Материалдар / Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезең 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезең 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезең . ворд түрінде берілген қмж
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Көркем еңбек

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Күні: 24.11.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Дуанбекова Г.М

Сынып: 6 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезең

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

  • нобайға сәйкес тоқыма бұйымын жасау.

Құндылықтар

  • Оқушыларға тоқу барысында бір біріне кедергі жасамай бірлесе ынтмақтаса жұмыс жасауға,бұйымға керекті заттарды үнемдеп қолдануға ,сапалы бұйымды тоқып керегіне жарату арқылы өмір бойы білім алуға қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру




Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға суреттер көрсетіледі. Суретте тоқыма бұйымдарының мысалы, сулықтар, сөмкелер және ұялы телефон қаптары т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.


Суреттер көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады. Суреттер көрсетіледі.

Сұрақтар:

  1. Тоқыма жұмыстары үшін және қандай материалдарды қолдануға болады?

  2. Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға болады?

  3. Тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам өміріне және ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

Үстел бетіне 4 түрлі түсті стикер 2 данадан қойылады. Оқушылар кезекпен үстелге жақындап көздерін жұмып стикердің біреуін алу қажет. Барлық оқушылар қағазды алып болған соң жұптарын іздеп тауып бірігеді.


Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.











Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді






Оқушылар топқа бөлінеді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4

hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/


Жаңа білім






Жұпқа біріккен оқушыларға өз таңдаулары бойынша тоқыма сәндік бұйымын, әдісін яғни тоқыма түрлерін зерттеу тапсырылады. Ол үшін тақтаға 4түрлі бұйымның аттары жазылады. Олар:

1. Қыздарға арналған сөмкені тоқу өнері

2. Сулық тоқу өнері

3. Ұяы телефон қабын тоқу өнері

4. Жұмсақ ойыншықты тоқу өнері

Оқушылар осы тоқу өнерінің түрлерінен өз қалаулары бойынша таңдап алады. Бірақ 4 жұп осы 4 тоқу өнерінің түрлерін түгел таңдаулары тиіс екендігін мұғалім ескертеді.

Зерттеу жұмысына қойылатын бағалау критерийі:

1. Тоқыма түрінің ерекшелігін анықтау;

2. Қолданылатын материалдарын зерттеу;

3. Зерттеу аясын ашып көрсету.

4. Өз бұйымдарының нобайын жасау

Өз зерттеулерін А2 форматына түрлі-түсті маркер арқылы сызбамен, суретпен көрсетеді. Зерттеулерін аяқтаған жұп 3 рет қол шапалақтауы тиіс. Оқушылар зерттеулерін аяқтап болған соң таныстырылым кезеңін бастайды. Қалған тыңдаушы оқушылар әр жұп бір сұрақтан қояды, және өзара бағалау жүргізеді. Өзара бағалау жүргізу үшін оқушыларға екі түрлі смайлик суреттері таратылады. Бағалау критериінің үшеуіне толық жауап берген жұпқа күліп тұрған, ал екі бағалау критерийіне айтылған жауапқа мұңайып тұрған смайликтердің суреттерін көрсету арқылы бағалап отырады.Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзанға түседі. Ілмек бізбен түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.

Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтып  бірнеше рет қолдануға болады. Тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты. Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек.

 Басында ілмек біздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде  ілмек біздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін қалыңдықта болады. Тоқу үшін ілмек біздің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмек біздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.

Ілмек бізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды. Қанша жіп жуан болса ілмек бізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп жіңішке болса, ілмек бізде жіңішке болуы керек.


Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын ілмек бізбен тоқылған бұйымдарды қарастырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Сұрақтарға жауап бер:

* бұйымды қандай техникада тоқиды?

*Бұйымды немен толықтырар едің?

*Осындай бұйымдарды жасау үшін қанша уақыт қажет?

*Ұялы телефонға арналған чехолдардың қайсысының түстік гаммасы ұнамды? Неліктен?

  • Бұйымдарда сенің ойыңша тоқыманың қандай түрі қолданылған?

  • Телефонға, планшетке, құтыға арналған бұйымдар қандай жіптерден тоқылуы қажет?

  • Осындай бұйымдарды тоқу барысында неге(бұйымның өлшеміне, жіптерге, түстерге) назар аудару қажет?


Тоқуды баста:

1. Қадам: Қатар жасау. Қарапайым шалулар арқылы қатар жасау.

2.Қадам: Ілмекті шалуға кіргізу.

3 Қадам: Шалуды байлау.

4. Қайта бұрылатын шынжыр орындау.

  • 5.Өз кестесі бойынша тоқуды жалғастыру.







4 топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды










Зерттеу жұмыстарын қорғап, өздерін смайликпен бағалайды



























Сұрақтарға интерьвю арқылы жауап береді





Қадамдар бойынша тоқиды






























Дискриптор

тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, мәселелерді шешеді;

шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, экспериментке көңіл бөледі;


Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496

Өрнектеп тоқу түрлері

http://bilimsite.kz/tehnologia/257-ornektep-toku-turleri.html

Қазақтың бір өнері -- кілем тоқу - YouTube

https://www.youtube-nocookie.com/embed/djz4iAUxkl0

Алаша тоқу.

https://www.youtube.com/watch?v=T5Yf336osIA





Бекіту



Кері байланыс

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?


жауаптарына пікір қалдыру.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!