соңы борттық сақинаға жанасып тұру үшін тіке немесе майысқан жауырынды қою керек. Шинаның жиегін дөңгелектің шеңбері бойынша екі жауырын ортасынан түсіре сығу керек. Содан кейін кілт сақинасының тілігіндегі тіке жауырын соңына шарт қойып және оның ойысынан шығарып, содан кейін оны имек жауырынмен жоғары көтеріп ойыстан шығару керек. Бүйір сақинаны алып және дөңгелекті төңкеріп, жауырын көмегімен покрышканың басқа жиегін сыға отырып шинаны түсіреді.
Қайтадан жинаған кезде тазартылған, покрышкасына талькпен опаланған камерді және жиек лентасын шұра саңылауына тасымалдаусыз кіретіндей етіп жиекке шинаны кигізу керек. Бүйір сақинаны кигізіп кілт сақинасының ортасына ойысты қойып және ойысқа оның аяқтарын қысу керек. Кілт сақинасымен шинаны қабырғаға қарай жантайтып қойып, сақина ойыстан шығып кетпейтіндей етіп шинаға ауа үреді.
Пайдалану процессі кезінде бірқалыпсыз тозғанда немесе шина бүлінгенде дөгелектердің орнын тізбектей ауыстыру талап етіледі.
Шиналарды сақтау үшін отын-майлаушы материалдардың түсуін болдырмау керек, тайғанақтап қозғалудан, кенеттен тежеуден аулақ болу тиіс. Автомобильді нормасынан артық жүктемей, шиналардағы ауа қысымы төмендетілген күйдегі қозғалысты сақтау керек. Дөңгелектің орнату бұрышын өз уақытында тексеріп, ауасы кеткен шинамен автомобильдің көп тұруын болдырмау керек.
Аспаның техникалық күтімі периодты тексеру, бекіткіштер мен түйіндерді тексеру,үйкелетін беттердің саңылауы және бәсеңдеткіштердің жұмысқа қабілеттілігін тексерумен түсіндіріледі.
Амортизатордан сұйықтың ағуы байқалған кезде сыртқы цилиндр (корпустың) гайкасын тарту керек. Жұмыс жасап тұрған сұйықтықты ауыстыру үшін амортизаторды түсіріп, оның төменгі басына бекітіп, штокты тартып кейін корпус гайкасын бұрау арқылыцилиндрдан поршенді суырып алу керек. Содан кейін жұмысшы сұйықты төгіп кейін амортизаторды жуу керек. Сальникті ауыстырған кезде оның өткір шеттерін төмен қаратып орнатады. Цилиндр резервуарына алдын ала дайындалған 0,475 л сұйықты құйып амортизаторды жинайды. Амортизатордың жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі: амортизатор(бәсеңдеткіш) созылу және қысуда соның ішінде көбірек созылуда кедергі көрсетуі керек.
Белдіктің техникалық күтіміне белдік балының рессорға бекітілуі, дөңгелектердің орналасу бұрышын тексеру, дөңгелек күпшегін және подшипник саңылауларының реттелуін тексеру және олардың майлануы жатады.
Жетекші белдікті жөндеу. Дөңгелек формуласы 6x4 сәйкес келетін Камаз автомобильдерінде орта және артқы екі жетекші белдік орнатылады, ал дөңгелек формуласы 6х6 сәйкес келетін автомобильдерде барлық белдігі жетеші болады. Олардың айырмашылығы ерекше болады. Әрбір белдік белдік картерінен, басты берілістен, дифференциалдан және жарты осьтен тұрады. Алдыңғы жетекші белдік тең бұрышты жылдамдықты шарнирлі құрамды жарты осьпен ерекшеленеді. Ортаңғы белдік артқы белдіктен басты беріліс картеріне байланыстыратын ось аралық дифференциалдың түйістірілуімен ерекшеленеді және дифференциалды белдікпен түйістіруге арналған жеке бөлшектерден тұрады. Жетекші белдіктің басты берілістегі айналдырушы моменті ось аралық дифференциал арқылы беріледі. Белдіктің екі еселенген басты берілісі спираль тісті екі конустық шестернядан және қисық тісті екі цилиндрлік шестернядан тұрады.
Орта және артқы белдіктің жетекші конустық шестернясы арттарымен ерекшеленеді. Жетектегі конустіқ шестернялар бірдей болады. Дөңгелек аралық дифференциал конустық подшипниктермен бірге басты беріліс картерінің ұяшықтарында орналасады. Дифференциалды орнатқаннан кейін сыртқы подшипник обоймасына қақпақтар қондырылады. Дөңгелек формуласы 6х4-ке сәйкес келетін автомобильдің ось аралық дифференциалы ортасында артқы және ортаңғы белдікке сәйкес келетін конустық шестернялар орнатылған алдыңғы және артқы кеселерден тұрады.
Жолсыздық шарттарында өткізгіштікті жоғарлату және қарлы, тайғақ жолдарда автомобильдің тежеу сапасын арттыру үшін ось аралық дифференциал конструкциясында тісті муфта, камера диафрагменті және басқарушы кранан тұратын бітегіш тетігі болады.
Автоматтық беріліс қорабы - берілістердің ауысуы және ауыстыру сәтін таңдау, жүргізушінің қатысуынсыз өтетін беріліс қораптың бір түрі.
Сатысыз беріліс қорабы - беріліс саптан өзгеруі баяу, бірсатылы өтетін беріліс қорап.
Білікті-планетарлы беріліс қорап - планетарлы механизмдерден және жылжымайтын тісті дөңгелектердің осьтерімен тісті механизмдерден тұратын беріліс қорап.
Гидромеханикалық беріліс қорабы - әдетте сатылы беріліс қорап пен гидродинамикалық берілістен тұратын беріліс қорабы.
Гсқ типты гидромеханикалық беріліс корабы - тізбектеп қосылған тор гидротрансформатор, фрикционды тіркес, механикалық сатылы берілістен тұратын қорап.
Екі білікті беріліс қорабы - екі жетектегі және жетекші біліктерде паралель орналасқан механикалық сатылы беріліс қорап пен тісті доңғалақтар.
Диапазонды беріліс қорабы - алдынғы жүрістің автоматты түрде ауысатын екі (одан да көп) бөлек беріліс топтардан құралған беріліс қорап.
Берілісті жеделдететін берілісі бар қосымша беріліс қорап - кәдімгі жеңіл автомобильдің беріліс қорабы ол негізгі беріліс қорабында орналасқан және тура жедел беріліс автоматты түрде жүзеге асады.
Сыналы қайысты беріліс қорабы - ол сыналы ременьді және реверсивті механизмнен құрастырылған.
Құрама беріліс қорабы - сатысыз және сатылы беріліс қорабы құралған беріліс қорабы.
Механикалық беріліс қорабы - (мысалы, тісті) берілістерде өтетін айналдырушы иінді күшті қайта құрайтын беріліс қорап.
Автоматты емес беріліс қорап - беріліс санның өзгеруі қол күшін жұмсап орындалатын беріліс қорап.
Үйлестірілмеген беріліс қорап - берілістерді қосу, тістіден гелектерді немесе муфталарды үйлестірушілерді қолданбай, орын ауыстыру арқылы іске асатын беріліс қорап.
Қуат алу берілісінің қорабы - қуат алу біліктен, жұмыс органына қуатты беруге арналған басқару жүйесінің механизмі.
Беріліс қорабы - беріліс санын қозғауыш режимін өзгерткеннен көрі кең аралықта өзгертіп, айналдырушы иінді күшті өзгертуге арналған күштік берілістің агрегаты; сонымен қатар береліс қорабы қозғауыш білігін қозғалтқыштардан ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік береді; көліктің көптеген түрінің кейін шегініп қозғалуын да қамтамасыз етеді.
Жүктемемен қосылатын беріліс қорабы - беріліс сандардың өзгеруі қозғауыш білігімен, трансмиссия алдын ала ажыратылмай өтетін беріліс қорабы.
Тісті доңғалақтардың өстері жылжымайтын беріліс қорабы - картерде жылжымайтын біліктерге орнатылған тісті доңғалақты беріліс қорабы.
Планетарлы беріліс қорабы - планетарлы механизмдерден құралған беріліс қорап.
Үлестіруші қорап -айналдырушы иінді күшті жетекші белдіктер, арбашықтар бүйір берілістері арасында таратуға арналған күштік берілістің агрегаты.
Жетегі қосақталған үлестіруші қорап - жетектегі біліктермен бірге қосылған таратқыш қорап.
Диференциалды жетегі бар таратқыш қорап - диференциал арқылы қосылған таратқыш қораппен жетектегі біліктер.
Үйлестірілген беріліс қорабы - алдыңғы жүрістің барлық берілістерінің қосуы үйлестіргіштермен тісті муфта арқылы жүзеге асады.
Сатылы беріліс қорап - беріліс сандардың өзгеруі, сатылы өтетін беріліс қорап.
Үш білікті өстес беріліс қорап - жетекші және жетектегі біліктер өстес және жетектегі біліктің астында аралық білік орнатылған беріліс қорап.
Дифференциал қорабы - сателлиттер және жартылай өсті дифференциалдың тісті доңғалақтары орналасқан өзара бекітілген екі табақ.
Шанақ қорабы - артқы жағынан, алғы жағынан және жүргізушілер салонынан, біркелкі атқаратын жүйеден құрылған жеңіл автомобиль кузовының кеңістіктегі бір құрылғысы.
Автобус шанағының қорабы - алдыңғы жағын, артқы жағын, бүйірінен және төбесін қоса алғандағы автобус кузовының тұмғасы
Беріліс құралдары (электр желілері, траснмиссиялар, құбыр жолдары, жылу желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір есеп бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.
3-сурет. Беріліс қорабы.
2.2. Жеңіл автомобильдің құрама күш қондырғысын құрастыру
және басқару жүйесі
Ауа соратын құбыр құрылғысын орналастырудың ең қолайлы жері автомобильдің алдыңғы бөлігі болып табылады, өйткені ағынның толық тоқтау нүктесінің аймағындағы жоғары артылған қысым және автомобильдің алдыңғы өсінің астындағы аймақтағы қысымның төмендеуі қысымның үлкен ауыспалылығын қамтамасыз етеді.
Артқы жетектегі автомобильді құрастыру. Автомобильдің беріліс күшінің түйіндері артқы жетекте орналасқан кезде (4.2 сурет) турбина 6 озбалы муфтамен 5 бірге негізгіге параллель, іштен жану қозғағышынан 1 және беріліс қорабынан 2 тұратын, өзара дифференциалды механизммен (ДМ) 3 байланысқан, басты беріліске 4 айналдырушы иінді күшті беретін күш сызығын құрайды. АТҚ-ға турбинадан басқа ауа соратын құбыр 8, басқару жетегі бар 9 сопло аппараты 7 кіреді. Турбина доңғалағының кері қозғалысын болдырмау үшін, мысалы, жабық тиек 9 кезінде озбалы муфта 5 қарастырылады. ІЖҚ-дан және АТҚ-дан айналдырушы иінді күш екі күш ағынымен жинақтаушы механизмге 3 келіп түседі, онда олар механизмнің бір түйінінде біріктіріледі.
Өшіп тұрған АТҚ кезінде механизм қарапайым планетарлық түрінде жұмыс істейді, мұның өзінде түйіндердің біреуі блокқа түскен (5.1 тармақ). Планетарлық қатарды пайдалануға байланысты трансмиссия сатыларының беріліс қатынасына түзету жүргізу қажет, ал ДМ үлгісін таңдау кезінде планетарлық қатардың беріліс қатынасы олардың шамаларына маңызды өзгерістер енгізбеу қажет.
Алдыңғы жетектегі автомобильді құрастыру. Автомобильдің беріліс күшінің түйіндері алдыңғы жетекте орналасқан кезде (4.3. сурет) шығу ұштары қораптың қарама-қарсы жағынан орындалған бірінші білік 2 және беріліс қорабының 12 жетектегі (екінші) білігі 11 басқару муфталары 3 арқылы ДМ 4 сәйкес жетекші және жетектегі біліктердің біреуімен қосылады. Мұның өзінде АБҚ сөндірулі, ІЖҚ келген айналдырушы иінді күш бірінші білік арқылы тікелей ДМ кіру білігіне келіп түседі. Екінші жетекші білік қарама-қарсы бағыттағы турбина білігінің 6 айналуын болғызбайтын озбалы муфта арқылы 5 АТҚ білігімен қосылады. Осылайша, екі күш ағымы АБҚ жетектегі білігімен 11 байланысқан ДМ шығу түйінінде қосылады, одан кейін иінді күш басты беріліске 13 және жүріс доңғалағына 14 келіп түседі.
Әдетте, елді мекен аралығында қала аралық өтуді және тасуды жүзеге асыру кезінде АТҚ КМ тегіс жол бойында көлік берілісінде қозғалысқа түскен кезде қосылады. Машина қозғалысының жылдамдығы 25 м/с (90 км/час) кем емес. Қондырғыны реттеу сопло қалақтарының 8 бұрылуы арқылы жүзеге асырылады.
Ауа турбинасы қондырғысын басқару жүйесі. Жүйеге турбинаға түсетін ауа шығынын реттеуге мүмкіндік беретін, басқару механизмі және сопло қалақтары бар бұрылысты бағыттайтын аппарат кіреді.
Бұрылатын тісті сақинаның орнын ауыстырудың екі нұсқасы бар: бұрылатын тісті сақинаға сервомеханизмнің тікелей әсер етуімен немесе бір жетекші қалаққа сақина арқылы қалған қалақтарды бұратын механизмнің әсер етуімен жүзеге асыруға болады.
2.3. Құрылысы, жұмыс істеу технологиясы және ақаулары
Жүргізу бөлігі. Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап болып табылады. Жүргізу бөлігі рама, белдік ілгіші, дөңгелек қозғалтқышынан тұрады. Рама автомобильдің негізгі бөлігі болып табылады. Ол қозғалтқышты, трансмиссия агрегаттарын, жүріс бөлігін, қосымша және арнаулы құрылғыларын, басқару органдарының механизмдерін сонымен бірге кабинамен кузовты бекіту және орнату үшін арналған. Камаз-740 автомобильдерінде лонжеронды клепанды рама қолданылады.
Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс күшінің пайда болуын және автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы және кедергілерді жою кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші және жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете отырып жарқабақтау моментін өзгетеді. Жетектегі дөңгелек автомобиль қозғалған кезде автомобиль рамасынан итергіш күш әсерінен айналады. Жетекші және жетектегі басқарушы дөңгелек автомобиль қозғалысын басқаруды рульдік басқару көмегімен қамтамасыз етеді.
Аспа жатықтық жүрісті жақсартуға, ұзақ жолдарда жүргізушінің тез шаршап қалмау мүмкіндігін және тасымалданатын жүктің бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Ол раманың белдікпен тығыз байланысын іске асыратын, дүмпу мен соғуды жұмсартуды қамтамасыз ететін құрылғыларды және рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моменттер берілісін ұсынады. Аспа серпімді, бағыттаушы және өшіруші құрылғылардан тұрады.
Аспаның серпімді құрылғысы вертикаль күштердің басты кейіптегі шартты әсрінен болатын динамикалық жүктемені азайтуға қызмет етеді. Аспаның серпімді құрылғысы дөңгелек бірқалыпсыз жолдармен жүрген кезде дөңгелектен автомобиль кузовына түсетін соғу жүктемесін айтарлықтай жұмсартып, өзі деформацияланады. Серпімді құрылғы жұмысының нәтижесінде автомобиль рамасының ауысуын азайтады және жатықтық жүрісін жақсартады. Камаз-740 автомобилдерінде серпімді құрылғы ретінде маталл қаңылтыр рессорлар қолданылады.
Аспаның бағыттаушы құрылғысы автомобиль рамасына қатысты серпімді құрылғының деформациясы кезіндегі дөгелектің ауысу сипаттамасын анықтайды және сонымен бірге рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моментті (тежеу күші, тарту күші, жанама күші және олардың моменттері) береді.
Камаз-740 автомобиліндегі бағыттаушы құрылғы лар функциясын рессорлар, рычагтар, теңгергіштер орындайды.
Өшіру құрылғылар аспаның серпімді құрылғысы әсерінен автомобиль кузовында пайда болатын тербелісті тез өшіруге арналған. Өшіруші құрылғылардың жоқтығы автомобильдің бірқалыпсыз жолдардағы үлкен жылдамдықпен қозғалысы тербеліс резонансына әкеліп соғуы мүмкін.
Тербелістің өшуі рама тербелісінің механикалық энергияға айналуына әкеліп соғады. Серпімді құрылғы детальдарының үйкелісі тербелістің өшуін қамтамасыз етеді. Дегенмен қаңылтыр рессорлар арасындағы үйкеліс төсемнің вертикал тербелісінің кинетикалық энергиясының елеусіз мөлшерін жылуға айналдырады. Сондықтан тербелісті өшіру үшін арнайы құрылғылар жартылай ашық, ағысы шектеулі тесік арқылы өтетін тұтқыр сұйықтың ішкі үйкеліс жұмысына негізделген амортизаторлар қолданылады.
Белдік автомобиль дөңгелектерін аспа детальдары арқылы рамамен байланыстыратын торап. Белдік жетекші және жетектегі болып екіге бөлінеді. Екеуіде басқарушы да, басқарушы емес те бола алады. Жетекші белдік өзімен бірге араласатын басты беріліс, дифференциал, жарты ось деп аталатын трансмиссия деталдары мен саңылауларынан тұратын бос денелі балканы ұсынады. Басқарушы белдік ағысты екітаңбалы (жетектегі белдік) немесе құбырлы (жетекші белдік) балка түрінде орындайды және аяқ жағында дөңгелек цапфасы белдікпен шарнирлі байланыста болады. Автомобиль қозғалысының бағыты белдікке қатысты цапф бұрылысымен өзгереді. Камаз автомобилінің рамасы екі лонжеронды және алты көлденең балкадан тұрады. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші көлденең балка дөңгелек ағысты болады. Алдыңғы және артқы буфер және алтыншы көлденең балка алмалы-салмалы.
Бак аспасының бекіткішінің орнына лонжерон күшейткіштері орнатылған. Іліністі-тартқыш құрылғы арнайы көлденең затқа бекітіледі. Алдыңғы буферде буксерлі ілмектер болтпен бекітілген.
Жүргізуші белдік механизімінің маңыздылығы. Әрбір жүргізуші белдікте дөңгелек аралық дифференциал және басты беріліс құрастырылады. Камаз – 740 автокөлігінің орта жетекші белдігінде дөгелек аралық дифференциал орнатылған.
Автомобильдің басты берілісі двигательден өтетін айналдырушы моменттің тұрақты өзгерісіне және оны жетекші белдікке тіке бұрышпен беруге арналған.
Айналдырушы моменттін үнемі өзгеріп отыруы басты берілістің беріліс санымен сипатталады.
Камаз – 740 автомобильдерінде басты берілістің ұсынысына тәуелді беріліс саны 5,43; 5,94; 6,53; 7,22. тең болады.
Камаз – 740 автомобильдерінде екі тісті пар, спираль тісті екі конустық шестерня және екі қисық тісті цилиндрлі шестернясы бар екі еселенген басты беріліс қолданылады. бұндай схема басты беріліс картерінің үстінде үлкен беріліс санын алуға мүмкіндік береді.
Жетекші белдік картерінде орналасқан дифференциал дөңгелек аралық деп аталады. Ол айналдырушы моментті бірқалыпсыз жолдарда дұрыс орналастыруға арналған.
Камаз - 740 автомобильдерінде әрбір жетекші белдікте конустық симметриялы дифференциал орнатылған. Ол ортаңғы және артқы белдіктің басты берілісінің жетекші білігіне әртүрлі жиілікпен айналуына сонымен бірге бұл белдіктегі дөңгелектерге де әртүрлі жиілікпен айналуына мүмкіндік береді. Камаз – 740 автомобилінің осы аралық дифференциалы конустық, симметриялы, байланыстырғыш. Дифференциалды байланыс жетекші дөңгелек деталдарының теңдігін барлайды, шинаның тозуын азайтады, автомобильді басқаруды жақсартады. Дегенмен тайғақ жолдарда ол автомобильдің жүрісін өзгертеді. Бұндай жағдайда дифференциал блокка түседі және жетекші белдіктің жетекші білігінің басты берілісін қатаң байланыстырады және бірдей жиілікпен айналады. Осыдан кейінжетекші дөңгелектің тұрып қалуы азаяды және автомобильдің өткізгіштігі жақсарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, беріліс қорабы дегеніміз - беріліс санын қозғауыш режимін өзгерткеннен көрі кең аралықта өзгертіп, айналдырушы иінді күшті өзгертуге арналған күштік берілістің агрегаты; сонымен қатар береліс қорабы қозғауыш білігін қозғалтқыштардан ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік береді; көліктің көптеген түрінің кейін шегініп қозғалуын да қамтамасыз етеді.
Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.
Берілістер ауыстыру тәсілі бойынша жылжыма тісті жиынтығы бар Берілістер қорабы (жүдырықшалы және тісті жалғастырғышты), үйлестіргіштері бар тісті жалғастырғышты, үйкетүзілімді жалғастырғышты жөне тежегішті, бос жүріс жалғастырғышты болып бөлінеді.
Машина бір орында ұзақ тұрып қалған жағдайда оны орнына жай жылжыта, газды аз бере отырып орнынан қозғау керек. Өйткені майы суып қалған машина тетіктері, беріліс қорабындағы шестернялар сынып, белдік тетіктері таттанып кетуі мүмкін және машинаны басқа машынамен сүйреп қыздыруға болмайтынын себебі бұл жағдайда трансмиссияның, двигательдің үйкелетін барлық бөліктерінің, белдік бөліктерінің тез тозуы мүмкін.
Берілісті жеделдететін берілісі бар қосымша беріліс қорап - кәдімгі жеңіл автомобильдің беріліс қорабы ол негізгі беріліс қорабында орналасқан және тура жедел беріліс автоматты түрде жүзеге асады.
Беріліс қорабы автомобильдің жүріс жағдайына байланысты айналдыру моментін әртүрлі мөлшерге өзгертуге арналған. Сондықтанда беріліс қорабында бірнеше саты жасалады. Беріліс сатысының номері артқан сайын моменттің көбеюі азайып, жүріс жылдамдығы арта береді.
Беріліс құралдары (электр желілері, траснмиссиялар, құбыр жолдары, жылу желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір есеп бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
-
Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.
-
Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант, 2007
-
Родичев В – Тракторлар мен автомобильдер – Алматы: Мектеп - 1986
-
Әлиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы). Алматы, ЖШС НАЗ-9, 2005ж.
-
Әлиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы). Алматы, ЖШС НАЗ-9, 2005ж.
-
Орлин А.С. ДВС Устройство и работа поршневых и комбинированных двигателей М. Машиностроение, 1980.
-
Скотников В.А. Новые тракторы и автомобили. М., Колос, 1983
-
Гуревич А.М. и др. Конструкция тракторов и автомобилей М. Агропромиздат 1989ж
-
Гуревич А.М., Сорокин Е.М. Тракторы и автомобили М., Колос 1978 ж.
-
Михайловский Е.В. и др. Устройство автомобиля М. Машиностроен. 1987.
-
Роговцев и др. Устройство и эксплуатация автотранспортных средств. М.Транспорт, 1997 ж.
-
Николаенко А.В. Теория, конструкция и расчет автотракторных двигателей - М. Колос, 1984ж., 335 бет
-
Орлин А.С. и др. ДВС. Теория поршневых комбинированных двигателей. - М. Машиностроение, 1983ж.
32